Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет328/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   332
АНЫҚТАДЫ:

1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы


2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы
15 ақпандағы N 1 қаулысы, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасының Заңы арқылы мазмұны өзгертiлген Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес қабылданды.
Атап айтқанда, Негiзгi Заңның "Соттар және сот төрелiгi" деп аталатын VII бөлiмiнiң кейбiр баптарының нормалары, соның iшiнде сот жүйесiне Республиканың Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарымен қатар "Республиканың басқа да соттары" қосылған
75-бабының 3-тармағы түзетулерге ұшырады.
Одан тыс, қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне салынатын тыйымның алынып тасталуы (Конституцияның
5-бабы), сондай-ақ елiмiздiң Негiзгi Заңына басқа да бiрқатар өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi "өзара байланыса келе, мемлекеттiк билiктiң мақсатын, мемлекет функциясының мазмұнын жаңаша түсiндiруге, мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың өзара қарым-қатынасы принциптерiн айқындауға, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттiк маңызы бар мәселелердi шешуге кеңiнен қатыстыруға, өзгерiп отыратын қоғамдық қатынастармен бара-бар заң нормаларын белгiлеуге мүмкiндiк бередi" (Конституциялық Кеңестiң 2007 жылғы 8 қарашадағы N 9 нормативтiк қаулысы).
Бұл жазылған, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының
1) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 қаулысын қайта қарап, күшiн жоюға негiз болып табылады.
2. Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының
13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы" 2002 жылғы 12 сәуiрдегi N 1/2 қосымша қаулыны қабылдаған болатын.
Осы шешiмнiң қаулы бөлiгiнiң 4-тармағына сай "Конституциялық Кеңестiң қосымша қаулысы оның негiзгi қаулысының мазмұны мен мақсатынан бөлiп алғысыз және онымен бiр мезгiлде қолданылады". Демек, негiзгi қаулыны қайта қарап, күшiн жою осы қосымша қаулыны қайта қарап, күшiн жоюға әкеп соқтырады.
3. Конституциялық Кеңес, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2002 жылғы 12 сәуiрдегi N 1/2 қосымша қаулысының күшiн жою, 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22-III "Аралық соттар туралы",
2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23-III "Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң осы аталған қаулыларымен байланысты өзге де құқықтық актiлердiң заңдық күшi жойылатынын бiлдiрмейдi, деп атап көрсетедi. Қажет болғанда бұл аталған заңдар және тиiстi құқықтық актiлер белгiленген тәртiппен жойылуы, өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Жазылғанның негiзiнде, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын,
2 және 3-тармақтарын, 31-33 және 40-баптарын, 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi



Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет