Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет251/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне Астана қаласы сотының "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 155 Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi мәнiнде тексеру туралы ұсынысы келiп түстi.


Ұсыныстан келiп шығатыны, Алматы қаласы нотариаттық палатасы жекеше нотариустарының, Республика Әдiлет министрiнiң Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту ережесiн (бұдан әрi – Ереже) бекiткен 2004 жылғы 25 мамырдағы N 148 бұйрығының күшiн жою туралы талап-арызы және "Нотариат туралы" 1997 жылғы
14 шiлдедегi N 155 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 15-бабының 3-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiну туралы өтiнiшi Астана қаласының сотында қарауда жатыр.
Заңның 15-бабы 3-тармағының конституциялылығына байланысты соттың күмәнi мынаған келiп саяды:
1) нотариаттық палаталар қоғамдық бiрлестiктер нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заң арқылы жекеше нотариустарды аттестаттауды енгiзу Республика Конституциясының 5-бабы 2-тармағына және
23-бабына қайшы келедi, өйткенi қоғамдық бiрлестiктердiң iсiне мемлекеттiң араласуына жол берiледi. Мемлекет, жеке практикамен айналысатын нотариустарға ғұмырлық лицензия берiп, оларды қайтара аттестаттаудан өткiзбеуi керек;
2) аттестаттау институты 2003 жылғы мамырда енгiзiлдi, ал практика жүзiнде барлық нотариустарға жеке практикалық қызметпен айналысатын уақытына қатыссыз қолданылады. Заңның 15-бабының 3-тармағы олардың жағдайын нашарлатып, жаңа мiндеттер жүктейдi, сондықтан Конституцияның 77-бабының
3-тармағы 5) тармақшасының талаптарына орай оның керi күшi болмауға тиiс;
3) кәсiби қасиеттерiнiң деңгейiн айқындау мақсатында жеке практикамен айналысатын нотариустарды Әдiлет министрлiгi бес жылда бiр рет аттестаттаудан өткiзедi, ал мемлекеттiк нотариустар заң бойынша мұндай аттестаттаудан өтпейдi. Сол арқылы, Заңның 15-бабының 3-тармағы, заң алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi принципiн және азаматтардың кәсiби белгiсiне қарай құқықтарын кемсiтуге тыйым салынуын бекiтетiн Конституцияның 14-бабының
1 және 2-тармақтарының талаптарына қайшы келедi.
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы заңының
15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексере отырып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi  мынаны ескердi.
1. Қазақстан Республикасындағы нотариат – құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi. Нотариаттық қызметтiң конституциялық құқықтары мен бостандықтарға қатысы бар, өйткенi соны iске асыру арқылы бұл құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы қамтамасыз етiледi. Өз мiндеттерiн атқаруда нотариат соның iшiнде әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығын (Республика Конституциясының 13-бабының 3-тармағы) қамтамасыз етудi мақсат-мiндет етiп қояды. Нотариаттың қызметi жария-құқықтық сипатта болғандықтан, мемлекетке адамның және азаматтың осы және өзге де құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудiң, оларды қорғау мен сақтаудың құқықтық механизмдерiн белгiлеудiң заңдық мiндетi жүктеледi.
Демек, мемлекет нотариаттық қызметтi iске асырамын дейтiн адамдар үшiн мiндеттi шарттар мен шектеулер айқындауға хақылы, бұл шарттар мен шектеулер нотариаттың қызметiне заң арқылы, соның iшiнде аттестаттау жолымен, мемлекеттiк бақылау орнату қажеттiлiгiне байланысты болуы мүмкiн. Заңнамалық шектеудiң шектерi адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық жолмен айқындалған мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес болуға тиiс (Негiзгi Заңның 39-бабының 1-тармағы).
Мынаны атап өткен жөн, Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес аттестаттаудан жеке практикамен айналысатын нотариустардың бiрлестiгi болып табылатын нотариаттық палата емес, жеке практикамен айналысатын нотариустар өткiзiледi, себебi нотариаттық қызмет көрсетумен тiкелей нотариустардың өздерi айналысады.
2. "Нотариат туралы" Заңда оның аттестаттау мәселелерiн регламенттейтiн нормаларының керi күшiн көздейтiн ережелер жоқ. Заңды қолдану нәтижесiнде Конституцияның 77-бабының 3-тармағы 5) тармақшасының талаптары бұзылатын қолдану практикасына келер болсақ, оның конституциялылығын тексеру Конституциялық Кеңестiң құзырына жатпайды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау бұл жағдайда сот тәртiбiмен жүзеге асырылады (Конституцияның 13-бабының 2-тармағы, 75 және
76-баптары ).
3. Конституцияның 14-бабының 1-тармағы заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгiн белгiлейдi. Бұл бiр тектес қызмет түрiн iске асырушы тиiстi құқық қатынастары субъектiлерiнiң барлығы үшiн құқықтар мен мiндеттердiң теңдiгiн, талаптар мен құқықтық жауапкершiлiктiң бiрыңғайлығын көздейдi.
"Нотариат туралы" Заңның 15-бабының 3-тармағы, жекеше нотариустарды аттестаттаудың мiндеттiлiгiн белгiлей отырып, мемлекеттiк нотариустар үшiн мұндайды көздемейдi. Мемлекеттiк қызметшi мәртебесiне ие болғандықтан, мемлекеттiк нотариустарға Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығымен бекiтiлген, Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ережесiнiң қағидалары қолданылады және ол нотариус қызметiнiң ерекшелiгiн көрсетпейдi.
Мемлекеттiк және жекеше нотариустар iске асыратын нотариаттық қызмет меншiктiң түрлi нысанына негiзделедi. Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сай Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiктiң бiрдей қорғалатындығы туралы конституциялық талаптың мазмұны, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк иесi мен жеке меншiк иесiнiң заңмен рұқсат етiлген және жол берiлетiн нақты құқықтық қатынастарда, көпшiлiктiк салада болсын, жеке салада болсын, бiр ғана құқықтық тәртiпке бағынатынына келiп саяды (Конституциялық Кеңестiң
1999 жылғы 3 қарашадағы N 19\2 қаулысы ). Алайда "Нотариат туралы" Заң нотариаттық қызмет көрсетудiң мемлекеттiк және жеке субъектiлерi қызметiнiң бiрдей емес құқықтық жағдайын жасайды.
Осылайша, Заңның 15-бабының 3-тармағы, жекеше нотариустар үшiн ғана аттестаттаудан өтудi белгiлей отырып, заң алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгiн белгiлейтiн Конституцияның
14-бабының 1-тармағына және мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiктiң танылуын және бiрдей қорғалуын көздейтiн Конституцияның 6-бабының 1-тармағына қайшы келедi.
Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Конституциялық заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет