Теміржол желісі. Маңғыстау облысындағы теміржол желісі ҚТЖ-нің «Бейнеу - Өзбекстан шекарасы» (125 км), «Бейнеу – Ақжігіт» (90 км), «Бейнеу – Маңғыстау» (404 км), «Маңғыстау – Жаңаөзен» (178 км) учаскелерінен және Ақтау теңіз порты мен Маңғышлақ станциясы арасындағы «Каскор Транссервис» АҚ басқаратын учаскеден (18 км) тұрады. Маңғыстау облысының барлық теміржол учаскелері бір табанды және электрленбеген. Облыс шегіндегі барлық учаскелерде автоматты сигнал беру және телекоммуникация жүйесі орнатылған.
Жалпылай қолданылатын темір жолдарының жалпы республикалық пайдалану ұзындығындағы Маңғыстау облысының үлесі – 5,2%. Маңғыстау облысының темір жолдарының жиілігі – 1000 шаршы км аумаққа 4,73 км (республика бойынша – 5,41). Республикадағы темір жолдардың жиілігі және ұзындығы бойынша облыс 10 орында тұр.
«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту, Иранға және Парсы шығанағы елдеріне шығуды қамтамасыз ету мақсатында, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2009-2012 жылдары жалпы ұзындығы 471 км болатын «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісін салу жөніндегі жобас іске асырылды.
Қазақстан мен Түрікменстан Президенттері 2013 жылғы мамыр айында Болашақ станциясы (Қазақстан) – Серхетяка станциясы (Түрікменстан) өткелінде елдер арасындағы тікелей темір жол қатынасын ашты. Осы дәліз жүк ағынының Қазақстаннан Түрікменстанға, одан әрі Парсы шығанағының елдеріне шығуын қамтамасыз етеді.
«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржолын салатантты ашу рәсімі 2014 жылғы 3 желтоқсанда Түрікменстан Президентінің, Иран Президентінің және Қазақстан Президентінің қатысуымен болып өтті.
Қазіргі кезде «Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісін Бейнеу станциясы – Тассай станциясы учаскесінде салу жобасы іске асырылуда. Жоба мақсаты Қазақстанның Орталық өңірі мен Достық станциясын арақашықтықты 1200 километрге дейін қысқарту арқылы Қазақстанның Батыс өңірі мен одан әрі Еуропаға жүктердің тікелей шығуын қамтамасыз ету болып табылады.
Теңіз жолдары. Облыста Ақтау және Баутин екі порты жұмыс істейді, сондай-ақ мұнай экспорттау үшін Құрық портының құрылысы басталды. Қазіргі кезде теңіз көлігі саласының динамикалық дамуы байқалады.
Орташа алғанда, жыл сайын теңіз порттары арқылы шамамен 12,3 млн. тонна жүк ауыстырылып, тиеледі. Негізгі жүктердің номенклатурасын мұнай, металл, бидай, контейнерлер, тасты тау жыныстары және жүктер құрайды. Бұл ретте, Ақтау порты экспорттық қатынаста жұмыс істесе, Баутин порты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде маманданған.
Қазіргі кезде порттар жоба қуаттылығының шегінде жұмыс істейді. Осыған байланысты алдағы уақытта Ақтау портының бұрыннан бар инфрақұрылымын қайта жаңғырту, Баутин портын одан әрі дамыту және Құрық портын салу жоспарлануда.