Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Сөз тіркесін оқыту арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту



бет46/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сөз тіркесін оқыту арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту


1- "Сөз тіркесі" ұғымын қалыптастыру жаттығулары


106-жаттығу. Ұғымның анықтамасын есіңе түсір. Берілген сөз бен ұғымның айырым ерекшеліктерін анықта, сипаттап жаз.
107-жаттығу. Сөз тіркесі" деген ұғымның белгілерін толық етіп жаз. Ол белгілерді жүйелікпен тізіп келтір.
108-жаттығу. "Синтагма", "тіркес", "тізбек", "сөз тіркесі" деген ұғымдарға Эйлер-Венн диаграммасын пайдалан отырып "тектік-түрлік" болу жүргізіңдер.
109-жаттығу. Төменде берілген белгілерден сөз тіркесінің белгілеріи ажыратып, дәптерлеріңе жазыңдар. Қалған белгілерге назар салып, қандай ұғымды білдіретіндігін анықтаңдар.
"Біршама аяқшалған ойды білдіру", "кем дегенде екі сөзден құралу", "мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз болып келеді", "мүшелері дербес сөйлем мүшесі бола алады", "толық мағыналы мүшелер", "сөйлем құрауға қатысты", "сөздер мен сөз тіркестерінен жасалу".
110-жаттығу. Берілген сөздердің синонимдерін сөз тіркестерінен және сөйлемдерден жасаңдар. Үлгі: ару жаны да, ары да таза сұлу қыз, әйел заты.
І.Батырлық, қияли, ойшыл, діншіл, намысқой, үлгілі.
II. Қаталдық, қатаңдық, безбүйрек, қаныпезер, арсыздық, тәртіпсіздік;
111-жаттығу. Берілген сөз тіркестерінің ортақтығын, ерекшелігін, жекелігін анықтаңдар. Ойларыңды сипаттап жазыңдар.
Жүректің сөзі. ананың сөзі, баланың сөзі, дананың сөзі.
112-жаттығу. "Тектік-түрлік" қатынас бойынша, берілген сөз бен сөз тіркестерінің қайсысы "тек", қайсысы "түр" екенін анықтаңдар.
Тіл, мәтін, сөйлем, құрмалас сөйлем, сөз, дыбыс, сөз тіркесі, жай сөйлем, баяндауыш, күрделі баяндауыш, жай сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі.
113-жаттығу. Берілген анықтаманың мазмұнының қайсысы кең, қайсысы тар екендігін анықтап, олардың тек пен түр екендігін анықтаңдар.
А) Етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады.
Б) Қабыса байланысқин етістікті сөз тіркесі бағыныңқысына қарай үстеулі. еліктеуішті, сын есімді, сан есімді, зат есімді болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет