Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет68/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

Таным - адамдардың шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Сол процесс өтуі барысында адамда білім қалыптасады. Ал білім болса, адамда іс-әрекеттердің мақсаты мен уәжін қалыптастырады. Оқушыға өз ана тілінің жүйесін құраушы бір бөлшегі - сөз тіркесін оқыту барысы, сонда, көпқырлы қызмет атқарады.


Эмпирикалық деңгейде алынған білім арқылы танымның обьектісі болып отырған нәрсенің, құбылыстың жекелеген қырлары анықталады. Ол белгілер практикалық өмірде белгілі бір орын алады және нәрсенің, құбылыстың басқа аспектілерінен дерексізденуі арқылы айрықшаланып тұрады. Бір ғана нәрсенің, құбылыстың өн бойында түрліше эмпирикалық белгілер, қатынастар өмір сүретіндіктен, ол нәрсе эмпирикалық танымның да түрлі қырдан келуіне мүмкіндік береді.
Сөз тіркесін дамыта окыту технологиясының дидактикалық құрылымында басты орын мазмұндық топтастырулар негізінде жасалатын дедукцияға беріледі. В.В.Давыдов ақыл-ой қызметі тәсілдері мен ойлаудың тәсілдерін эмпирикалық және саналы немесе диалектикалық деп санайды. Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының дамытушылық болмысының мазмұны теориялық ойлаудың логикасына негізделіп құрылды. Мұнда жетекші орын теориялық мазмұндық топтастырулар жасау меи дедукцияға, мазмұндық рефлексияға беріледі.
Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының басты ерекшелігі неде? Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының концепциясы сөз тіркесін танытуда тек «сөз тіркесі» деген сырт белгілер арқылы жасалатын қарапайым ұғымға емес, теориялық деңгейге жетуге жол салатын теориялық ұғымға жетуге негізделеді. Дамыта оқыту (интеллект) қалыптастыруда теориялық білім мен соны оқыту барысында мазмұндық топтастыру жасай алу қабілетін дамыту үлкен орынға ие болады. Яғни оқушының оқу процесі, дәстүрлі оқытудағы эмпирикалық-индуктивтік типтен қызығушылығын дамытып отыратын теориялық-дедуктивтік типке карай өседі. Олай болу үшін, осы мақсатқа сәйкестендіріліп арнайы жасалған білім мазмұны болуы керек және ол білім мазмұнын оқытуды дәстүрліден тыс арнайы әдістер арқылы ұйымдастыру керек. Соның негізінде ғана оқушылардын теориялық ойлауы дамиды. Мектепте оқылатын түрлі ғылым бастауларының мақсаты - оқушының дүниетанымын қалыптастыру десек, барлығында да тек шебер сөйлеу арқылы, шебер жазылған оқулық тілі арқылы ғана сол көздеген нысанаға жетуге болады. Сондықтан, мүғалімдер тілдің, оның ішінде ана тілінің оқытылуына, оқушының тілі дамуы барысына үлкен назар аударуы керек. Оқушының теориялық ойлауын дамыту мәселесі - жалпы оқу-танымдық қызметті ұйымдастырудағы негізгі мақсат. Ойлауды дамытпай окыту мүмкін емес, өйткені, жаңа білім алудың әрбі сәті оқушыда жаңа түсінік, ұғым, байымдаулар қалыптастырып жатады.
Егер сабақтың арнайы мақсаты оқушының ойлауын дамыту деп керсетілмесе де, сабақ беру барысында анализ, синтез, индукция, дедукция, салыстыру мен топтастыру қолданылуы арқылы жаңа білім мазмұны меңгертілсе, онда бәрібір оқушының ойлауы дәрежесі жаңа сатыға кетерілгені деп түсініледі. Бірақ, оқушының білім алуын эмпирикалық деңгейден теориялық деңгейге көтеру жолы - арнайы зерттеуді, арнайы ұйымдастыруды қажет ететін күрделі танымдық процесс. Монография мазмұны осы мәселені қазақ мектебінде сөз тіркесі синтаксисін оқытумен байланыстыруға арналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет