Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет194/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

5. Пікірлесіңіз.
Егер сіз жеке мектеп ашсаңыз, 
оқушылар мен ұстаздарға қандай 
талаптар қояр едіңіз?
Қазақстан мектептерінің қазіргі 
жайы мен ертеңі туралы не 
айтасыз? 
massaget.kz сайтынан өңделіп алынды
Мектеп партасы
Мектеп партасы – жадымызда 
қалған , есімізден кетпейтін 
тамаша естеліктердің бірі.
Тақта мен парта әр мектептің сәні, қажетті құралы. 
Әр оқушы мектеп партасының бетіндегі әрбір жазған 
жазуына дейін мәңгілік жадында сақтап өтеді.
Партаның ең алғашқы, тұңғыш дұрыс нұсқасын 
1870 жылы Эрисман Ф.Ф жасап шығарған.
ХІХ ғасырдың соңында Петербург 
университетінің студенті Коротков П.Ф. 
Эрисман партасын түрлендіреді. Студент оның 
екі адамға арналған нұсқасын жасап, осы еңбегі 
үшін күміс медальды иеленеді.


241
Xi
 БӨ
ЛІМ
6. Пікірлесу. Екі пікірді талқылаңыз.
ГраММатика
Ережемен танысыңыз
1. Берілген сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып,тыныс белгісін қойыңыз.
1. Туған жеріңді еліңді мектебіңді сүй.
2. Мынау тастар Жезқазған Алтай Алатау Қаратау кендерінен табылған.
3. Бұғыбай көрікті ашық-жарқын ақ көңіл жігіт. 
4. Көл бетінде су құстары үйрек қаз аққу бірқазандар жүр. 
5. Халық болған соң өзіндік тарихы тілі мәдениеті дәстүрі болуы шарт.
6. Абай қажымай жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.
7. Білім алу білімді болу әр қазақстандықтың міндеті пен парызы.
8. Ұстаздың мұғаліміңнің әрбір айтқан ақылы мен кеңесін жадыңда ұстауға тырыс.
2. Қазақтың ұлы ақыны Шәкәрімнің бір шумақ өлеңінен «Нені?» деген сұраққа жауап 
беріп тұрған сөздерді табыңыз.
Қазіргі заманда 
мектепте парта болмаса, 
бала мектепті басқаша 
қабылдап, қызыға 
баратын сияқты.
Парта мектепте міндетті 
түрде болуы керек. Егер парта 
болмаса, балаларымыздың 
дене бітімі бұзылып, сонымен 
бірге дұрыс жаза алмайтын 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет