Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі балаларды ерте дамыту институты


Мониторинг нәтижелерін алу әдістері



бет13/22
Дата10.09.2024
өлшемі394 Kb.
#204005
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
ИМП каз. 0629134758

Мониторинг нәтижелерін алу әдістері:
- балаларды ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен ойындар кезінде бақылау;
- әңгімелесу;
- балалардың салған суреттерін, қолдан жасаған бұйымдарын талдау және басқалар арқылы.
Жетекші әдіс – бақылау, педагог баланың дамуын табиғи жағдайда, күнделікті өмірде қадағалайды.
Мониторинг жылына 3 рет:
- бастапқы – қыркүйекте;
- аралық – қаңтарда;
- қорытынды – мамырда жүргізіледі.
Мониторинг жүргізу ерте жас тобында аралық, ал қалған топтарда бастапқы бақылаудан басталады. Ерте жас тобы Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын алғаш рет игеріп отырғандықтан, оларда бастапқы бақылау жүргізілмейді.
Басқа топтар (сыныптар) үшін бастапқы бақылау алдыңғы жастың Бақылау парақтарымен жүргізіледі (мысалы, ересек топ үшін ортаңғы топтың бақылау парақтары қолданылады). Ал аралық және қорытынды бақылау жүргізу үшін сол жасқа сәйкес бақылау парақтары қолданылады.
МДҰ өзінің вариативтік бағдарламасын іске асыру барысында таңдаған бағытқа сәйкес келетін мазмұн бойынша Үлгілік бағдарламаның мазмұны бойынша балалардың дағдыларының даму деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін мониторинг сияқты вариативтік бағдарламаның күтілетін нәтижелері бойынша мониторинг жүргізіледі.
Ол үшін мониторинг жүргізілетін күтілетін нәтижелерге сәйкес вариативтік мазмұнның жоғары, орташа, төмен деңгейлері бойынша критерийлері мен индикаторлары бар бақылау парағы әзірленеді.
Мониторинг нәтижелері бойынша топ тәрбиешісі, мектептің (лицей, гимназия) мектепалды сыныбының педагогі жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыкалық жетекші) бірлесіп, оқу жылына баланың Жеке даму картасын (бұдан әрі – Жеке карта) толтырады. Жеке картада дамыту және/немесе түзету шаралары жазылады. Түзету шаралары критерийлер бойынша орташа және төмен деңгей көрсеткен балалармен жүргізіледі.
Бастапқы мониторинг нәтижелері бойынша шаралар (дамытушы, түзету) қазан-желтоқсан, аралық мониторинг нәтижелері бойынша шаралар ақпан-сәуір, қорытынды мониторинг нәтижелері бойынша шаралар маусым-шілде айларында жүргізіледі.
Қорытындыға Үлгілік бағдарламада белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейі көрсетіледі.
2024-2025 оқу жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектепті сабақтастыру мақсатында үлгілік бағдарламаны, топтар мен сыныптарды «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлау бағдарламасын игеру қорытындылары бойынша Баланың дамуының жеке картасы (бұдан әрі - ЖДК) әзірленіп, Ұлттық білім беру дерекқорында (бұдан әрі – ҰБДБ) іске асырылды. ЖДК мектеп алдындағы топтың тәрбиешісімен немесе жалпы білім беретін мектептің (лицейдің, гимназияның) мектепалды сыныбының педагогімен толтырылады және бала мектепке түскен кезде бірінші сынып мұғалімдері үшін мектеп жасына дейінгі баланың даму деңгейі туралы негізгі ақпарат көзі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет