Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі балаларды ерте дамыту институты



бет16/22
Дата10.09.2024
өлшемі394 Kb.
#204005
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
ИМП каз. 0629134758

Бұл маңызды!
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша Жол карталарында түрлі нысандағы (балалар клубтары, академиялар, балаларды ойын арқылы қолдау және ерте әлеуметтендіру орталықтары) АКП қызметін кеңейту жөнінде шаралар қарастырылған.
АКП-мен балаларды қамту және оларды мектепте оқуға даярлау сапасын арттыру бойынша мониторинг жүргізу үшін келесі KPI анықталды:
- «Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларды консультациялық пункттермен қамту»;
- «Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектепалды жастағы
(5 жас) балаларды консультациялық пункттермен қамту».


Мектептердің мектепалды сыныптарында мектепалды даярлықты ұйымдастыру
Балаларды мектепалды даярлау бес жастан бастап МДҰ-да, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарында немесе отбасында жүзеге асырылады13.
Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпта тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін педагог мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпқа (5-жастағы балалар) арналған Үлгілік жоспар14 негізінде оқу жылына ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарын әзірлейді, апта сайын циклограмма құрады, біліктер мен дағдылардың қалыптасу деңгейін қадағалау үшін оқу жылына арналған Баланың жеке даму картасын әзірлейді.
Аптасына ұйымдастырылған іс-әрекеттің саны - 20 сағатты, мектепалды жастағы балалардың құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған бір іс-әрекеттің ұзақтығы 20-25 минутты құрайды.
Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныптарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күннің бірінші немесе екінші жартысында білім беру ұйымының оқу-тәрбиелеу процесінің кестесіне сәйкес кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады.
Мектепалды сыныптың күн тәртібі:
- таңертеңгі қабылдау;
- таңертеңгі жаттығу;
- ұйымдастырылған іс-әрекет;
- балалар әрекетінің түрлері (ойын, шығармашылық, танымдық, эксперимент жасау, дербес және т. б.);
- серуен;
- жеке жұмыс.
Балалардың дамуын баланың бастамашылығын, пікірі мен тілектерін ескере отырып, олар үшін қызықты ойын түрінде жүргізу, сондай-ақ барлық балалармен бір уақытта ғана емес, сонымен бірге шағын топтарда да ұйымдастырылған іс-шаралар өткізу ұсынылады. Балалар іс-әрекетінің бірнеше түрін бір мезгілде ұйымдастырған кезде балаларға аталған іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне ауысуға рұқсат етіледі, бұл ретте баланы басқа балалармен қызығушылық танытатын қызметтің бір түрінен келесі қызмет түріне ауыстыру ұсынылмайды.
Бала дамуының жеке картасы мектеп алдындағы сыныптағы барлық балалар үшін толтырылады. Түзету, дамыту іс-шаралары критерийлер бойынша орта және төмен деңгей көрсеткен балалармен жүргізіледі.
Осы оқу жылынан бастап мектепке дейінгі топтар мен сыныптардың балаларын дамытудың жеке картасы ҰБДҚ-ға енгізілді. Жеке картаны толтырудың дұрыстығын бақылауды күшейту қажет, өйткені бала бірінші сыныпқа түскен кезде бастауыш сынып мұғалімі оның негізінде оның оқуының жеке траекториясын анықтайды.

«Балақайлар мектебі» бағдарлаасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлықты ұйымдастыру


Жазғы кезеңде мектепалды даярлықпен қамтылмаған балалар үшін
білім беру ұйымдарының жанында ата - аналардың қажеттіліктері ескеріліп, «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлық (бұдан әрі-Бағдарлама) ұйымдастырылады.
Бағдарламаны іске асыру ұзақтығы жазғы кезеңде 1 айды құрайды. Білім беру ұйымы ұйымдастырылған іс-әрекет/сабақ кестесінжәне графигін дербес бекітеді.
Топтағы/сыныптағы балалар саны - 25 адамнан артық болмауы тиіс.
Апталық оқу жүктемесі-20 сағаттан аспауы тиіс.
Жұмыс тәртібі - аптасына бес күн 4-5 сабақ, ұзақтығы – 10 минуттық үзіліспен - 30 минутты құрайды. Үзіліс кезінде қимылды ойындарды ойнату ұсынылады.
Тәрбиелеу-білім беру процесін жүзеге асыру үшін жайлы жағдайлар: талаптарға сәйкес жарақтандырылған жеке оқу кабинеті жасалуы қажет.
Бағдарлама Стандарт талаптарына сәйкес Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарлама негізінде әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты – балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау болып табылады.
Мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер көзделеді:
құзыреттіліктерді дамыту (физикалық қасиеттерді дамыту, коммуникативтік дағдыларды, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, шығармашылық дағдыларды, балалардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру);
мектепте оқуға тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік-психологиялық дайындықты қалыптастыру;
баланың оқуға ынтасын қалыптастыру;
баланың білім алуға деген қызығушылығы мен қалауын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауын дамыту.
Бағдарлама мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты көздейді, педагогтер мен ата-аналарға балаларды мектепте оқуға дайындауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама мазмұны балалардың психологиялық дайындығын ескере отырып, мектепте оқуға дайындықтың барлық аспектілерін қамтиды.
Баланы ата-аналар өздері тұратын мекен жайға жақын жердегі немесе 1 сыныпқа апаруды жоспарлап отырған орта білім беру ұйымдарындағы «Балақайлар мектебіне» беруіне болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет