Бұл маңызды!
Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықтың бағдарламасы сілтеме бойынша қолжетімді
https://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/dr13.pdf
Түрлі жас топтарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес жас ерекшелігі әртүрлі жас топтарының толықтырылуы:
1) топта жас ерекшелігі екі түрлі (1 жастағы балалар, 2 жастағы балалар) балалар болған жағдайда бала саны -15 баладан артық емес;
2) топта жас ерекшелігі үш түрлі (3 жастағы балалар, 4 жастағы балалар, 5 жастағы балалар) балалар болған жағдайда бала саны - 20 баладан артық емес.
Топта жас ерекшелігі екі және үш түрлі балалар болған жағдайда Перспективалық жоспарда Үлгілік бағдарламасы міндеттері балалардың жасына сәйкес жеке көрсетіліп (мысалы 1 және 2 жастағы балалар үшін) ортақ бір перспективалық жоспар жасалады. Циклограмма жасау кезінде Перспективалық жоспарда ұсынылған міндеттерді іске асыру үшін балалардың түрлі әрекеттері айқындалады. Балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруда балаларға тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес беріледі.
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жүргізілетін жұмыс нысандары
Балаларға сапалы білім беру ата-аналардың білім беру ұйымы көрсететін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейіне және ата-аналардың педагогикалық процеске тартылуына байланысты.
Осыған байланысты, ата аналармен және ата аналар қауымдастығымен жұмыс Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде қарастырылған15.
Ата-аналармен жұмыста баланың әлеуметтік жағдайын, отбасы тарихын, мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлерін, мінезі мен ерекшеліктерін ескеру қажет.
Ата-аналарды тәрбиелеу - білім беру процесіне тартудың мақсаты-балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету арқылы оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту.
Міндеттері:
ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату;
балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен МДҰ-ның күш-жігерін біріктіру;
ата-аналардың, МДҰ тәрбиеленушілері мен педагогтерінің қарым-қатынасына оң көзқарас, ортақ мүдделер, өзара түсіністік атмосферасын құру.
Ата-аналардың педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, МДҰ қызметіне тарту, ата-аналармен жұмыс жасауда отбасылық дәстүрлердің тәжірибесін тарату үшін жұмыстың интерактивті форматын:
- тренингтер, семинарлар, «игі істер күндері» түрінде ата-аналар жиналыстарын өткізу;
- ата-аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес;
- ата-аналар дәрістері, конференциялары;
- ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары –сауалнама, тесттер, анкета жүргізу, «сенім телефоны»;
- жеке және топтық консультациялар;
- проблема бойынша пікірталастар;
- «ауызша журналдар»;
- ата-аналарға арналған қонақ бөлмелері;
- сұрақ-жауап күндері, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы;
- балалар әрекеттерінің бейнежазбаларын және режимдік сәттерді қарау, содан кейін талқылау;
- мектепке дейінгі ұйым педагогтерімен кездесу;
- «Ашық есік күндері»;
- тренингтер;
- дөңгелек үстелдер.
- біріккен ойын-сауық шаралары: ертеңгіліктер, мерекелер, ойын-сауықтар;
- балалар мен ересектер шығармашылығының, ойынға арналған ойыншықтар жасаудың, көркем әдебиет шығармаларын отбасылық оқу көрмелері;
- «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі»;
- көрнекілік арқылы ақпараттық жұмыстары, газеттер шығару және басқаларын қолдану ұсынылады.
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ата-аналары үшін белсенді етудің интерактивті әдістерін қолдану, сұхбаттасу, талқыланатын проблеманы рейтингтік бағалау, әрқилы бірнеше көзқарасты талқылау ұсынылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің мектепалды сыныптарында тәрбие жұмысы
МДҰ мен мектептердің мектепалды сыныптарында Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылады16.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу күні бойы – режимдік сәттерде, ұйымдастырылған іс-әрекетте және балалар әрекетінің басқа да түрлерінде жүзеге асырылады.
Стандарт17 талаптарында әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу, ұлттық бірегейліктің, азаматтық пен патриотизмнің негіздерін қалыптастыру міндеті көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |