Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі балаларды ерте дамыту институты



бет15/22
Дата10.09.2024
өлшемі394 Kb.
#204005
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
ИМП каз. 0629134758

Бұл маңызды!
«Мектепке дейінгі ұйымдар жағдайында іс-шараларды (Ашық есік күні, мерекелер, ертеңгіліктер және т.б.) өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірленді. http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2023/06/01_30.pdf


Қазақ тілін үйрету
Бүгінгі өскелең ұрпақ – бұл біздің еліміздің болашағы. Сол себепті, өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке және азаматтық сезімдерге тәрбиелеу қажет.
Өз мемлекетінің тіліне деген құрмет балалық шақтан басталады.
Мектепке дейінгі жаста мемлекеттік тілді ерте үйрену баланың жеке басының үйлесімді дамуына, халықтың дәстүрлерімен, салт-дәстүрлерімен, халық ауыз әдебиеті шығармашылығымен танысуға және қабылдауға ықпал етеді.
Балалар әлеуметтік коммуникацияның алғашқы дағдыларын құрдастарымен қарым-қатынас кезінде алады, олардың алғашқы тілдік дайындығында МДҰ үлкен рөл атқарады.
Қазіргі қоғамның, ата-аналардың сұраныстарына сәйкес оқыту басқа тілде жүргізілетін топтарда мектеп жасына дейінгі балаларды тілдік ортаға тереңірек ендіру үшін белгілі бір күндер белгілеу: қазақ тіліндегі барлық қатысушылардың тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру, түрлі конкурстар, викториналар, режимдік сәттер (таңертеңгі жаттығулар, серуендеу, қатайту рәсімдері) өткізу, «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жұмыстарын ұйымдастыруды жолға қою ұсынылады.
Қазақ тілінде сөйлемейтін балаларды қазақ тілінде оқытатын топтарда қазақ тілін оқыту бойынша жұмысты күшейту ұсынылады.
Ол үшін педагогтер балалармен қарым-қатынасты негізінен қазақ тілінде ұйымдастырып, балалардың жасына сәйкес өлеңдер, әндер оқып, кітап оқуы қажет.
Орыс тілінде оқытатын топтардағы балалармен қазақ тілін оқыту бойынша МДҰ тәрбиешілері мен педагогтеріне арналған әдістемелік ұсынымдармен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/10/mr_ob_kaz_06.pdf
Бұл маңызды!
Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйрету бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасы Астана қ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО-да 135 МДҰ-да басталды. 675 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Экологиялық білім беру және экологиялық мәдениет


Барлық МДҰ-да экологиялық білім беруге, адам – табиғаттың бір бөлігі екенін және оны қорғау, сақтау керектігі туралы қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру режимдік сәттерде:
- баламалы энергия көздерін, су ресурстарын үнемдеу және сақтау, оларды тиімді пайдалануға (су, ауа, күн энергиясы) баулу;
- сюжетті - рөлдік ойындарды ұйымдастыру;
- тірі және өлі табиғат объектілерін бақылауды күнделікті жүргізу;
- балалар әрекетінің түрлерін ұйымдастыру;
- балалар кітаптарын, иллюстрацияларды, бейнероликтерді, мультфильмдерді қарау;
- қарапайым эксперименттерді жасау;
- қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және қайта пайдалану;
- табиғат бұрышындағы құстар мен жануарларды қоректендіру, балабақша ауласындағы, жылыжайдағы өсімдіктерді суару, баптау, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Балалар үшін экологиялық-ақпараттық шаралар, акциялар, көрмелер, байқаулар, экологиялық жобалар («Жасыл балабақша», «Метеостанция», «Құстар күні» және т.б.) қызықты болып табылады.
Балаларға экологиялық тәрбие беру бойынша әдістемелік ұсынымдар педагогтерге мына сілтеме арқылы қолжетімді:
http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/12/ecology_kz.pdf
Бұл маңызды!
Балаларды табиғатқа жауапкершілікпен және қамқорлықпен қарауға баулу мақсатында Министрлік экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 213 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында білім берудің барлық деңгейлерінде экологиялық білім беру сапасын арттыру тәсілдері түбегейлі қайта қаралды.


Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
Ата-аналар әр түрлі себептермен әрдайым мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын таңдай бермейді (баланың денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайлар, баланы отбасында тәрбиелеудің басымдығы және т.б.). Осыған байланысты, балаларды үйде сапалы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға (заңды өкілдерге) педагогикалық қолдауды күшейту қажеттілігі туындайды.
МДҰ кезінде Үлгілік қағидаларға сәйкес ата – аналардың (заңды өкілдердің) қажеттілігін ескере отырып, басшының бұйрығы негізінде ата-аналарға арналған консультациялық пункттер (бұдан әрі-АКП) құрылады.
АКП Үлгілік бағдарламаны іске асырады, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналарға (заңды өкілдерге) тәрбиелеу, дамыту және күту, балаларды мектепте оқуға дайындау мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
АКП құру МДҰ қызметінің үлгілік ережелерімен реттеледі.
Консультациялық пунктті бөлек кабинетте ұйымдастыруға немесе ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған топтық және жеке консультациялар онлайн форматта өткізуге болады.
АКП жұмысының басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы (Facebook, Instagram, Telegram), МДҰ сайты арқылы ата-аналарды (заңды өкілдерді) хабардар ету қажет.
Бұдан басқа, МДҰ сайттарында АКП қызметі туралы ақпараттық, түсіндірме материалдары бар «Консультациялық пункт» айдары жүргізіледі.
«Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірленді.
Ұсынымдарды келесі сілтеме арқылы алуға болады:
http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/k+17.pdf
Виртуалды әдістемелік кабинетте «Ата-аналарға арналған» 10 айдарында ата-аналарды педагогикалық сүйемелдеуге арналған материалдар орналастырылған: мектепалды даярлық бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың іскерліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері бойынша педагогтердің, психологтардың және белгілі бір саланың мамандарының кеңестері мен ұсынымдары орналастырылған.
«Ойындар»11 бөлімінде баланы үйде тәрбиелеу және дамыту бойынша дамытушылық ойындары бар бейнероликтер ұсынылған. Барлық бөлімдер нақты уақыт режимінде әдістемелік және ойын материалдарымен толықтырылады.
Сондай-ақ, Институттың12 youtube-арнасында барлық жастағы балаларға арналған ойын және дамытушылық іс-қимылдарды көрнекі түрде көрсететін 737-ден астам бейнероликтер кеңінен қол жетімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет