Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет48/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

 
оқушылардың әртүрлі топтарына
 
мамандандырылуын,
 
оқушылардың жеке қабілеттіліктерін ескеру мақсатында 
әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап оқыту тәсілі 
әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту 
әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігі, оқу-
танымдық қызығушылықтары, мұғалім тарапынан көмек сипатымен 
ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану – сараланған оқу іс-
әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады. Тарихты оқытуда 
саралауды жүзеге асырудың әдіс тәсілдері: оқыту материалының көлемі; 
күрделілік деңгейі, шығармашылық деңгейі, оқушылардың өздігінен жұмыс 
жасай алу деңгейіне байланысты және оқушыларға қажетті қолдаушылықтың 
сипатына қарай іске асырылады. Пәнді оқытуда саралаудың келесі түрлері 
қолданылады.
Тапсырмаларды саралаудың түрлері 
Айқын саралау 
Жасырын саралау 
1.Жеке 
жұмысқа 
арналған 
күрделілік 
деңгейіне байланысты тапсырмалар 
1. Тапсырмаларды орындау барысында 
алгоритмдерді, теориялық анықтамаларды, 
қосымша сұрақтарды қолдану арқылы 
жүзеге асады


154 
2. Қабілеттері жоғары оқушыларға күрделірек 
тапсырмалар беріледі 
2.Мәтін, кесте, схемалармен жұмыс 
3. Түрлі деңгейдегі тапсырмалары бар 
карточкалар 
4. Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау 
5. Жеке шығармашылық жұмыс 
6. Алдыңғы оқытылатын тақырыптарға 
алдын ала материалдар дайындау 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 
«Қазақстан 
тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндерін оқыту процесінде оқушылардың 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын (ақпаратты 
табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп 
әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын 
бағалау және жетілдіру) дамыту үшін жағдайлар жасалуы қажет.
Пәнді оқыту барысында АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері: 

ақпаратты іздеу, сұрыптау және фактілер мен құбылыстар арасындағы 
байланыстар мен айырмашылықтарды анықтау, салыстыруға байланысты 
өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды 
пайдалану; 

белсенді оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды 
пайдалану;

оқушылардың электронды оқулықтарды пайдалануы; 

компьютерлік презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған 
тақырыптар бойынша шығармашылық жобаларды жасау;

оқушылардың пікір-талас өткізу және тарихи мәселелерді талқылауына 
игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-
форумдар, конференциялар) пайдалану болып табылады. 
Білім сапасын арттыруда пән мазмұнына сәйкес оқыту әдіс- тәсілдері мен 
оқу тапсырмалары талаптарын жақсы білу, оқу бағдарламасын меңгеру 
нәтижелеріне қойылатын талаптарға сәйкес сабақ құра білуге ерекше мән беру 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет