121
деген қызығушылығын арттырады. Оқу пәндерін тарихи концептілер негізінде
оқытуда оқушылар өздерінің зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдыларын
дамытады және тарихи үдерістер мен оқиғаларды түсінуді үйренеді.
Білім алушылар:
- болжамдарды ұсынады;
- зерттеуге арналған сұрақтарды құрастырады;
- тарихи зерттеуді жоспарлайды және жүзеге асырады;
- тарихи фактілерді зерттейді және бағалайды;
- тарихи зерттеудің нәтижесін талқылайды, дәйектерді нақтылайды және
қорытынды шығару үшін пайдаланады. Сондықтан әр сабақты жоспарлауда
тақырыпқа сәйкес тарихи концептілерді таңдай білу, оны оқу тапсырмаларын
әзірлеуде қолдана білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: