Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет25/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

Мұғалімнің мақсаты
Сабақтың нәтижелілігі
Оқушыға жаңа сабақты өз 
бетінше меңгерту 
Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау 
Топпен жұмыс жасауға үйрету 
Қарым-қатынас үйренуі 
Бір-бірін шынайы бағалауға 
тәрбиелеу 
Басқаларды тыңдай білуі 
Сабақтың тәрбиелік әсерін 
жеткізу 
Белсенділігің артуы 
Өз көзқарасын қалыптастыру 
Өз ойын тұжырымдай білуі 
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды адамдарын қалыптастыруда 
білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу 
міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында 
тұрған міндет:табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін 
құзырлы тұлғаны қалыптастыру.Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне 
өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. 
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Жоғарыда айтып кеткендей, 
мұғалім бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатқа мен өз сабағымда Блум 
таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім 
деңгейлерін жетілдіріп, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. 
Мақсаттар жүйесі
Оқушылардың когнитивтік іс-әрекеті
Білу 
Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері 
Түсіну 
Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді 
Қолдану 
Алған білімді қолданады 
Талдау 
Білімді 
жай 
қабылдамайды, 
талдамайды, 
саралайды, 
салыстырады 
Жинақтау 
Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады 


118 
Бағалау 
(сыни 
өзіндік 
пікір) 
Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не 
мақұлдамайды 
Біліктілігі
Оқушының іс-әрекеті
Білу 
Тәуке хан қай ханның баласы, қай жылдары билік етті? Жеті жарғы 
дегеніміз не? 
Түсіну 
Сызбаға Тәуке хан жайлы білгеніңді жаз. Берілген мәтінді түсініп 
оқы. 
Қолдану 
Мәтін бойынша тапсырмаларды орындау (топпен жұмыс) Тәуке хан 
тұсындағы ішкі және сыртқы саяси жағдай қандай болды? 
Талдау 
Сөздікпен жұмыс: «хандық кеңес», «жеті жарғы» т.б. 
Жинақтау 
Тәуке ханның суреті бойынша әңгіме жүргізу. Постер қорғау. 
Бағалау
Шағын эссе жазу 
Қайталау сабақтарында оқушылардың өткен тақырыпты толық 
меңгергенін білу үшін оқушыларды баяндаушы, сынаушы, талдаушы, сұрақ 
құрастырушы деп бөліп тапсырмалар беремін. Оқушылар өздері талдап, өздері 
бір-бірін бағалауға мүмкіндік алады. Баяндаушы әңгімені мазмұндайды, 
сынаушы 
баяндаушының 
жіберілген 
қателерін 
айтады, 
талдаушы 
баяндаушының жақсы жақтарын айтып, қорғап шығу керек, сұрақ құрастырушы 
сұрақтар даярлайды. 
Мектепте тарих пәндерін оқытудың әлемдік тәжірибесін зерделеу 
көптеген елдерде дағдыларды дамытуға, оқушылардың оқу, зерттеу және 
практикаға бағдарланаған дағдыларын қалыптастыруға (зерттеу, мәселелерді 
шешу, сыни ойлау, өз бетінше оқу, ынтымақтастық, ақпаратты өңдеу, 
креативтілік, практикалық дағдылар) басымдық берілетінін 
көрсетеді. 
Ұлыбританияның, Америка Құрама Штаттарының және Сингапур елдерінің 
тәжірибесіне сәйкес, тарихты зерделеуде әрбір тақырып үшін тиісті тарихи 
түсінік (концепт) таңдалып алынады. Бұл сабақты белгілі бір дағдыларды 
дамытуға 
бағыттауға, 
оқушылардың 
осы 
концептілерді 
түсінуін 
қалыптастыруға 
мүмкіндік 
береді.
Аталған 
тәсіл 
оқушылардың 
қызығушылығын, ынтасын арттырады, бұл өз кезегінде пәндік білімді 
меңгерудің негізі болып 
табылады. 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша білім алушылардың тарихи ойлау 
дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі 
тарихи түсініктерге (концептілерге) негізделеді:
1)
өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам 
қаншалықты өзгеріске ұшырады) 
2)
себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды 
факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
3)
дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-
сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
4)
ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан 
территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен 
айырмашылықтар);


119 
5)
маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы 
неде);
6)
интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер 
қалай сипаттайды). 
Зерттеу барысында тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың 
мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» 
бағытталатыны анықталды.
Сондықтан оқушылардың 
базалық тарихи ойлау дағыдыларын
: тарихи 
деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау 
және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған оқу тапсырмаларын қолдану 
ұсынылады. 
Пәні бойынша оқытуды жоспарлау және ұйымдастыруда тарихи 
концептілерді қолдану жолдары. 
Оқушыларда білім мен дағдыларды қалыптастыратын тарихи зерттеуге тарту
Әрқашан 
оқушылар 
жаңа 
білім алу үшін 
жағдай 
жасалады. Тарихи 
фактілер 
зерттеудің басты 
объектілері болып 
табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет