Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет39/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

 
 
Суреттерді зерттеу бойынша қорытындылар: 
1.
XIX ғасырда қазақтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысуды 
жалғастырды. Сондықтан да олар көшіп қонуға ыңғайлы, әрі жеңіл жылжымалы 


137 
киіз үйде тұрды. Қазақтарда 4 маусымдық жайылым болды: жазғы– жайлау, күзгі 
– күзеу, қысқы – кыстау және көктемгі – көктеу.
2.
Төрт түлік мал өсірумен қатар, қазақтардың шаруашылық өмірінің 
дәстүрлі нысандары егіншілік, аңшылық, балық аулау және қолөнер: сәндік 
қолданбалы өнер (яғни, тұрмыстық заттар мен киім-кешек жасау, оларды 
безендіру), темір ұсталығы, зергерлік, ағаш ұсталығы, қыш бұйымдар құю 
болды.
XIX 
ғасырдағы қазақтардың күнделікті өмірі тек тұрмыстық 
шаруашылықпен айналысумен ғана емес, ежелгі салт-дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарды сақтай отырып, мерекелік тойлауды да қамтыды. 
 
 
Тапсырма Суреттерді қазақтың ұлттық дәстүрлерімен сәйкестендіріңіз 
1-мысал 
2-мысал 
3-мысал 


138 
Білім алушылар тапсырманы орындауда дұрыс жауаптардың кілтін 
қолдана отырып, тексеруіне болады:
Біліміңді тексер! 
1-мысал 
2-мысал 
3-мысал 
1-Б 
1-Б 
1-А 
2-В 
2-В 
2-Б 
3-А 
3-А 
3-В 
1»Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша «XIX ғасырдағы білім мен ағарту 
ісі» тақырыбы бойынша сурет бойынша зерттеу дағдыларын дамытуға 
бағытталған тапсырма үлгісі
Иллюстрацияны қараңыз және сұрақтарға жауап беріңіздер:
Қазақстандағы ХІХ ғасырдағы мұсылмандық мектептердің күшті және әлсіз 
тұстары қандай болды? 
Күшті: 
- Балалар оқи және жаза білді 
- Дәстүрлі ислам туралы жүйелі білім алды 
- Балаларды табандылыққа, еңбекқорлыққа, білімге деген қызығушылыққа 
үйретті. 
Әлсіз: 


139 
- қатаң тәртіп болды,
- оқушыларға Құранның ұзақ сүрелерін жаттауға тура келді,
- оқу араб тілінде жүргізілді, 
- молдалардың сол кездегі ең жақсы медреселерде оқуға мүмкіндігі болмады. 
Тақырып: XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі
Иллюстрацияны қараңыз және сұрақтарға жауап беріңіздер:
Қазақстандағы ХІХ ғасырдағы мұсылмандық мектептердің жағымды 
және жағымсыз тұстары қандай болды? 
Жағымды: 
- Балалар оқи және жаза білді 
- Дәстүрлі ислам туралы жүйелі білім алды 
- Балаларды табандылыққа, еңбекқорлыққа, білімге деген 
қызығушылыққа үйретті. 
Жағымсыз: 
- қатаң тәртіп болды, молда тыңдамаған оқушыны ұруы мүмкін еді,
- оқушыларға Құранның ұзақ сүрелерін жаттауға тура келді,
- оқу араб тілінде жүргізілді, 
- молдалар сол кездегі ең жақсы медреселерде оқымағандықтан, көбінесе 
сауатсыз болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет