Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Сандар: бөлшек және ондық бөлшектер



Pdf көрінісі
бет51/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

Сандар: бөлшек және ондық бөлшектер
 
1. Бөлшекті бүтіннің бөлігі, сандар жиынының бөлігі ретінде анықтау, 
жай бөлшектерді сандар жолында бейнелеу және сөздерді, сандарды немесе 
үлгілерді пайдаланып бөлшектерді көрсету.
2. Жай бөлшектерді анықтау, бөлшектерді салыстыру және әртүрлі 
жағдайларда берілген бөлшектерді қосу және алу.
3. Ондық бөлшектерді, сандарды немесе үлгілерді анықтау; ондық 
бөлшектерді салыстыру, ретке келтіру және дөңгелектеу, ондық бөлшектерді 
қосу және азайту.
 
Сандар: өрнектер, қарапайым теңдеулер және қатынас
 
1. Теңдеуден жетіспейтін санды табу (мысалы, 17 + w =29).
2. Мәтіндік есептерді теңдеулерді пайдаланып шешу.
3. Үлгілерді табуға есептер шығару (мысалы, сандар арасындағы 
байланысты сипаттау).
Геометриялық пішіндер мен өлшемдер
Бізді әртүрлі пішіндер мен өлшемдегі нысандар қоршап тұр, ал геометрия 
бізге пішіндер мен өлшемдердің арасындағы байланысты визуализациялауға 
және түсінуге көмектеседі. Бұл тақырыптық бөлім өлшемдерді, координаталық 
жазықтықты, түзулерді және бұрыштарды түсінуге арналған. Сонымен қатар 
кеңістіктегі геометриялық пішіндердің бетінің ауданы мен көлемін есептеуді 
қамтиды. «Геометриялық пішіндер мен өлшемдер» мазмұндық аймағы екі 
тақырыптық бөлімнен тұрады:
-Нүктелер, түзулер және бұрыштар;
-Екі өлшемді және үш өлшемді фигуралар.
Төртінші сыныпта оқушылар түзулердің, бұрыштардың, әртүрлі 
геометриялық фигуралардың, соның ішінде екі өлшемді және үш өлшемді 
пішіндердің қасиеттері мен сипаттамаларын анықтай алуы керек. Кеңістікті білу 
геометрияны оқытудың құрамдас бөлігі болып табылады және оқушылар әртүрлі 
геометриялық фигураларды сипаттап, сыза білуі керек. Сондай-ақ олар 
геометриялық қатынастарды талдай білуі және есептерді шешу үшін сол 
қатынастарды пайдалана білуі керек. Оқушылар ұзындық, бұрыш, аудан және 
көлем сияқты физикалық сипаттамаларды өлшеуге арналған құралдарды 
пайдалана білуі керек, сонымен қатар шаршылар мен тіктөртбұрыштардың 


158 
аудандары мен периметрлерін есептеу үшін қарапайым формулаларды қолдана 
білуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет