Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Қорытынды: Гиббс энергия өзгерісі мәніне және реакцияның өздігінен



Pdf көрінісі
бет91/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

Қорытынды: Гиббс энергия өзгерісі мәніне және реакцияның өздігінен 
жүріп жүрмеуіне энтальпиялық және энтропиялық факторлар мен кей 
жағдайда температура әсер етеді. 
Тапсырманың негізгі сипаттамалары: 
Тапсырма түрі: Мазмұнды 
Контекст: Қоршаған орта 
Жағдай: Жаһандық 
Таңымдық деңгей: Орта 
Тапсырма үлгілері: Стандартты 
Тапсырма нысаны: Ашық жауаппен 
«Мұздықтар мұңы».
Қазіргі таңда әлемдегі өзекті мәселелердің бірі – климаттың өзгеруі 
себебінен мәңгілікке мызғымастай көрінетін мұздықтардың еруі. Бұдан келер 
қауіп-қатердің адамзат қоғамына оңай тимесін ғалымдар көптен айтып келуде. 
Осы мұздықтардың еруі өздігінен жүретін процеске жата ма? Бұл процеске 
энтальпиялық және энтропиялық факторлардың әсері қандай? Термодинамика 
заңдарына сүйеніп түсіндіріңдер. Мұздықтардың еруіне әсер етуші факторларды 
атаңдар және қандай алдын алу шараларын ұсынар едіңдер? 
Жауап:
Мұздың еруі: Н
2
О
(қ)
= Н
2
О
(г)
дельта Н=6кДж/моль. Кейбір 
эндотермиялық реакциялар да өздігінен жүретін реакция болады. Мысалы 
мұздың еруі. 
Мұздың еруі – судың агрегаттық күйінің қаттыдан сұйыққа күйге ауысуы. 
Қатты---Сұйық 
Мұздықтардың еруі бұл жағымсыз эндотермиялық реакция.
Мұз еру процесі кезінде сырттан энергия алады, энтальпиялық өзгерісі 
нөлден жоғары болады. Эндотермиялық реакциялардың өздігінен жүруі 
энтропияның шамасы ұлғайғанда ғана жүреді.Мұздың еру процесі кезінде 
энтропияның шамасы ұлғаяды. Себебі,мұз еріген кезде мұздың кристалл 
торларының тәртібі бұзылып, су молекулаларына бірігеді, су молекулалары 
мұзға қарағанда үлкен қозғалу еркіндігіне ие болады. Солайша жүйенің 
энтропиялық өзгерісі артады.
Мұз температура нөл градусқа жеткенше жылуды сіңіреді, бұл 
температурада оның еруі өздігінен жүреді. Мұздың еру процесі кезінде Гиббс 
энергиясы төмен болып, процес өздігінен жүреді. 
Мұздықтардың еруіне әсер етуші факторлар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет