40
б.; жобалық тапсырмаларды орындау үшін мақсатты тілде көпшілік алдында
сөйлеу дағдылары; талқылауларға, дауларға, пікірталастарға қатысу үшін
коммуникативтік
дағдылар, т. б.;
3) оқыту процесінде қалыптасқан жаңа тілдік дағдыларды бекіту, мысалы,
сөздік пен анықтамалық әдебиетті пайдалану дағдылары, кері байланыс,
рефлексия дағдылары; әңгімелесу, пікірталас жүргізу.
Пәнді оқытуда төмендегідей ерекшеліктерін ескеру қажет (А. П. Стоянова
және М. Ю. Глушкова, 2020):
1) жан жақты қарау (өтпелі тақырыптарды белсенді пайдалану, оқу үдерісі
бойынша рефлексия жасау, пәндік мазмұнды игеруді қолдау);
2) қауіпсіз және білімді тереңдететін оқу ортасы (күнделікті әрекеттер мен
тілдік
бірліктерді пайдалану, көрнекі материалдарды, сондай-ақ сөйлеу мен
жазудағы қателерді түзетудің әртүрлі әдістерін пайдалану, себебі олар
оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады);
3) түпнұсқалық
және дереккөзге жақындық (материалды білім
алушылардың күнделікті өмірімен байланыстыру, әртүрлі көздерден алынған
түпнұсқалық материалдарды пайдалану, білім алушылардың мүдделерін
ескеру);
4) белсенді оқыту (білім алушы педагогтен гөрі көп сөйлейді, сабақтарда
өзара әрекеттесудің әртүрлі формалары қолданылады: жұптық және топтық
жұмыстар);
5) тірек құрылымы (білім алушылардың қолда бар тәжірибесіне, білімі мен
іскерлігіне сүйене отырып, сабақтарды жоспарлау, оқытудың әртүрлі стильдерін
ескеру);
6) ынтымақтастық (тілдік және тілдік емес пәндер педагогтерінің бірлесіп
жоспарлауы).
Сабақта үштілділікті дамытудың кейбір әдістемелік
тәсілдері
1.
Сөздер мен сөз тіркестерін өзара тексеру.
Тілдерді үйрену кезінде
ынтымақтастықтың ең көп таралған түрі - білім алушылардың бір-бірінің жеке
сөздер мен сөз тіркестерін (идиомаларды) білуін тексеру.
2.
Жаңа мәтінмен бірлесіп жұмыс істеу.
Жаңа мәтіндерді аудару
бойынша жұмыс әртүрлі жолдармен жүруі мүмкін. Белгілі бір уақыт кезеңінде
жаңа мәтіндермен және олардың ана тіліне аудармасымен педагог білім
алушыларды таныстырады. Болашақта білім алушылар жаңа мәтіндерді алып,
оларды тұрақты және ауыспалы құрамдағы жұптарда аудару үшін жұмыс істейді,
әдетте жұптарда бір білім алушы мәтінді оқиды және әр сөйлемді өзі аударады,
оған серіктесін де тартады.
3)
Өзара диктанттар.
Педагог диктант карталарын дайындайды.
Білім
алушылар өзара диктанттарды орыс, ағылшын (ана) тіліндегі сабақтардағыдай
ережелер бойынша жүргізеді.
4.
Жаңа мәтінмен танысудың басқа нұсқалары.
Педагог білім алушыларға
әртүрлі жаңа мәтіндер береді. Білім алушылар оларды өз бетінше оқып, аударма
жасауы керек. Педагог тексергеннен кейін білім алушылар бір-бірімен жұмыс
істеуге кіріседі. Мәтіндердің одан да күрделі түрлері берілуі мүмкін. Мысалы,
мәтін фразалар бойынша оқылады, кейде әр фраза екі-үш рет оқылады және
41
аударма дереу хабарланады және нақтыланады. Аударма аяқталғаннан кейін
білім алушыларға сөздікке жаңа сөздерді жазып, есте сақтауы керек сөздер мен
сөз тіркестеріне қатысты тапсырма беріледі.
Білім беру сапасын арттыру
және теориялық білімді бекіту, тереңдету
мақсатында «Тіл және әдебиет» саласы пәндері бойынша кейбір тақырыптық
сабақтарды қауіпсіздік ережелерін сақтап, жергілікті жағдайларды ескере
отырып, музейлерде, кітапханаларда және басқа білім беру ұйымдары базасында
өткізу ұсынылады.