Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА



Pdf көрінісі
бет28/71
Дата20.09.2023
өлшемі2,29 Mb.
#181658
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Байланысты:
Нұсқау хат 2023-2024

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығына сәйкес: 

бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» және «Цифрлық 
сауаттылық» (1-4-сыныптар); 

негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика» (5-6-сыныптар), 
«Алгебра», «Геометрия» (7-9-сыныптар) және «Информатика» (5-9-сыныптар); 

жалпы орта білім беру деңгейінде
оқытудың екі бағыты бойынша 
«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» (10-11-
сыныптар) пәндері оқытылады. 
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан 
Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік 
оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының
1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6–8, 16–20-қосымшаларында (5-9-
сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11-сыныптар) көрсетілген.
Бастауыш білім беру деңгейінде
«Математика және информатика» білім 
беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі 
объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді 
қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін меңгеруге; 
есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде 
логикалық пайымдаулар құра білу машықтарын дамытуға; ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану 
дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді 
жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен 
жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және 
деректерді ұсыну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет