Қазақстан Республикасы Президентінің


Цифрлық индустрияны дамыту және кәсіпкерлік қызметті ілгерілету



бет16/35
Дата14.08.2023
өлшемі1,65 Mb.
#179830
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
& & 07(1) (1)

4.2.3 Цифрлық индустрияны дамыту және кәсіпкерлік қызметті ілгерілету

Қазіргі уақытта IT-компанияларға ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді экспорттау кезінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға мүмкіндік беретін норманы көздейтін Заңға қол қойылды. Бұдан басқа, IT-компаниялардың өнімдері экономикалық қызметтің жеке кодына шығарылды, бұл осы өнімнің ЖІӨ-не әсерін барынша атаулы көрсетуге және есепке алуға мүмкіндік береді.


Шығындарды өтеу тәсілдерін өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл ретте IT компаниялар осы шараларды пайдалана алады, бұл мынадай шығындарды жабуға мүмкіндік береді:
- шетелде жарнама;
- көрмелерге қатысу;
- филиалдар мен өкілдіктерді ұстау;
- брендті тіркеу және т. б.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, Qaztrade, Зерде, Kazakh Export, Қазақстандық АТ компаниялар қауымдастығы және т.б. өкілдерінен АТ өнімдері мен қызметтерінің экспортын ілгерілету жөнінде жобалық кеңсе құрылды.
Мемлекеттік қолдаудың ағымдағы шаралары талданып, қорытындысы бойынша АТ компаниялары үшін 23 қосымша МҚШ (5 қолданыстағы МҚШ негізінде және 18 жаңа) әзірленді.
Отандық АТ-шешімдерінің экспортын дамыту кешенді тәсілді талап етеді.
Тұрақты негізде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық даму институттары отандық өнімнің, оның ішінде АТ-саласындағы экспорт көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде. Қазақстандық өнім осы кезеңде тапсырыстық бағдарламалық қамтамасыз ету, өнімдер мен жабдықтардың өзіндік әзірлемесі ретінде экспортталатынын атап өту қажет. Келесі кезеңде ауқымды сервистер, АТ-фрелансинг және АТ-аутсорсинг, өз технологиялары негізінде жасалған өнімдер экспортқа отандық өнімдер болады.
Осыған байланысты АТ-нарығының экспорттық әлеуетін дамыту және алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін АТ-экспорт бөлігіндегі ағымдағы проблемаларды шешудің бірі халықаралық стандарттарға сәйкес АТ-компаниялардың бизнес-жоспарларын дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізу ұсынылады, өйткені нарықтың негізгі проблемаларының бірі – экспорттықілгерілету саласындағы АТ-компаниялардың білімі жеткіліксіз болып табылады.
Осы іс-шаралар шеңберінде АТ-компаниялардың әлеуетті шешімдері мен көрсетілетін қызметтерін зерделеу және олардың экспорттық әлеуетін, перспективалы өткізу нарықтарын (халықаралық нарық) айқындау бойынша, сондай-ақ анықталған «тауашалы» жобаларды «орауға» жәрдемдесу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Бұдан басқа, Қазақстанның отандық АТ-жобаларын халықаралық нарықта танымал ету үшін B2B, B2G келіссөздері және басқа елдерде әлеуетті тұтынушылармен және инвесторлармен кездесулер ұйымдастырылады.
Патент, сауда белгілері, авторлық құқық және өндіріс құпиялары сияқты зияткерлік меншік мәселелері туралы бизнес өкілдерін оқыту да маңызды.


Міндет. Экономиканы технологиялық даму есебінен әртараптандыру


Жастардың креативті және білімді бөлігін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, отандық жаңа ірі жоғары технологиялық компаниялардың пайда болуы және жаңа жұмыс орындарын құру үшін жаңа формацияның орта класын дамыту үшін негіз ретінде технологиялық және венчурлік кәсіпкерлікті дамыту аса маңызды болады.


Экономиканың тарихи мықты жақтары мен көшбасшы компанияларға сүйене отырып, экспортқа бағдарланған зәкірлік өнімдер пайда болатын технологиялық хабтар мен кластерлер құрылады.
Мемлекеттік органдар үшін АКТ-жабдықты, сондай-ақ әлемдік өндірушілермен кооперация есебінен халықаралық нарықтарға экспорттау үшін әлеуеті бар смарт аспаптар мен құрылғыларды локализациялауға назар аударылатын болады.
Бұдан басқа, Deloitte ұсынымдарына сәйкес елде электрондық өнеркәсіпті дамыту мақсатында әлемдік практиканы ұстану қажет: технологиялар трансферті жағдайында оларға атаулы қолдау шараларын ұсына отырып, олардың сервистік орталықтарын оқшаулай отырып, елге ірі трансұлттық корпорацияларды тарту қажет.
Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарына Үндістанның, Қытайдың және Ресейдің тез өсіп келе жатқан нарықтарына жақын тиімді географиялық орналасуы жатады. Азия-Тынық мұхиты аймағын Еуропа мен Таяу Шығыспен байланыстыратын негізгі трансконтинентальды маршруттар осы ел арқылы өтеді. Қазақстан қазба энергия көздерінің едәуір резервтеріне, еңбекке қабілетті халықтың жоғары үлесіне және инвестициялық заңнамаға ие.
Сондай-ақ, РИА Рейтинг агенттігі сарапшыларының есептеуінше, Қазақстан халық үшін электр энергиясының қолжетімділігі бойынша Еуропа елдері арасында жетінші орынды иеленді. Электрондық өнеркәсіп саласындағы өндірісті дамытудағы салыстырмалы түрде арзан электр энергиясы өндірушілер үшін маңызды компонент болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет