Міндет. Бәсекеге қабілетті және тиімді қаржы нарығы
Қаржы нарығындағы бақылау мен қадағалау сапасын арттыру, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде өзара іс-қимылдың қарапайым және түсінікті форматтарын дамыту, тиімді деректер орталығының қадағалауын қалыптастырудың негізінде қаржы ұйымдарының реттеушілік талаптарды сақтауына мониторинг жүргізу үшін жаңа технологиялар енгізілетін болады.
Қаржы технологиялары мен инновацияларды одан әрі дамыту мақсатында қаржы нарығы субъектілерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерін тұтынушылармен өзара іс-қимылының жаңа цифрлық арналарын енгізу, қаржы нарығының цифрлық инфрақұрылымын дамыту және қаржылық технологиялар нарығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.
Қолма-қол ақшасыз ақша айналымын ынталандыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру жөніндегі заңнаманы жетілдіруге ерекше мән берілетін болады.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жаппай пайдалану және цифрлық қаржы сервистерін дамыту үшін банктердің және төлем жүйесіне қатысушы төлем ұйымдарының барлық клиенттері арасында телефон нөмірлері және басқа да баламалы сәйкестендіргіштер бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесін құруды қоса алғанда, қаржы инфрақұрылымын құру және дамыту бойынша жүйелі шаралар іске асырылуда. Бұл үшін қаржы нарығының, банктік емес төлем ұйымдарының қатысушылары өзара тиімді негізде тартылатын болады.
Сауда нүктелерін электрондық ақша жүйелеріне қосуды оңайлату, шалғайдағы өңірлерде интернет желісіне қолжетімділікті ұйымдастыруға көмек көрсету, шалғайдағы өңірлерде жұмыс істеу кезінде үстеме шығыстарды субсидиялау, QR-кодтың төлем интерфейсі стандартын енгізу қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесін ұлғайтуға ықпал ететін болады.
Инновациялық сервистерді енгізу және пайдалану үшін құқықтық және инфрақұрылымдық жағдайлар, оның ішінде QR-кодтар мен биометрия бойынша төлемдер жасалатын болады.
Нарыққа қатысушылардың өзара іс - қимылы үшін ашық платформалар технологияларын енгізуге нарықты ынталандыру (Open API және Open Banking-ашық банкинг) ашықтықты арттырудың, қаржы нарығындағы бәсекелестікті және коллаборацияны ынталандырудың, инновациялық финтех-өнімдер мен сервистерді құрудың маңызды элементтері болады. Проактивті қаржы секторын дамыту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін клиентке бағдарланған өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді әзірлеуге, қаржылық, сол сияқты қаржылық емес көрсетілетін қызметтер (ритэйл, қаржылық консалтинг және т.б.) бөлігінде экожүйелерді құруға бағытталған инновациялық ұйымдарды дамытуға және олардың пайда болуына бағытталған шаралар қабылданатын болады. Реттеушінің (ҰБ) базасында бір жағынан қаржы ұйымдарын қосу үшін интерфейсті енгізу арқылы қаржы ұйымдары үшін Open API шлюзін құру және кейіннен клиенттің келісімі мен авторизациясы кезінде, екінші жағынан финтех-компаниялар үшін деректерге қолжетімділікті ұсыну іске асырылатын болады.
Қаржылық технологияларды одан әрі дамыту мақсатында технологиялық платформа шеңберінде мынадай негізгі бағыттар (жобалар) айқындалды: Краудфандинг; Факторинг; Криптобиржалар; Сақтандыру; Токенизациялау; Маркетплейстер.
Сондай-ақ, сандық валютаға көшуді қаражат қозғалысының мониторингін, ақша массасын басқаруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ төлем қызметтерінің нақты провайдерлеріне тәуелді емес, толық қолма-қол ақшасыз экономикаға толық көшу үшін жағдай жасайтын құрал ретінде атап өткім келеді. Тұжырымдаманы және іске асыру кезеңдерін әзірлеу үшін халықаралық қаржы және технологиялық компанияларды тарта отырып, жұмыс тобы құрылатын болады.
ШОБ өкілдері үшін қаржылық және қаржылық емес сипаттағы қолдау шаралары, ірі халықаралық төлем жүйелерімен, банктермен және нарықтың басқа да қатысушыларымен бірлесіп, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу іске асырылатын болады.
Міндет. Электрондық сауданы дамыту
Бағдарлама жалпы интернет-сауданы дамыту үшін елдегі бар кедергілерді жоюға, сондай-ақ жергілікті ойыншылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар кешенін іске асыруды көздейді. Ұсынылатын шаралар электрондық сауданы реттеу, электрондық төлемдерді қабылдауды арттыру, халық пен кәсіпкерлердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, электрондық сауданы ілгерілету, инфрақұрылым мен логистиканы дамыту және тағы басқа салаларда жатыр.
Реттеу шеңберінде тиісті органдарға өтініштер берудің қашықтықтан тиімді құралдарын, тауарды саудагердің есебінен қайтару мүмкіндігін, электрондық сауда нарығына қатысушылардың бірыңғай тізілімін енгізуді және халық пен қатысушылардың сенім деңгейін арттыруға бағытталған басқа да, сондай-ақ бизнестің онлайн-саудаға көшуін ынталандыру жөніндегі мәселелерді қамтитын электрондық саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыру жөніндегі мәселелер регламенттелетін болады.
Тікелей және жанама шараларды қамтитын қолдау инфрақұрылымын құру, оның ішінде электрондық сауданы жүргізуде сервистік қолдау орталықтарын (Е-commerce және Fulfillment) құру да басымдыққа айналады.
Отандық тауарларды ілгерілету үшін халықаралық электрондық сауда платформаларымен өзара іс-қимылды ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Электрондық төлемдерді қабылдауды арттыру шеңберінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, мобильдік төлемдерді жүзеге асырудың оңайлатылған тетігін енгізуді ынталандыру, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүргізу бойынша кәсіпкерлер үшін ынталандыру жүйесін әзірлеу, электрондық шот-фактураны пайдалануға толық көшуді қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |