Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады.
Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.[1] Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Төтенше жағдай аяқталғанша дейін тұрмысы тұралаған халықты қолдау жалғасады.
Елімізде төтенше жағдай енгізіліп, көп ұзамай бірқатар қалаларда карантин жариялануына байланысты қазақстандықтардың көпшілігі күнкөріс көзінен айырылды. Қысылтаяң уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты қолдауға арналған нақты шаралар қабылдады. Эпидемия кезінде зейнетақы көтерілді, табысынан айырылғандарға жәрдемақы тағайындалды, кәсіпкерлердің салығы мен несиелері кейінге шегерілді. Әсіресе халықтың осал топтарына белсенді әлеуметтік көмек көрсетілуде.
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан пайда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру, осы салада бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан пайда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру, осы салада бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiне жалпы басшылық жасау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға жүктелсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.31 N 1387 , 2008.11.18 N 1068 Қаулыларымен.
3. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi негiзгi функциялары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
4. "Төтенше жағдайларды болдырмау және олар кезiндегi iс-әрекеттер жөнiндегi республикалық жүйе құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 25 маусымдағы N 395 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қоғамдық тәртiптi қорғау республикалық қызметінің тұрақты дайындығын қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қоғамдық тәртiптi қорғау республикалық қызметінің тұрақты дайындығын қамтамасыз ету.
Iшкi iстер органдары қызметкерлерi мен iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiн төтенше жағдайлар саласында даярлықтан өткiзу мен оқып-үйренуiн ұйымдастыру.
Төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртіпті сақтау (ұстау) және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, өз құзыретi шегiнде материалдық және мәдени құндылықтарды, мемлекеттiк және өзге де объектiлер мен коммуникацияларды, меншiктiң барлық түрiн, азаматтардың жеке мүлкiн қорғау. Төтенше жағдайлар аудандарын, зақымдау ошақтарын оқшаулау (қоршау). Төтенше жағдайлар кезiнде өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп карантиндік, санитарлық, табиғатты қорғау (экологиялық) және эвакуациялық іс-шаралардың жүргiзiлуiне қатысу.
Жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегiнде iзгілік және өзге де жүктердi төтенше жағдайлар аймақтарына (аудандарына) жеткiзу кезiнде бiрге жүру және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының Төтенше
жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi функциялары
Төтенше жағдайда басқару - бұл негізгі саясат апаттың әртүрлі деңгейлерінде әкімшілік шешім және оперативті іс-әрекет.
Төтенше жағдайлар туралы хабарлау - дер кезінде және қауіп деңгейін төмендету үшін төтенше жағдайда адам денсаулығы мен өмірін сақтау, материалдық зардаптарды төмендету. Осылайша ТЖ хабарлау кең түрде болып халықаралық митигация сияқты терминдерге қарама - қарсы келмейді.
Әдебиеттер
Төтенше жағдай – Уикипедия https://kk.wikipedia.org