Қазақстан Республикасы Президентінің



бет19/35
Дата14.08.2023
өлшемі1,65 Mb.
#179830
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Байланысты:
& & 07(1) (1)

Міндет. Жаңа жағдайларға бейімдеу үшін агроөнеркәсіптік секторды реформалау

АӨК-дегі цифрлық мамандардың санын кезең-кезеңімен ұлғайту және олардың сауаттылығын арттыру көзделіп отыр.


Бұл ретте саланы Ауыл шаруашылығын цифрлық қамтамасыз етуге қайта бағдарлауды ескере отырып, аграрлық білім беруді реформалау жөніндегі шаралар көзделетін болады.
Елдің ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту мақсатында процеске барлық іске қосылған уәкілетті ұйымдарды қоса отырып, ауыл шаруашылығы өнімінің қадағалануын және қауіпсіздігін бақылауды автоматтандыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарланып отыр, бұл агроөнеркәсіптік өнімнің өндірісі мен шығу тегінің бүкіл өмірлік циклін сандық-сапалық есепке алуды қамтамасыз етуге және қадағалауға мүмкіндік береді.
Ашықтық және қадағалану жүйесін іске асыру салаға инвестициялар тартуға және экспорттық өнімдер желісін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері түрлерін және терең қайта өңдеу өнімдерін жеткізу географиясын кеңейтуге тікелей әсер етеді.
Қадағалау жүйесі кезінде толық мониторингті енгізу ауыл шаруашылығы өнімінің сапа стандарттарын арттыруға мүмкіндік береді, бұл қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтардағы тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне мультипликативтік әсер етеді.
«Нақты егіншілікті» енгізу үшін метеорологиялық станцияларды қолдануды қоса алғанда, «нақты егіншілік» элементтерін пайдалана отырып, бірқатар фермерлік шаруашылықтарда пилоттық жоба жүргізілетін болады. Пилоттық жобаның қорытындылары бойынша «нақты егіншілікті» кеңінен қолданудың экономикалық тиімділігі айқындалатын болады.
Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша нақты егіншілік элементтерін дамыту және енгізу сектордағы қызметті жеңілдету, кірістілікті және еңбек өнімділігін арттыру үшін болжанып отыр. Өндіруші дақылдардың, ылғалдың, қоректік заттардың, азоттың, калийдің, фосфордың, зиянкестердің, жауын-шашынның ықтималдығы туралы нақты уақыт режимінде келетін мәліметтер жиынтығы негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл ретте, нақты егіншілік элементтерін енгізу жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алумен, агротехнологияларды орындаумен және фермерлердің әзірлігіне қарай кешенді түрде жүзеге асырылатын болады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының аумақтарын деректерді беру желісінің жеткілікті сигналымен қамту және оған мал шаруашылығында да, Өсімдік шаруашылығы бағытында да цифрлық жабдықты қосу үшін бірқатар шаруашылықтарда байланыс және телематика жабдықтарын тестілеу бойынша пилоттық жоба жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, табиғи ресурстарды, оның ішінде балық және балық өнімдерінің айналымын қадағалауды, жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және пайдалануды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингін, су қорын пайдалану мен қорғау, су пайдалану саласындағы есепке алуды және су шаруашылығы құрылыстарын қадағалауды автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар көзделген.
Бұл іс-шара браконьерлікті және балық өнімдерінің көлеңкелі айналымын, орман ресурстарын заңсыз кесуді азайтуға, кейіннен жоюға, табиғи ресурстармен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметі туралы ақпаратты жинауға және уақтылы өңдеуге мүмкіндік береді.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйіне мониторинг пен бақылауды цифрландыру саяси және құқықтық тұрғыдан: орнықты дамудың және экологиялық апаттың алдын алудың ұлттық стратегиясында іске асыруға ықпал етуге; қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласында жариялылық пен қоғамды демократияландыру процестерін іске асыруға ықпал етуге; халықтың қалың жігінің экологиялық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі үшін қажетті жағдайлар жасауға; экология проблемалары бойынша халықтың қоғамдық пікірінің мониторингін іске асыруға мүмкіндік береді.
Экономикалық аспектіде - табиғи ресурстарды пайдаланудың, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайын жақсарту. Әлеуметтік аспектіде-халықтың денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын арттыру; халықтың экологиялық мәдениеті мен экологиялық білімін арттыру үшін жағдайлар жасау.
АШМ агробизнес үшін сұранысқа ие және тиімді автоматтандырылған жүйелерді ауқымды енгізу бойынша ат қоғамдастығы мен агроқұрылымдар үшін ашық және есептелген қағидат түзетін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінде автоматтандырылған жүйелердің үздік практикаларын қолдануды ынталандыру, оның ішінде цифрлық технологияларды енгізетін АӨК субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тетіктері әзірленетін болады.
Отандық ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру отандық өнімді ішкі нарықта да, экспорттық нарықтарда да жылжыту және позициялау қажеттілігімен тығыз байланысты.
Агроөнеркәсіптік өнімді өткізуді дамыту үшін осы сын-тегеуріндерді шешу шеңберінде фермерлер, көтерме-тарату орталықтары, сауда желілері, нарықтар және тұрақтандырушы азық-түлік қорлары арасында электрондық саудаға арналған платформа іске асырылатын болады.


Міндет. Көлік және логистиканы цифрландыру

Интеллектуалды көлік жүйесі бейнебақылау, жол қозғалысын басқару, жүргізушілерді ауа райы жағдайлары туралы хабардар ету және көлік қызметтеріне электрондық төлем жасау функцияларын біріктіреді. көлік құралдарын, инфрақұрылымды, пайдаланушылар мен ақпараттық технологияларды жүйелі интеграциялау үшін оларды кезең-кезеңімен енгізе отырып, кіші құрауыштардан тұратын ИКЖ, оның ішінде автожолдарды пайдалану құралдарын жинауды автоматтандыруға арналған техникалық құралдар кешені, негізгі автомобиль көлік дәліздерінде орнатылатын көлік құралдарын тоқтаусыз динамикалық өлшеу жүйесі, жол жүрісін басқару жүйесі әзірленетін болады.


Мұның барлығы жүргізушілерді жолдардағы жағдай туралы хабардар етуге, климаттық жағдайларды талдау және болжау жүйелерін құруға, бейне-мониторинг жүйелерін пайдалануға және ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтауға, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша кедергісіз транзитті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бірқатар басқа елдерде ЗКЖ енгізу тәжірибесі ЖКО салдарынан зардап шеккендер санының 30%-ға төмендеу және жолдарды ұстауға жұмсалатын шығындардың 15%-ға қысқару үрдісін көрсетіп отыр. Бұдан басқа, ЗКЖ енгізу ақылы учаскелерден алынатын алымдар есебінен автомобиль жолдарын ұстау бөлігінде республикалық бюджетке жүктемені азайтуға, жолдардың жөндеу аралық мерзімдерін 1 жылға ұлғайтуға және транзиттік ағынды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мультимодальдық жүк тасымалдары сегментінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың базалық шарты кедергісіз көлік ортасын құратын цифрлық технологияларды іске асыруға негізделген жүк теміржол дәліздерінің техникалық және пайдалану интероперабельділігін дамыту болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет