8-жаттығу. Келісімшарттағы қажетті сөздерді қойыңыз.
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 14 қарашада ............. жеке куәлігінің № 123456579. 2. Аталған пәтер ........ құқығы бойынша азамат Мейрам Нұрболатұлына 3. ТИБ-тің ....... бойынша пәтердің құны 9 485150 теңге. 4. Келісімшартты рәсімдеудің ....... азамат Ербол Маратұлы төлейді. 5. Осы келісімшарт жасалғанға дейін пәтер ешкімге жоқ, қарыз ....... берілген жоқ, .... алынған жоқ. 6. Тараптардың ............ анықталды, ; тексерілді, пәтердің сатушыға .............. екендігі тексерілді. 7.Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік ........ алынды.
8. Келісімшарт мәтіні оқылды.
9-жаттығу. Өзіңізді тексеріңіз: аударыңыз.
Жеке куәлік, тіркелген мерзімі, қол қою кезінде, шаршы метр, аталған пәтер, төлем сомасы, үйді пайдалану ережелері.
10-жаттығу.Асты сызылған сөздердің мәндес мағынасын белгілеңіз.
Келісімшарт жеке және заңды тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
а) іскерлік хат
ә) құжат
Келісімшартта екі тараптың мәліметтері беріледі.
а) шарттар
ә) мекенжай, аты-жөні
Келісімшартты нотариус куәландырады. а) растайды
ә) сақтайды
Келісімшарт заң алдында жауапкершілікті жүктейді
а) сотқа талапарыз жазылады
ә) міндет
11-жаттығу.Пәтерді сату-сатып алу келісім-шартында 9 бап бар. Таблицада әр баптың негізгі мазмұны берілген. Әр бапқа таблицадағы бір ғана сөйлем сәйкес келеді. Таблицадағы сөйлем саны баптың санынан көп.
Сіздің жауабыңыз:
а. Келісім үш дана етіп жасалады. 1
ә. Келісімнің бір данасы нотариуста қалады. 2
б. Пәтердің ТИБ анықтамасы бойынша
инвентарлық құны көрсетіледі. 3
в. Пәтердің сатылған бағасы көрсетіледі. 4
г. Пәтерге қатысты тыйым түрлері көрсетіледі. 5
д. Тараптардың мекенжайы, жеке басының 6
куәлігі көрсетіледі.
ж. Пәтердің орналасқан орны көрсетіледі. 7
з. Пәтерді алу тәртібі көрсетіледі. 8
и. ТИБ-те тіркелген мерзімі көрсетіледі. 9
12-жаттығу.Сөз тіркестерін келісімде берілу тәртібіне қарай орналастырыңыз.
төмендегі туралы келісім