Азамат Асылбеков Мұрат Сләмқұлұлы, мекенжайы: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 136-үй, 43-пәтер және азамат Жұбанышева Әлия Жолдасқызы, мекенжайы: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 176-үй, 77-пәтер, өзара төмендегідей келісімшарт жасады.
1. Азамат
азамат
мекенжайы
(пәтерді жалпы пайдалы ауданы)
пәтерді сыйға тартады.
2. Аталған пәтер
тиесілі
3. Мен, азамат сыйды толық қабылдаймын.
4. Сыйға берілген мүлік
тұрған жоқ.
1 заңның баптары түсіндірілді.
2 шығынын сыйға беруші
3 бір данасы сақталады.
17-жаттығу.Мәтінмен танысыңыз.
Мен "Әділет" фирмасының өкілімін. Аты-жөнім — Марат Есенұлы. Біздің фирмамыз сізбен сүт өнімдерін өндіру үшін бірлескен өнеркәсіп құру туралы мәселені талқылағысы келеді. Мен сіздердің өнеркәсіп жұмыстарыңызбен танысу үшін, сіздердің талаптарыңызды білу үшін келдім. Сондай-ақ біз сіздермен шетелден шикізат жеткізіп тұру туралы келісім-шарт жасауға дайынбыз. Біз сіздермен ұзақ мерзімді келісімшарт жасамақпыз. Сондай-ақ біздің фирма бартерлік келісімшарт нұсқаларын талқылауға дайын.
18-жаттығу.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
"Әділет" фирмасы қандай мәселені талқыламақшы ?
"Әділет" фирмасының өкілі кездесуге қандай мақсатпен келді ?
Фирма қандай шарт жасауға дайындығын білдірді ?
Фирма тарапынан қандай ұсыныс жасалды ?
Фирма қандай мәселені талқылауға дайын екендігін білдірді?
19-жаттығу.Мәтін мазмұнын әңгімелеңіз.
- Менің аты-жөнім Асқар Оразұлы. Мен "Ақсай нан" ашық акционерлік қоғамының өкілімін.
- Өте жақсы. Мен — осы фирманың директорымын. Сіз қандай мәселемен келдіңіз?
- Бізді сіздердің сүт өнімдеріңіз қызықтырады, өйткені олардың сапасы өте жоғары және олар жоғары сұранысқа ие.
- Сіздерді қандай сүт өнімдері қызықтырады?
- Бізді барлық сүт өнімдері қызықтырады. Әсіресе, сүт, айран, май және балмұздақ. Ал сіздер өз тараптарыңыздан
қандай кепілдік бересіздер ?
- Біз өнімнің жоғары сапасына кепілдік береміз.
- Ал қандай жеңілдіктер жасайсыздар ?
- Жеңілдіктер келісім мерзіміне қарай жасалады.
- Онда келесі айдан бастап келісімшартқа отырайық.
- Жақсы. Келістік.
20-жаттығу.Сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.
1. "Ақсай нан" ААҚ-ның өкілін сүт өнімдері неге кызықтырады ?
2. Оны қандай сүт өнімдері кызықтырады ?
3. Фирма директоры сүт өнімдеріне қатысты қандай кепілдік береді ?
4. Жеңілдіктер неге байланысты жасалады ?
5. "Ақсай нан" ААҚ қашаннан бастап келісімшартқа отырады?