Ќазаќстан Республикасы


Ілияс Жансүгіров(1894-1938 жж.)



бет106/172
Дата05.02.2022
өлшемі2,85 Mb.
#26253
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   172
8.8 Ілияс Жансүгіров(1894-1938 жж.)
Ілияс Жансүгіров – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Алматы облысының Ақсу ауданы.
Алғаш рет Қарағаш ауылындағы мектепте оқып, жәдитше сауат ашқан. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болады. Онан соң аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтына 1925 жылы түсіп, 1928 жылы бітірген соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке алынады. Саяси репрессияның құрбаны болды.
Ілияс Жансүгіров – поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады.
Ақын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы – оның поэмалары. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-маржаны болып табылады. Ол қазақ әдебиетінде поэма жанрын түр мен мазмұн жағынан анағұрлым байытып, халық болмысын асқақтататын рухты ситуацияларға ден қоя білді. Оның поэзиясында эпикалық серпін мен лирикалық сезім мінсіз тоғысып, ақынның дара қолтаңбасын айғақтап отырады.
Ілияс Жансүгіровтың прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі – «Жолдастар» романы. Ілиястың драма саласындағы «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» сияқты туындылары да қаламгер дарынына айғақ шығармалар.
Ілияс Жансүгіров – қазақ сөз өнерінің поэтикасын кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Оның шығармалары – қазақ әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқай шыңына бастай беретін мәңгілік үлгі-өнеге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет