Сөздік
күрес – борьба
зор табыстар – большие успехи
жету – достичь
бапкер – тренер
ықпалы зор – большое влияние
ғұмыр – жизнь
жеңімпаз – победитель
сайыс – соревнования
шәкірт – ученик
демеу бере білу – уметь поддержать
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем):
Дәулет Тұрлыхановтың бапкері әкесі Болат Тұрлыханов болған.
Д. Тұрлыханов 1990 жылғы XXVI Олимпиаданың қола жүлдегері.
Ол көптеген жеңістерге ие болған.
Дәулет Тұрлыханов -Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері.
Д. Тұрлыхановтың шәкірті - грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко.
Ол 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері.
Дәулет Тұрлыханов екі олимпиадаға қатысты.
2. Мәтіннен мекенжайды, мезгілді, бағытты, анықтағышты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.
3. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
4. Мәтіндегі келесі зат есімдерге сын есімдерді табыңыздар: жеңіс, күрес, ғұмыр, сайыс,бапкер, тәрбиеші, шәкірт,табыс.
5. Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: бірінші, грек- римдік, жеңімпаз, жеңіс, жүлдегер, болған, атанады.
6. Мәтіннен «Спорт» тақырыбына қатысты сөздерді табыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |