Ќазаќстан республикасы


Төтенше жағдайлардан болатын табыстар мен шығындар



бет110/154
Дата06.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#60409
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   154
Байланысты:
есеп для экон.

7 . Төтенше жағдайлардан болатын табыстар мен шығындар
Тоқтатылған операциялардан түскен табыстар немесе зияндарды есепке алуға 7510 «Тоқтатылған операциялардан келген шығындар» шоты арналған. Бұл шотта табиғат апаттарынан түскен өтелмейтін зияндар, тоқтатылған операциялардан келген зияндар, төтенше жағдайлардан түскен басқадай зияндар есептеледі.
Табиғат апаттарынан келетін өтелмейтін зияндар (7510 шот) потенциалды сақтанушы мүлкін, кәсіпкерлік қаупін және басқаларды сақтандыруға шарт жасаған жағдайда болады.
7510 шотта сақтанушы мүлікті, кәсіпкерлік қауіпті сақтандыруға шарт жасасып, бірақ сақтандыру шартының барлық талаптарын орындамағанда пайда болған зияндар есепке алынады.
Табиғат апаты салдарынан кәсіпорын жекелеген жағдайларда табыс ала алады. Мысалы, егер сақтандырушы істен шыққан мүліктің қалдық құнының орнын толық толтырса, онда кәсіпорын оны бөлшектеуден біршама кіріс алады, бұл кірісті бухгалтерлік есепте жою құны деп атайды.
Тоқтатылған (7510 шот) операциялар пайдаланып жүрген активті сату немесе кәсіпорынның экономикалық, өндірістік не сауда қызметінде жекелеген маңызды бағыты бар операцияларды тоқтату нәтижесінде пайда болады. Мұндай операцияларға байланысты кәсіпорын қызметі, активтер, міндеттемелер, таза табыс не зиян анықталып бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Төтенше жағдайлар дегеніміз заңды тұлғаның әдеттегі қызметінен өзгеше оқиғалары не операциялары. Төтенше жағдайлардың салдарынан келген табыстар немесе зияндар қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы берілген есепте бөлек көрстеіледі. Әрбір төтенше жағдайдың мәні мен сомасы жылдық есепке берілетін түсініктеме жазбада ашылуға тиіс.
7510 шотта есепке алынған табыстар мен зияндар жылдың аяғында 5410 шоттың дебеті мен кредитіне көшіріліп жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет