Материалдық қорлар жеке тұлғалардан және ұйымдардан тегін түсті
1310,1350
6220
5.
Жабдықтаушыларға материалдардың құны есеп айырысу шотынан төленді.
3310
1030
6.
Материалдық қорлар есеп беруге тиісті адамдардан кірістелді.
1310,1350
1250
7.
Өндіріске материалдар жіберілді.
8110,8210,8310
1310,1350
8.
Материалдық қорлар жалпы шаруашылық мақсаттарға жұмсалды.
7210
1310,1350
4. Материалдық қорларды түгендеу Материалдардың нақты қалдығын, оларды сақтау және жіберу дұрыстығын анықтау мақсатымен түгендеу жүргізіледі. Түгендеуді кәсіпорын басшысымен тағайындалған комиссия жүргізеді. Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу тізімінде материалды-жауапты тұлға барлық құжаттардың материалдардың қоймалық есеп карточкаларына жазылып, бухгалтерияға берілгендігі туралы қолхат береді. Түгендеу тізіміне жазулар тек нақты есептегеннен кейін, ұзындығын өлшегеннен кейін, құндылықтардың салмағын өлшегеннен кейін жазылады.
Егер де түгендеу тізімінде ауытқулар табылса, онда салыстыру ведомості толтырылады. Әрбір ауытқу фактісіне материалды-жауапты тұлға жазбаша түсініктеме жазады.
Артықшылықтар кіріске алынуға және кәсіпорын табысына жатқызылуға тиіс: 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоттардың дебеті және 6280 «Басқа да табыстар» шотының кредиті бойынша.
Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі 1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» немесе 2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» шоттарының дебеті бойынша және 1310 «Шикізаттар мен материалдар» бөлімшесінің сәйкес шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Материалдық зиянның өтелуі 1010 «Кассадағы ақшалар» , 3350 «Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар» шоттарының дебеті мен 1250 «Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы» шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.