жөніңдегі тұжырымдамалары
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеумет-
тану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер
жазды, соларың арасында оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бө-
лінісі туралы» (1893), «Әлеуметтанулық әдістің ережелері» (1895), «Өзіне-
өзі қол салу» (1897), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912) жатады.
----------------------------------------------------------------------------
Маслов Н.Н. Политическая история СССР: предмет, содержание, задачи.
М.: Знание, 1991. С. 23.
42
Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуал-
дық және психологиялық тұрғьщан түсіндіруге қарсы шықты. Бұл көзқа-
растар бойьшша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті сана-
лы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестігі,
талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады. Ол өзінің әлеуметтік
реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатьш әлеуметтік
факторлармен түсіндіру керек деп пайымдап, индивидгердің, әлеуметтік
топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі
ретіндегі қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне
талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеу-
меттік орта үлкен рөл атқарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқа-
расының негізгі ережелері осылар.
Дюркгейм «социологизмінің» басты принципі мен ерекшелігі - оның
әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді. Бұның мәні- құндылық-
тар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік
реттеушіліктің тұтқасына айналуында. Қалыпты жағдайда сыртқы әлеу-
меттік детерминация адамның құнды бағдары арқылы іске асады. Норма-
лар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмпирикалық өмір-
дің екі жағына айналады. Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар
сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұны-
на сәйкес әрекет етуге күштейді. Дюркгеймнің ғылыми айналымға құнды-
лықтар және құнды бағдарлар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның
әлеуметтануының жаңа қырлары көрінді: егер де сырттан әсер етілетін
мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адамгершілік беделіне, адамдардың
адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса, әлеуметтік
нормалар да соғұрлым тиімді болады.
Э. Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдау-
шылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық
өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақгалу керек,
дейді ол. Өзіне дейінгілердің негізінен алғанда қоғам дамуы туралы ойша,
дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлгенін және олардың әлеуметтік
факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта
келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады. Оның пікірінше,
әлеуметтану - әлеуметтік факторлар туралы ғылым. Бұл дегеніміз - адам-
дардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси, құқық, мораль, діни және
басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивид-
терді осы идеялар, нормалар мен құндылықгарға сәйкес қалыптастыруға
мәжбүр етушілік.
Адамдардың күнделікті өмірде іске асыратын идеялары мен рухани
құндылықтарын әлеуметтік құбылыстардың соңғы себептері ретінде
43
қарастырады. Олардан кез келген әлеуметтік эволюцияның қайнар көзін
көреді. Әңгіме ұжымдық сананың көрінісі ретіндегі идеялар мен рухани
құндылықтар туралы болып отыр.
Жеке адамдарға қатысты әлеуметтік нормалар, құндылықтар және
өзге де қоғамдық сананың көріністері объективті өмір сүреді. Әрбір адам
қалыптасқан белгілі бір саяси, құқықтық, моральдық және басқа да нор-
маларға, құндылықтарға және әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса
оларды меңгеруі қажет және күнделікті өмірде іске асыруы тиіс. Осыған
байланысты Дюркгейм әлеуметтік фактілердің екі негізгі белгілерін көр-
сетеді: жеке индивидтерге қатысты олардың объективтік өмір сүруі және
олардың адамдарға мәжбүр ету ықпалы. Осылар арқылы Дюркгейм
адамға әлеуметтік тіршілік иесі деп қарайды, оның дамуы мен қызметі
әлеуметтік нормалар жарлықгардың ықпалымен жүреді. Әлеуметтік
фактілердің ортақ рухани табиғаты және мәні бар. Олардың бәрі топтық
немесе бұқаралық сананың көрінісі. Олар адамдарға ұйымдасқан саналы
ықпал етеді және әлеуметтік институттар, соның ішінде құқықтық, діни,
т.б. арқылы жүзеге асады.
Дюркгейм қоғамдық болмыс формасы немесе қоғам құрылымы мен жеке
«материалдық» бөлімінің формасын қарастыратын әлеуметтік морфо-
логия деп аталатын фактіні ұжымдық сана немесе түсінікке қарсы қойды,
Морфологиялық фактілер — «материалдықты» қоғамның сандық
аспектісін, оның субстратын, ал ұжымдық сана рухани, саналы аспекті
больш саналатын «ұжымдық түсінікті» құрайды.
Сөйтіп, Дюркгеймнің әлеуметтік фактілер жөніндегі ілімінде қоғам
мен тұлғаның өзара әрекетін түсінуге мүмкіндік беретін қажетті, маңыз-
ды ережелер қальштасқан, топтық, ұжымдық сананың рөлі көрсетілген.
Осының бәрі әлеуметтанудың ғылым ретіндегі шынайы пәні болып
саналады.
Дюркгеймнің қоғамда болатын Қалыптылық пен патологияның өзге-
шеліктері туралы, әлеуметтік аурулар және оларды жоюдың жолдары
жөніндегі ілімдері аса маңызды. Қальшты және патология қоғамдағы
келеңсіз құбылыстарды, соның ішінде қылмыстарды, дағдарыстарды,
т.б. интерпретациялауда қолданылға. Дюркгеймнің пікірі бойынша, нор-
мальды — бұл әлеуметтік организм ретіндегі қалыпты өмір сүру жағдайы-
нан келіп шығады. Қылмыс және басқа да әлеуметгік аурулар қоғамға
зиян келтіріп, жат қылыққа ұшыратса да, қалыпты болып саналады, өйт-
кені олар белгілі бір қоғамдық жағдайда ірге тепкен және пайдалы да
қажетті қоғамдық қатьшастарды қолдап отырады.
Өзі кең түрде қолданып келген оның қалыпты түсінігі Дюркгейм-
ді күтпеген қорытынды жасауға, кейде релятивизмге әкеп соқтырды.
44
Мысалы, кез келген қоғамда кездесетін қылмысты ол қалыпты құбылыс
ретінде қарастырды. Керісінше, XIX ғасырдың соңында өзін-өзі өлтіруші-
лердің санының артуы және экономикалық дағдарыстың кейбір типтері
патологиялық деп сипатталды. Қоғамның қалыпты қалпын жоспарлы эко-
номиканың дамуы және еңбек қатынастарын нормативпен реттеуден ту-
ады деп түсіндірді.
Сонымен қатар әлеуметтік саулық, Дюркгеймнің пікірі бойынша,
индивидтің, ұжымның немесе қоғамның өмірлік күштерінің қалыпты да-
муында, олардың орта жағдайларына бейімделу қабілеттерінде, оларды
өз дамуларына қолдана білуінде. Қоғамның дамуына және адамдардын.
тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал ететіндердің бәрі пайдалы және
қажетті деп танылуы керек. Қоғамның ауруы оның кез келген саласында
пайда болуы мүмкін. Егер қоғам тұтастай ауру болса, оны әмбебап емдеу
қажет. Дюркгейм қоғамның моральдық және саяси сауығуына үлкен ма-
ңыз береді.
Қоғамның қалыпты емес қалпына аномия жатады, бұл - индивңд-
тердің мінез-құлқын нақты моральдық реттеу әдісінің болмауынан қальш-
тасатын қоғамдық жағдай. Дюркгейм аномияны түсіндіруді әлеуметтік
функциялардың арасын реттеп отыратын ережелердің әзірленбеуінен
іздестірді. Ол реттеуге көнбейтін бәсекелестіктің, таптық шиеленістердің,
ескішіл еңбектің және жұмысшы күштерінің деградациясының болуын
өндіріс пен еңбек бөлінісінің жедел түрде асқынатын сырқаты ретінде
анықтады.
«Қалыпты емес формаларды» жоюда Дюркгейм шиеленістерді бей-
біт жолмен шешуді, күрес пен бәсекелестікті көңілге сыйымды мөлшер-
де бәсендетуді, таптар қатынастарын қатаң реттеуші ережелер жинағын
шығаруды, әділеттілікті және тендікті енгізуді ұсынды.
Дюркгейм қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеуметтік фактілерді
түсіндіруде себептік және функционалдық талдауды әлеуметтанулық
зерттеудің маңызды әдісі етіп қарастырады.
Себептік түсіндірудің мәні - әлеуметтік құбылыстың әлеуметтік ор-
таға тәуелділігіне талдау жасауда.
Функция ұғымын Дюркгейм биологиядан алады, ол бойынша физи-
ологиялық процесс мәліметтері мен организм қажеттілігінің арасында
сайма-сай келетін қатынастар бар. Осы ережені ол әлеуметтік терминге
айналдырып, әлеуметтік құбылыстың немесе институттың функциясы —
институт пен қоғамның кейбір қажеттіліктерінің арасындағы сәйкестік-
терді жөнге салу, деп түсіндіреді.
Дюркгейм социологизмінің айқын көрінісінің бірі - оның, дін тұжы-
рымдамасы. Діннің шығу көздерін ол қоғамнан іздеуді ұсынды. Австралия
45
тотемизмін зерттеген ол діннің шығуын алғашқы қауымдық құрылыммен,
оның әлеуметтік ұйымымен байланыстырады. «Дін әлеуметтік ортаның
жемісі» деген тұжырым жасап, қоғамның одан басымдылығын мойын-
дайды. Алғашқы қауымдық дінді зерттеп, одан қазіргі «күрделі» қоғам-
ның бейнесін көрген Дюркгейм тотемизмнің ерекшеліктерін қазіргі
діндерге көшірді және діни жүйенің басты элементі ретінде құдай идея-
сын жоққа шығарды. Оның пікірінше, сенушілердің құдайы тек «қоғам-
ның фигуральды көрінісі», ал бұған керісінше құдіретті принцип - «қоғам
басқаларға қарағанда гипостазданған және басқа түрге айналғыш».
Осыдан келіп мәдениетке, тұлғаға, сонымен қатар адамзат ойлауының
негізгі зандылықтарына діннің шексіз ықпалы жасалады. Қоғам діни сенім
мен догматтардың авторы және пәні, ол дінді жасайды және дінге табы-
нуға итереді, қоғам - бір мезгілде құдай және табынушы. Дюркгейм дінге
символдық жүйе ретінде де қарайды. Алғашқы қауымдық тотем алғашқы
адамдардың қандай топқа жататынын анықтаушы символ ретінде түсін-
дірілді. Материалдық мәдениеттің өзге заттары белгілер ретінде қарасты-
рылды, солардың көмегімен белгілі бір тарихи дәуірдегі ұжымдық санаға
үңілуге мүмкіндік туды. Әлеуметтанулық сараптама бұл жүйенің базисі
қызметін атқаратьш реалдықты, яғни қоғамды көруге тиісті еді. Дін сим-
волдық белгілер жиынтығы ретінде қарастырылды. Сол белгілердің көме-
гімен діннің қоғамдық интеграторлығы мәдениетті таратушы қызметтерді
жүзеге асырып отырды.
Діннің басты компоненті, Дюркгеймнің пікірінше, оның догматтық
бөлімі емес, жораларды атқарудағы ұжымдықтан көрінетін діннің прак-
тикалық қызметі. Белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді білдіре отырьш,
дін қажетті қоғамдық міндеттерді атқарады. Дюркгейм табыну практика-
сындағы негізгі әлеуметтік қызметтерді атап көрсетті: тәртіпке шақыру,
немесе мәжбүр ету және бақылау қызметі, соның негізінде әлеуметтік
бірлік нығайып, бекиді; жаңадан өндіру міндеті, бұл жаңа ұрпаққа әлеу-
меттік-мәдени мұраларды берудің және оның жандануының көмегімен
іске асады; эйфориялық міндет, бұл әлеуметтік аман-есендік қуаныш
сезімін қальштастырудан тұрады. Діни ырымдар, ғұрьштар маңызды
әлеуметтік міндеттер атқарады, қоғамның әлеуметтік ынтымақтастығын
қолдауға және нығайтуға қызмет етеді, ал индивидуалдық деңгейде адам-
ның өз күшіне сенімін артгырады.
Дюркгейм дін ұғымын діннің басты компоненттерінен, яғни құдай,
т.б. айырьш, дінді кез келген әлеуметтік объектіге қатысы бар наным мен
ырымдардың жүйесі ретінде кеңірек көлемде түсіндіреді. Түптеп келген-
де, дінді уақыттан тыс тұрған, мәңгі сипатталған, кез-келген қоғамдық
типте ұқсастығымен көрінетін абстрактілі идеологиямен теңестірді.
46
Дюркгеймнің маңызды зерттеулерінің бірі мораль болды. Оның таби-
ғатын, шығуы мен атқаратын қызметтерін баяндауда Дюркгейм әлеумет-
тану тұжырымдамасын басшылыққа алды. Моральды өзінің ерекшелігіне
орай, ол әлеуметтік жағдайдан, әлеуметтік ортадан, әлеуметтік құрылым-
нан туындатты.
Дюркгейм моральды мінез-құлықгың объективтік ережелерінің жүйесі
ретінде қарастырып, жеке индивидтің мойындамасқа лажы қалмайтын
олардың императивті, мәжбүр ету сияқгы айрықша белгілерін де көрсетті.
Моральдың басты белгісі ретінде борыпты (парыз) атады, оны қолдау
адамның моральдық қасиетін артгырады. Бұдан кейін Дюркгеймді қызық-
тырған моральдың еріктілік мәселесі, қажеттік, тартқыштық және
моральдық құндылықтарға адамның мүдделі болу белгілері де оның наза-
рынан тыс қалмады.
Моральдың әлеуметтік мәнін атап көрсеткең Дюркгейм, оның дін
сияқты «құдіретті сипатын» ашьш, индивидген өзінің күшімен, беделімен
асып тұратын қоғам моральдың қайнар көзі және объектісі екенін ба-
яндады.
Моральды қоғамдық жағдаймен байланыстырса да, Дюркгейм өлеу-
меттік құрылымды түбегейлі өзгертетін қоғамдық идеалды қажет емес деп
санады. Әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерге қоғамдық идеалды сәйкес-
тендірсе жеткілікті деп есептеді. Сол кездегі қоғамдағы табиғаты жағы-
нан моральдық саналған дағдарыстың негізіне жалпы адамдар санасының
сипаты мен мазмұнының өзгеруін алды. Нормалар мен құндылықтарды
тез өзгерту қоғамда бұрын қалыптасқан тәртіпті жояды, соның салда-
рынан қоғамды моральдық жүгенсіздікке (хаосқа) әкеліп соқтырады.
Дағдарыстан шығудың жолы - ол моральды ретке келтіруді күшейту.
Дюркгейм тұжырымдамаларында «ұжымдық ақыл» мен ұжымдық
мүдделердің қорғаушысы міндетін қоғамның бұдан басқа да мәселелерін
«ойлайтын және әрекет ететін» мемлекет атқарады. Либерализм рухында
мемлекеттің рөлін баяндаған ол өкімет билігінің асыра күшеюі мүмкіндігін
алдын ала көре білді. Мемлекеттің асыра бақылауынан тыс индивидті
«екіншілік» немесе аралық әлеуметтік топтар - діни, өндірістік, т.б. қорғау
қызметін атқаруға тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм белгілі топтардың
өкілдері ретінде индивидтердің мінез-құлқын реттеуші ерекше партику-
лярлық моральдық кодекстер идеясын ұсынды. Солай дегенмен де, Дюрк-
гейм қоғамдық маңыздылығы дәрежесі бойынша моральдық ережелердің
қатаң иерархиясын орнатуды талап етті. Отбасы, кәсіби және азаматтық
мораль иерархиялық құрылымды құрады, оның биік шыңында мемлекет-
тен көрініс табатын жалпыадамзаттық құндылықгар мен идеалдар орна-
ласты.
47
Мораль проблемаларын баян етуде Дюркгейм адамның екі жақты та-
биғатын пайымдаған антропологиялық теорияға сүйенді. Адамның био-
логиялық табиғаты (қабілеті, биологиялық функциясы, импульстері,
құмарлығы) оның тәрбие жолымен (нормалар, құндылықтар, идеалдар)
қалыптасқан әлеуметтік табиғатымен қарама-қайшылықта болады. Бұл
қайшылықгарды тудыратын тоқтаусыз ішкі мазасыздық, шиеленіс сезімі
мен үрейлену, бұлар тек қоғамның әрекетімен ғана шешіледі. Ол адам-
ның биологиялық табиғатына бақылау жасайды, құмарлығын және тәбетін
шектейді, оларды белгілі бір шеңберде ұстайды. Егер қоғам индивидтерге
өзінің бақылауьш әлсіретсе, аномиялық жағдай қальштасады, яғни қоғам
мен индивид дезинтеграцияланады, теріс моральдық тәртіпке, ретсіздікке,
бақылаусыздыққа әкеп соғады. Бұдан барьш өзіндік бір моральдық кеңіс-
тік пайда болады, соның салдарынан бұрынғы нормалар мен құндылық-
тар бұдан әрі өз рөлдерін орындамаңды, ал олардың жаңалары әлі нығайьш
үлгермеген болатын.
Түптеп келгенде, Э. Дюркгейм қарастырған проблемалардың және
оларды шешу тұжымдамаларының теориялық әлеуметтанудың іргелі
проблемаларының қатарына жататыны даусыз, олар бүгінгі күнде де өз
құндылығын жойған емес, әлі де пікір сайыстарын туғызып келеді.
Әлеуметтанудың дамуына он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиыр-
масыншы ғасырдың басында маңызды үлес қосқан неміс ойшылы Макс
Вебер (1864-1920) болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркен-
деуде. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының көптеген жақтары
қайтадан ой елегінен өткізіліп, пайымдалуда. Оның дайындаған әлеуметтік
таным методологиясы, түсіну тұжырымдамасы, идеалдық типтер тұжы-
рымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде
қолданылып отыр. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалып-
тасуына түрлі бағыт ұстаған көрнекті ойшылдар ықпал етті. Солардың
арасында Г. Риккерт, К. Маркс, Н. Макиавелли, Т. Гоббс, Ф. Ницще және
басқалары болды. Вебердің өзі көптеген ғылыми еңбектер жазды, солар-
дың ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Шаруашы-
лық және қоғам», «Әлеуметтік-ғылымилық және әлеуметтік-саяси таным-
ның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары
туралы», «Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар» туындыларын атап айтуға
болады.
М. Вебер көзқарасы тұрғысынан ой жүгіртіп, сараласақ, әлеуметтану
ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез құлқын және
әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Алайда, олардың кез келген мінез-
құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні бола алмайды. Оның пәні,
біріншіден, адамның және адам топтарының мақсаты және оған жетудің
48
құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекет-
терінің оларға тигізген ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын
есепке алуын қарастырады. Егер де әрекет өзге адамдар тарапынан жауап
реакция алуға есептелмес айталық, машиналар немесе табиғат тарапы-
нан болатын жауапты Вебер әлеуметтік деп санауға болмайды дейді.
Сонымен бірге еліктеу әрекеті де әлеуметтік әрекет қатарына жатпайды.
Әлеуметтік әрекетті М. Вебер типтерге бөледі: 1) ұтымды-мақсатты әрекет.
Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге
ұмтылуымен сипатталады. Осы әрекетті іске асыру барысында басқа адам-
дар мен заттар құралдар ретінде қолданылады; 2) құнды-ұтымды әрекет -
белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни, т.б.)
саналы түрде жетуге бағьпталған әрекет; 3) аффектілі әрекет, ол субъек-
тінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; 4) дәстүрлі әрекет, бұл қалыпта-
сқан әдет-дағдымен іске асатын әрекеттің түрі. Әйтсе де, М. Вебер осы
типтердің шартты екенін мойындаған, әлеуметтік әрекеттерді зерттеген-
де көп жағдайда аралас мотивтерді басшылыққа алған, себебі кез келген
адамның әрекеті мотивтен туындайды. Нәтижесінде әрекет субъективтік
мағынаға ие болады. Сөйтіп, М. Вебер әрекеттің мотивін, мақсатын ұғыну-
ды әлеуметтік зерттеудің бірден-бір міндеті деп түсіндіреді. Өйткені қоғам-
дық қатынастар жеке адамдардың өзара әрекетінің нәтижесінен құрала-
ды. Әлеуметтік әрекеттер, Вебердің айтуынша, адамның немесе адам топ-
тарының саналы пайымдалған өзара әрекет жүйесін, осыдан келіп олар
түсінуші әлеуметтану деп аталатын түсіну пәнін құрайды. Мәселенің мәні
мынада: егер де адамның әрекеті ойластырылған және іштей бірдемеге
бағытталған болса, онда әлеуметтанушы бұл әрекеттердің мазмұнымен
қатар, олардың басқа адамдар үшін қандай салдарлары болуы мүмкін
екендігін көре білуі тиіс. Субъектінің осы қызметтегі мотиві, басшылыққа
алған рухани құндылықтары есепке алынады. Басқаша сөзбен айтқанда,
әлеуметтік әрекет субъектісінің рухани дүниесінің мазмұнын пайымдап,
түсіну қажет. Осы рөлде әлеуметтану түсінуші ретінде қарастырылады.
М. Вебер түсінуші әлеуметтану тұжырымдамасын жасап дамытты,
оның міндеттеріне: біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қан-
дай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәре-
жеде, қандай себептермен бұларды олардың жүзеге асыра алатынын не-
месе асыра алмауын ұғынып, түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға
түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың
мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды.
ГайденкоП. П.,ДавыдовЮ. Н. История и рациональность. М.: Политиздат,
1991. С. 72.
49
Субъектілерінің әлеуметтік әрекеттерін және олардың ішкі жан
дүниесін түсіндіру түсінуші әлеуметтануда логикалық тұрғыдан болуы
мүмкін, яғни ұғымдардың көмегімен пайымдалған және таза эмоционал-
ды болуы ықгимал. Бұл жағдайда әлеуметтанушының түсінуіне «сезімдік»,
әлеуметтік әрекет субъектісінің ішкі жан-дүниесіне «төселу» арқылы қол
жетеді. М. Вебер бұл процесті өз бойынан өткізу деп атаған. Адамдардың
қоғамдық өмірі қалыптасатын әлеуметтік әрекеттерді қайсыбір деңгейде
түсіну өз рөлін атқарады. Бірақ, Вебердің ойынша, әлеуметтік процестерді
логикалық түсіну, оларды ғылыми деңгейде пайымдау өте маңызды.
Олардың «сезімдік» деңгейде қол жеткен табысын М. Вебер зерттеудің
қосымша әдісі ретінде сипаттады.
М. Вебер өзінің түсінуші әлеуметтануында құндылықгар проблема-
ларынан, соның ішінде мораль, саясат, эстетика, діни құндылықтар
мәселелерінен айналып өте алмады. Бұл жерде әңгіме аталмыш құнды-
лықгар жөніндегі субъектінің саналы түрдегі түсінігі туралы болып отыр.
Өйткені олар субъектінің қызметі мен мінез-құлқының мазмұнын және
бағытын анықгайды. Сонымен бірге әлеуметтануіиы да белгілі бір құнды-
лықтар жүйесін басшылыққа алады. Бұл оның зерттеуінің барысына және
нәтижесіне сөзсіз әсер етеді. М. Вебер құндылықгар проблемасын ше-
шудің жолдарын ұсынды. Неокантшылдар аталмыш құндылықтарды та-
рихтан да бұрын болды деп қарастырды. М. Вебер құндылықты қайсыбір
тарихи дәуірдің қалыптасуы ретінде, дәуірге тән мүдделердің бағыттары
ретінде қарастырды. Сөйтіп, тарихтан бұрынғы деп жүрген құндылықгар
тарихқа қайтарылды. Құндылықтарды осылайша қарастыру - адамдар-
дың санасын, олардың мінез-құлқы мен қызметінің шындығын түсіндіру
үшін аса маңызды. Бұл М. Вебердің әлеуметтіқ әрекет теориясын дамы-
туда маңызды рөл атқарады.
М. Вебердің келесі маңызды тұжырымдамасы - идеалды типтер. Ол
идеалды типке теориялық конструкция түрінде көрінген дәуірдің мүддесі
ретінде қарады. Адамға аса пайдалы осы идеалды модель адамның өмір
сүрген дәуіріндегі мүддесін объективті түрде көрсетеді. Осыған орай
идеалдық типтер ретінде моральдық, саяси, діни және сол сияқгы басқа
да құндылықгар және олардан туындайтын адамдардың мінез-құлық және
қызмет көріністері, олардың мінез-құлық ережелері мен нормалары,
сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынас дәстүрлері болуы мүмкін.
Идеалды типтер қоғамдық күйдің бүкіл мәнін - өкімет билігінің жағ-
дайы, тұлға аралық қарым-қатынас, жеке адам және топтық сана және т.б.
сипаттайды. Осының арқасында олар өзіндік ерекше критерийлерге ай-
налады, соған сәйкес адамдардың рухани, саяси және материалдық өміріне
өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип қоғамда орын алған дүние-
50
мен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қай-
шылыққа да түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған.
Қалай дегенмен де, идеалды типтер рухани және басқа да құндылық-
тар жүйесінің өзара байланысын көрсетумен қатар, маңызды әлеуметтік
құбылыстар ретінде байқалады. Олар қоғамдық өмірде адамдардьщ ойлауы
мен мінез-құлқына, ұйымдасушылығына мақсаттылықгы енгізуге ықпал
жасайды.
М. Вебер тарихи процесс барысында әлеуметтік әрекеттің ұтымды-
лық дәрежесі артады, бұл әсіресе капитализмнің дамуынан айқын көрінеді,
ұтымдылықтың жүзеге асуы құқықтық мемлекет тұсында болады, құқық-
тық мемлекеттің өмір сүруі азаматтардың мүдделерінің өзара әрекеті, ол
ұтымдылықпен толық байланысқан, олар заңға, сондай-ақ бәріне ортақ
саяси және моральдық құндылықгарға бағынады, құқықгық мемлекет
басқарушылар мен басқарылатындардың мақсатты-ұтымды және құнды-
ұтымды әрекеттері негізінде дамиды, алайда, бұл әрекеттер тек мол пайда
табу мотивінен туындап, қалған нәрсенің бәрін соған бағындырады, деп
талдап көрсетті. Мұндай ұтымдылықты М. Вебер протестант дінін ұстау-
шылардың «шаруашылық этикасына» негізделген дей келіп, оны ерекше
капиталистік рухпен байланыстырады. Діннің бәрі де белгілі бір «шаруа-
шылық этикасың» ұстайды, әрі адамдар тіршілігіне қажетті мақсаттарды
да белгілейді. Алайда, осыған қарамастан, діни аскетизмнің формалары
әлі де әр түрлі больш келеді. Шығыс діндерінде — енжарлыққа еліктіру, о
дүниелік аскетизм басым. Мұндай дін, әлбетте, капитализмге тән саналы
да белсенді қызмет етуге мүмкіндік бермейді дей келіп, М. Вебер христи-
ан, т.б. діндерге белсенділік, «ішкі дүние» аскетизмі тән, сондықган олар
құдайдың ырқына сәйкес адамдарды жерде тіршілік етуге бағыттайды
деген тұжырымға келеді.
Капитализмдегі ұтымдылық идеясын М. Вебер ұтымды бюрократия
тұжырымдамасымен ұштастырады. Бюрократия - капиталистік ұтымды-
лықты іске асырушы. Ұтымды бюрократияның болуының өзі капиталистік
ұтымдылықтың ең жоғары көрінісі деп бағалайды М. Вебер.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуде М. Вебер таптарда бола-
тын объективтік өзгешеліктерді мойындайды. Бірақ ол таптар ұғымын
адамдардың экономикалық қауымдастығы тұрғысында қарап, өмір сти-
ліне, жалпы намыс, бедел, т.с.с. жәйттерге негізделген статус, жай-жағ-
дай ұғымына оны қарсы қояды. Дегенмен, қоғамда материалдық жағ-
дайымен ғана ерекшеленіп қана қоймай, басқа да, айталық, өмір стилі,
мәдениеті, санасы, т.б. белгілерімен ерекшеленетін әлеуметтік топтардың
өмір сүретіні мәлім. Осыған орай бұл өзгешеліктерді түбегейлі алып қарас-
тырсақ, онда олардың экономикалық ерекшеліктермен салыстырғанда
51
екінші қатардағы ерекшеліктер екеніне көз жеткізуге болады. Вебер ста-
тус пен тапты бір-бірінен алшақ, ешқандай қатысы жоқ, тәуелсіз етіп
көрсетеді. Нәтижесінде таптар мәселесі, күрделілігі мәз емес екінші қатар-
ға қойылған. Жалпы бұл идея қазіргі батыс елдері әлеуметтануында кең
тараған.
М. Вебер 83 еңбектерінде өкімет билігі жөніндегі көзқарасын анық-
тап тұжырымдады, негіздеді. Сөйтіп, ол өкімет билігін үш түрге бөлді:
1) занды өкімет билігі; 2) дәстүрлі билік; 3) харизматикалық билік (ха-
ризматикалық ұғымы фектің «хоріома», яғни құдай берген қабілет деген
түсінігін білдіреді) Зандастырылған өкімет билігі — қоғамда қалыпта-
сып, өмірде басшылыққа алынып отырған тәртіптің зандылығын мойын-
дау негізінде құрылған биліктің түрі. Ал занды биліктің таза түрі етіп бю-
рократиялық билікті алған. Бұл жағдайда чиновник жеке адам ретінде
қарастырылмайды, керісінше, оны белгілі бір саяси функцияны атқару-
шы ғана ретінде қарастырады. Сондықтан адамдар чиновникке тұлға
ретінде бағынбайды да, оны тек нормаларды іске асырушы ретінде ғана
мойындайды. Дәстүрлі билік - ежелгі дәстүрлер, адамдардың заңды
жәйттеріне, қасиетті деген сенімдерге сүйенген, сол дәстүрлердің негізінде
іске асатьш билік. Мысалы, патриархалдық билікте дәстүр бойынша билік
ер адамның қолына шоғырланады. Харизматикалық билік - тұлғаның,
көсемнің барлық адамдарда болмайтын ерекше сапаларына сенуден туын-
даған биліктің түрі. Бұған дәлел ретінде М. Вебер көріпкелдерді, балгер-
лерді, бақсыларды, соғыс батырларын, т.б. келтіреді. Міне, М. Вебердің
қысқаша әлеуметтанулық көзқарастары осылар.
Классикалық кезеңнің әлеуметтанушыларының ілімдері мен тұжы-
рымдамалары көптеген елдерге тарай бастады. Сондай елдердің бірі
Ресей болды.
------------------------------------------------------------
Громов И., Мацкевич А,, Семенов В. Западная социология. СПб., 1997.
С. 112-114.
52
ҮШІНШІ ТАҚЫРЫП
ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӨНІНДЕП ОЙДЫҢ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ
Достарыңызбен бөлісу: |