Қазақстан республикасы


Әлеуметтік ақпарат жинақтау



бет26/26
Дата11.01.2017
өлшемі10,98 Mb.
#6831
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудаң әдістемесі мен техникасы
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жүйесіне арқа

сүйейді, яғни ақпараттарды жинау мен өңдеуде және талдаудан өткізуде

әр түрлі тәсілдер мен ережелерге бағынып, оларды басшылыққа алады.

Әлеуметтік ақпарат алудың бірден-бір ұтымды тәсіліне құжатты сараптау әдісі жатады. Бұл зертгеу жұмысында кеңінен тараған және жан-жақты

қолданылады. Демек, ақпаратты сақтау мен жеткізу үшін адамның ар-

найы жасаған дүниесін әлеуметтануда құжат деп атайды. Құжаттарда

жеке адамның, ұжымның, халықтың үлкен тобының және жалпы қоғам-

ның қызмет процестері мен нәтижелері жөнінде мағлұматтар жинақга-

лады. Сондықтан олар әлеуметтанушылар үшін аса маңызды.

Әлеуметтану ақпараттарының қайнар көзі болып есептелетін құжат-

тардың алуан түрлі топтамалары бар. Сонымен, құжаттар мынандай топ-

тарға бөлінеді: 1). ақпараттың техникалық құралдарда белгіленуіне орай

ерекшеленетін құжаттар. Бұның өзі үш түрді қамтиды: а) жазба түріндегі

құжаттар, оған қолжазба мен баспасөз басылымдары жатады; б) секено-

графиялық құжаттар, бұған кино, фото, бейнелеу, сурет түріндегі құжат-

тар саяды. в) фонетикалық құжаттар яғни дыбыспен берілетін магнито-

фон, күйтабақ жазбалары жатады. Айта кететін бір жай, құжаттық ақпа-

ратты сақтайтындардық жаңа түрлері мыналар: микрофильмдер, ЭВМ

дискісі, т.б. Жазба құжаттардың кең тарағаны архив материаддары, статис-тикалық есептемелер, ғылыми жарияланымдар, баспасөз басылылымдары, т.б.;

2) құжаттың түпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторы-

на бөлініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады.

-----------------------------------------------------------------



1. Осипов Г. В. и др. Рабочая книга социолога. М.: Наука, 1976. С. 299.

367


Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы

дайындаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мем-

лекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т.б. жатады. Ал ресми

емес құжаттарды жеке адамдар жасайды, яғни хаттар, күнделіктер, т.б.

ресми емес деп атауға болады: 3) ақпараттын сақталу көзіне орай ол бас-

тапқы және екінші рет жасалған құжаттар болып екіге бөлінеді. Бастап-

қы құжаттар тікелей бақылаудың немесе сауалнама өткізудің негізінде

алынған мәліметтер, ал екінші қатардағы құжаттар бастапқы құжаттарды

сипаттаушы немесе қорытындылаушы болып саналады; 4) мақсат-міндет-

ке қарай ажыраған құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес ғалым-

дардың күшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған

қолдағы құжаттар жатады; 5) мазмұнына қарай бөлінген құжаттар. Бұл

экономикалық, құқықтық, тарихи, техникалық, т.б. болып топтасқан.

Зерттеуші өз қызметінде көбіне-көп жазба құжаттармен, әсіресе әдебиет-

термен, баспасөз басылымдарымен және машинкаға басылған материал-

дармен жұмыс істейді. Ол тұрақты түрде статистикалық түпнұсқалар, есеп

беру баяндамалары, мақалалар, сондай-ақ қоғамдық пікірді білдіретін

баспасөз және теледидар мәліметтеріне арқа сүйейді.

Құжаттармен жұмыс істегенде зерттеуші олардың сенімділігіне на-

зар аударуы қажет. Осыған орай құжаттан алынар ақпараттың сенім-

ділігін тексерістен өткізетін ережені білу шарт. Мұндай ережеге мына-

лар жатады:

1) Оқиғаларды суреттеуден оларға берілген бағаны ажырата білгең

дұрыс. Оқиғаларға берілген бағадан фактілер әлдеқайда сенімді болады.

Кейде құжаттарға берілген баға болады, бірақ оларды суреттейтін жағдай

толық берілмеген болып шығады. Әдетте мұңдай құжаттарға күмәндана

қарау керек;

2) Құжатты құраушының оны дайындаудағы ниетін, мотивін анықга-

ған жөн. Өз жұмысы жөнінде есеп беріп отырған автор өзінің еңбегін

асыра көрсетуге тырысады. Ал бақылаушы органдар, керісінше, жұмыс-

тағы кемшіліктер мен қателіктерді теріп жазады;

3) Құжатты әзірлеуші адамның фактілерді, т.б. іріктеп алу әдісін де

білген жөн. Бастапқы құжат екінші рет жасалған құжатқа қарағаңда әлде-

қайда сенімді болады;

4) Құжатты дайындау кезіндегі елдің, ұжымның, т.б. жағдайын білу

шарт. Сонда ғана құжаттың сол уақыттағы жағдайды объективті беруі

немесе бұрмалап отырғандығы анықталады.

Құжаттарды талдау дәстүрлі жолмен және формальды түрде жүреді.

Барлық құжаттар түрлерін оқып-пайымдау сын тұрғысынан қарауды талап етеді.

368

Құжаттарды дәстүрлі жолмен талдаудың (кейде сапалы талдау деп те

атайды) мәні мен сыры – құжаттардың мазмұны сұңғыла түрде зерттеу, негізге алынған ой-пікірді игеру, негізгі идеяларын беліп алу, логикалық

жағынан терең зерттеу, олардың авторларының саяси, азаматтық бағы-

тын қадағалау, кейбір «айта алмағандарын», бүркеме пікірлерін іздеп табу,

автордың құжатты жазудағы тілі мен стиліне аса көңіл аудару болып та-

былады. Осындай сараптау жасағанда зерттеуші өзіне-өзі сұрақ қойып,

айталық, құжаттың құндылығы неде, оны дайындаудағы мақсат не, он-

дағы фактілердің сенімділігі қандай деген сауалдарға жауап беруі керек.

Дәстүрлі әдіспен саралауда көбіне-көп зерттеуші интуицияға (көкей-

көз) бой ұрып, құжатты өзі ұғымы төңірегінде ғана түсініп, елге түсіндіруде

субъективтік бұрмалаушылықа жол беруі мүмкін. Құжаттың мазмұнын

түсіну мен талдауға субъективтікпен қатар психологиялық алғышарттар

да әсер етуі ықтимал, атап айтқанда, ес пен зер салудың тұрақтылығы,

шаршап-шалдығу, т.б. Неғұрлым жан-жақты талдаудан өткен құжаттар-

дың саны мен көлемі көп болса, соғұрлым олардың субъективтік бұрма-

лаушылығы кемиді. Баспасөз ақпараттары деректерінің саны мен оның

көлемінің артуы, ақпарат процесінің «бұқаралық» сипат алуы контент-

талдаудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттарына

айналдды.

Әдетте жүйеге келтірілмеген көп материалды сараптау қажеттігі туын-

дағанда, талдауды іске асырғанда нақты жоғары дәлдік пен объективтілік

талап етілгенде, зерттеуші үшін құжаттың тілі маңызды болғанда ғана кон-

тентталдау әдістемесі қолданылады.

Құжаттарды формальды немесе контент-талдау кезінде зерттеу текст-

пен жүргізіледі, бірақ мұнда құжаттың мазмұнын ашатын мәнді белгілері

анықталады, сонда ғана ол түсінуге, есептеу операциясын жүргізуге қолай-

лы болады және мәтінге кірмей тыс қалған ақиқат іздестіріледі. Мәтінде

көрсетілмеген шындықты оқиғалар мен фактілерден, адамдар арасындағы

қатынастардан іздеу жеткіліксіз, сондықтан ақиқатты мәтінді дайындау

кезіндегі материалдарды іріктеу принципінен де іздестіру шарт. Басқаша

айтар болсақ, зерттеуші үшін мәтіннің мазмұнына енген ой-пікірдің бәрі

өте құнды, маңызды болып саналады.

Контент-талдаудың келесі маңызды принципі ретінде құжаттың мағы-

насын ашатын бірліктерді анықтау қажет. Мәтіндегі ұғымдар, терминдер

құнды әлеуметтік ақпарат береді. Мысалы, 1989—1991 жылдардағы бас-

пасөз беттерінде жиі қолданылған егемендік, нарық, нарықтық қатынас-

тар, т.б. ұғымдар елдің әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайы-

ньщ өзгергенін көрсетеді, осыларды ескере отырып, зертгеуші әлеуметтік

талдау жасауы қажет.

369

Арнайы тақырыпқа арналып жазылған мақала болмаса, онда керекті



тақырыпты мәтіннің мағыналы абзацтарынан іздестірген жөн. Іздеп отыр-

ған тақырып мәтінде көп жағдайда әр түрлі көріністерде кездеседі, айта-

лық, сөз түрінде, сөз тізбегі, айдар түрінде беріледі. Мысалы, 1990

1991 жылдардағы баспасөз беттерінде нарықтық экономикаға көшу, оған

өтудің жолдары, оның әлеуметтік салдарын сараптау басымырақ орын

алады. Сондай-ақ зерттеуші сол тақырыптарды қолдаушыларды және оған

қарсынастарды да анықтағаны дұрыс.

Тарихи тұлғалардың, саясаткерлердің, ғалымдардың есіміне де ерекше

көңіл бөлген жөн. Олар баспасөз беттерінде, т.б. жиі кездесетін болса,

онда олардың қоғамдық пікірге ықпалын анықгауға болады. Бұлардан

кейін қоғамдық оқиғалар, фактілер де назардаң тыс қалмауы тиіс.

Мақаланың, т.б. мән-мазмұнын ашатын мағыналық бірліктер тандап

алынғаннан кейін, зерттеуші сандық көрсеткішке арқа болатын есеп-

шот бірлігін анықгайды. Есепшот бірлігі дегеніміз - мағыналы бірлікті

мақалада, т.б. қолданудағы жиілікті есептеу. Шығарманың жолдары,

абзацтары, тыныс белгілері, таспа ұзындығы, тақырыптың аты немесе

айдар көлемі, жұмсалған уақыт, сол немесе өзге хабарға бөлінген сағат

есепшот бірлігі болып табылады.

Сонымен бірге контент-талдау әдістемесінің қолдану аясының шек-

теулігін де есте ұстау керек. Проблеманың ізденіс қырлары сан қатпарлы

болғандықтан, ол формальды түрде талдап-саралауға көне бермейді. Бұл

әсіресе құжатты жартылай немесе толық аша алмаудан, сөз мағынасы-

ның рең бермеуінен, т.б. көрінеді,

Ақпарат жинаудың маңызды көзі және әдістемесі - бақылау. Бақы-

лау микроәлеуметтік зерттеулер жүргізгенде шағын топтарды, ұжымның

әлеуметтік-психологиялық ахуалық, басшылық етудің тәсілдерін зертте-

генде, қақгығыс, шиеленіс жағдайын саралауда жақсы нәтиже беретін

тиімді әдіс болып есептелінеді.

Әлеуметтану ғылымында түйсіну арқылы ақпаратты жинау және объект

жөнінде барлық фактілерді тіркеу әдісін бақылау деп атайды. Ол қара-

пайым бақылаудан мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді: 1) нақты

зерттеу мақсатына бағындырылады; 2) белгілі бір әдістеме арқылы жүргізі-

леді; 3) бақылаудың мәліметтері белгілі бір әдістемемен хаттамаларға,

күнделіктерге көшіріледі; 4) бақылау жолымен алынған ақпараттың се-

німділігі және негізділігі тексерістен өтеді.

Бақылаудың сенімділігі субъекті мен объектінің арақатынасындағы

жағдайдың біркелкілігі, процедураның құрылысы, ақпараттың репрезен-

тативтілігі арқылы қамтамасыз етіледі. Солай дегенмен де, бақылау көбінесе

зертгеушінің психологиялық көңіл-күйіне, оның талғамына, мәдениетіне, т.б.

370


қасиеттеріне тәуелді болып келеді. Бұл талаптардың зерттеушінің бақылау жүргізу кезінде өз сөзіне, пікіріне және қимыл әрекетіне барынша сақ, байыпты болуын талап ететінін естен шығармаған жөн, сонда ғана оқиғаның

табиғи желісі бұрмаланбайды. Ал бұған кері жағдайда зерттеуші анық емес,

шүбә келтіретін сенімсіз ақпарат алуы мүмкін, сөйтіп оның байлам-қоры-

тындысы толық дәлелденбеген, ал ұсыныстары үстірт, келте болады, бұл

проблеманы шешудің тиімді жолын айқындай алмауға әкеліл соқтырады

Бақылаудың бірнеше түрлері бар. Оны жүргізу техникасына, кімді

бақылау қажетгігіне орай бақылау- бақылаулық және бақылаусыздық,

яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақ-

ты жоспарына және реттілігіне сәйкес жүргізіледі.

Тұрақтылығына қарай бақылау жүйелі және кездейсоқ болып белінеді.

Жүйелі бақылауда, айталық, айдың әр күніндегі қимыл-әрекет ұқыпты

түрде күнделікке түсіріліп отырады, кездейсоқ бақылауда ақпарат жос-

парсыз жүргізіледі.

Бақылаушының қолданатын әдісіне орай бақылауды іштен және сырт-

тан бақылау деп те ажыратады. Бұлардың біріншісінде зерттеуші әлеу-

меттік ортаға енеді, соған бейімделеді, сөйтіп оқиғаны іштен талдайтын

болады, соның негізінде объекгінің сырт көзге түсе бермейтін көптеген

құпияларын білуге, ерекше ақпарат алуға мүмкіндік жасалады. Екінші

жағдайда зерттеуші топтың арасына мүше болып енбейді, бақылау топ-

тың сыртынан жүргізіледі. Сондықтан да бұдан алынған ақпарат түсті,

жеңіл-желпі болып шығады.

Іштен және сырттан бақылауды ашық түрде немесе жасырын (бүр-

кеніш) атпен жүргізуге де болдды.

Жасырын атпен іштен бақылау (бақылауға алынбаған топ мүшелері

әріптестерінің бірінің зерттеуші екенін білмейді) әдетте «жабық» ұжым-

дарды зерттегенде қолданылады. Ашық ұжымдарда топ мүшелері өздерін

ғалымның бақылап жүргенін білуіне болады. Сөйтіп, шамалы уақыт өткен-

нен кейін ұжым мүшелерінің зерттеушіге бойы үйреніп алады да, өздерінің

дағдылы іс-әрекетіне, кәнігі мінез-құлқына қайта енеді.

Бүркеніш атты жамылып іштен бақылау жасау ең тиімді тәсіл екен

деп ұшқары ой қорытуға болмайды. Ашық бақылаудың өзіндік артық-

шылықтарын ұмытпаған жөн. Әсіресе оның еркін сұрақтар беру мүмкін-

дігі, кейбір сәтте жағдайға тікелей қатысып, килігіп кетуі, зерттеушінің

топ ішінде өзін өмін-еркін ұстап жүре алу мүмкіндігі арта түседі.

----------------------------------------------------------------

1. Методы сбора информации в социологических исследованиях. Книга 2. М.: Наука, 1990. С. 151; Социологический справочник. Киев, 1990. С. 230-231;



ЯдовА.В. Социологическое исследование. М., 1987. С. 113-115.

371


Бақылау әдістемесінің көптеген артықшылығы бар. Оның болып жат-

қан құбылысты нақты байланыстармен анықтауға қабілеті зор. Бұлай ба-

қылаудың оқиға жөнінде пікір-пайымдау жасаудан гөрі білім беру жағы

басым болады. Бақылау жүргізуші респонденттердің (жауапшы) зерттеу

сауалдарына жауап қайтаруға дайын екендігіне немесе қабілетіне бағы-

нышты болмайды. Сондай-ақ бұл әдістің мейлінше қарапайым екендігін,

оны қолдануға аса көп мөлшерде ақша-қаражаттың керек болмайтынын

айта кеткен жөн.

Жалпы бақылау әдісі арқылы алынған ақпараттың сенімділігі міндетті

түрде тексерістен өткізіледі. Ол үшін бақыланған алғашқы объект дөл

сондай жағдайда екінші рет бақылаудан өтеді. Екі бақылаудың нәтижесі

бірдей болса, онда ақпараттың сенімді болғаны. Ақпараттың сенімділігін

арттыруға қажетті бақылау жүргізудің қалыптасқан негізгі ережелері бар,

оларды міндетті түрде білу керек. Ол ережелер: 1) зерттеуші бақылау бірлі-

гін таңдап алуы керек. Мысалы, ұжымның психологиялық ахуалын зерт-

теу керек болса, шиеленіс соның бірлігі етіліп алынады, еңбек тәртібінің

бірлігіне жұмысқа кешігіп келу, басшылар нұсқауын орындамау, т.б. алуға

болады; 2) фактіні, оқиғаны, құбылысты, процесті бағалаудан бұрын оны

содан ажырата білу шарт. Айталық, мектептің педагогикалық кеңесін

бақылаған зерттеуші оның 2 сағатқа созылғанына (бұл факті болады) көңіл

аударса, кеңестің уақытты тиімсіз пайдалануы, оның солғын өтуі де (бұлар

бағаға жатады) назардан тыс қалмайды; 3) бақылаудың нәтижесін қолма-

қол жазып отыру қажет. Ол кейін жазылған болса, кейбір «майда-шүйдесі»

ұмыт қалады; 4) зерттеуші өзі жүргізген бақылауды өзімен паралелль бақы-

лау жүргізуші әріптесінің жұмысымен салыстырғаны дұрыс; 5) бір объек-

тіні бірнеше жағдайда бақылаған жөн. Мысалы, басшының күнделікті

әрекетіне назар аударылады және төтенше жағдайда оның шешім қабыл-

дауына ден қойылады; 6) бақылаудан алынған мәліметті өзге әдіспен

алынған мәліметпен (айталық, құжаттар) салыстырған орынды.

Ақпараттың сенімділігі мен анықтығы субъективтік кедергі жойыл-

майынша қамтамасыз етілмейді. Дегенмен де, мұны жүзеге асыру оңай

нәрсе емес. Себебі бақылаушы әрдайым өз тәжірибесіне, пайым-

түсінігіне арқа сүйейді және өз көңіл-күйіне тәуелді болады. Бақылауға

алынуға тиісті оқиғалар мәнді және мәнсіз оқиғалар ретінде жәй ғана

топтастырылады. Бұл қарапайым топтасу бойынша мәнді оқиға міндетті

түрде жазылып алынады, ал мәнсіз оқиғаны жазбаса да болады. Сөйтіп,

бақылаушы тәжірибесінің деңгейіне сәйкес талдау жасайды. Мұндайда

бұрмалаушылыққа жол бермеу үшін екінші рет қайталап тексеріс-ба-

қылау жасау керек немесе дерек жинаудың басқа да әдістерін қолдану

қажет.


372

Солай дегенмен де, бақылау әдістемесінің қолданылу аясының мүм-

кіндігі шектеулі. Оған мына жайларды дәлел ретінде келтіре кетуге болады.

Бақылауды сезген адамдар өздерінің табиғи қалыптасқан мінез-құлқын

көбіне-көп бірден өзгертуге тырысады. Зерттеушінің әлеуметтік ортаға

(ұжым, топ) шектен тыс бейімделуі де қауіпті, ондай жағдайда ол объек-

тивтік баға беру қабілетінен айырылып қалады. Бұл көбінесе іштен бақы-

лау кезіңде орын алады, зерттеуші бақылауға алынған адамдарға толық

сіңіп, олардың ұстанымына көшіп кетеді. Көптеген әлеуметтік құбылыс-

тар мен процестерді зерттеуде бақылау әдісінің қабілет-мүмкіңдігі өзінің

дәрменсіз екендігін көрсетеді. Ол әсіресе әлеуметтік құрылымды, бұқа-

ралық процесті, өткен оқиғаны, себептерді, нормаларды зерттеуден бай-

қалады, бақылау бұларды тек аз көлемде ғана түсініп, білуге жақындата

түседі.


Сауалнама әдістемесі. Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы

алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процес-

тер (респондент пікірі, себептері, т.б.) жөнінде ақпараттар өте жиі қажет

болады. Мұндай ақпаратты сауалнама әдісін қолдану арқылы алуға бола-

ды. Бұл әдіс ғылымда кеңінен тараған және барынша жиі қолданылатын

әдістеме болып саналады. Оның мұндай дәрежеге көтерілуі әмбебапты-

ғымен де түсіндіріледі. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана

нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адам-

дардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемді мағлұмат ала алады, соны-

мен қатар олардың өткен уақыттағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ

жоспары, ниеттері жөнінде де ақпарат алады. Сауалнама, әсіресе, инди-

видтердің субъективті жай-күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда тап-

тырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы

бұл әдістің түп негізін қалайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алынып

жиналады. Ғылымда сауалнаманы жүргізуші адамдар анкетерлер (сауал-

шылар) және сұрақгарға жауап қайтарушылар - респонденттер (жауап

берушілер, жауапкерлер) деп аталады. Алынған ақпараттың сипатына

және оны алу тәсіліне қарап, сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.

Сауалнама әдісінің екі түрі бар: олар анкеталық және сұхбат немесе

сұхбатнама (интервью). Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адам-

дардың кез-келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды.

Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу, бақылау, т.б. әдістерді қолда-

ну үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланылады. Анкеталық сауал-

нама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, рес-

понденттің аты-жөні көрсетілмей (анонимді) өткізіледі. Әдетте анкета үш

бөлімнен құралады: үндеулік, негізгі, төлқұжаттық. Үндеулік бөлімде қыс-

қаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы

373


атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады,

анкетаны толтыру ережесі керсетіледі, қайтарылған жауаптардың құ-

пиялығы сақталатынына кепілдік беріледі. Анкетаның (сауалхат) негізгі

бөлімінде кджетгі ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады. Алғаш-

қы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осылай жауап

берушілердің қызығушылығын арттырып, ынтымақтастыққа жетуге

болады.

Бұлардан кейінгі сұрақтар олардың пікірін, оқиғалар мен қазіргі жағ-



дайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал

төлқұжаттық бөлімде респонденттердің (жауапкер) демографиялық мәлі-

меттері (жасы, жынысы, т.б.) жөніндегі сұрақтар қойылады. Анкетаны

құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.

Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндет-

терін анықтап біліп алады, содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарас-

тырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.

Анкетаның сұрақгары үш негізгі топқа бөлінеді: 1) ашық түрдегі сұрау-

лар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қол-

дарымен жазып қайтарады; 2) жабық сұратгар, мұның жауаптары мен ва-

рианттары анкетада жазылады. Жауіп беруші жауаптың астын сызып не-

месе дөңгелекшеге алып қайтарады; 3) аралас сауалдар, бұл бірінші және

екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде

жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсе-

тіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.

Анкеталы сұрақтардың түрлері түсінікті болуы үшін мысалдар келті-

рейік: 1) Ашық сұрақ: « Қазақстандық газеттердің қайсысы халықаралық

жағдайлар туралы сауаттырақ жазады?» Мұнда алдын ала сұрақ жауабы-

ның тізімі берілмеген, сондықтан жауап беруші жауапты өзі әзірлеуге

міндетті болады; 2) Жабық сұрақ: «Сіздің болашақ мамандығыңызды таң-

дауға ықпал жасаған кім?» - ата-анам, мектептегі ұстаздарым, жолдаста-

рым, болашақ мамандықты өзім таңдадым; 3) Аралас сұрақ: «Сіздің пікірі-

ңізше нарықтық экономикаға кешу жастарға не береді?» - материалдық

жағдайды жақсартады, материалдық жағдайды нашарлатады, жұмыссыз-

дықты көбейтеді, жұмыс орнын кеңейтеді. «Сізді қазір қандай әлеуметтік

проблема қатгы толғандырады? Қалған жауаптарды өзіңіз жазыңыз.

Анкета (сауалхат) құрастыру мен дайындаудың ережесі мен әдістемесі

жасалып, қалыптасқан. Оларда:

1) Релятативтік, яғни ақпарат жинаудың осы формасының қаншалық-

ты дұрыс екендігін анықтаған жөн;



1. Тәжин М., Аяганов Б. Социология негіздері. Алматы: Ана тілі, 1993.6-6.

374


2) Анкетаның кімдерге арналғандығы, яғни оның белгілі бір жауап

берушіге арналып жазылғаны. Мысалы, интеллигенцияға арналған ан-

кетаны пайдалану арқылы жұмысшылардан сауалнама алуға болмайды;

3) Анкетаның объективтілігі, яғни қойылған сауалдарға қайтарылар

жауаптардың өзге факторларға тәуелділік деңгейі;

4) Түсінуге оңай болуы, яғни анкетаның сұрақтары мейлінше ұғымға

жеңіл тұжырымдалып, жауапкер адам мазмұнын өзі түсіне алатын болуы

керек;


5) Қойылған сұрақтар бір-біріне үйлесімді, сыпайыгершілікпен ерек-

шеленуі қажет. Күрделі сауалдарды мағынасын ашатындай етіп қоя білген

жөн, яғни олар көптеген сұрақтар деп аталатындарға ұрынудан сақтайды.

Демек, ашық және жабық сұрақтардың қайсысы «жақсы» немесе «на-

шар» деп олардың ара-жігін аша, бөліп салыстырудың қажеттілігі шамалы.

Осы екі сұрақтардың өзіндік ұстанымы, қолдану аясы бар. Пікір жинау

барысында өтетін сынақ (пилотаж) зерттеу кезіңде ашық сұрақтар қолда-

нылады, далалық зерттеуде жабық сұрауларды пайдалану басымырақ орын

алады. Сұрақтарды «жабық» етуге мүмкіндігі жоқ сауалдар да бар. Мыса-

лы, «Соңғы кезде көрген фильмдердің қайсысын сіз сәтті деп ойлайсыз?»

«Иә» немесе «жоқ» тектес жауаптар беріледі-ау деген сауалдарды ашық

сұрақтар қатарына жатқызу қажет.

Жартылай жабық сұрақтар деп аталатын сауалдар да өте жиі кездеседі.

Мұндайда балама сұрақтардан соң ашық типтегі сұраулардың вариантта-

ры жазылады. Айталық, «Бұл сұраққа орай сіз не айтар едіңіз?», «Сіздің

өз пікіріңіз болса, жазыңыз», т.б. Сөйтіп, жауап берушінің өз бетінше

жауап жазуға мүмкіндігі пайда болады, ал зерттеуші үшін варианттар

жиынтығы кеңейеді.

Тіке сұрақтар нақты жауап берушіге бағытталады. Айталық, «Сіз...

білесіз бе?», «Сіз... туралы не ойлайсыз?», «Сіз... қанағаттандыңыз ба?»,

«Сіздің... жөнінде пікіріңіз қандай?», т.б. Кейде тіке сұрақтардың орны-

на бір немесе бірнеше жанама сауалдар қойылады. Мысалы, жалақыға

қанағаттық ету туралы сұрақ қою дұрыс емес, сондықтан оның орнына

«Сіз бос уақыттыңызды табыс табуға жұмсайсыз ба?», «Отбасыңыздың әр

мүшесіне шаққанда неше теңгеден келеді?», т.б. қолдануға болады.

Қызмет аясына, яғни атқаратын міндетіне қарай сұрақтар: негізгі, тек-

серуші, сүзгіш, буферлік (аралық), тор құрушы сұраулар болып жіктеледі.

Тексеруші сұрақтар негізгі немесе бағдарлама сұрауларына қайтарыл-

ған жауаптардың шындығын тексерістен өткізуге бағытталған. Шынды-

ғында бұл қайталанып қойылған сауалдар, тек басқаша өңмен берілген.

Мәселен, анкетаның мақсаты жауап берушінің жұмысына қанағаттану

деңгейін анықтау еді делік. Осыған орай негізгі сұрақ: «Сіз жұмысыңызға

375

қаншалықты қанағаттанасыз?» деп қойылса, онда тәуелді сауал: «Сіздің



жұмыс орныңызды ауыстырғыңыз келе ме?» деп тұжырымдалады.

Сүзгіш сұрақтардың атқарар міндеті ~ сұрауларға жауап бере алатын

немесе жауап беруге тиісті жауап берушілер тобын жауап бере алмайтын

немесе жауап беруге тиісті емес адамдардан бөліп алуға келіп тіреледі.

Мысалы, «Сіз спорттың қандай түрімең айналысасыз?» деп сұрамастан

бұрын жауап берушінің жалпы спортпен шұғылданатынын немесе айна-

лыспайтынын білу қажет. Соңғы қойылған сауал - сүзгіш сұрақ болады.

Егер жауап беруші оған жағымсыз жауап қайтарса, оңца оньш; спортпен

айналысу жөнінде басқа сұрақгарға жауап қайтаруының ешбір қажеті жоқ.

Буферлік (аралық) немесе алаңдатқыш сұрақтар жауап берушінің

назарын жаңа тақырыпқа аудару үшін, алғашқы қойылған сұраулардың

соңғыларына тигізген ықпал бейтараптандыру мақсатында, оны қай-

тадан бағдарлау мен бірқалыптылықты жою үшін қолданылады. Мәсе-

лен, жастардың ауылдық жерден көшіп-қону проблемасын зерттегенде

жауап берушіге ең алдымен ауылдық жерлердегі әлеуметтік қызмет көрсе-

ту төңірегіндегі проблемалар жөнінде сұрақтар қойылады. Олардың көп-

шілігі тұрмыстық қызмет көрсету саласының дамымай қалғандығын, клуб,

кітапхана, т.б. жоқгығын өз жауаптарында атап көрсетеді. Бұдан соң

қалаға қоныс аударудың себептері туралы сауалдар қойылады. Оларға

жауап қайтарғанда, жауап беруші қалаға қоныс аударудың себебі ретінде

әлеуметтік саладағы қызмет көрсетудегі аталмыш кемшіліктерді атап

көрсетеді. Жауаптардың осындай болуы қойылған сұрақтар блогінің бас-

қалардан бөлінбегендігінен, дәлірек айтқанда, аландатқыш сұраулардың

болмауынан туындайды.

Адалдықты анықтайтын сұрауларды тор құрушы сұрақтарға мысал

етіп алуға болады. Оқырман қауымды зерттегенде зерттеуші жауап беру-

шілерге бірнеше көркем әдебиетке сын пікірін білдіруді ұсынады. Алай-

да, көркем туындылардың тізіміне ойдан шығарылған автордың да аты

енгізіледі. Егер де жауап беруші ойдан шығарылған автордың шығарма-

сын оқыдым, ол ұнады немесе ұнамады деп жауап қайтарса, онда өзі қай-

тарған жауаптарына оның адал еместігі әшкереленеді.

Тор құрушы сұрауларға өтіріктің детекторы деп аталатыңдар да жа-

тады. Ол үшін жауап берушіге қат-қабат сұрақтар қойылады, айталық,

«Сіздің әлденені басқадан жасырғыңыз келетін ойыңыз бола ма?», «Өзіңіз

білмейтін заттар жөнінде айта аласыз ба?», «Ашуланып, теріңізге сыймай

кету сізде кездесе ме?» Егер де жауап беруші осы сұрақтарға «жоқ» деп

жауап берсе, онда оның адалдығына күмән келтіруге әбден болады.

Анкета мен сұхбаттың сұрақтарын сауатты дайындау үшін көп жыл

бойы жинақталған тәжірибе қажет. Бұл істі бастап жатқан зерттеуші.

376


әдетте, осы мәселеде көптеген қателіктер жібереді, соның салдарынан

объективті емес, сенімсіз ақпарат жинақталады. Мұндай ақпаратты жұ-

мыста пайдалануға болмайды.

Осыған байланысты практикада жиі кездесетін қателіктер мен кемші-

ліктерге тоқталар болсақ, онда оларға, біріншіден, «көп сөзділік» жатады.

Яғни анкетаны кеп сөзбен кепірте жазып оның келемін ұлғайтуға бол-

майды. Тәжірибе керсетіп отырғандай, анкетаның келемі неғұрлым үлкен

болса, ол соғұрлым нашар толтырылатын болады. Тиімдісі келемі орта

анкета, ол 30-40 сұрақтан аспайды. Олай дейтініміз, адам 40 минуттан

артық уақыттын анкета толтыруға жұмсайтын болса, қателіктер жібере

бастайды, оның соған беріле ден қоюына орай сұрақтар да жауапсыз қалады.

Бұған жүргізілген тәжірибенің қорытындысы дәлел бола алады. Ғалым-

дар мазмұны жағынан бірдей екі анкетамен тәжірибе жүргізді. Оның

біріншісінің сұрақтары нақты етіліп қойылды, ал екіншісінің сауалдары

көп сөзден құрастырылды. Соның салдарынан бірінші анкетаға қайта-

рылмай қалған жауап небәрі 3 пайызды ғана құраса, ал екіншісінде 20 пайыз

көлемінде жауап берілмей қалды.

Қателіктердің бір тобы - анкетаның және сұхбаттың (сұхбатнама-

ның) сауалдарын дұрыс тұжырымдай алмауға келіп тіреледі. Кез келген

сұрақты қоя салу орынсыз. Мысалы, оқушылардың кәсіптік бағдарын

сараптау кезінде «Неге сен бұл мамандықты таңдап алдың?» деп сұрауға

болмайды. Былай қарағанда, осы қойылған сұрақ зерттеудің негізгі мінде-

тін жүзеге асыруға бағытталған сияқты. Бірақ ол оқушының тікелей «маң-

дайына» ұрғандай етіп қойылып отыр және нақты емес. Дұрысы ол сұрақты

бірнеше шағын сұрауларға бөліп, нақты етіп қойған жөн, айталық, «Сені

бұл мамандықтың несі қызықтырады?», «Сен өзің қаладың ба, әлде бас-

қалар кеңес берді ме?» т.б.

Мазмұны әрқилы түсінік беретін сұрақтарды да қоюға болмайды.

Мәселен, «Сіз өз уақытыңызды қалай өткізесіз?» деген сұрауға түрліше

жауап беріледі: жақсы, жаман, киноға барам, саяхатқа шығам, жалғыз

өткіземін, достарыммен боламын, т.с.с.

Жетекші сұрақгар жауап берушіні белгілі бір жауапқа бағыттайды.

Осы орайда мынандай сұрақтарды шындығында да «Сіз... қаламайсыз ба?»

немесе «Сіз ... болады деп ойлайсыз ба?» деп қоюға болмайды, өйткені

олар қажетті жауапты өздері сыбырлап айтьш тұр.

«Сіз... тілейсіз бе?», «Сізге... ұнай ма?», «Сіз... құмартасыз ба?» іспетті

сұрақтар жауап берушіні жағымды жауап қайтаруға итермелейді. «Иә біл-

меймін, иә құмартамын» сияқты жауаптар қайтару, айталық, білмейтін,

құмар еместігін мойындамаудан гөрі әлдеқайда жеңіл. Сондықтан екі ұста-

нымға бейтарап сұрақтарды тұжырымдаған дұрыс. Мысалы, «Сіз «Асар»бағдарламасын ұнатасыз ба?» деген сауалдың орнына «Сіз «Асар»

377

бағдарламасына қалай қарайсыз?» деген сұрақ қою дұрыс секілді.



Анкетаның сұрақтарына қайтарылатын жауаптарды немесе сұхбат-

наманы стандарттаудың варианттарын дұрыс тұжырымдай білу де маңызды.

Бұл жерде де аса нақтылық, дәлдік және анықтық қажет. Айталық, «Сіздің

газет оқуға қанша уақыттыңыз кетеді?» деген сауалдарға «көп, аз» секілді

қайтарылған жауаптардың варианты жарамайды, себебі жауап берушінің

біріне «аз» деген бір сағатты білдірсе, екінші біреуіне 3 сағатты түсіндіруі

мүмкін.

Жауап берушіге ұсынылған жауаптардың баламасы толық, ойласты-



рылған, тұтас логикалық жүйеге негізделіп құрылған болуы керек. Егер

сұрақ жауап берушіге жауаптың көптеген вариантын ұсынатын болса, онда

оны нұсқаумен қамтамасыз ету қажет. Нұсқау неше вариантты белгілеудің

(бір, үш немесе бәрін) қажеттілігін түсіндіреді.

Әлеуметтану зерттеулерінің барысында алынған мәліметтерге талдау

жасау құралдарды толтыру сапасына бақылау жасаудан, қателерді түзе-

тумен және сапасыз толтырылған жарамсыз анкеталар, бланкілер, кар-

точкалар және т.б. бөліп алудан басталады.

Қойылған әрбір сұраққа қайтарылған жауаптың дұрыстығы анықта-

лады, қажетті жағдайда жауап түзетіледі. Бұдан кейін дұрыс емес жауап-

тар есепке алынады.

Алғашқы ақпаратта өңдеудің мәні оны қорытындылау болып санала-

ды. Қорытындылаудың нәтижесін әлеуметтану ақпараты деп атайды.

Құралдарды (анкета, т.б.) өңдеудің тәсілі жөнінде алдын ала шешім қабыл-

данады. 60—70 адамнан алынған сауалнама жауаптарын өңдеу қолмен,

микрокалькулятормен жүзеге асырылады. Егерде анкета айтарлықтай

үлкен болмаса (20 сұраққа дейін болса), онда 200-350 анкета қолмен

өнделеді. Егерде кұралдарда 20-дан көп сұрақтар болса, онда қолмен өндеу

мүмкіндігі 100-200 анкетаны құрайды. Электронды есептеу машинасы-

мен өнделгендердің нәтижесі табуляграммалар түрінде көрсетіледі.

Анкетадағы немесе сұхбатнаманың бланкісіндегі әрбір сұрақ белгілі

бір дәрежеде өлшем шкаласы болып табылады. Өлшем бірлігі болып солар-

ға сәйкес жауаптардың балама варианттары саналады. Осы позициялар

(жауаптардың варианттары) бойынша респонденттер топтастырылады.

Сонымен қатар, белгілі бір өлшем шкаласына жауап берушілердің объек-

тивтік сипаттары, олардың субъективтік бағалары, т.б. топтастырылады.

Өлшеу әр түрлі шкалалардың көмегімен іске асырылады, оған мағлұ-

маттарды математикалық талдаудың әр түрлі ережелері сәйкес келеді. Әлеу-

меттану зерттеулерінде әдетте шкалалардың үш негізгі типтері: номиналь-

ды, рангтік (реттілік), интервалды қолданылады.

378

Алғашқы әлеуметтанулық ақпараттарды қорытындылаудың ең қара-



пайым формасы топтастыру болып табылады. Осы кезенде мәнді белгілері

немесе бір ғана белгісі (мысалы, жынысы, жасы, білімі) ерекшеленеді және

респондент анықталған белгіге сәйкес топтың біріне қосылады. Респон-

денттердің жауаптарын, айталық, жыныстық белгісін ескеріп жинақта-

ғанда қарапайым топтастыру іске асады. Дәл осындай жұмысты маңызды

белгі ретінде білім деңгейін анықтағанда да атқаруға болады. Бұл жерде

топ екеу емес, кем дегенде үшеу немесе төртеу болуы тиіс.

Бөлініп алынған топтарды салыстыруға, теңестіруге болады, осыған

байланысты қайсыбір әлеуметтік құбылыстарды, мотивтерді, жауап беру-

шілердің мүдделерін терең әрі жан-жақты талдауға қол жеткізіледі.

Әлеуметтану ақпараты төмендегідей белгілеріне орай топтастырылуы

мүмкін: номииальды белгісіне сәйкес (кәсібі, ұлты, т.б.); рангтік шка-

лаға сәйкес белгілер бойынша (мысалы, еңбектің сипатына орай: қол

еңбегі, механизмдермен жұмыс, интелектуалды еңбек); сандық белгілері

бойынша (топтар сандық белгілермен сипатталады, оларды өзара сапалы

салыстыруға болады, мысалы, жас мөлшері интервалы бойынша топтас-

тыру: 18-20 жас, 21-25 жас, 26-30 жас, т.б.).

Әлеуметтану зерттеуінің нәтижесін өңдеу, талдау және қорыту бірне-

ше кезеңді қамтиды.

Бірінші кезеңде эмпирикалық міндеттерді жүйеге келтіру, диаграм-

малар, схемалар, кестелер, т. б. құрастыру жүзеге асырылады. Екінші ке-

зеңде алынған ақпараттарды топтастыру, яғни оларды белгілі бір белгіле-

ріне, проблемаларына, сұрақтарына, т. б. қарап жинақтау орындалады.

Үшінші кезеңде құбылыстарды суреттеу негізінде алынған ақпараттарды

топтастыру жүргізіледі. Төртінші кезеңде теориялық типологиялау ісі ат-

қарылады.

Жиналған ақпараттарды таддап, қорытындылаудың нәтижесінде зерт-

теуге ғылыми баға беріліп, проблеманы шешуге ұсыныстар жасалынады,

ғылыми есеп беріледі. Зерттеудің қорытындысы бойынша жасалатын есеп

берудің құрылымы көбіне-көп негізгі ұғымдардың әрекетіне сәйкес келеді.

Алайда, зерттеуші бұл құжатты дайындау кезінде индукцияға бой алды-

рады. Есептің тарауларының саны әдетте зерттеу бағдарламасында кер-

сегілген көземелдің санына дәл келеді, жауап ең алдымен басты көземел-

ге беріледі.

Әдетге есеп берудің бірінші тарауында зерттелетін әлеуметтік мәсе-

ленің өзектілігі, зерттеу параметрлерінің (сұрыптау, ақпарат жинау әдіс-

тері, зерттеуге қатысушылар саны, жұмысты жүргізу мерзімі және т. б.)

сипаттамасы қысқаша баяндалады.Екінші тарауда зертгеу объекгісіне

әлеуметтік-демогрфиялық белгілері бойынша (жынысы, жасы, білімі, т. б.)

379


сипаттама беріледі. Бұдан кейінгі тараулар бағдарламада ұсынылған көзе-

мелдерге жауаптар іздестіруді қамтиды. Есеп беру тараулары қажет болған

жағдайда параграфтарға бөлінуі мүмкін. Әрбір тарау немесе тіптен әрбір

параграфты түйінмен (қорытындымен) аяқгау өте орынды саналады.

Жалпы қорытындыларға негізделген есептің қорытындысын практи-

калық, ұсыныстар түріңде жазған дұрыс. Есеп беру 30-40 немесе 200-300 бет-

ке жазылуы мүмкін. Ол материалдың көлеміне, зерттеудің мақсаттары мен

міндеттеріне байланысты. Есеп берудің қосымшасы зерттеудің бүкіл мето-

дологиялық және әдістемелік құжаттарынан тұрады: бағдарлама, жоспар,

құралдар, нұсқаулар және т.б. Сонымен қатар, қосымшаға көбіне-көп таб-

лицалар, графиктер, жеке өз пікірлері, есепке кірмеген ашық сұрақтарға

қайтарылған жауаптар енгізіледі. Себебі бұл құжаттың мәліметтері, жау-

аптары жаңа зерттеу бағдарламасын дайындауда пайдаланылуы мүмкін.

Содан кейін әлеуметтану зерттеуінің қорытындысын практикаға енгі-

зу процесі басталады. Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізудің әр түрлі

формалары мен әдістері бар, оларға: практикалық ұсыныстар жасау,

зерттеудің қорытындысын жариялау, ғалымдардың радио мен теледидар-

дан сөйлеуі, зерттеушілердің басшылық органдары үшін құжаттар мен

материалдардың жобаларын дайындауға қатысуы, ғылыми-практикалық

конференциялар, семинарлар, симпозиумдар өткізу жатады.

Әлеуметтану курсы бойынша дайындалған осы оқу құралында қарас-

тырылған мәселелерді қысқаша қорытындылайтын болсақ, онда оның ең

маңыздысы мыналар: әлеуметтанудың ғылым болып қалыптасу тарихы,

оның жалпы теориясының дамуы. Бұл - әлеуметтанудың маңызды тео-

риясы. Бұл теория ғылымда аса күрделі объекті саналатын қоғамды та-

нып-білуде ілімдік негізге айналды. Осы теорияны қолдану қоғамның өмір

сүруі мен дамуының заңдарын, әлеуметтік прогрестің механизмдерін,

жолдарын анықтап, қоғамның даму болашағына терең үңіле білуге үйретгі.

Демек, жалпы әлеуметтанулық теорияны адамзат дамуын жеделдетудің

тетігі десек те болады.

Әлеуметтану теорияларын қалыптастыруда әр түрлі пікірлер айтылды,

тіптен бір-біріне қарама-қайшы келген көзқарастар да болды. Бұл жағ-

дайлар оқу құралында көрініс тапты. Көп пікірлік және пікір сайысы

қазіргі әлеуметтануда орын алуда, олар осы ғылымның аса маңызды екен-

дігін білдіреді. Өйткені олар әлеуметтану ойлары мен теорияларының

толығып-жетілуінің жолдарын көрсетеді.

Әлеуметтанудың арнайы теориялары бұл ғылымның өз алдына жеке

саласына айналған қоғамның күрделі мәселелерін танып-білуде ерекше

380

рөл атқарады. Олар әлеуметтанудың жеке салаларының дамуына ықпал



еткен объективті жағдайларды, бұларда орын алған құбылыстар мен

процестердің өзгеріске түсуінің заңдылықтарын, ғалымдардың ұстаным-

шешімдерін және т.б. қоғамдық өмірдің әр саласындағы қалыптасқан

проблемаларды дер кезінде оңтайлы шешуге мүмкіндік беретініне көз

жеткізеді. Соның ішінде ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту, саяси

тұрақтылықты сақтап, баянды ету, мәдениетті өркендету, қоғамның әлеу-

меттік құрылымын жетілдіру, отбасының бірлігін сақтау жолдары мен

тәсілдерін меңгеру қоғам үшін аса қымбат. Тұлғаны қалыптастырмайын-

ша, оны жетілдірмейінше, қоғам да ілгерілемейді. Сол сияқгы өркениетті

қоғамнан тыс, оған тәуелсіз тұрғыда тұлғаның еркін және жан-жақты

дамуы мүмкін емес.

Әлеуметтану зерттеуі теориялық пен эмпирикалық ізденістерді бір-

бірімен органикалық байланыста қарастырады. Себебі олар зерттеу про-

цесін құрып, әрқайсысы өзіндік ерекше рөл атқарады. Эмпиариялық зерт-

теу - мәселенің нақты өмірмен байланысын қамтамасыз етіп, бір жақты

абстрактілі пайымдаудан сақтандырады және практикалық мәні бар ұсы-

ныстар жасауға негіз болады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік факті-

лерді методологиялық тұрғыдан дұрыс жинақгау мен сараптауды қамта-

масыз етеді. Олардың мәніне, даму бағыттарына және заңдылықтарына

бойлай енуді, әлеуметтік көрегендік пен болжам жасауды қалыптасты-

рады. Десек те, осы оқу құралына енбей қалған тақырыптар, мәселелер

мен тұжырымдамалар да жоқ емес. Мысалы дін, құқық, экономика, т.б.

әлеуметтануларын айтсақ жеткілікті. Бұлар алдағы уақытта шығатын оқу

құралдарында жалғасын табады деп ойлаймыз.


ОҚЫРМАНДАРҒА ЕСКЕРТПЕ
Айта кететін бір жағдай, «Әлеуметтану» пәнінің мағынасын әркім өзінше түсіңдіріп, бұрмалай беретіндігі болып отыр. Мәселен, Н. Р. Күнхожаев пен Е. К. Найзағараева өздері жазған қазақ тіліндегі оқу құралын «Социология» деп атағандғымен қоймай, онда профессор И. Шамшатов бастаған авторлар ұжымы (құрамында Н. Р. Күнхожаев та бар) шығарған «Әлеуметтану» атты оқу құралындағы пәннің қазақша «әлеуметгану» деп аталуын дұрыс емес дей отырып, бұл ғылымға берілген анықтама деп қате түсіндірме берген.

Н. Р. Күнхожаев пен Е. К. Найзағараева сонымен бірге 2003 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Әлеуметтану» деп аталатын көлемді оқу құралына да сын айтқан болыпты. Олардың ойынша, әлеуметтануға қоғам жөніңдегі ғылым деп түсіңдірме беру дұрыс емес көрінеді. Ал, әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым екені бүкіл әлем мойыңдаған аксиома. Бұдан кейін олар осы оқу құралындағы басқа автордың ойына сілтеме жасалған пікірлерді көрер көзге авторлардыкі деп контекстен жұлып алып көрсеткен. Біздің ойымызша, мұңдай бұрмалау, жаңсақ пікірлер мен көзқарастар, қателіктер алдағы шығатын еңбектерде қайталанбауы тиіс, себебі бұл студенттердің дұрыс білім алуы мен тәрбиесіне кері әсер етеді.

381

ӘБСАТТАРОВ РАУШАНБЕК, ДӘКЕНОВ МҰХСЫН



ӘЛЕУМЕТТАНУ
(Оқу құралы)

Баспага А бай атындағы Қазақ Ұлттық

педагогикалық университетінің ғылыми кеңесі ұсынған

Редакторы Р. Асанбай

Көркемдеуші редактор. А. Телюк

Техникалық редакторы. X. Ишимова

Компьютерлік түзетулерін салып, беттеген Д. Қалқабекова


Басуға 19.09.07 қол қойылды. Пішімі 60x841/16-

Қаріп түрі «Таймс». Шартты баспа табағы 24,6.

Есептік баспа табағы 26,7. Қосымша таралымы 700.

Тапсырыс № 26.

«Қарасай» баспасы

Алматы қ., Мұратбаев көшесі, 127/33

Директор Б. Ә. Асанбаев



ЖШС «Самара-Принт» баспаханасында басылды


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет