Қазақстан республикасы


(XIX ғасырдьщ екінші жартысы



бет5/26
Дата11.01.2017
өлшемі10,98 Mb.
#6831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

(XIX ғасырдьщ екінші жартысы - XX ғасыр)
Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуына Рейсейлік әлеумет-

танушылар да белгілі бір мөлшерде өз үлестерін қосты. Соның негізінде

Ресейде Батыс әлеуметтанушыларьш бетке ұстап, қалыптасқан бірнеше

мектептер мен бағыттар пайда болды. Олардың көзқарастары мен ілімде-

рінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар баршылық. Үшінші тақырыпты

соған арнап, екі мәселеге назар аударуды жөн көрдік: 1) XIX ғасырдың

екінші жартысындағы Ресей әлеуметтануында қалыптасып, дамыған әлеу-

меттанулық ілімдерге көңіл қойылды. 2) XX ғасырда осы елде әлеуметта-

нудың даму процесінің қалай жүргені сөз етілді. Мұндағы көзқарастарды

осындай екі сұрақтың теңірегіне топтастырып қарастыру олардың даму

эволюциясын жете қадағалауға мүмкйадік береді деп ойлаймыз.
1. Ресей әлеуметтануыңдағы негізгі бағыттар мен ағымдар

(XIX ғасырдың екінші жартысы)

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың

екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану

ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар

әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Геогра-

фиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич

Мечниковтың (1838—1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечни-

ковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның

«Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалды.

Социал-дарвинизмнің әлеуметтік зандылықгарды механикалық тіршілік

үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып,

зерттеуші әлеуметтануды нақгы ғылыми пәнге айналдыруды кездеді. Ол

үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заң-

дарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін

барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері

ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам

сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперация-

лар, ынтымақгастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап керсетті.

Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің

тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтас-

тық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация

факторлары қызықтырады.

53

Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндіріс-



тік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын

қамтыған ғылым ретінде анықгап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық

организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, со-

нымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.

Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжы-

рымдамаларында маңызды оынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс

идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қойма-

сы болып қалады. Бұл тұрғығдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне про-

гресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақгы белгі-

өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. Әлеуметтік

прогресс жольшдағы қоғамның эволюция дәрежесінің сандық индикато-

ры ретінде Л. И. Мечников адамдардың қол жеткізген ынтымақгастық

деңгейіне көңіл аударды. Өйткені ол табиғатта болатьш тіршілік үшін кү-

ресті ығыстырды. Ынтымақтастықгың адамдар арасьшдағы қарым-қаты-

нас ретінде ерікті түрде және күштеу арқылы айқындалғанына көңіл ауда-

рьш, әлеуметтанушы бұл процестегі индивидтердің еркіндік дәрежесі сол

өркениеттің прогрессивтілігінің басты өлшемі бола алады деп ойлады.

Адамдардың ынтымақгастығы жүзеге асатын кооперациялардың тарихи

типтері адамның ынтымақтастықгы қаншалықты қажеттілігін түсінуіне

негізделеді. Тарих, Л. И. Мечниковтың пікірінше, кооперацияның еріксіз

типіне (сырттан күш көрсетудің есебінен) бағынышты индивидтердің

одағы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі себеп болған, «мүдделерінің ор-

тақтығьшың, өзінің бейімділігі және ынтымақтастыққа саналы тырысу-

ьшың» арқасында қалыптасатын адамдардың ерікті ассоциацияларына

бірте-бірте трансформациялану процесі. Әлеуметтік прогресс қоғамдық

өмірде көрінетін күштеу, зорлау немесе билікке кері келетін болса, кері-

сінше, еркіндік пен өзіндік сананың даму деңгейіне тікелей байланыста

болатынын айта келіп, ойшыл бұл процестің механизмдерін, тарих кезең-

дерінің ауысу кезендерін анықтауға тырысты.

Географиялық мектептерге тән тұжырымдама тұрғысынан қарасты-

руды басшылыққа алған Л. И. Мечников сыртқы орта мен сол ортаны

мекендеген адамдардың кооперация және ынтымақтастыққа жеткізетін

қабілетінің арасынан өркениет эволюциясының қайнар көзін іздестірді.

Орта, Л. И. Мечниковтың пікірі бойынша, тек жәй қоршаған табиғат қана

емес, ол адам еңбегі процесіне түскен және соның ықпалымен өзгеріске

түскен оның бір бөлігі. Географиялық ортаның басты компоненті гидро-

логиялық фактор (адамдар қызметіне су ресурстарының ықпалы) болуы

ықгимал деп түсінген орыс әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан

өзендік, теңіздік және мұхиттық (немесе жалпы тарихтық) үш негізгі дәуірді

54

немесе өркениетті бөліп көрсетті. Бұл факторды зерттеуші халықтың



өндірістік қызмет барысында сыртқы жағдайға бейімделу қабілеті ретінде

зерделеумен қатар, тарихтың қозғаушы күші ретінде де қарастырған.

Натурализмнің қалыптасуына және әлеуметтік процесс пен оның қай-

нар көздерін түсіндіруде біржақтылықтың орын алғанына қарамастан,

Л.И.Мечников географиялық детерминизмнің дәстүрлі көзқарастарына

тән ой-пікірлердің анық шектеулігін жеңіп қана қойған жоқ, сонымен

қатар әлеуметтану зерттеулері үшін бірнеше проблемаларды белгілеп берді

(әлеуметтік даму механизмінің элементтері ретіндегі халықгардың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері, еңбек дағдыларының социомәдени трансляциялары мен қоғамдық ұстанымдардың формалары және т.б.).

Ресей әлеуметтану дәстүрінде органикалық деп аталған бағьптың өкіл-

дері Александр Иванович Стронин (1826-1889) және Павел Федорович

Лилиенфельд (1829-1903) қызықты ережелерді қальштастырды.

А. И. Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алды-

мен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Ол қоғамды біртұтас

организм регінде қарастыра отырьш, қоғамдық институттарды оның же-

келеген фрагменттері деп есептеді. Сондықтан оның «әлеуметтану физи-

ологияға ұқсас болуы қажет» деп түйіндеуі түсінікті еді. Өзі өмір сүрген

қоғамды пирамида тәріздес бейнелеу арқылы А. И. Стронин адамгершілік

және интеллектуалды құндылықтарды жасайтын қоғамдағы жоғарғы

құрылым тек саясатпен айналысу қажет деген ой қорьггады. Оның пікірін-

ше, әрбір социумның, кез келген биологиялық организм сияқты, белгілі

бір жинақталған күш қорына сәйкес өмір сүруі шектеулі болады. Ол күш

ерте ме, кеш пе бітеді. Адамгершіліктің құлдырауы мен әлеуметтік иде-

алдардың күйреу процесін биологиялық азу құбылыстарымен салыстыра

келіп, А. И. Стронин Батыс Еуропаның «революциялық дәндері» Ресей

шындығына жат және қауіпті деген сенімде болды.

А. И. Стронинннің биологиялық редукционизмі механицизммен

бірігіп, оның әлеуметтану тұжырымдамасының эвристік шектеулігін

негіздеді. Соған қарамастан оның бірнеше теориялары Ресейдің интел-

лектуалдық ой-пікірінде белсенді пікір тартыстарын оятты, одан әрі

әлеуметтанулық теориялардың дамуына әсер етті.

Әлеуметтануда органикалық бағытты пән ретінде жақтаушы «Бола-

шақгың әлеуметгік ғылымы туралы ойлар» атты кітаптың авторы П. Ф. Ли-

лиенфельд болды. Қоғамды табиғаттың барлық организмдері сияқты өмір

сүретін шынайы организм іспетті қарастыра отырып, П. Ф. Лилиенфельд

әлеуметтік зандар әлеуметтік күштердің және табиғаттағы органикалық

күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүм-

кін деген қорытынды жасады. Қоғамдық процестердің өздері, зертгеушінің

55

пікірі бойынша, теориялықтұрғыдан механикалық қозғалыстың көрінуіне



алып барады. П. Ф. Лилиенфельдтің пікірі бойынша, барлық организмнің

клеткалардан тұратыны іспетті қоғам да клеткалардан түзіледі. Бұл жерде

зерттеушінің қоғамдық организмнің клеткалары деп отырғаны жекеле-

ген адамдар.



П. Ф. Лилиенфельд қайсыбір жекелеген процестер (туу, өсу, өлім) мен

жекелеген органдарды (ми үкімет ретінде, т.б.) баяндай келіп, биология-

лық организм мен қоғамдық организмде дәлме-дәл келетін ұқсастық бар

деп есептейді.

Экономикалық, саяси және заң қызметін орыс ойшылы физиология-

лық, морфологиялық және тұтас организм ипостасиясымен теңестіреді.

Сөйтіп, қоғамның басты институттарының мәңгіліктігі және өзгеріске

түспейтіндігі туралы тезисті негіздеді, оларды күшпен трансформация-

лауды П. Ф. Лилиенфельд патология ретінде қарастырады.

Ресейде әлеуметтанулық ойдың дамуында субъективтік бағыт маңыз-

дылардың бірі болды. Оның көрнекті өкілдері Петр Лаврович Лавров

(1823-1900) және Николай Константинович Михайловский (1842-1904) еді.

П. Л. Лавров «Тарихи хаттар» деп аталатын еңбегінде субъективизм туралы

өз көзқарасын баяндады. Ол әлеуметтану ғылымына бірінші болып «ант-

ропологизм», «субъективтік әдіс», «субъективтік көзқарас» ұғымдарын

енгізді. Оның пікірінше, басқа ғылымдардағы сияқты әлеуметтану мен та-

рихта өзгермейтін және абсолютгі заттар бар. Олар объективті, белгілі бір

дәуірде жұрт оны білмеуі мүмкін, бірақ олар басқа бір дәуірде анықгалады.

Әлеуметтану мен тарих белгілі бір сәтке дейін анықгалынбайтын ақиқат-

тарды құрайды. Олардың анықталынбау себебіне қоғамның мәселені

түсінуге және оған жауап қайтаруына субъективті дайын болмауы жатады.

П. Л. Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп есептеді. Оның

көзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана нақты қозғаушы күші тұлға бола

алады. Оның мүддесін мойындамау деген сөз аса маңызды әлеуметтік

құбылысты байқамаумен бірдей. Тарихтың барысы объективтік зандар-

мен анықталса да, тұлға тарихи процесті өзінше түсініп, өз алдына мақ-

саттар қояды және оған жетудің құралдарын таңдайды.

П. Л. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге талпыныс жасады. Оның

түсінігінде әлеуметтану өз бетінше өмір сүрушілердің арасындағы ынты-

мақтастықтың көріну, күшею және әлсіреу формаларын зерттейтін сана-

лы органикалық ғылым. Сондықган бұл ғылым өзінде дара сананы ба-

рынша қалыптастырған даралығы бар бүкіл жанды қоғамды, адам жүзеге

асырсам-ау деген қоғамдық идеалдарды, сонымен қатар тұлғаның өзіндік

қоғамдық идеалдарды жүзеге асыруға жақындатсам деген талпынысынан

туындайтын практикалық міндеттерді қамтиды. Қоғам өмірін және ондағы процестердің негізгі мазмұнын ашудың

өзіндік жолын айта келіп, П. Л. Лавров тұлғаньщ жеке адамгершілік иде-

алдарьша сәйкес өмірдегі формаларды өзгертуге, сонымен қатар ол нені

прогресс деп санаса сол үшін күресуге құқылы әрі міндетті екенін атап

көрсетті. Сондықган тұлға қоғамдық күштерге зор ықпал жасайды.

56

Қоғамның дамуына күшті әсер еткен тұлғаны П. Л. Лавров алға шыққан тұлғалардың қатарына жатқызады. Мұндай тұлғалар қоғамдық құбылыстарға



сын көзбен қарайды, оларды түзетуге атсалысады.

Н. К. Михайловскийдің пікірінше, адамның адаммен қарым-қатына-

сы секілді, оның табиғатпен қарым-қатынасының арасында бір-бірімен

жанаспайтын қарама-қарсы айырмашылық бар. Бірінші жағдайда бір жәй

ғана құбылыс деген ой тумауы керек. Өйткені бұл құбылыстың алдына

қойылатын нақгы мақсаты бар. Екіншісінде мұндай мақсат болған емес.

Бұл өзгешеліктер аса маңызды болғандықган адамзат танымының екі ірі

саласында әр түрлі әдістерді қолдану қажеттігін талап етеді. Қоғамдық

құбылыстарды тек субъективтік деп бағалауымыз керек. Бұл жерде жо-

ғары бақылауды субъективті әдіс жүзеге асыруы тиіс.

Н. К. Михайловский әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдармен бай-

ланыста болуы керек деп есептейді. Ол қоғамдық өмір фактілеріне әділ

қарауға болады деген тұжырымды ұстайды. Тұлғаның әлеуметтік байла-

ныстарына қарап, оның дүниеге көзқарасын анықгауға болатынын жаз-

ды. Н. К. Михайловский Ч. Дарвин мен Г. Спенсердің эволюциялық тео-

риясын мойындамады, керісінше, тұлғаны әлеуметтік бақылаудың бүлдір-

гіш ықпалынан құтқару қажеттігі теориясын басшылыққа алды. Оның

пікірінше, тұлға мен қоғам арасында үздіксіз соғыс жүріп жатады. Оның

дәлелі ретінде Ресей тағдырын алға тартты. Әлеуметтік мінез-құлыққа,

жүріс-тұрысқа еліктеудің, өзін-өзі сендірудің, беделдің қаншалықты ық-

пал ететініне көңіл аударьш, Н. К. Михайловский 3. Фрейд пен В. Адлердің

психосараптамасына жоғары баға берді.

Анархизмнің теориялық мазмұны мең практикалық бағыты орыс ой-

шылдары және революционерлері Михаил Бакунин (1814—1876) мен Петр

Кропоткин (1842-1921) шығармаларында жан-жақты дәлелденді. Олар

Батыс Еуропа анархизмінің теоретиктері Ш. Фурье, М. Штирнер және

П. Прудон еңбектеріне арқа сүйеді. М. Бакунин анархизмінің мәні - зат-

тарды өздерінің табиғи ағымына жібергенмен бірдей... Осыдан келіп

анархизмнің басты идеясы - ешбір мемлекеттік институттар бұза ал-

майтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік

идеясы қалыптасты, дейді.

Тұлға еркін болуы керек, оған ештеңені таңуға болмайды дей келіп,

Бакунин еркіндіктің әлеуметтік сипатта болатынын жазды. Өйткені

57

еркіндік тек қоғам арқылы жүзеге асуы мүмкін және еркіндік әркімнің



барлық адамдармен қатаң теңдікте және ынтымақтастықта болуымен іске

асады. Қоғам әр адамның толыққанды дамуы үшін жағдай жасауы тиіс,

тек сол ғана оның әлеуметтік еркіндігінің нақты мүмкіндіктерін анық-

тайды. Адам еркіндігінің бұдан да басқа да көріністері бар, кез келген

өкімет билігі, ол мейлі құдайдікі болса да, адамдікі болса да, егер ол тұлға-

ны қанаса, оның еркіндігі бүлікке соқтырады және содан көрініс табады.

М. Бакуниннің пікірі бойынша, адам өз еркін шектейтін қоғамдық

институттармен қарама-қайшылыққа түседі. Ол әсіресе халықты басып,

жаншитын және халықты қанау есебінен күнін көретін чиновниктер ап-

параты ретіндегі мемлекетпен күреседі.

Мемлекет қашан болмасын едцің күш-қуатына қарсы тұрған азшы-

лықтың өкімет билігі. Ол адамдардың еркін заң жолымен зорлаушы, олар-

дың еркін тұрақты түрде жоққа шығарушы болып отыр. Түптеп келгенде,

мемлекет қайсыбір азшылықтың жеңілдіктерін нығайтады және көпшілік-

тің нақтылы қаналуын бекітеді. Адамдар бұқарасы өздерінің надандығы-

нан бұны түсінбейді. Шындығында олардың мүдделері өздерін қанап отыр-

ған мемлекетті жою болып табылады. Осыған олардың әділ саналатын

еркіндік бүлігі бағьпталуы қажет.

Прудонның біраз социалистік идеяларын қабылдаған М. Бакунин

оларды өзінің социализм және федерализм теорияларында дамытты. Осы

идеяларының арасында ең негізгілеріне жататыны — социализм қоғам-

дық құбылыс ретінде өзіндік және ұжымдық еркіндікпен, еркін ассоциа-

циялардың қызметімен құрылуы тиіс деген пікірлері. Онда адамдар қызме-

тіне ешқандай үкімет шектеуі болмауы керек және мемлекет жағынан

ешқандай қамқорлық болмауы тиіс, мемлекет қалай дегенмен де жойы-

луы керек. Бәрі де тұлғаның, өнеркәсіп ұжымдарының және өзге де ас-

социациялардың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағын-

дырылуы керек. Сөйтіп, қоғам ерікті адамдардың жиынтығына айнала-

ды. Қоғамның бүкіл субъектілерінің арасыңдағы қатынастар федерализмді

орнатады, яғни ерікті және тең құқықты принциптер негізінде олардың

одағы құрылады.

Социалист-анархист өзі үшін де өмір сүруі керек, сонымен бірге бүкіл

қоғамға да қызмет етуі қажет. Ол шын мәніндегі нақты патриот, әрдайым

адамгершілігі аса мол социалист-анархист болуы тиіс.



М. Бакунин қоғам дамуының бүкіл экономикалық, саяси, рухани про-

цестерін мемлекет реттейтін «мемлекеттік социализмді» сынға алды. Оның

пікірі бойьшша, мұндай социализм өзінің негізсіздігін толығымен көрсетті.

«Реттеушілік» және «деспоттық» болғандықтан социализм көпшілік ха-

лықгың қажеттерін және заңды талаптарын қанағаттандыру мұратынан-шалғайда тұрды. Мемлекет социализм алдында өзінің банкрот болғанын

көрсетті, ол социализмнің оған деген сенімін жойды. Бірақ социализм

өлмейді. Социализм жекеше экономикалық ассоциациялар арқылы өзін

көрсетеді және әр адамның еркін де жан-жақты дамуы үшін оларды ма-

териалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз ете алатын болады.

Анархизм идеясын өз еңбектерінде П. Кропоткин одан әрі дамьггып,

мемлекет пен «мемлекеттік социализмге» үзілді-кесілді қарсы шықты,

жеке және ұжымдық еркіндікке негізделген қоғамдық құрылысты қалып-

тастыруға еңбекшілердің өздерінің мүмкіндігі бар, анархияның теоретигі

ауылшаруашылық қауымдастықгар одағы, өндірістік артельдер және адам-

дар мүддесіне орай құрылған ассоциациялар негізінде «мемлекетсіз ком-

мунизм» құруға болады деп санады.

Осы адамдардың өзара тең дәрежелі қоғамы ретіндегі ерікшіл «анар-

хиялық коммунизмнің» мемлекеттік авторитарлық коммунизмнен өзге-

шелігі оның толығымен өзін-өзі басқаруға негізделгендігінде. Ол өнер-

кәсіп, жер шаруашылығы, ой еңбегі сияқты тағы басқа да алуан түрлі өнді-

рістер үшін құрылған көптеген одақтардан тұруы керек. Практикада

социалистік анархизм осындай болуы тиіс. Бұл жерде ең өзекті әңгіме -

адамдардың ерікті ассоциацияларының өзін-өзі басқару жөніндегі феде-

ративтік одағын құру болып отыр. Олардың арасындағы қатынастар ынты-

мақгастық, әділеттілік және басшысыздық принциптері негізінде құры-

лады және негізінен моральдық нормалармен реттеледі.

Адамдарарасындағы қатынастарды адамгершілік жолымен реттеу про-

блемасына маңыз бере отырьш, П. Кропоткин адамгершілік сезімдер

адамдардың биологиялық табиғатында деп санады. Қоғамдық тіршілік,

әрекет ету процесінде олардың бұл сезімдері одан әрі дамиды және арта-

ды, әлеуметтік мән мен мазмұнға ие болады. Негізі мораль болып санала-

тын өзара бірін-бірі қолдау мен ынтымақгастықтың бастапқы адамгер-

шілік сезімдері осындай. Кропоткин әділеттіліке ден қойьш, оған адам-

дардың қызметі мен мінез-құлқының бағытын анықтаушы ретінде қа-

рады. Әділеттілік идеясынан еріктілік пен теңдік ұғымдарын туындатты.

Тендік принципі - тұлғаға құрметпен қарау, деп түсіндірілді. Тұлғаға

адамгершіліктік ықпал жасай отырьш, қандай да болмасын адамгершілік

идеалы үшін адамдардың табиғатын бұзуға болмайды. Анархистер бұл

құқықгың ешкімде болуьш мойындамайды, өздері үшін де мұндай құқық

болуып қаламайды. Олар тұлғаның толыққанды еріктілігін қалайды, оның

тұтас және толық жүзеге асуып, бүкіл қабілетінің даму еркіндігін қалайды.

----------------------------------------------------------------------------

1.Кропоткин П, А. Этика. М.: Политиздат, 1997. С. 14.

2. Кропоткин П. А. Записки революционера. М.: Мысль, 1990. С. 378.

59

Анархизмнің теориялық және практикалық негіздері осылар. Тұлғаға



толық еркіндік беру және мемлекет атаулыны жою идеялары дерексіздігін

толық көрсеткенімен, анархизмнің тұлға әділеттігі, тендігі және еркіндігі,

өзін-өзі басқару идеялары, әр түрлі әлеуметтік ұйымдар мен одақгардың

өзара қатынастарының федералдық сипаты туралы ой-пікірлері оның-

жақсы жақгары екені дау тудырмайды. Сондықтан анархизм қазір де өзінің

жақгаушылары мен ізбасарларын тауып отыр.

Ресей әлеуметтануындағы психологиялық бағьгг 1890 жылы қалып-

тасты. Сол тұста осы бағьптың көрнекті өкілдері Е. В. Де-Роберти мен

Н. И. Кареевтің іргелі еңбектері жарық көрді. Е. В. Де-Роберти (1843-1915)

мен Н. И. Кареевтің (1850-1931) басты шығармалары қоғамдық дамудың



келесі проблемаларына, атап айтқанда, оның қалыптасу себептері мен

қозғаушы күштері, қоғам дамуының негізгі мазмұны мен бағыттары, про-

гресс пен регресс, бұқара халық пен тұлғаның тарихтағы рөлі және т.б.

арналды. Бүкіл осындай проблемаларды шешуде олар адамдардың мінез-

құлқы мен қызметінде индивидуалдық және ұжымдық психологияның

негізгі рөл атқаратынын атап көрсетті.

Де-Роберти қоғамдық құбылыстарды теориялық және методология-

лық тұрғыдан зерттеуді өзінің «Социология», «Әлеуметтік психика»,

«Әлеуметтанудың негізгі мәселелерін жаңаша қою», «Философия және

оның XX ғасырдағы міндеттері», т.б. еңбектерінде дамытып жазды. Оның

теориялық әлеуметтану тақырыбына арналған туындылары әлеуметтік

психологиямен және философиямен тығыз байланысып жатты.

Ол өзінің «Психологиялық әлеуметтануында» бүкіл қоғамдық құбы-

лыстардың адамдар әрекетінің нәтижесі екендігін айта келіп, олардың

өздеріне тән психологиялық алғышарттары болатынын, ең алдымен адам-

дардың ықыласы, көңіл-күйі, құмарлығы, ойлауы, еркі және т.б. осыған

бағьпталатынын жазды. Сөйтіп, қоғамдық құбылыстардың бәрі белгілі

бір мөлшерде өзіндік психологиялық құбылыстармен сайма-сай келеді.

Сондықтан қоғамдық ғылым ретіндегі әлеуметтану психологиямен ты-

ғыз байланысты болуы керек. Осы орайда оның пәні адамдардың әлеу-

меттік әрекетін анықтайтын психикалық әсер болуы қажет. Де-Роберти

адамдардың психикалық әрекетін биологиялық алғышарттардың және

адамдардың әлеуметтік әрекеттерінің ықпалы арқылы түсіндірді. Алай-

да, осы өзара әрекеттегі адамдардьга психикалық әрекетін жетекші буын

деп есептеді. Әлеуметтанудың негізгі мақсаты — психикалық өзара әре-

кет зандарын танып білу, әлеуметтану өзінің қорытындыларын психоло-

гиялық әрекеттер мен адамдардың мінез-құлықтары механизмдерін және



олардың психикалық өзара әрекет зандарын түсіну негізінде қалыптас-

тырады, деп тұжырымдады.

60

Де-Роберти адамдардың психикалық өзара әрекеті женінде тұжырым



жасағанда индивидуалдық және ұжымдық психиканың маңызына да тоқ-

талды. Оның айтуынша, ұжымдық психика қайсыбір әлеуметтік топтар-

дың, белгілі бір адамдар бұқарасының және ұлттық қауымдастықгардың

ұжымдық таным, сезім, ойлау кейпі, көңіл-күйінің жиынтығы болып са-

налады. Батыс Еуропада ұжымдық психология проблемасын бірнеше

ғалым зерттеген еді. Олардың көпшілігі ұжымдық психологияны халық-

тардың және бұқараның психологиясы ретінде сипаттаса, Де-Роберти

адамдардың ұжымдық психикасының әр түрлі әлеуметтік топтар мен

жіктердің, соның ішінде отбасының, тайпаның, кастаның, таптың, ұлттың

және т.б. мінез-құлқы мен әрекетіне ықпал етуін терең сараптаудан

еткізді. Оның пікірі бойынша, әлеуметгану өзінің мазмұны жағынан әлеу-

меттік психологияға дәл келеді. Де-Роберти адамдардың мінез-құлқынан

байқалатын ұжымдық психика олардың моралінде іске асады, адамдар-

дьщ тіршілік әрекетінің адамгершілік нормалары мен принциптерін анық-

тайды, сонымен қатар ұжымдық жәңе индивидуалдық психика, олардың

психикалық құрылымы адамдардың бүкіл рухани және материалдық

мәдениетінен, қоғамның өмір сүруінің негізі болып саналатын экономи-

калық, саяси және басқа да институттар жүйесінен көрініс табады, деп

тұжырымдады.

Н. И. Кареев қоғам дамуындағы психологиялық факторлардың рөлі

мен маңызын дәлелдеуге үлкен үлес қосты. Осыған байланысты белгілі

ғалым «Философия тарихының негізгі мәселелері», «Тарихи процестің

мәні және тарихтағы тұлғаның рөлі», «Тарихи-философиялық және

әлеуметтанулық этюдтер», «Әлеуметтанудың жалпы негіздері» деген

еңбектер жазды. Әлеуметтанудағы психологиялық; бағьптың өзге де өкіл-

дері сияқты қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде психологияның өте ма-

ңыздылығын атап көрсетіп, қоғамдық құбылыстардың әрдайым психо-

логиялық негізі болатынын дәлелдеді. Қоғамдық құбылыстар адамдар

әрекетінің жемісі ретінде қалыптасады да, соның нәтижесінде олардың

сезімі, еркі, қайсыбір түсініктері, инстинктері, интуициялары және

ойлау кейпі іске асады.

Адамның психологиялық өмірі, Кареевтің пікірінше, оның «психика-

лық табиғатынан» туындайды. Осы тәуелділік адамдардың әрекетінен және

олардың өзара қарым-қатынасынан көрінеді. Психологиялық түсіндіру

олардың пайдалы және зиянды мінез-құлықгарын пайымдауды талап етеді,

сонымен қатар қоғамдық құбылыстардың «әділетгі» және «әділетсізін»

айқындайды. Де-Роберти сияқгы Н. Кареев адамдардың психологиялық

өзара әрекеті олардың қоғамдық дамуының негізінде жатыр деп санайды,

өйткені олардың экономикалық, саяси және басқа да өзара әрекеттерін

61

қамтамасыз етеді, соның нәтижесі болып қоғамдық өмірдің бүкіл сала-



сының және оның әлеуметгік институттарының дамуы көрініс табады.

Адамдардың өзара психикалық әрекетінде олардың индивидуалдық

және ұжымдық психикасы ерекше рөл атқарады. Бұл мәселеде Н. Кареев-

тің көзқарасы да Де-Робертидің тұжырымдамасымен бірдей болды. Белгілі

бір психикалық негіз болмайынша, адамдар арасында практикалык қаты-

настардың да болуы мүмкін емес. Бұл жекелеген адамдар және әлеуметтік

топтар арасында пайда болатын экономикалық, саяси, т.б. практикалық

қатынастарға қатысты. Осы қатынастардың бәрі адамдардың индивиду-

алдық және ұжымдық өзара әрекетінен құрылған қатынастар.

Аталмыш ережелердің негізіңде Н. И. Кареев қоғам теориясын жасады.

Қоғам, оның ұғымында, адамдар арасындағы психологиялық жүйелер мен

практикалық өзара әрекеттер ретінде көрініс табады. Осыны ескере оты-

рып, тұлға мен қоғамның өзара қатынастарын пайымдау керек, сонымен

қатар қоғамдық өмірдің басқа да проблемаларын, атап айтқанда, еңбек

бөлінісін, адам әрекетінің жемістерін, айырбас, таптар күресін, саяси билік

жүйесін ой елегінен өткізу керек, қоғамның бұл бөліктері осының тұтас-

тығьш құрайды. Осы және басқа да проблемаларды түсіну үшін психоло-

гиялық факторлардың адамдардың әрекеті мен мінез-құлқына әсер етуін

және қоғам дамуындағы маңызын тереңірек пайымдауымыз керек.

Орыстың психологиялық бағытгы зерделеп, зерттеген өкілдерінің негізгі

тұжырымдамалары осылар. Бұл көзқарастар Ресейде қоғамдық ойдың

дамуына үлкен ықпал жасады.

Орыс социологиялық ойының дамуына үлес қосқандардың бірі Мак-

сим Максимович Ковалевский (1851—1916) болды. Оның әлеуметтаным-

дық көзқарасының қалыптасуына Батыс Еуропа социологтарының және

орыс ойшылдарының шығармалары зор әсер етті. Ол өзінің «Социология»

атты еңбегінде әлеуметганудың қоғамды зерттейтін ғылым екенін айта

келіп, әлеуметгануды екі негізге: қоғамды ұйымдастыру және оның эволю-

циясы бөлімдеріне бөледі. Контгың қоғам тұтас әлеуметтік организм деп

тұжырымдаған және оның даму зандылықтарының сипаттары жөніндегі

ілімдерін қабылдап, қоғамдық құбылыстардың зандылықгары туралы ілім

болмайынша, қоғам жөнінде ғылымның пайда болуы тіптен неғайбыл, деп

жазады.

Қоғам дамуының зандылықгары туралы түсінікті тарихи процестің



ілгерілеуі мен әлеуметгік сабақтастық жөніндегі түсінікпен органикалық

байланыста қарастырады, себебі адамзаттың білімі, тәжірибесі, мәдениеті

бір тарихи дәуірден келесісіне беріледі, дамиды. Қоғамның даму занды-

лықтары, тарихи процестің ілгерілеу сипаты және әлеуметтік сабақ-

тастық идеялары М. М. Ковалевскийдің қоғам эволюциясы жөніндегі

62

тұжырымдамасының маңыздысы болып саналады. Бұл концепция бо-



йынша қоғамның бір күйден екінші күйге өтуі бір қалыпты жүреді. Соның

нәтижесінде қоғамдық өмірдің жекелеген салалары мен әр түрлі әлеу-

меттік институттары дамиды.

- Қоғам дамуындағы экономикалық, демографиялық, саяси, психоло-

гиялық, адамгершілік, діни және т.б. көптеген факторлардың рөлін

көрсеткенімен, бұл факторлардың бірде-біреуіне оларды тұрақгы түрдегі

шешуші алғышарт деп атап, оған жете маңыз берген емес. Әр алуан жағ-

дайларға байланысты оларға әр түрлі рөл береді, осыдан барып, олардың

кез келгені алдыңғы орынға шығуы мүмкін. М. Ковалевскийдің плюра-

листік әлеуметгануының дүниетанымдық және методологиялық мәнісі

осында. Өзінің плюрализмі тұрғысынан ой түйіндей отырып, Спенсер,

Дюркгейм, Тард сияқты басқа да әлеуметтанушылардың қоғам дамуын-

дағы біржақты факторлар жөніндегі көзқарастарып сынады. Методоло-

гиялық тұрғыда маңызды факторлар деген болмайды, олардың әрқайсы-

сы қоғамдағы жағдайға байланысты басты алғышарт рөлін атқара алады,

деп жазды.

Әлеуметганулық плюрализмді басшылыққа алған М. Ковалевский,

соның негізінде қоғамдық прогресс теориясын жасады. Бұл теорияны оның

әлеуметтаңуының өзегі деп санайды. Ол, әлеуметтанудың негізгі заңы

дегеніміз - прогресс заңы деп тұжырым жасады. Әлеуметганудың міндеті -

прогресті туындатқан қоғамдық және саяси укладтағы өзгерістерді ашу

және олардың пайда болу себептерін көрсету, деп санады.

Адамзат қоғамының дамуы занды және прогрессивті құбылыс екенін

дәлелдеумен қатар, М. Ковалевский қоғамда тоқыраудың, бір орыңда тұра-

лап қалу немесе кері қозғалудың болуын жоққа шығармады. Бұлардың

тарихта болатынын мойындады. Қалай дегенмен де, әлеуметтанудың

жалпы заңының — прогресс заңының жеңетініне сенді.

Қоғамдық професс теориясында барлық халықгардың дамуы қоғамдық

сатылаулардан өтеді, бірақ бір мезгілде емес, ол даму деңгейіне байланысты

болады. Бұл М. М. Ковалевскийді салыстырмалы-тарихи әдісті қолдануға

итермеледі. Осы әдісті тиімді қолдану нәтижесінде ол әлеуметгік құбылыс-

тардың пайда болу себептері мен өзгешеліктерін белгіледі, қоғам дамуының

әр кезеңіне сәйкес сипаты жағынан бірдей немесе қосарлана өмір сүретін

алуан түрлі құбылыстардың болуына көз жеткізді'. Әрқилы елдердегі және

дәуірдегі халықгардың дамуын салыстырып, олардың тарихи эволюциясы-

ның кейбір жалпы зандылықтарын табуға болады, деп тұжырым жасады.

---------------------------------------------------------------

Медушевский А.Н. История русской социологии. М.: Высшая школа, 1993.

С. 147-148.

63

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы орыс әлеуметганулық



ойының дамуында жария түрдегі марксизм өзіндік орын алды. Бұл тео-

риялық және идеологиялық ағым либералдық буржуазияның ой-санасы-

ның көрінісіне айналған еді. Либералдық буржуазия жария марксизм ар-

қылы марксизмнің көптеген идеяларын пайдаланды, әсіресе капитализм-

нің дамуының тарихи қажетгіліктен туындағанын Маркстің экономика-

лық теорияларын Ресейде дәлелдеу үшін қолданды. Халықшылдардың

идеологиясына қарсы күресте жария марксистер Ресейдегі капиталистік

өндіріс тәсілдерінің дамуының осыларға байланыстылығын техникалық,

экономикалық және рухани мәдениеттегі өркендеудің объективтік және

занды сипаты арқылы дәлелдеді. Бұлардың бәрін олар профессивтік про-

цесс деп қарастырды, ал оны дәлелдеу үшін маркстік тарихи процесс тео-

риясына және маркстік терминологияға әрдайым жүгініп отырды.

Жария марксизмнің көрнекті вкідцері П. Струве (1870-1944), М. Туган-

Барановский (1865-1919), сондай-ақ Н. Бердяев (1874-1948), С. Булга-

ков (1871-1944) болды, олардың көзқарастары негізінде кейінірек идеа-

листік және діни бағытгар дами бастады.

П. Струве «Россиядағы экономикалық даму жөніндегі мәселелерге сын

заметкалар» еңбегінде және М. Туган-Барановский «Орыс фабрика-

сьшың өткені мен бүгінгісі» шығармасында экономикалық зандардың

объективтік әрекетінің іргелілік сипаты туралы ережені дәлелдеді.

Осымен байланысты капитализм дамуының дүние жүзінде, соның ішінде

Ресейде сөзсіз жүзеге асатыны баяндалды. Ресейдегі қапитализмнің да-

муы жөнінде сөз еткенде, нарық, бәсеке, өнеркәсіпті техникалық қайта

кұру, жаңа әлеуметтік топтардьщ, соның ішінде таптардьщ, әсіресе бур-

жуазия мен жұмысшы табыньщ қоғамдағы рөлдері әнгімеге арқау болды.

Маркстік әдістемелік негізінде аса мол фактілерді қамтыған материалдар

талданып, қорытындыланды. Осы қос әлеуметганушы әрі экономистер

сол тұста әлеуметтанудағы субъективтік әдіске қарсы шығып, «объектив-

тік ғылымды» қолдады.

П. Струве мен М. Туган-Барановскийдің бұдан кейінгі еңбектерінде

капитализмді ақтау бағыты анық көрінді. Олар бұған дейін өздерінің қол-

дап келген марксизмнің капитализмнен социализмге өтудің сөзсіздігі

туралы ережесінен бас тартты. Ғылыми көзқарастардың ұлы және бай

мазмұнды жүйесі марксизм деген байламынан ат тондарын ала қашты.

Керісінше енді олар марксизмге, соның ішінде оның тарихты материа-

листік тұрғыдан түсіну іліміне және экономикалық теориясына сын



көзбен қарайтын болды.

Олар философиялык-социологиялық көзқарастарын идеалистік

тұжырымдамалардың көмегімен дәлелдеуге бағыт ұстанды. Сол кездегі

64

жаңа кантшылдықтын адам өмірінің негізін қалаушы тарихтан бұрын-



ғы рухани құндылықтар, ең аддымен моральдық мұралар деген пікірін

мойындаған П. Струве мен М. Туган-Барановский коғамдық прогресс

толығымен адамзаттың мәдени кұндылықтарының дамуымен анықгала-

тынына сендірді.

Маркстің «экономикалық материализмін», әсіресе оның қоғам даму-

ындағы өндіріс тәсілінің шешуші рөлі туралы ілімін және адамдардың

өндіріс қатынастарының, олардың өндіргіш күштерінің даму сипаты мен

деңгейіне сәйкес келу жөніңдегі заңын теріске шығарып, жария марксшілдер

таптар күресі мен әлеуметтік революция туралы ілімдерін «лақтырып»

тастады. Олар капитализмді бірте-бірте жетілдіретін эволюциялық көзқа-

расты қолданды. Капитализмнің дамуынан әлеуметтік қайта құрудың

үздіксіз процесін көрді. Дамудың басқа жолдарын олар көргісі де келмеді.

Сондықтан жария марксшілдер капитализмнің доктринерлары атанды.

Струве таптар мен саяси партиялардың өзара қатынастары пробле-

масын буржуазиялық эволюционизм тұрғысынан қарастырды. Олардың

арасындағы қарама-қайшылықты шешудің әмбебап формасына компро-

мисті жатқызды. Демократияның дамуы, - деп жазды ол, - компромистің

жоғары мектебі болады. Конституциялық-демократиялык (кадет) партия-

сының бірден-бір лидері бола отырып, Струве бұл партияны «тапгығы жоқ»

партия ретінде сипаттады. Бұл жерде ол таптарды және таптар мүддесін

жоққа шығармайды, партияның бағдарламасында, керісінше, оның қызме-

тівде жалпы ұлттық жөне жалпы адамзаттық мүдделерге басымырақ орын

береді. Ол буржуазиялық мемлекетгің қызметіне ерекше маңыздылық-

пен қарады. Оньщ пікірінше, бұл мемлекет экономикалық және саяси

өмірін дұрыс жөнге қоюға және әлеуметгік шиеленістерді шешуге қабілетгі.

М. И. Туган-Барановский де социализм теориясы бойынша капита-

листік өндірістің және әлеуметтік-саяси қатынастардың дамуына арнал-

ған бірнеше келелі еңбектер жазды. Оның «Қазіргі социализм өзінің та-

рихи дамуында», «Жаңа дүниені іздеуде», «Социализм жалпы ілім ретінде»

және т.б. шығармаларында әр түрлі социалисгік және коммунистік ілім-

дерге терең сараптау жасальш, олар топтастырыла берілді. «Мемлекетгік

социализм» (Сен-Симон), «Сивдикалды социализм» (Луи Блан, Лассаль),

«Коммуникалдық», немесе «кооперативтік» социализм (Оуэн, Фурье),

«Анархиялық социализм» (Прудон, Кропоткин) ілімдерін зертгеп, Туган-

Барановский олардың ең құнды сипаттарын ашады, солардың негізінде

құрылатын қоғамдық құрылыстың жағымды және ұнамсыз жақгары ту-

ралы терең ой-пікірлер айтты. Ол мемлекеттік және коммуналды со-

циализм туралы ілімдегі тұлғаның өрекетіне артық реттеушілік орнату

мен оның еркіне шек қоюшылықгы теріске шығара отырьш, бұл ілімдегі:

65

жекеше және топтык (кооперативтік) кәсіпкерлік; ірі және ұсақ өндірісті



біріктіру; мемлекетгің шектен тыс қамқорлығынан өндірісті босату; еңбек

ассоциацияларында, қауымдастықтарында, фалангаларында қоғамдық

өзін-өзі басқару; «әркімнің қабілетіне қарай және әр қабілетгің еңбегіне

қарай» өнімді бөлу сияқты жағымды идеяларына ерекше тоқгалды.

Өзінің көптеген шығармаларында ол капиталисгік құрылысқа объек-

тивгі талдау жасауға тырысып бақты. Туган-Барановский адамды адам-

ның капиталистік қанауына қарсы шықты. Өйткені мұндай қанау адам-

дар арасындағы әлеуметгік теңсіздікті қалыптастырьш, нығайтады және

мүдделер қайшылықтарын күшейтеді. Ол қанауды тек экономикалық

құбылыс, басқа адамдардың еңбегін қанау ғана деп қарамады. Тұлғаны

әркімнің пайдалануы оның мүддесіне нұқсан келтіреді, деп санады.

Сонымен бірге Туган-Барановский капитализмнің даму мүмкіндігінің аса

зор екендігін айта келіп, ондағы өндіріс құралдарына жеке меншікгілік,

еркін кәсіпкерліқ және орынды бәсекелестік адамдарды өндіріс техника-

сы мен технологиясын жаңалауға және оны ұйымдастыруды жегілдіруге

талаптандыратынын айтты. Бұл капиталистік өндірістің экономикалық

тиімділігін артгыруға апарады да, қоғамның көптеген мүшелерінің, со-

нымен бірге еңбекші таптардың материалдық және рухани қажетгіліктерін

қанағаттандыру мүмкіндігін ұлғайтады. Бұлардың бәрі әлеуметгік топ-

тардың экономикалық және әлеуметтік мүдделерін сәйкестендіру негізін-

де қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасында үйлесімді қатынастарды

орнатуға ықпал етеді. Түптеп келгенде, Туган-Барановский капиталистік

қоғамның жан-жақта дамуы мен жетілдірілуін қолдап, соның негізінде

адамдар өміріндегі бүкіл әлеуметтік және саяси проблемаларды шешуді

ұсынады.

Осы көзқарастарын дәлелдей келіп, ол марксизмнің көптеген ереже-

лерін сынға алды. Ең алдымен қоғам өмінде материалдық өндірісгің

шешуші рөл атқаратындығы туралы ережеге өзінің келіспейтінін білдірді.

Шындығында бастапқы кезде шаруашылық қоғам өміріне үстемдік етгі,

бірақ қоғам өмірі келе-келе басқа да факторларға, әсіресе, ғылымға тәуелді

болып қадды. Бұдан мынандай қорытынды жасаңды: тарих барысында

шаруашылықгың әлеуметтік басымдығы құлдырайды, алдыңғы орынға

ғылым мен рухани мәдениет шығады.

Адамдардың барлық мұқгаждықтары және мүдделерінің мән-мазмұнын

кең көлемде түсіндірмекші болған таптақ күрес ілімін теріске шығарды.

Оның түсінігіңце таптар бұл тек экономика саласында қолданылатын ұғым

ғана. Бұл ұғым — экономикалық мүдделері арқылы ортақтасқан адамдар-

дың топтарын білдіреді, қоғамдық өмірдің басқа салаларындағы, әсіресе

ғылым, мәдениет, рухани өмірдегі процестерді түсіндіруге жарамайды.

66

Туган-Барановский Маркстің жұмысшы табының қайыршылануы



тенденциясы туралы тұжырымдамасына өзінің келіспейтінін білдірген

болатын. Ол нақты фактілерге сүйене отырып, алдыңғы қатарлы капита-

листік елдердегі жұмысшы табының өмір деңгейлері барған сайын артып

келе жатканын дәлелдеді. Еңбек өнімділігінің артуы жұмысшылардың әл-

ауқатының өсуіне апаратынын жазды.

Туган-Барановскийдің ой-пікірлері мен тұжырымдары әлі күнге дейін

маңызын жойған жоқ. Оның ілімдерінің соншалықты құнды болғанды-

ғына орай қолдаушылары әлі де баршылық және соларды өмірде жүзеге

асырмақшы болып жүргендер де жеткілікті.

XIX ғасырдың соңында маркстік бағыт Ресей әлеуметтануында кеңі-

нен тарады. Оның көрнекті өкілдері Георгий Валентинович Плеханов

(1856-1918) және Владамир Ильич Ленин (1870-1924) болды. .

Г. В. Плеханов реформаға дейінгі Ресейдің қоғамдық дамуына баға

берудегі орыс халықшылдарының субъективтік көзқарастарын сынға алды,

марксизмнің тарихты материалистік- тұрғыда түсіндіру идеясын дамьгг-

ты, тұлға мен халық бұқарасының тарихтағы рөлінің арасалмағы туралы

мәселені көтерді.

Ол халықшыл-субъективистердің Ресей дамуының өзіндік жолымен

жүруі керек, капитализм сырттан таңылған, ол орыстың өзіндік эконо-

микалық құрылысындағы кездейсоқ құбылыс, түбінде регреске соқгыра-

ды деген пікірлерін, капитализмнің дамуын тоқтатуды, орыс өмірінің ға-

сырлар бойы қалыптасқан бастауларын капитализмнің қиратуына жол

бермеуге шақырған көзқарастарын сынады. Г. В. Плеханов Батыс пен

Ресейде капитализмнін пайда болу жағдайларын және тарихи рөлін са-

лыстырды, әр түрлі елдерде капитализм дамуының алғышарттарын анық-

тап, одан Ресейді Батыс елдеріне қарсы қоюдың қате екендігі туралы қоры-

тынды шығарды. Ол капиталистік қатынастардың қалада да, деревнада да

өзіне жол салып, қалыптасуда екенін дәлелдеді.

Г. Плеханов маркстік детерминизмді табанды қорғай отырып, тарих-

тағы волюнтаризмге қарсы шықты. Ол адамзат қоғамының тарихын

қажетгі занды процесс ретінде және адамдардың қызметінің жемісі ретінде

қарастырды. Ол қоғамдық өмірдің объективтік және субъективтік жақ-

тарының арасында өзара тығыз байланыс бар, деп есептеді. Ол Лавров,

Ткачев, Михайловскийдің әлеуметганулық теорияларын және т.б. тарих-

тағы «геройлардың» рөлі туралы мәселені барынша сынады. Плеханов-

тың пікірі бойынша, тарихи дамуда шешуші рөлді жеке адам емес, кері-

сінше, бұқара халық «ойнайды». Бірақ ол тұлғаның тарихтағы рөлін біржола

жокқа шығарудан алыс тұрды. Бұқара халықпен байланысқан, оның мұң-

мұқтажын қолдайтын көрнекті тұлға белгілі бір тарихи жағдайда үлкен

67

қоғамдык, рөл атқарады және өзніің профессивті қызметімен қоғамдық



қозғалысты жеделдетеді, көрнекті тұлғаның қоғамдық қызметінің маңызды-

лығы оның қоғамның даму жағдайын дұрыс түсіне білуіне байланысты, бірақ

бірде-бір ұлы адам қоғамға күні өткен өндіріс катынастарын таңа алмайды,

деп қорытады ол. Г. Плеханов идеалистік тұлғаның жеке басқа табынуын

қатты сынады. Әлеуметтанушы ретіндегі оның аса көлемді еңбегі осы еді.

В. И. Ленин де ертеректе жазған еңбектерінде халықшылдардың әлеу-

меттанулық көзқарастарына қарсы шықты. Буржуазиялық және халык-

шыл-әлеуметтанушылармен пікір таластыра отырьш, маркстік қоғамдық

формация жөніндегі ережені дамьпты. Бұл ереже бойынша қоғам белгілі

бір тарихи даму сатысында өмір сүріп, дамитын тірі организм. Плеханов-

тан кейін Ленин де тұлғаның тарихтағы рөлі жөніндегі субъективтік мето-

дологияның әлсіздігін көрсетеді. Плеханов халықшыл-әлеуметтанушы-

лармен пікірталас, тартыстарда негізінен тұлғаның тарихтағы рөлі тура-

лы мәселені алға тартса, Ленин таптардың, бұқара халыктың рөліне баса

көңіл аударды. Ол өзіне дейінгі әлеуметганушылардың бұқара халықгың

тарихтағы рөлін жете түсінбеуі олардың басты кемшілігі, деп санады.

В. И. Ленин... мен шын қоғамдық қатынастарды және олардың шын

дамуын зерттей келіп, нақ сол жігерлі адамдардың істерінің нәтижесін

зерттеймін»', — деп атап көрсетгі.

В. И. Ленин өз еңбектерінде маркстік әлеуметтанудың басты ұста-

нымдарын тұжырымдап берді: нақгы жағдайға нақты сараптама жасау;

әлеуметтік құбылыстарды жан-жақты қарастыру; зерттеу объектісінде

жанама және барлық байланыстарды есепке алу; зерттелетін байланыс-

тардағы ең бастысын, жетекшісін бөліп алу; дамудың қозғаушы күштері

мен тенденцияларын түсіндіру үшін қоғамдық процестердін терең меха-

низмдерін тану. Қоғамдық қозғалыстың бұқаралық үрдісін зерттей келіп,

В. И. Ленин, Маркстің тарихи іс-әрекеттің негізділігінің шарты - бұқа-

раның келемінің өсуінде деген ойын жалғастыра отырып, өзінің еңбек-

терінде адамдардың тарихи шығармашылығының кеңеюі мен терендеуіне

орай саналы тарихи қайраткер болып табылатын бұқара халықтың мел-

шері де артуы тиіс деген мәнді түсініктемесін жазды.

В. И. Лениннің қызметінде теория мен саясат тығыз ұштасып жатгы,

сондықтан оның еңбектері Ресейдегі ұлттық қатынастарға, саяси партия-

лардың қызметтеріне, мемлекеттік ұйымдардың жұмысына, жұмысшы

қозғалысының формаларына жөне т.б. қатысты бай материалдар мен

қорыгындылардан тұрады.

----------------------------------------------------------------

ЛенинВ. И. Шығ. толықжинағы. 1-т. Алматы: Қазақстан, 1973. 452-6.

Сонда. 427-6.

68

Марксизмнің теоретигі және практигі ретінде ол таза әлеуметгану-



лық мазмұндағы еңбек қалдырмады. Бірақ оның көптеген еңбектері және

сөйлеген сөздері мазмұны жағынан әлеуметтану мәселелерімен байла-

ныскан және Ресей тарихының жаңа кезеңіндегі әлеуметганудың пәні мен

міндеттерін түсіндіруде үлкен қызығушылық тудырады. В. И. Лениннің

еңбектерінде фабрика-заводтардың статистикалық материалдарына, жап-

пай халық санағының қорьггындысына, басқа да әр түрлі құбылыстардың

нақты сараптамаларының нәтижелеріне зор көңіл бөлінеді. Бұл материал-

дарды ол өзінің монографияларында, мақалаларында, баяндамаларында

қолданды, олар кайсыбір процестердің, берілген бағалардың, болжамдар-

дың бағыттарын анықгау, қорытындылау үшін түйінді қызмет атқарды.

В. И. Ленин еңбектерінде төңкеріске дейінгі Ресей қоғамының әлеу-

меттік құрылымы; нарық және қоғамдық еңбек бөлінісі; биліктің әлеу-

меттік құрылымы (оның саяси және экономикалық мәселелері, ішкі

ұрылымы); дәуір ұғымы; бұқараның революциялық үрдістегі рөлі; әлеуметтік

динамика мәселелері, әлеуметтік білім деңгейлері және т.б. мәселелері

әлеуметтанулық білімнің көріністері ретінде қарастырьшды. Қоғамды

зерттегенде оны мәңгі қозғалыстағы, үздіксіз дамудағы тұтас түзілім

ретінде қарастырып, қоғамның жекелеген элементтеріне өз бетінше еркін

комбинация жасауға жол бермеу керек екенін атап көрсетеді.

В. И. Ленинді әлеуметтік көрегендік сипат ерекшелеңді. Өзі өмір

сүрген тұстағы Ресейдің күрделі әлеуметтік-экономикалық үрдістеріне

(әсіресе оның ішкі рыногына) сараптама жасай отырып, оларды бүкіл

жүйені құрайтын байланыстар ретінде (техника, жұртшылық, тұрмыс,

отбасы, халықгың жекелеген жіктерінің әлеуметтік жағдайы, олардың

саяси рөлі) өмір сүру тұрғысынан қарастырады немесе жүйенің өзін -өзі

ретгеушілік мүмкіндігі тұрғысынан зерделейді. Оның әлеуметтану жөнін-

дегі түсінігі позитивистердің әлеуметтануды «таптан жоғары» тұрған ғы-

лым деп түсіндіруіне толығымен қарама-қайшы еді. Осы орайда: «мате-

риализм өз мағынасына, былайша айтқанда, партиялықты енгізді, оқиғаға

қандай да болса баға бергенде белгілі бір қоғамдық топтың көзқарасын

тікелей әрі ашық жақгауды міндеггейді» - деп жазды.

Ресейде ғасырлар тоғысында үстемдік еткен әлеуметтануды түсіндіруді

ол консервативтік деп есептеді, сондықтан бұл ғылымның өзіне сенімсіз-

дікпен қарады. Ол орыстың ірі әлеуметтанушылары М. М. Ковалевский,

П. Н. Милюков және басқалары жасаған қорытындылар Ресей ақиқа-

---------------------------------------------------------------------



Кукушкина Е. И. Русская социология XIX — начала XX века. М.: Изд-во

МГУ, 1993. С. 64.



ЛенинВ. И. Шығ. толықжинағы. 1-т. Алматы: Қазақстан, 1973. 443—444-6.

69


тында болып жатқан маңызды өзгерістерді көрсете алмайды деп есептеді.

В. И. Ленин батыс әлеуметтанушылары О. Конт, Г. Спенсер, М. Вебердің

де көзқарастарын қабылдамады, ең алдымен әлеуметтік танымның құнды-

лығын жоққа шығарғаны үшін, ғылыми ұсыныстар негізінде қоғамдық

процестерді реттеудің құралы ретінде ұтымдылықты сциентистік тұрғы-

да түсіңдіруді мойындамады. В. И. Ленин үшін қоғамның ұтымдылығы

деген, ең алдымен бұқараның өз қызметінің нәтижесі. Ол әлеуметтану-

дың абстрактілі схемалар жиынтығына айналдырылуына қарсы болды;

рухани өмірдің күрделі құбылыстарын сараптауда қауіпті жалаң сөздер-

ден сақгандырды.

Әлеуметтану зерттеулеріне ол өзінің қоятын талаптарын «Статисти-

ка және әлеуметгану» деген мақаласында баяндады. Қоғам туралы ғылым-

да ойша жорытушылыққа, дерексіздікке жол бермеудің қажетгілігін атап

көрсетті: «дәлме-дәл және талассыз фактілерден туатын негізді — оған

сүйенуге болатын, біздің заманымызда кейбір елдерде шектен асқан

киянатпен қолданылып жүрген, «жалпы» немесе «шамамен алынған» пай-

ымдаулардың кез келгенін онымен салыстыруға болатын негізді белгі-

леуге тырысу керек»'.

XIX ғасырдағы Ресей әлеуметтануындағы тұжырымдамалар мен көзқа-

растарды XX ғасыр әлеуметтанушыйары одан әрі сабақгастықпен байы-

туы керек еді. Алайда, бұл елде болған Қазан төңкерісі әлеуметгік ойдың

дамуына түбегейлі өзгерістер жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет