САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің
мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын қоғамның саяси
өмірін таньш-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтануы жалпы мынандай
ұғымдардың негізіңде ашылып қарастырылады, ол ұғымдар атап айтқанда:
саясат, саяси билік, саяси қатынастар, саяси мүдделер, саяси әрекеттер
мен өзара әрекеттер, саяси процестер, саяси институттар және т.б. Осы
және өзге де ұғымдар қиын ұғымдардың қатарына жатады, сондықтан
олардан логикалық тізбек құру мүмкін емес, өйткені олар өздері бейне-
лейтін шынайы саяси құбылыстар сияқты өзара көп жақгы байланыстар-
дан тұрады.
Қоғамның саяси өмірінің әртүрлі жақтарын сипаттау барысында сая-
сат әлеуметтануының маңызды ұғымдарының мазмұнын ашу орынды.
1. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.
Саясат жане саяси қызмет
Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның
өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жылдарында
Батыс әлеуметтануында басталды, яғни негізі қаланған кезден бастап
бүгінгі күнге дейін даму үсгіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған
қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдын ұғымдары, заңдары, т.б.
ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Осы айтылғандардың танымдық
маңызы зор болғандықан саясат әлеуметтануының негізгі мәселелерін
баяндаудың еш артықтығы жоқ шығар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның
объектісін анықгаған жөн. Әлеуметтік-саяси қатынастар - саясат әлеу-
меттануьының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік
топтар, этностар арасындағы, елдер - мемлекеттер, ұрпақгар, кәсіптік
құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.
Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәде-
ниетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына
байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді.
Қоғам өмірінің барлық саласындағы саяси қызмет пен саясатқа талдау
жасауға баса назар аударады.
Мұнда «саясат әлеуметтануы», «саяси қатынастар әлеуметтануы»,
«саясат ұғымы» ұғымдары кеңінен қолданылады. Алайда, бұлардың ара
----------------------------------------------------
Политическая социология. Ростов-на-Дону, 1997. С. 7.
260
жігі бүгінге дейін түбегейлі анықталған жоқ. Мысалы, АҚШ-та «саясат
әлеуметтануы» ұғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе саясат ұғымы,
саясаттану туралы жиі сөз болады. Батыс Еуропада, керісінше, «саясат-
тану» терминін сирек қолданып, «саясат әлеуметтануы» ұғымына басы-
мырақ маңыз береді.
Дегенмен, бұл екі ғылымның зерттеу объектілері бір болғанымен,
қарастыратын пәндері өзгеше. Зерттеу пәні тұрғысынан алғанда, саясат-
тану негізінен саясат саласын, саясаттың бір түрін — «саяси саясатты»,
яғни мемлекетгік-әкімшілік билікті, оны жеңіп алу, ұстап тұру, қолдану
аясына байланысты қатынастарды қарастырады. Ал саясат әлеуметтануы
саясатты қоғамның өзге дербес салаларымен, яғни экономика, әлеуметтік,
саяси жөне рухани салаларымен байланыста зерттейді. Бұл ғылым сая-
сатты әлеуметгік құрылымдарға және формалды емес әлеуметтік жүйе-
лерге, қоғамдық пікір мен тәртіпке, әлеуметтік-саяси процестердің бүкіл
кешеніне, нормалар мен қатынастарға талдау жасау болашағымен, тұл-
ғалар мен шағын топтарды, олардың көптеген психологиялық және
социомәдени сипаттамаларын зерттеу тұрғысынан қарастырады.
Саясат әлеуметтануының пәніне — саясатпен тікелей байланысты
қоғамның бүкіл саласы мен құрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеу-
меттік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік
топтар, этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жа-
тады. Ғылым пәнін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категория-
лардың ерекшеліктерін айқындаудың да маңызы зор. Саясат әлеумет-
тануы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйе-
сінің коп түрлілігін ескере отырып, әлеуметтік-саяси қатынастардың
өмір сүруі мен дамуының жалпыдүниежүзілік, жалпыадамзаттық заң-
дарын зерттеуге тиіс.
Осымен байланысты заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеу-
меттік-саяси өмірдің өмір сүру зандары. Бұған әлеуметтік-саяси өмірдің
әрекет ету заңы, оны ұйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру заңдары
әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің, субъектілері мен объек-
тілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады.
Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну заңы, әр түрлі саяси күштердің
келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б.
Даму заңы - бұл әлеуметтік-саяси өмірдің бір күйден екінші күйге
өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметгік-саяси құбылыстар
байланыстарының себебін ашады, өзгерістердің бағыттын, факторлары мен
------------------------
* Предвечный Г. П. Основы политической социологии. Выпуск первый. Ростов- на-Дону, 1990. С. 11.
261
формаларын анықтайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғам-
дық-саяси қозғалыс, т.с.с.
Осы зандарға сәйкес саяси әлеуметтанудың категориялары да қалып-
тасады. Олар екі топқа бөлінеді: 1. Саяси өмірдің өмір сүру категорияла-
ры. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет, билік жүйесі,
партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм, ереуілдер, т.с.с; 2. Даму
категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық,
көппікірлілік, саясаттандырылған тұлға және т.б.
Саясат ұғымы саяси құбылыстар мен процестерді толық көрсетеді.
Оған ең алдымен мемлекетке және оның барлық деңгейіндегі жалпы сая-
си билігіне қатысты таптар мен басқа да әлеуметтік топтар арасындағы
қатынастар жатады. Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды
мемлекетгік реттеу жатады. Бұл көптеген қоғамдарда мемлекеттік құры-
лыстың сипатына және мемлекеттік басқару түрін таңдауға себепші бо-
лады. Саясат саласына халықаралық саясаттың негізгі мазмұнын құрай-
тын мемлекетаралық қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш процес-
тердің бәрі де жинақгалып «саясат» ұғымынан көрініс табады.
Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық
қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасын-
дағы қатынастар болып табылады*. Бұл қатынастар нақгы құбылыс ретінде
саясаттың негізгі мазмұнын, оның өзегін құрайды, соның төңірегінде
қоғамдағы жүріп жатқан сан алуан саяси процестердің элементтері топ-
тасады, дамиды және бірін-бірі ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды
(ситуацияны) бейнелейді, яғни саяси билікке қатысты әлеуметтік субъек-
тілер арасындағы қатынастарды көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы
ең алдымен қоғамның нақгы саяси өмірін зерттейтін саяси қатынастар
әлеуметтануы болып табылады. Саяси қатынастар арқылы бүкіл саяси
құбылыстардың байланыстары мен өзара әрекеттері қарастырылады.
Саяси билікті жеңіп алу немесе оны жүзеге асыруда кез келген әлеумет-
тік субъектілер саясаттың субъектісі бола алады, сол субъектілер ішінде
өзара қатынастарға түсетін таптар, саяси партиялар, жеке тұлғаларды бөліп
айтуға болады. Өзара саяси қатынастарға түскен ұлттар мен тұтас халық-
тар, сондай-ақ мемлекет саясаттың субъектілері болып табылады.
Жоғарыда атап айтылғанындай, саясаттың негізгі мәселесі - саяси
билік туралы мәселе. Соңғысы белгілі бір әлеуметгік күштердің өз саяси
еріктерін басқа әлеуметтік күштерге және бүкіл қоғамға таңу арқылы
керінеді. Мұны партиялық элитаның, яғни шағын топты партия басшы-
лары мен олардың теңірегіндегілердің, сондай-ақ жеке партия көсемдерінің
----------------------------------------------------
1 Әбсаттаров Р. Саясат - ілім // Заң. 1999. № 10-12.
262
өз еріктерін бүкіл партияға таңатынынан жиі кездестіреміз. Бірақ
саяси биліктің ең жоғарысы мемлекеттік билік болып табылады. Бұл жағ-
дайда мемлекеттік билікті қолына жинаған әлеуметтік күштер өз еріктерін
қалған қоғам мүшелеріне таңады, бұл істе мемлекеттік аппарат пен қоғамға
ықпал ететін мемлекеттік тетіктерге, яғни идеологиядан бастап құқық пен
әскерге сүйенеді. Мемлекеттік билік тетіктерін қолдана отырып, олар
өздерінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мүдделеріне
қатысты кең ауқымды мәселелерді шешеді. Қоғамда өз саяси билігін ны-
ғайта отырып, олар өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын да
нығайтады, өз жеке басының әл-ауқаты мен дамуы үшін жағдай жасайды.
Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақгы жүзеге асыру әр түрлі
әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билік-
ке ие болған аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен
көрініс табады. Олардың саяси қызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған
саяси құрылымдарды, азаматтық заңдар мен бостандықты, жалпы мемле-
кеттік құрылысты өзгертуге немесе нығайтуға бағытталған көптеген нақ-
ты саяси әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер сол қоғамның басқа субъек-
тілеріне олардың бағыттына қарсылық білдіру немесе үшінші субъекті-
лердің кері әрекеттерін бейтараптандыру, не тежеу мақсатында да қолда-
нылады. Кез-келген субъектінің саяси әрекеттерінде әрдайым сол әрекетті
өзге субъектілердің қалай қабылдайтыны есепке алынады және бұл олар-
дың саяси өзара іс-қимылдары ретінде көрінеді. Әрбір субъекті көбіне
қайсыбір адамдардың үлкен әлеуметтік топтары немесе қауымдастығы,
кейде бүкіл халық атынан өкілеттілік ете алады. Қалай дегенмен де, олар-
дың саяси қызметі, әдетте, көпшілік бұқара халықтың мүддесін көздейтін
болады. Саясатты миллиондардың ісі дейтіні де сондықтан. Саясат пен
саяси қызмет саяси қатынастар мен процестерді қалыптастырады.
Топтың, т.б. мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдар-
ға негіз қалайды.
2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
Субъектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы
жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айты-
лғандай, белгілі бір субъектілердің саяси қызметі жауап көзқарасты туды-
рады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді.
Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталаньш отырғандықтан тұрақты саяси
қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде
қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекетгерге
түсіп, өздерінің саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады
263
және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бірақ, бірін-
шіден, саяси мүдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз
түрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден,
қалыптасқан саяси қатынастар объективтік саяси нақгылық сәттері ретін-
де көрінеді және өз кезегінде олар адамдардың саяси қызметіне мейлінше
ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындауға себепші болады.
Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар ара-
сындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе
өзге де саяси қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, өздері осы қыз-
меттің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуы-
ньпі айғағы ретінде танынады. Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке
деген қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін қүраса
да, олар қоғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәйкес құралады, соны-
мен қатар олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен, азамат-
тық құқық пен бостандықты жүзеге асырумен байланысты да қалыптасады.
Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметгік
салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты
болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемле-
кеттік саясат немесе қайсыбір саяси партиялардың рухани мәдениет сала-
сындағы саясаты көрініс табады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-
бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.
Саяси қатынастарға қоғамның әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ
оның өміріндегі моральдық-психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.
Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің
тікелей ықпалымен қалыптасады. Алайда, қалыптасқан саяси қатынас-
тардың өздері субъектілердің әр түрлі саяси мүдделерін тудырады. Бұл
мүдделердің мазмұнын қоғамда нақт ылы орын алып отырған саяси қарым-
қатынастардың мазмұны анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси
қарым-қатынастары олардың саяси мүдделері ретінде көрініс табады.
Адамардың, әсіресе барлық таптардың, ұлттардың, және саяси партия-
лардың саяси мүдделерінің өзара әрекетіне талдау жасаудың қажеттігі
саяси қатынастар мазмұнынан туындайтын субъектілер саяси мүдделері-
нің мазмұнын түсінуге және жаңадан пайда болған саяси мүдделердің
ықпалымен саяси қатынастардың өзіндегі өзгерісгің бағыттын анықгауға
мүмкіндік береді. Ал бұл сол сәтте орын алып отырған саяси шындық
негізінде қоғамның бүкіл саяси өмірінің өзгерісі мен даму бағыттын пайым-
дауға көмектеседі. Мұның басты буыны саяси қатынастар болып табылады.
Сондықтан субъектілер саяси қатынастары мен саяси мүдделерінің өзара
әрекеттестік проблемаларын зерттеу саяси қатынастар әлеуметтануының
аса маңызды міндеттерінің қатарына жатады.
264
Адамдардың саяси мүдделері олардың өмірлік әрекеттері, әлеуметтік
жағдайлары және өмір сүріп отырған ортадағы саяси қатынастар жүйесін-
дегі объективтік жағдайларымен анықталады. Субъектілердің саяси
мүдделері олардың саяси қатынастарының объективтік көрінісі болып
табылады, сондықтан аталған мүдделер де объективті болады. Олар өмір
сүріп отырған саяси қатынастар жүйесінде таптардың, әлеуметтік топ-
тардың, ұлттық қауымдастықтардың және өзге де субъектілердің жағдай-
ларын нығайту үшін, әсіресе саяси билікке қатысты, сондай-ақ субъек-
тілердің саяси құқықтары мен еркіндіктерін тольпс; пайдалану үшін объек-
тивті түрде пайдалы әрі тиімді.
Осылайша субъектінің қайсыбір саяси мүддесінің мазмұны, саяси
тұрғыдағы пайдасын түсінуі сол субъекті санасының жемісі болып санал-
майды, оның нақтылы саяси ақиқатқа объективті қатынасының сәті
ретінде өмір сүреді. Саяси ақиқатты субъект саналы түрде қабылдауы
керек, оны, айталық, оған саяси тұрғыда ненің пайдалы, ненің пайдасыз
екенін белгілі бір сәтке дейін түсінбеуі мүмкін. Сөйтіп, ол өзінің саяси
мүддесіне объективті сәйкес келетінді немесе қарама-қайшы келетін құбы-
лысты түсінбеуі мүмкін.
Саяси қатынастар әлеуметтануы өзінің алдына субъектілердің саяси
мүдделерін айқындау мен зерттеу міндеттерін қояды, яғни олардың қайсы-
бір жағдайда саяси тұрғыда өзін-өзі анықтау үшін не нәрсе маңызды және
пайдалы екенін қарастырады. Бұл орайда саяси қатынастар субъектіле-
рінің өздерінің объективтік саяси мүдделерінің қаншалықгы терендігін
түсінуі де және осы негізде олардың саяси істе саналы түрде басшылыққа
алатын саяси мүддесінің қаншалықгы екенін және олардың объективті
қалыптасқан саяси мүдделеріне сай келуін анықтау да маңызды.
Осыған орай аталған субъективтік мүдделіктің өзі шынайы болуы
мүмкін, яғни бірдей саяси жағдайларға субъектілердің әрекеті не жалған,
немесе, тіптен, мифологиялық (қияли) та болуы мүмкін. Бүгінде саяси
мифтер бұқаралық санадағы кең тараған құбылыс. Бұл проблемалар тео-
риялық және қолданбалы әлеуметтану деңгейінде зерттеледі, сондай-ақ
нақты әлеуметгануға қатысты зерттеулердің барысында қарастырылады.
Қазіргі кезде субъектілердің шынайы саяси мүдделерін түсіну, соны-
мен қатар олардың өз саяси мүдделерін түсінуі біздің қоғамымыздың да-
муында аса маңызды болып отыр. Еліміз экономикасының, әлеуметтік
және рухани өмірі дамуының негізіне алынатын мәселелерді шешу де-
мократия принциптерін дамытумен тікелей байланысты екені белгілі. Олай
болса, нағыз халықтық билік ретіндегі демократияны нығайту — бүкіл
қоғамның түбегейлі саяси мүддесі. Оны қоғамның барлық мүшелері
түсінуі тиіс. Бірақ ол көбінесе жалпылама тұрғысынан түсіндіріледі.
265
Іс жүзінде демократияны қандай саяси әрекеттер дамытатынын, олар
қоғамның қандай жіктеріне көбірек қызмет ететінін, саяси әрекеттер бас-
қа да әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси
мүдделеріне нұқсан келтіретінін анықтауға тырысқанда қиыншылықгар
туындайды. Бұл проблемаларды шешуде демократияны дамытудың мәнісі
зор. Алайда, бұлар көпшілік саяси және мемлекет қайраткерлері қабыл-
дай алмайтын аса қиын мәселелер болып табылады. Көбінесе мемлекет
деңгейінде қоғам дамуы үшін қабылданған пайдалы шешімдер жүзеге асы-
рылмайды немесе бұрын түсініксіз болған шешімдер, бүгінде қайсыбір
әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың мүдделеріне
қайшы келетіні белгілі болып отыр.
Басқа жағдайларда қоғамның әр түрлі әлеуметтік күштер саяси мүд-
делерінің қайшылығы тиісінше саяси әрекеттерге қозғау салуы мүмкін.
Мысалы, депутаттарды сайлау туралы қабылданған заңдардың халық та-
рапынан қатаң сынға алынуын айтуға болады. Депутаттардың арасында
жұмысшылар мен шаруалардың азайып, немесе болмауы, керісінше, ин-
теллигенция өкілдері санының артқаны байқалады. Қазіргі қоғам даму-
ында интеллигенцияның рөлі жоғары және әрдайым артып келе жатқаны
дау тудырмайды. Сонымен қатар, жоғары билік органдарының білікті
кәсіби деңгейде жұмыс істеуі маңыздй, демек, бұл органдар жұмысының
кәсіби деңгейінің өсуі интеллигенция өкілдерінің, әсіресе заңгерлердің
көмегіне байланысты болса, онда олардың оған қатысуы қажетті нәрсе.
Десек те, елдің жоғары заң шығарушы органдарында негізгі әлеуметтік
топтардың арасалмағы халықтың әлеуметтік құрамына сәйкес келуге тиіс.
Қоғамның әлеуметтік топтары үшін олардың мүдделерін қорғайтын өз
өкілдерінің елдің заң шығарушы органдарында болуы маңызды. Қазіргі
кезде де бұл мәселе өзінің көкейтестілігін сақтап отыр. Бұл қоғамдағы
барлық жіктердің, бүкіл әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдас-
тықтардың саяси және өзге де мүдделеріне қатысты болып отыр.
Мемлекеттік биліктің әлеуметтік табиғаты туралы мәселе күн тәр-
тібінен алынған жоқ. Қоғамның әрбір әлеуметтік тобы мемлекеттік би-
лік органдарында өз өкілдерінің көптеп болуын көздеуге құқылы. Өзге
әлеуметтік топтардың өкілдері басқаларды да түсініп, жанына жақын
тарта алмайтындықтан, олар өздерінің түбегейлі саяси, әлеуметтік-
экономикалық және басқа да мүдделерін барынша қорғайтын өз өкіл-
дерін ұсынады.
Саяси мүдделердің күрделі саласы ұлттық қатынастар болып табыла-
ды. Олар, ең алдымен, көп ұлтты қоғамның мемлекеттік құрылысымен,
тиімді мемлекеттік басқару формасын табумен, ұлттардың өзара эконо-
микалық қатынастары проблемаларымен, сондай-ақ олардың мәдениетін
266
аумақтық тұтастығын, т.б. дамыту проблемаларымен байланысты. Бұл мүдделерді ұлттардың өздері дұрыс түсінуі қажет және өлар мемлекеттік деңгейде шешілуге тиіс.
Осыдан келіп ұлтаралық қатынастардың маңызды принципі ретінде
әр түрлі ұлттар мүдделерін жан-жақгы үйлестіру проблемасы туындай-
ды. Бүгінде аталмыш проблема біздің қоғам дамуының негізгі мәселеле-
рінің қатарына жатады. Бұл жерде кез келген ұлттың астамшылығына,
ұлтшылдығына немесе ұлттық эгоизміне жол берілмеуі керек. География-
лық және тарихи жағдайларға байланысты көпшілік ұлттар бір-бірімен
байланысқан, олар өздеріне қолайлы саяси, экономикалық және мәдени
ынтымақтастықгық формаларын табуға тиіс. Бұлар олардың ортақ түбе-
гейлі мүдделері больш табылады, сондықтан олар ұлттың даму мүддесіне
сай келеді. Этностардың саяси мүдделеріне мемлекеттік деңгейде сондай
ынтымақтастықты орнату жатады. Аталмыш мүдделерді түсіну қоғам
өмірінің барлық саласында ұлтаралық қатынастардың нақгы проблема-
ларьш шешуге дұрыс негіз қалайды. Бұдан кейін де қандай саяси іс-қимыл-
дар ұлтаралық ынтымақтастыққа оң ықпал ететінін, ал қандайлары олар-
ға қайшы қелетінін анықтау керек. Сонда ғана олардың біріншісін
сеніммен жүзеге асыруға және мүмкіндігі келгенше' екіншісіне жол бер-
меуге болады.
Белгілі бір әлеуметтік топтың саяси мүддесі саяси билік үшін күреске
немесе ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешуге қатысты болса,
әрине, әрдайым қиындықгар туындайды: бұл саяси мүдделер қаншалық-
ты терең түсінілуіне және оларды жүзеге асырудың қаншалықты дұрыс
жолдары.мен тәсілдерін таңдап алуға байланысты болады. Бұл адамдар-
дың түбегейлі саяси мүдделеріне жатады, бұларды жүзеге асыру олардың
қоғамда саяси жағынан өзін-өзі айқындауын қамтамасыз етеді, бұған со-
нымен қатар олардың ағымдағы күнделікті саяси мүдделері де жатады.
Бұлар, айталық, азаматтық құқық пен еркіндік саласына қатысты жеке-
леген мәселелерді шешу мақсатында аса маңызды емес саяси әрекеттерге
қатысуға бағытталған.
Түптеп келгенде, осылар арқылы адамдардың түбегейлі саяси мүд-
делері мен ағымдағы мүдделерінің тікелей немесе жанама түрде байла-
нысы көрініс табады. Өз кезегінде ағымдағы саяси мүдделер күнделікті.
саяси құқық пен бостандықты жүзеге асыруға бағытталған, олар белгілі
бір деңгейде түбегейлі саяси мүдделерді де іске асырады.
Адамдар арасында жанама түрде саяси қатынастар және белгілі ба-
ғыттар орныққан, сонымен қатар адамдардың саяси әрекеттері мен өзара
әрекеттерінің жиынтығы қайсыбір саяси процестердің мазмұнын құрай-
ды. Мұның соңғысына саяси билік үшін әр түрлі әлеуметтік күштердің
267
күресі, оның жүзеге асу процесі, сондай-ақ халықтардың үлт тәуелсіздігі
мен мемлекеттік егемендігі, қоғамды демократиялық жолмен жаңғырту
жолындағы және т.б. күрес түрлері жатады.
Саяси процестердің объективтік және субъективтік жақтары бар.
Олардың кез келгені, түптеп келгенде, өмір сүріп отырған қоғамдағы
объективті экономикалық қатынастармен, әлеуметтік-саяси күштердің
арасалмағымен, оған қатысушылардың сол қоғамдағы саяси қатынастар
жүйесінде алатын орындарымен және өзге де алғышарттармен қамтама-
сыз етіледі. Саяси ерекеттердің өздері және адамдардың өзара әрекеттері
олардың арасындағы саяси қатынастар сияқты, толығымен нақты және
объективті саяси ақиқаттың сәті ретінде керінеді. Әлеуметтік топтар мен
жекелеген тұлғалардың саяси қажеттіліктері мен мүдделері оларды саяси
әрекеттерге бастайтын, объективті мазмұнға ие болады. Олар субъектілер
әрекеттерінің объективті қажеттігін керсетеді, өйткені ол әрекеттер сол
қоғам мен мемлекетте субъектілер ұстанымын нығайтуға бағытталған.
Мұның бәрі саяси процестердің объективті жақтарын құрайды, яғни оған
қатысушылардың санасына тәуелсіздердің бәрі енеді, оны қоғамның
объективті жағдайдағы өмірі мен дамуы қамтамасыз етеді.
Саяси процестердің субъективтік жақтары дегеніміз - ең алдымен
алдарына белгілі бір мақсаттар қоятын және оларды саналы түрде жүзеге
асыратын немесе іске асыруға тырысатын саяси процестерге қатысушы-
лардың саяси санасы және ерік-жігері. Әлбетте, олар қайсыбір саяси
процестердің объективті даму жағдайларын анықтай алмайды, бірақ бұл
жағдайларды пайымдай, түсіне де алады және оларды өз әрекет-қызме-
тінде ескеретін де болады. Бұл оларға саяси процестердің барысына оң-
тайлы ықпал етуге, ол процестерді белгілі бір арнаға бағыттауға, тіптен
саналы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Саяси процестердегі саяси және өзге де саналардың релі тұрақгы түрде
артады. Бұл сананың өзі уақыт ағымына орай тереңдейді және толығады,
сондай-ақ адамдардың саяси мінез-құлқына, мақсатты әрекетіне ықпал
жасауға анағұрлым қабілетті болады, осылардың негізінде саяси процесс
қалыптасады. Саяси сана саяси процестердің тұрақты дем берушісі бола-
ды, олардың динамикасы мен табандылығына әсер етеді. Сондықтан сая-
си процестердің объективтік және субъективті жақгарының маңызы мен
рөлін, олардың өзара байланысын және динамикалық өзара әрекетін толы-
ғырақ ескеру қажет.
Саяси процестер әр түрлі сипатта болады. Олардың сипаты оған қаты-
сушылардың объективтік саяси мүдделері мен саналы іске асыратын мақ-
саттарына тәуелді. Айталық, қоғамды саяси жаңғыртуда, қайсыбір әлеу-
меттік-саяси шындыққа бейімделуде, белгілі бір саяси күштермен ынты-
268
мақтасу немесе олардың арасындағы қарсыластықта саяси күрес сипаты-
на ие бола алады. Сонымен бірге саяси процестер сындарлы, жасампаз
немесе олар қоғамның саяси құрылым жүйесін бұзып, қиратуға бағыт-
талған болса, деструктивтік, қиратушы сипат алуы мүмкін. Осының бәрін
жүріп жатқан саяси процестерге объективтік баға беру кезінде, олардың
шынайы бағыттын түсінуде ескеріп отыру керек.
Саяси процестер, әлбетге, белгілі бір саяси институттардың қызметі
арқылы іске асады. Саяси институттар - қоғамның саяси құрылысы мен
өмір сүруінің бірегей органдары. Олар көбіне-көп белгілі бір мекеме не-
месе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді. Бұлардың көмегімен қайсыбір
саяси күштер өздерінің саяси мүдделерін жүзеге асырады. Бұл - қоғам-
ньщ саяси құрылысың өмір сүру торабы. Оның міндегі - қоғамның
саяси тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ету.
Қоғамның саяси институттарының ең маңыздысынша саяси билік,
құқық және идеология институттарын жатқызуға болады. Олар өздерін
мемлекеттік заң шығару және атқару билігі органдарының - парламент,
үкімет, жергілікті билік органдары, заң қорғау органдары, сонымен бірге
саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе, баспасөз,
радио және теледидар қызметінен көрінеді. Аталмыш саяси институттар-
дың әрқайсысының бүгінгі саяси жүйенің қайсыбір буынының қызметін
қамтамасыз етуге бағытталған өзіндік арнаулы мақсаттық міндеттері бар.
Атқарылатын міндеттерге орай қайсыбір саяси институттың құры-
лымы қалыптасады, оның өзара байланысты органдары мен бөлімдерінің
тұтастығы пайда болады. Бұл саяси билік, құқық қорғау, идеология ин-
ституттарына немесе қоғам мен мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігін қам-
тамасыз ету бағытында қызмет атқаратын институт — әскерге қатысты
айтылады.
Түптеп келгенде, саяси институттар жүйесі қоғамның бүкіл саяси
өмірінің бір қалыпты жұмыс істеуі мең дамуын қамтамасыз ету үшін құры-
лған, оның негізінде қоғамдағы барлық әлеуметтік топтар мен ұлттық
қауымдастықтардың саяси мүдделері жүзеге асады. Ол үшін саяси инсти-
туттардьщ икемді қызметі қажет, олардың қоғамдағы барлық мүшелердің
саяси мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етегін өр түрлі саяси күштердің
арасындағы саяси проблемаларды түсіністік негізінде шешетін, керек
болғанда, бүкіл қоғамның түбегейлі мүдделерін қорғауда табандылық пен
батылдық көрсетегін қабілеті болуы керек.
Егерде бұл іске асатын болса, демек, бүгінде бар саяси институттар
қоғамдағы саяси процестердің дамуын қамтамасыз етеді, белгілі бір
деңгейде оны өздері ұйымдастырады да. Бұл қоғамның көпшілік мүше-
лерінің ұзақ мерзімді және күнделікті саяси өрі басқа да мүдделеріне
269
сай келеді. Егер де бұған қарама-қарсы жағдай болатын болса, онда ол
қоғамның саяси институттарының жетілдірілмегені және де қалыптас-
қан әлеуметтік шындыққа сәйкес оның даму мәселелерін шешуге де
қабілетсіз болғаны.
Соңғы жағдайда қоғамдағы жүріп жатқан саяси процестер басқаруға
аз-маз көнетін, ал кейде басқаруға көнбейтін, стихиялық деңгейге жетеді,
сондықтан оның салдары қауіпті, турасын айтқанда, олар адамдардың
көпшілік бөлігінің мүддесіне нұқсан келтіретін деструктивтік процеске
айналады. Сондай-ақ мұндай саяси процестерден әр түрлі эгоистік немесе
қоғамға жат элементтер қоғамның саяси институттарының қалыптасқан
жағдайды өзгертуге қабілетсіздігін пайдаланып, саяси ұпай жинайды.
Деструктивтік (яғни қиратқыш) саяси процестер саяси институттарды
жоюға әкелуі мүмкін, жалпы қалыптасқан мемлекеттік құрылымды күй-
ретеді, сөйтіп қоғамның саяси-экономикалық және рухани өміріңде қайта
қалпына келмейтін керағарльпс орнайды.
Жоғарыда айтылған жәйттар саяси процестердің дамуы мен саяси
институттар қызметінің әлеуметтік тиімділігіне қатысты мәселелер саясат
әлеуметтануы немесе саяси қатынастар әлеуметтануы назарынан тыс қал-
мауға тиіс екенін байқатады. Саяси институттар қызметінде объективтік
және субъективтік алғыш арттарды, олардың қоғам өмірінің экономика-
лық, әлеуметтік және рухани саладағы өзара қатынастарын, сонымен
қатар қайсыбір саяси институттардың даму болашағын зерттеудің ғылы-
ми және практикалық маңызы артып отыр.
Осы зерттеудің негізгі мақсаты — саяси институттар қызметінде әлеу-
меттік тиімділікті арттырудың жолдары мен әдістерін табуға саяды. Бұл
көпшілік қоғам мүшелерінің аталған мақсатты жүзеге асыруға атсалы-
суынан, осы мүдделердің жан-жақгы үйлесім табуынан көрінеді.
Саяси институттар қоғамның саяси жүйесін және саяси сананы қалып-
тастыруда маңызды рөл атқарады.
3. Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана,
Достарыңызбен бөлісу: |