Қазақстан республикасы


Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары



бет2/26
Дата11.01.2017
өлшемі10,98 Mb.
#6831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары

Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен зандары бар. Әлеуметтану

ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшеліктерін

нақты түсіну үшін бастапқы ұғым болып саналса, ал әлеуметтік занды-

лықтар оның мәнін ашатын қажетті ұғым болып табылады.

К. Маркс пен Ф. Энгельстің ғылыми еңбектерінде қоғамға, ондағы

процестер мен қатынастарға ғылыми талдау жасалғанда екі ұғым қолда-

нылған. Оның бірі — қоғамдық, екіншісі - әлеуметтік ұғымдары.

К. Маркс пен Ф. Энгельс жалпы қоғам туралы мәселе қозғағанда және

қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, идеологиялық салаларыңың

өзара байланысы жөнінде айткднда «қоғамдық», «қоғамдық қатынастар»

ұғымдарын қолданды, ал адамның адамға, адамдардың бір-біріңе қарым-

қатынастарының табиғаты туралы, орлардың тіршілік әрекетінің алғышарт-

тары жөнінде, социумда адамдардың алатын орны мен атқаратын міндетте-

рі туралы, жалпы қоғамдағы қарым-қатынастар жөнінде қарастырғанда

К. Маркс пен Ф. Энгельс «әлеуметтік» ұғымын пайдаланды және соған

сәйкес «әлеуметтік қатынастар» туралы әңгіме де көтерді.

К.Маркс пен Ф. Энгельс шығармаларында кеңде «әлеуметгік»ұғымы «аза-

маттық» ұғымымен бір мағынада қолданылған. «Азаматгық» ұғымы адам-

дардың нақгы әлеуметтік қауымдастық, атап айтқанда, отбасы, тап,т.б. шең-

беріндегі және жалпы қоғаммен өзара әрекет етуімен байланыстырылды,

Қоғам туралы теорияны жасай отырьш, К. Маркс пен Ф. Энгельс қоғам-

ның тіршілік әрекеттерінің, қоғамдық қатынастардың бүкіл жақгарының

өзара әрекеттеріне баса көңіл аударды, ал кейбір марксшіл ғалымдар «қоғам-

дық» және «әлеуметтік» ұғымдарың бір мағынада қолданатын болды, ғы-

лыми айналымнан «азаматгық қоғам» ұғымы бірте-бірте шығып қалды.

Тәжірибелік әлеуметтану біршама дамыған Батыс Еуропа елдері мен

АҚШ-та жағдай басқаша қалыптасты. Осыған орай француз және ағыл-

шын тілдерінде «әлеуметтік» ұғымы «қоғам» ұғымынан бөлініп алынып,

дәстүрлі тар мағьшада, яғни тәжірибелік түсінігінде қолданыады. Бұның

өзі жалпы қоғамға қатысты құбылыстар мен процестерді белгілеуде қиын-

дықтар туғызды. Сондықган әлеуметтану дамуының белгілі бір сатысында

«социентальды» ұғымы енгізілді, бұл ұғым жалпы қоғамды және эконо-

микалық, әлеуметтік-саяси және т.б. тұратын бүкіл қоғамдық қатынас-

тардың жүйесін сипаттау үшін қолданылды.

Отандық ғылымда «қоғамдық» және «әлеуметтік» ұғымдарының ара-

сында нақгы шектеудің болмауы - қалыптасқан кейбір тілдік дәстүрмен

байланысты «әлеуметтік» ұғымы «қоғамдық» ұғымының синонимі ретінде

16

қарастырылды. Әлеуметтанудың бірте-бірте дамуымен байланысты «әлеу-



меттік» ұғымы өз алдына жеке маңыздылыққа ие болды.

Әлеуметтік - бұл нақты уақыт пен белгілі орында жеке адамдардың

немесе жеке адамдар топтарының бірлесе еткен қызметінің процесі бары-

сында ықпалдасқан сол қоғамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы.

Кез келген қоғамдық қатынастар (экономикалық, саяси, т.б.) жүйесі

адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынастарына қатысты болды.

Сондықтан бұл жүйелердің әрқайсысының өзіндік нақты әлеуметтік

аспектісі бар.

Әлеуметтік - бұл индивидтердің қарым-қатынасы мен өзара әрекеті-

нен көрінетін әр түрлі жеке адамдардың біріккен қызметінің нәтижесі.

Әлеуметтік - бұл адамдардың өзара өрекетінің барысында пайда бо-

лады, нақты, қоғамдық құрылымдоа олардың алатын орны мен рөлін анық-

тайды. Бұл өз кезегінде, жеке адамдар мен жеке адамдар топтарының

қоғамдық өмір құбылыстары мен процестеріндегі әр түрлі қатынастары-

нан көрінеді.

«Әлеуметтік қауымдастық» — әлеуметтанудың негізгі категориялары-

ның бірі. Әлеуметтік қауымдастық -бұл, индивидтер мен кез келген адам

топтарының жәй ғана қосындысы емес, керісінше, ол тұрақгы жөне тұтас

әлеуметгік түзілім, оның субъектілері ортақ мүддемен біріккен және өзара

бір-бірімен араласа әрекет етеді.

Осындай өзара өрекеттің нәтижесінде әлеуметтік қатынастар қалып-

тасады, қоғамда әлеуметтік сала ерекшеленіп, әрбір адам өзінің әлеуметтік

сапасын өз бойына сіңіреді. Әлеуметтік қауымдастық әдетте түрлі әлеу-

меттік қауымдастыққа кіретін және соның ішінде әр түрлі әлеуметтік рөл

атқаратын жеке адамның әлеуметгік болмысының (тұрмысының) сан

алуан түрлері мен формаларың қамтиды. Сол тұлға мен қоғамның өзара

байланысы мен әрекетін жаңама түрде көрсетіп береді. Әлеуметтанудың

мәні мен ерекшелігін түсіну үшін әлеуметтік қауымдастық сатегориясы

өте маңызды құбылыстар мен процестердің субъективтік қызмет жағын

ерекшелеп, бөліп көрсетеді.

Өзінің түрі жағынан әлеуметтік қауымдастықтар соның кеңістік-

мезгілдік көлемдегі түрі (мысалы, адамдардың әлемдік қауымдастығы

және олардың мемлекеттік қауымдастығы әр түрлі қөлемдегі қоныстық

қауымдастықтар: социодемографиялық қауымдастықтар) және олардың

мүдделерінің мазмұнымен бірігетін түрі (мысалы, әлеуметтік-таптық,

әлеуметтік-кәсіби, ұлттық, т.б. қауымдастықгар) болып бөлінеді.

Әлеуметтанудың мазмұны жағынан терең, әрі кең мынадай катего-

Риялары бар: жүйе, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым, әлеуметтік топ, әлеуметтік әрекет, әлеуметтік

17

мінез-құлық, т.б. Бұлардың әрқайсысы, өз кезегінде өте маңызды, алай-



да жалпыламалығы төмен категорияларды да осы айтылғандардан бөліп

шығарады. Айталық, әлеуметтік топ категориясы мынадай жеке ұғым-

дарды: тап, әлеуметтік топ, халық, ұлт, отбасы, т.б., ал әлеуметтік әрекет

категориясы - әлеуметтік мүдде, әлеуметтік мақсат, әлеуметтік норма,

әлеуметтік құндылық және т.б. ұғымдарды қамтиды. Әлеуметтанудың

маңызды категорияларының қатарына әлеуметтік тендік (немесе теңсіз-

дік), әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік еркіндік, тағы басқа да ұғымдар-

ды жатқызуға болады. Сөйтіп, әлеуметтанудың категориялары осы ғылым

объектісінің мәнді жақгарын, белгілерін, қасиеттерін көрсетеді.

Әлеуметтануда өз категорияларымен қатар басқа ғылымдардан енген

категориялар да қолданылады. Мысалы, философиядан әлеуметтануға

«қоғам, адам, құқық, индивид, прогресс, даму», т.б. категориялар ауыс-

ты, ал театр өнерінен - «рөл», заң ғылымынан - «статус» ұғымдары ен-

ген. Бұндай ұғымдарды әлеуметтану аясында қолдану ол ұғымдарды жаңа

мазмұнмен байыта түседі.

Егер әлеуметтану категориялары объектінің мәнді жақтарын, белгіле-

рін, қасиеттерін анықтайтын болса, әлеуметтанудың зандары солардан

туындайтын тұрақты қарым-қатынастар мен байланыстарды ашып

көрсетеді.

Әлеуметтік заңдар адам қызметінің барлық саласын қамтиды және

таралу аясына сәйкес өзіндік өзгешеліктері де болады. Айталық, шағын

топқа, белгілі әлеуметтік жікке немесе тапқа, жалпы қоғамға әрекет ететін

зандар бар. Басқаша айтсақ, зандар жалпы қоғам немесе оның бөлімдері

арасында қолданылып, осыларды қамтиды.

Барлық ғылыми заңдар сияқгы өлеуметтік зандардың мынандай негізгі

белгілері бар: 1. Белгілі бір жағдай болғанда, яғни сол уақытта ғана

әрекет ететін заң; 2. Осы жағдайларға орай әрдайым өрекет ететін заң;

3. Толығымен емес, жартылай және шамамен жүзеге асатын жағдайда

әрекет ететін заң Бұл белгілердің зерттеушілер үшін маңызы өте зор.

Заңның әрекетіне талдау жасағанда және оның мазмұнын тұжырымда-

ғанда зерттеуші сол әрекетті іске асыратын шарттарды мүмкіндігінше

ескеруі керек. Сондықтан «индивидтер әр кезде әлеуметтік топтар құруға

тырысады» деген тұрғыдағы тұжырымдар әлеуметтік заң болып санал-

майды, өйткені онда заңның әрекет ететін шарты айтылмаған. Керісінше,

«ұйымдағы істер, конструктивтік әлеуметтік шиеленіс, егер де оған сырт-

қы факторлар әсер етпесе және ұйым ішінде ресурстарды қайта бөлу

жүргізілмесе», оның пайда болу себептерін жойғаннан соң кез келген

Фролов С С. Основы социологии. М.: Юрист, 1997. С. 28.

18

уақытта шешіледі, деген үлгідегі әлеуметтік заңның әрекеті баяндалған,



өйткені оның шарты нақты ескертілген. Әрине, ұйым сыртқы фактор-

лардың ықпалынан біржола айырыла алмауы мүмкін және материалдық

ресурстардың, ақпараттың ұйымның ішінде ірге теуіп, қозғалысқа түсуін

тоқтатуға да қол жеткізу оңайға соқпас. Алайда, қайсыбір ұйымдарда заң-

ньщ әрекет ету жағдайының мүлде тоқтатылуы кездеседі. Егер ұйымдағы

шиеленіскен жағдай өзін тудырған себептерді жойғаннан кейін де шешіл-

месе, онда бұл заңның шартын тұжырымдаудағы ескертудің орындалма-

ғанын білдіреді. Тағы бір мысал келтірейік. Егер бір мекемеде, адамға

екінші мекемеге қарағанда сондай көлемдегі жұмысына артық жалақы

төлесе, онда ол адам соның біріншісіне жұмысқа тұрады, тек жалақы

айырмашылығы болмаса, оған бұл мекемедегі жұмыс ештеңесімен

өзгешеленбейді. Мұнда әлеуметтік заң келесі бір түрде байқалып тұр.

Кейде қызметкер жалақыны аз төлейтін мекемені тандауы мүмкін, оның

себебі мекеме үйіне жақьш орналасқан немесе еңбек жағдайы жақсы бо-

луы ықтимал. Бұл жағдайда заң әрекетінің шарты орындалмай отыр.

Жалақыдан басқа, абсолютті жұмыс жағдайы бірдей мекеме болуы мүмкін

емес, бірақ оларды бір-біріне жақындатуға әбден болады.

Әлеуметтік заңдар мен адамдар арасында тұрақты түрде байланыс

орнатылады және ол талаптарға не бағынады, немесе олардан қашқақ-

тайды, болмаса өзінің мінез-құлқын әлеуметтік заңдарға бейімдейді, не-

месе оларға қарсылық көрсетеді. Әлеуметтанушы әлеуметтік занды аш-

қанымен, әлі ешкім білмейтін құбылыстардың, белгісіздіктердің бет пер-

десін аша алған жоқ. Керісінше, адамдар әлеуметтік зандардан өздерінің

күнделікті өмірдегі белгілерін көреді, әрқашан сол зандардың көріністерін

өз тәжірибелерімен салыстырып отырады.

Әлеуметтік зандарды іздеп табу және зерттеу өте қиын. Бұл көптеген

жағдайлардың болуымен, олардың күрделілігімен, бір-біріне жақынды-

ғымен, ұштасып жатуымен байланысты. Сондықган да әлеуметтік топ-

тарда адамдардың мінез-құлқы қайталанады, ал өз қезегінде бұл деталь-

дардың көп болуына орай әлеуметтік зандардың әрекетін жеке-дара бөліп

алу өте қиын.

Әлеуметтік зандарды зертгегенде есте ұстайтын ерекше жағдайлар бар.

Олар бұл жұмысты мейлінше жеңілдетеді. Әлеуметтік зандар адамдардың

бір-біріне қатысты мінез-құлқын, жүріс-тұрысын зерттеп реттейтін, адам

санасынаң тәуелсіз өмір сүретін объективті ережелер жиынтығы болып

табылады және олардың негізін тарихи қалыптасқан мотивтер, мүдделер

мен адамдардың тіршілік жағдайын қанағаттандыруға ұмтылыстары,

қауіпсіздіктері, өзін-өзі көрсетулері және т.б. қалыптастырады. Сондық-

тан, әлеуметтік зандарды зерттегенде ең алдымен әлеуметтік топтың,

19

жіктің, таптың немесе бүкіл қоғамды құрастыратын индивңдтердің қажет-



тіліктерін (мұқтажын) анықтау керек және осы мұқтаждықтарды негізге

ала отырып, индивидтердің мінез-құлқындағы қайталанатын әрекеттерді

іздестіру қажет, осындай қайталанатын көріністерді тудыратын жағдай-

ларды анықтау және қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік процестерді табыс-

ты басқару үшін қажетті білімділік, әлеуметтік заңдар тұжырымдалуы тиіс.

Әлеуметтік зандардың қоғамдық құбылыстарды зерттеудегі, әлеумет-

тік процестерді басқарудағы маңызы өте зор. Әлеуметтік заңдардың қа-

лыптасып, орнығуы мен әрекет етуі әлеуметтануда ғылыми тәсілдерді

қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қоғамның өмір сүру процесі барысында орныққан әлеуметтік байла-

ныстар белгілі бір зандар мен заңдылықтардың негізінде пайда болып,

әрекет етеді. Өз кезегінде бұл заңдар әлеуметтік құбылыстар мен процес-

тердің ерекшелікті жақтарын да айқындап отырады. Әлеуметтануда

әлеуметтік заңдарды анықгауда бірлестік қатынастар маңызды рөл атқа-

рады. Жалпы бірлестік қатынастарға әлеуметтік топтар, қоғам мен ұйым-

дардың, т.б. арасында қалыптасқан қатынастар жатады.

Әлеуметтік зандар оқиғаның барысында адамның ырқынан тыс қалып-

тасып, адам өміріне ықпал етеді. Бірақ адам сол әлеуметтік заңдарды бас-

шылыққа алып, өзіне қажетті жағдайды жасай алады. Өйткені адам руха-

ни және материалдық құндылықтарды өндіруге, өндірілген игіліктерді

тұтыну мен бөлу, т.б. үрдістерге қатысады. Бұлар адамдардың қоғамдық

бірлікте өмір сүруінде маңызды рөл атқарады.

Әлеуметтік зандар адамдарды және олардың мінез-құлқын реттеп оты-

рады, тұлғалардың арасындағы қатынастарды, олардың қауымдастықта-

рындағы қатынастарды анықтайды және адамдардың қызметі мен бір-

лестіктерінең көрініс табады. Әлеуметтік зандардың қатарына, мысалы,

әлеуметгік дифференциацияны және интефацияны, әлеуметтік мобильділікті,

қоғамдық өмірдің интернационализациялануын, индивидтің әлеуметтенді-

рілуін (социализация), қоғам урбанизациясын, т.б. жатқызуға болады.

Әлеуметтанудың зандарын классификациялау түрлі негіздерге сүйеңіп

жасалады. Зандардың жалпылық (ортақтық) дәрежесіне сәйкес олар жал-

пы зандар және ерекше зандар болып бөлінеді. Жалпы зандар қоғамның,

социумның, тұтас әлеуметтік жүйенің дамуын анықтайды. Ал, ерекше

зандар- әлеуметгік жүйенің жеке элементтеріне, қоғамның бөлімдеріне тән.

Өзінің сипаты, көрініс табу тәсілі жағынан әлеуметтану зандары ди-

намикалық және статистикалық болып та бөлінеді. Динамикалық зандар

нақты жағдайдағы оқиғалардың желісі арасындағы қатаң да бір мағыналы

байланысты көрсетеді. Ал, статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыс-

тарды қатаң белгілеп, анықгайды, әрі ықгимал дәрежеде де белгілейді;

20

бұлар әлеуметтік тұтастық шеңберінде болған әлеуметтік өзгерістердің



негізгі бағыттары мен тенденцияларын көрсетеді.

Әлеуметтік заңдарды бүгінде бірнеше топтарға бөлеміз, атап айтсақ,

біріншіден, инвариантты өмір сүретін әлеуметтік немесе сонымен байла-

нысқан құбылыстарды байқататын заңдар. Бұл зандар бойынша, егер де

А деген құбылыс болатын болса, онда Б деген де құбылыс болуы тиіс.

Екіншіден, даму тенденциясын көрсететін заңдар. Аталмыш заңдар

әлеуметтік нысан құрылымының динамикасына себепші болатын өзара

қарым-қатынастың бір түрінен келесісіне өту зандары болып табылады.

Қайсыбір әлеуметтік жүйе құрылымындағы элементтер мен тәсілдердің

реттелген байланыстарының кеңістікте өзгеруі бұған дейінгі қалыпты

жағдаймен анықгалады. Құрылымның бұрынғы қалпының келесісіне осы-

лай ықпал етуі даму заңының сипаты болып саналады. Үшіншіден,

әлеуметтік құбылыстар арасында функционалдық тәуелділікті орнататын

немесе коварнация қалыптастыратын зандар. Даму заңдарымен салыс-тырғанда функционалдық зандар қайсыбір әлеуметтік жүйенің салыстыр-

малы түрдегі тұрақгылығын сақтауды қамтамасыз етеді. Мұнда жүйенің

элементтері қозғалыста болғанымен, олар құрылымды мәнді өзгеріске

түсіре алмайды. Егер де даму зандары әлеуметтік объектінің бір сападан

келесі сапаға өтуіне себепші болса, функционалдық зандар осы өтулер

үшін алғышарттар жасайды. Төртіншіден, әлеуметтік құбылыстар арасын-

дағы байланыстарды белгілейтін зандар. «Функционалды» және «себепті»

байланыстарды белгілейтін әр түрлі заңдардың болуы функционалдық

себептің түрі бола алмайды деген сөз емес. Функционалдық байланыс

себепті көрсетуі де мүмкін, көрсетпеуі де мүмкін. Бұл ұғымдар жарым-

жартылай сәйкес келеді. Функционалдық тәуелділіктің болуы әлі де болса

мәнді себептік қатынастарды көрсетпейді. Бесіншіден, әлеуметтік құбы-

лыстар арасындағы ықтимал байланыстарды орнататын заңдар. Адам-

дардың статусың белгілейтін де зандар бар.

Әлеуметтік зандар әлеуметтанудың қоғамда атқаратын міндеттерін

жүзеге асыруға үлкен ықпал етеді.
4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері

және оның қоғамдық ғалымдар жүйесінде алатын орны

Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам

аддында орындайтын, атқаратын міндетгері бар. Оньщ танымдық қызметі -

әлеуметтік құбылыстарды зерттеу арқылы олардьщ мәні мен мазмұны

Нашпбеков Т. Ж. Основы общей социологии. Алматы: Білім, 1996. С. 36-38.

21

жөніндегі тұжырымдардан, басқа құбылыстармен байланысынан, даму



зандары мен олардың сипаты жөнінде жаңа ғылыми түсінік алуға талпы-

ну мақсатынан тұрады. Әлеумелтану әр түрлі субъектілер арасыңда қалып-

тасатын қоғамдық қатынастарға, олардың қызметінің объективті және

субъективті жақгарын талдауға, сонымен қатар әлеуметтік институттар-

дың өмір сүруін сараптауға басқаларға қарағанда аса жоғары маңыз береді.

Жоғарыда аталған әлеуметтану білімі деңгейлерінде әлеуметтік про-

цестер жөніндегі түсініктер мен ұғымдар жүйесі белгіленіп, қалыптаса-

ды. Олардың әрқайсысында бұл процестер әрқилы деңгейлер дәрежесінде

байқалады. Арнайы әлеуметтанулық теориялармен салыстырғанда, жал-

пыәлеуметтану теориялары деңгейінде ауқымы кең ғылыми қорьггынды-

лар жасалады. Нақгы әлеуметтанулық зерттеулер функциясына адамдар-

дың күнделікті практикасьш сипаттайтын бастапқы мәліметтерді жинау

және оларға эмпирикалық талдау жасау жатады.

Әлеуметтанудың танымдық қызметі, сонымен қатар әлеуметтік про-

цестерді талдау негізінде қоғам өмірінің материалдық, саяси немесе руха-

ни салаларында олардың одан әрі дамуына ғылыми болжам жасауды қам-

тиды. Мұндай болжамдар ұзақ мерзімдік немесе ағымдық сипатта бола-

ды: мұндағы мақсат — жалпыәлеуметтанудық теориялар деңгейінде таяу

және алыс болашақгағы қоғам дамуының тенденцияларын терең көре білу

десек те, арнайы әлеуметтанулық теориялар шеңберінде пайдалы болжам-

дар жасалатын болады.

Қорыта айтқанда, әлеуметтанудың танымдық функциясы қоғамның

мәні, оның құрылымы, өмір сүруі мен дамуының заңдылықтары, негізгі

бағыттары мен тенденциялары, жолдары, формалары мен механизмдері

туралы нақгылы және кең көлемді білім берумен анықгалады.

Әлеуметтік құбылыстар мен процестерге эмпирикалық және теория-

лықталдау жасау негізінде, айталық, материалдық өндіріс саласында адам-

дардың қызметін ынталандыру мен тиімділігін арттыруды күшейту, эко-

номикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың қыз-

меттерін жетілдіруге бағьпталған практикалық ұсыныстар әзірлеу әлеу-

меттанудың практикалық қызметіне жатады.

Түптеп келгенде, бұл ұсыныстар әлеуметтік басқару механизмін жақ-

сартуға, оның тиімділігің ұтымды басқарудан бастап, қоғамдық істерді

басқаруға дейінгі барлық деңгейде жетекшілік етудің сапасын арттыруға

бағытталған. Бұны үлкенді-кішілі дәрежеде қазіргі бүкіл қоғам, әсіресе

өркениетті елдер қолданады. Олардың бірде-біреуі экономиканың, әлеу-

меттік таптардың және ұлт қатынастарының, қоғамның саяси жүйесінің

дамуын басқарусыз қалдырып, өз бетінше жалғасуына жол бермейді.

Олардың дамуы белгілі бір басқару құрылымының ықпалымен жүзеге асады.

22

Ол құрылымның қызмет ғылыммен тығыз байланысып, соны жүзеге



асырады. Қоғамның күрделенуі және олардың экономикалық, экология-

лық, саяси және тағы басқа да дамуы, қазіргі тандағы жағдайлары әлеу-

меттік процестерге мақсатты, бағьпты түрде ықпал жасау қажеттілігін

талап етеді. Дәл осы тұста әлеуметтану өзінің алдындағы міндеттерін ғылы-

ми негізге сүйене отырып орындауы тиіс. Әлеуметтану қоғамның өмір

сүруін жан-жақгы саралап өлшейді және бастапқы әлеуметтанулық ақпа-

рат алғаннан бастап, ғылыми дәлелденген қорытындылар мен ұсыныстар

жасауға дейінгі ауқымда сан қилы жұмыстар атқарады.

Қоғамның таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметтанулық

болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметгік, саяси және руха-

ни салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала көре білудің мейлінше

практикалық маңызы зор.

Әлеуметтанудың келесі бір атқаратын қызметі – идеологиялық міндет-

тер болып табылады. Өйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын,

белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың, саяси партиялар мен қозға-

лыстардың мүдделерін білдіреді. Бұдан айналып өту тіптен де мүмкін емес.

Нақты әлеуметтанулық зерттеулер мен арнайы әлеуметтанулық және

жалпыәлеуметтанулық теориялардан туындаған ережелерді идеология-

лық тұрғыдан талдауға ұшыратпай алып қалу өте қиын. Себебі әлеумет-

танушының өзі белгілі бір әлеуметтік-таптықгың құрамында, яғни көбі-

несе қайсыбір саяси партияға мүше де болады. Ол өзі зерттейтін әлеуметтік

процестерді, қоғамдық қатынастарды және әр түрлі субъектілердің қыз-

метін белгілі бір дүниетаным ұстанымымен пайымдайды. Ал, оның дүние-

танымының қалыптасуы әлеуметтанушының шыққан ортасымен, әлеу-

меттік жағдайымен тікелей байланысты.

Қоғамдық өмірдің қайсыбір жақгарына қатысты әлеуметтанушы жа-

сайтын қорытындылар тек өзі жататын әлеуметтік топтың мүддесіне

тиесілі болыпш қана қоймай, басқа да әлеуметтік топтардың, соның ішінде

таптардың мүдделерін де қамтитыны рас. Сөйтіп, осы қорытындылар

қалыптаса келе идеологиялық мазмұнға, өзіндік реңге ие болады.

Сөз болып отырған мәселелерге ғылыми тұрғыдан қараудың идеоло-

гиямен алмастырылуы, әрине, дұрыс емес. Оған ешбір күмән жоқ. Қоғам-

дық құбылыстарға объективті талдау жасау зерттеуші үшін қашан да ма-

ңызды. Алайда, оның әлеуметтік статусы - сол талдаудың көрінісі, бұл

жағдай зерттелетін қоғамдық процестер мен құбылыстарға орай жасай-

тын оның қорытындыларына сөзсіз әсер етеді. Бұл тұрғыдан алғанда

әлеуметтану кез келген кезеңде де идеологиялық бағыт ұстайды. Ал, идео-

логиялық бұрмалаушылыққа жол бермеу үшін әлеуметтанулық зерттеу-

дің барысын, сондай-ақ одан туындайтын қорытындыларды шектен тыс

23

идеологияландыру мен саясаттандыруға болмайды. Керісінше оларды.



жалпыадамзаттық құндылықтармен сәйкестендірген пайдалы.

К. Маркс «Фейербах туралы тезистерінде»: «философтар дүниені әр

түрлі деңгейде түсіндіріп қана қойды, ал істің мәні оны өзгертуде жатыр»,-

деген еді. Ақиқатында дүниені өзгерту оны түсіндіру негізінде ғана жүзе-

ге асуы тиіс. Алайда, мұндай өзгертулер қара бастың қамы үшін жасал-

мауы керек. Адамдардың өмір жағдайын жақсарту, мұқтаждықтар мен

құндылықтарға орай қалыптасу көрініс тапса, міне, сонда ғана ол қажет-

тілікті өтейді. Сөйтіп, мұндай әлеуметтанудан маңызды әлеуметтік қыз-

мет - сыншылдық пайда болады. Бұл жерде әңгіме дүниеге жеке тұлғаның

көзқарасымен баға берудің өзара байланыстылығында болып отыр. Осы

қызметті жүзеге асыруда әлеуметтану ақиқатқа дифференциалдық тұрғы-

дан қарайды. Бір жағынан ол сақтаудың, нығайтудың, дамытудың қажет-

тігін немесе бәрін өзгертудің, қайта құрудың, т.б. керек еместігін көрсетеді. Ал екінші жағынан - шындығына көшсек, түбегейлі өзгертулерді

керек ететіндерін анықгайды.

Әлеуметтану ғылымының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар арасын-

да алатын өзіндік орны бар. Ол осы ғылымның қоғамда атқаратын қыз-

метімен және әлеуметтану білімінің құрылымымен айқындалады. Қоғам-

ның әлеуметтік құрылымын, оның даму зандылықгарын ашатын, тарихи

процесте объективтік және субъективтік факторлардың өзара әрекетін

көрсететін жалпыәлеуметтанулық теориялар, мысалы, тарих, саясаттану,

құқықтану, әлеуметтік психология, этика және басқа да ғылымдардың

проблемаларын түсіндіруде маңызды дүниетанымдық және методология-

лық рөл атқарады. Жалпытеориялық әлеуметтану аталмыш ғылымдар-

дың проблемаларын кең көлемдегі әлеуметтік контексте қарастыруға,

олардың зерттейтін құбылыстарының қоғамдағы және тарихи процестегі

орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, сол құбылыстар-

ды ғылыми тұрғыда талдау мен түсіндірудің жалпытеориялық бағытта

қарастырылуы мен методологиясын жасайды.

Бірқатар ғылымдар үшін арнайы әлеуметтану теориялары деңгейінде

қалыптасқан ережелер мен қорытындылар да маңызды болып саналады.

Олар еңбек, тұрмыс, адамдардың қызмет түрлерінің проблемаларына

қатысты болуы мүмкін. Бұл мәселелерді басқа да ғылымдар, соның ішінде

экономика, экология, педагогика және тағы басқалар қарастырады. Бірақ,

арнайы әлеуметтанулық теориялардың бұл мәселелерді қарастыруда

өзіндік ракурсы бар. Осы тұрғыдан алып қарағанда олар басқа ғылым-

Маркс К., Энгельс Ф. 9 томдық тақцамалы шығармалары. 2-т. Алматы,

1988. З-б.

24

дардың мәліметтерін толықгырады, өз қорьггындыларымен қаруланды-



рады және құбылыстарды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік жасайды.

Арнайы әлеуметтанулық теориялар адамдардың еңбек, саяси және

өзге де қызметінің әлеуметтік аспектілерін ашады, олардың әлеуметтік

жағдайларын (айталық, қалалық немесе селолық), отбасылық және жеке

басының тұрмыстық жағдайларын ашып көрсетеді. Олар экономикалық,

саяси, құқықгық және басқа да қоғамдық қатынастар жүйесінде жеке

тұлғаның және әр түрлі әлеуметтік топтардың өзін-өзі әлеуметтік жағы-

нан көрсету мүмкіндіктерің бейнелейді. Бұл жердегі әңгіме - осы қаты-

настардың ерекше аспектілері туралы, әсіресе ондағы адамдардың өмірі

мен қызметінің мүмкіндіктері, олардың елеулі қажеттіліктері мен мүдде-

лерін қанағаттандыру дәрежесі жөнінде болып отыр. Арнайы әлеуметта-

ну теориялары деңгейінде жасалған дәлелді қорытындылардың әр түрлі

қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар үшін маңыздылығы да әрқилы.

Нақгы әлеуметтанулық зерттеулер көптеген қоғамдық және гумани-

тарлық ғылымдар шеңберінде қоғамдық өмірдің қайсыбір процестері ту-

ралы жедел мәліметтер алу немесе адамдардың бұл процестерге қатына-

сын анықгау мақсаттарында жүргізіледі. Соның арқасында бұл зерттеу-

лер, қай ғылымның саласына сәйкестендіріле жүргізілсе де, зерттелген

құбылыстар мен процестер жөнінде мейлінше дәл мәліметтер алуға мүм-

кіндік тудырады. Осы жедел ақпараттарды пайдалана отырып, қоғамдық

өмірдің жекелеген құбылыстарын жан-жақты қарастырумен қатар, құбы-

лыстардың қайсы бір әлеуметтік жүйедегі және жалпы қоғамдағы орны

мен рөлін нақты ашуға мүмкіндік жасайды, қоғам өміріндегі макро және

микро процестердің өзара әрекеттерін анықтайды.

Сайып келгенде, әлеуметтану - қоғамның өмір сүруінің және дамуы-

ның заңдылықтарының қалыптасуы жөніндегі ғылым. Ол әлеуметтік

фактілерді, үрдістерді, қатынастарды, жеке адамдар мен әлеуметтік топ-

тардың қызметін, олардың рөлін, статусын және әлеуметгік мінез-құлқын,

бұлардың институттық формада ұйымдастырылуын зерттеумен айна-

лысады. Әлеуметтанудың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына

О. Конт, Г. Спенсер, т.б. көрнекті әлеуметтанушылардың тұжырымдама-

лары мен ілімдері зор ықпал етті.

25

ЕКІНШІ ТАҚЫРЫП



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет