Қазақстан республикасы



бет8/26
Дата11.01.2017
өлшемі10,98 Mb.
#6831
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

жөніндегі көзқарастары
Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-

демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялылары шықты. М. Дулатов,

М. Шоқаев, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, X. Досмұхамедов,

Ж. Досмұхамедов, X. Ғаппасов, т.б. қоғамдық ғылымда бірегей туынды-

ларымен өшпес із қалдырды.

Олардың әлеуметтік-саяси көзқарастары Алаш қозғалысының көш-

басшылары А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановтың тұжырымдамаларына

ұқсас, сабақгас болғандықтан жоғарыда аталған зиялылардың еңбектеріне

сараптама жасамай-ақ, А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеумет-

танулық қөзқарастарына тоқталуды жөн көрдік.

Ахмет Байтұрсынов (1873—1937) — Қазақстандағы қоғамдық ой-

пікірдің даму тарихында өзіндік орны бар біртума алып тұлға.

Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш ... көсемі»

болған А. Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресей ішіндегі саяси-

әлеуметгік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партия-

лар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған

кезеңіне, бірінші орыс революциясының өршіген тұсына сәйкес келді.

Бұл кезенде ол Қарқаралы қаласында қызмет істейтін еді. Өз халқының

мүддесін, болашағын ойлаған А.Байтұрсынов осы кезенде саясатқа бел-

сене араласты. Осы мәселені М.Әуезов «Қарқаралыда тұрғандағы соңғы

төрт жыл Ақаның саясат ісіне белсене кірісіп, жазумен де, ісімен де бой

көрсеткен кезі, сол мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған. Қазақтың

Мәскеуден келген бірен-саран студенттері, басқа қалаларда оқып жүрген

жастары һәм ескіліктен келе жатқан пікірі түзу үлкендердің арасында

өзгеріс рухы жайылып, қазақтың елдігін сөйлей бастаған кездері сол мезгіл

болатын» деп атап көрсетті'.



---------------------------------

' Әуезов М. Аканның 50 жылдык тойы // Ақ жол. 1923. 4 ақпан.

94

М. Әуезовтің пікірінен А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасының қа-



лыптасуы Қарқаралы жерінен бастау алып, патша үкіметі кемсітіп бұра-

тана атаған қазақтардың мұңын мұндап, жоғын жоқтауды өзінің негізгі

мақсаты еткенін аңғаруға болады. Осы алға қойған мұратын іс жүзіне

асыру үшін халық арасында саяси үгіт-насихат жұмысын жүргізуді қолға

алады. Қоянды жәрмеңкесінде А. Байтұрсынов қазақтан шыққан бірнеше

зиялылармен бірге өз халқының атынан патша өкіметіне петиция жол-

дап, онда қазақ депутаттарының сайлануы, даланы басқару ережесіне

өзгерістер жасау, орыс қоныс аударушыларын тоқтату, дінге қысым жа-

самау, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, қазақ балаларына арнап ана

тілінде мектептер ашу іспетті тағы да басқа да мәселелерді халықтың ма-

ңызды мүддесі ретінде тиянақты шешуді талап етті. Қазақ зиялылары

мұнымен шектеліп қалмады. Патша өкіметінің шет аймақтар жөнінде ұста-

ған саясатын әшкерелеп, сынаған көптеген мақалалар жазды.

А. Байтұрсынов өзінің әлеуметтік-саяси қөзқарастарын бірнеше ең-

бектерінде баяндады, атап айтқанда, «Тағы да народный сот хақында»,

«Қазақтың өкпесі», «Қазақ һәм 4-ші Дума», «Қазақ жерін алу тұрғысын-

дағы низам», «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Мектеп керектері»,

«Соғысушы патшалар», «Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққаи

уақытша положение», «1891 жылы 25-ші мартта шыққан степной поло-

жение, яғни осы күнгі положение. Сайлау һәм партия пәлесі», «Осы күнгі

соттың тәртібіндегі кемшіліктер» және т.б. Реформатор ретінде демокра-

тиялық ой-пікірлерін А. Байтұрсынов оқу ісі, мектеп жұмысымен байла-

ныстырады. Оның пікірінше, мектептің жұмысына қатаң бақылау қою

дұрыс емес. Мектеп автономия болып, өзін-өзі басқаруы тиіс. Мектеп

басшылары мен ұстаздары жоғарыдан тағайындалмауы, олар дауысқа салу

арқылы сайлануы керек. Сонда ғана оқыту мен тәрбие жұмысы демокра-

тиялық принциптер негізінде іске асады. Ол бастауыш мектептерде оқу

процесін тек ана тілінде жүргізуді талап етгі. Ана тілінде оқытуды патша

үкіметінің қазақтарды орыстандыру саясатына қарсы қолданылатын

құрал, жас буын ұрпақты орыстандырудан аман сақгап қалудың бірден-

бір жолы деп бағалады. Мектепті діннен бөлуді ұсынды. Мектептің мем-

лекеттің идеялық қаруы болудан қалып, тек білім ордасы болуын талап

еткен еді. А. Байтұрсынов діни оқулардың кемшіліктерін көрсете келіп,

оны оқыған балалардың басым көпшілігі ұзақ оқығанына қарамастан хат

танымай кететінін және діни оқудың ғылыми-техникалық прогреске үлес

қоса алмайтындығын атап көрсетті.

Қазақ даласындағы оқу жайын зерттей отырып, оның әлеуметтік-бі-

лімдік құрылымын анықтады. Мысалы, бір ғана Қостанай уезінде 1909 жылы



12 657 қазақтың 6065 ер адамы қазақша оқығанын, ал 690-ы орысша

95

оқығандар екенін, ал әйелдердің 379-ы қазакдіа, 29-ы орысша хат тани-



тындығын баяндайды. «Бұл есептен көрінеді: Қостанай уезінде қазақша

хат танитын еркек әрбір жүз кісіден алтау, орысша хат танитын әрбір мың

кісіден алтау. Қазақша хат танитын әйел үш жүз кісіден біреу, орысша

хат танитын әрбір әйел төрт мыңнан біреу екен. Бұл цифрлар қазақша

оқудың тіпті аздығын көрсетеді»'. Ал Торғай облысында ,1912 жылдың

1 қаңтарына дейін 570109 қазақ тұрған, қазақ балалары оқитын 132 мек-

теп болған еді. Бұлай болғанда әрбір 3561 кісіге бір мектептен ғана келеді

екен. Мектептердің аз болуы сауатты адамдардың, білімді балалардың

қатарын да аз етті. Бұл орыстандыру саясатының қазақ мектептерін ашуға

тигізген қырсығынан еді. А. Байтұрсынов үкіметтің қол астындағы жұрт-

тың жазу-сызуы, тілі, діні бір болуы саясатын жүргізіп отырғанын ашы-

на жазды. Ана тіліндегі оқу кітаптарының жоқтығы мектептерді ашпауға

сылтау болғандығын, балаларды бірден орысша оқытудың қате екендігін

қынжыла жазды.

А. Байтұрсынов қазақ халқына білім мен ғылымның аса қажеттілігін

әлеуметтіқ-экономикалық және техникалық даму мәселелерімен тығыз

байланыстыра қарастырады. Ол былай деп жазды: «Неше түрлі ғылым,

өнер - бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рахатын молайту үшін

шығарған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын дүнияда бейнет кемімек-

ші»'. Алайда, қазақ сахарасында сол бейнеттен арылтатын ғылым, соның

негізінде құрылған завод-фабрикалар жоқтың қасы еді. Бұларсыз, оқусыз

халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі

халықтың қолына көшеді'', деп қатаң ескертгі. Демек: «басқалардан кем

болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға

оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы ке-

ректердің жолында жұмыс істеу керек» Жалпы ел ішіндегі барлық проб-

лемаларды шешудің алғышарты және құралы оқу екендігін баяндай оты-

рып: «әуелі біз елді түзетуд бала оқыту ісінен бастауымыз керек. Неге десек,

болыстық та, билік те, халық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі

кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Халықгың түзелуінің үміті

жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқьт, қалай тәрбиеленуі — бәрінен

бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс — деп қорытты.

------------------------------------------

1. Байтурсынов А. Ақжол. Алматы: Жалын, 1998. 255-6.

2.Бұл да сонда. 254-6.

3.Бұл да сонда. 256-6.

4. Бұл да сонда. 253-6.

5.Бұл да сонда. 243-6.

6.Бұл да сонда. 252-6.

96

Оқу мәселесін А. Байтұрсынов 1913 жылғы наурыздан бастап, кейін



өзі редактор болып шығара бастаған «Қазақ» газетінің бетінде көтеріп

отырды. Ресейде қалыптасқан саяси-әлеуметтіқ жағдайды терең сарапта-

ған А. Байтұрсынов оны түнерген бұлттарға теңеп, өз халқын одан аман

алып шығудың амалын іздестіретін, жұртқа мұрындық болатын газет

ұйымдастыру қажет деген байламға келеді. Оның пікірінше: «Әуелі, газет —

халықгың көзі, құлағы һәм тілі. ...Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұртгар-

дың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, қөзі жоқ соқыр секілді.

Екінші, газет — жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың

білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет ар-

қылы халықтың алдына түсіп жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып

тұрады. Төртінші, газет - халықгың даушысы. «Жұртым» деп халыктың

арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқгайтын азаматтары газет арқылы

халықгың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға

көзін шоқытпасқа тырысады»'. Газеттің алғашқы санынан бастап-ақ бұл

басылымда қазақ қоғамында орын алған саяси-әлеуметтік проблемалар

және оларды шешудің жолдарын баяндап отырды. Ол қоғам дамуын рево-

люциямен іске асыруды мойындамады; керісінше, эволюциялық, рефор-

малық шараларды іске асырумен қоғамның дамуына жету жолдарын қол-

дады. Халықгың саяси және әлеуметтік еркіндікке жетуі үшін отаршыл-

дыққа қарсы аянбай күресу керектігін айтып, оның қуатты құралын оқу-

білімнен көрді. Халықтың мүддесін қорғайтын саяси партия құру қажет-

тігін түсінді. Сипаты жағынан ұлттық-демократиялық бағьптағы «Алаш»

партиясының құрылуына, оның күресінің түпкі мақсаттар мен күрес жол-

дарын анықтаған бағдарламасын дайындап қабылдануына белсене ара-

ласты. Құрылтай съезін (1917 ж. 21-26 шілде) ұйымдастыруға қатысты.

Үлт мәселесін жер проблемасымен ұштастырып, қазақтарға тартып алын-

ған құнарлы жерлер қайтарылуы тиістігін дәледдеді.

Съезде талқыланған мәселелер бойьшша А. Байұрсыновтың ұста-

нымдары қазақ қоғамы үшін саяси маңызы зор, әлеуметгік мәні үлкен

шешімдер қабылдауға ықпал етгі. Съезде ол ұлтгық-демократиялық си-

паттағы қазақтың тәуелсіз мемлекетін орнату идеясын ұсынды. Бұл қазақ

қоғамын дамытуда өркениетті елдердің даму тәжірибесіне негізделіп, эво-

люциялық өркендеуді басшылыққа алған балама жол болатын. Оның мақ-

саты қазақ халқының өзін-өзі билеуге, әлеуметтік-экономикалық, саяси

және мәдени проблемаларды, тағы басқа мәселелерді өзінің шешуіне қол

жеткізу еді. Алайда, Ә. Бөкейхановтың Ресей құрамында автономиялық

--------------------------------------------------------

1. Қазақ газеті / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. Алматы: Қазақ энциклопедия-

сы бас редакциясы, 1998. 10-6.

97

мемлекет құру жөніндегі пікірі съезд шешіміне негіз болды. Бұл шешім



«Алаш» партиясының бағдарламасының бірінші тарауында былайша

тұжырымдалды: «Россия демократиялық республика болады. Демокра-

тия мағынасы — халықтық өкімет билігі; федерация мағынасы — тең мем-

лекеттер одағы. Федеративтік республикада әр мемлекет автономды,

бірдей құқық пен мүддеде басқарылады»'. «Алаш» партиясының бағдар-

ламасында Ахмет Байтұрсыновтың да әлеуметтанымдық көзқарасын

айқындайтын тұжырымдамалар жарияланды. Онда: «Земство басқарма-

лары мен милицияда қызмет істейтіндер туралы мәселелерді халық шешеді.

Партия халық үшін игілік пен мәдениет орнатуға тырысады... Партия ке-

дейлерге — жолдас, қанаушыларға — жау деп қарайды... Дін мемлекеттен

бөлінуі қажет. Салық байлықтың дәрежесімен жалпы мүліктік жағдайға

сәйкес алынуы тиіс: бай көп мөлшерде, кедей аз мөлшерде төлейді.

Халыққа білім беру — баршаның игілігі болуы керек. Барлық оқу орын-

дарында оқыту тегін жүргізіледі», — деген биік мақсаттар белгіленіп



қойылды.

А. Байтұрсынов саяси лидер ретінде осы мұраттарды жүзеге асыруды

қолға алды. Алайда, Ресейде қалыптасқан саяси ахуал оларды іске асыру-

да қиыншылықтар туғызды. Соған қарамастан ол саяси-әлеуметтік көзқа-

растарынан ешқашан бас тартпады. Оны билік басына келген больше-

виктер партиясының көсемі В. И. Ленинге жолдаған хатынан байқауға

болады. Хатта қазақтың автономиялық мемлекетін құрудың өзіндік жол-

дарьш ұсынады. Оның тұжырымдамасы бойьшша: 1) Қазақ өлкесін бас-

қару басшылығына халық толық сенетін, идеялық тұрғыдан нағыз комму-

нистерді және қазақ интеллигенттерінен шыққан, сенімді ақтаған әділ

идеялы қызметкерлерді қою керек; 2) аралас әр түрлі жұрттар тұратын

аудандардағы барлық билік органдар құрамының 3/2 қаналған ұлт өкілдері

болуы тиіс; 3) қазақ өлкелік шаруашылық-экономикалық ұйымдарды

басқару орталықгандыру немесе орталықтандырмауға карамастан қазақ-

тардың қолында болуы керек. Түрлі экономикалық жақындықты сылтау

етіп, өзге губерниялардың немесе облыстардың құрамьша қазақ жері

бөлшектеніп берілмеуі керек және бағындырылмауы қажет; 4) қазақ

коммунистері мен революцияшыл интеллигенцияның бүкіл саяси-мәде-

ни жұмысы кеңестік социалистік шаруашылық саясатына негізделуі тиіс;

5) басқарылуы Орынбор қаласында болатын қазақтың әскери округін

құру қажет; 6) қалалардағы гарнизондар міндетті түрде қазақтардан

------------------------------------------------------------------

1 Алаш-Орда: Сборник документов / Сост. Н. Мартыненко. Алма-Ата:

Айқап, 1992. С. 88.



Бұлда сонда С. 89-90.

98

кұрылуы тиіс'. Осы көзқарасы арқылы А. Байтұрсынов ұлт мәселесін,



оның автономиясын дұрыс шешудің жолын мезгеді. Оның бұл ұстаным-

дары іске асырылмады. Тоталитарлық коғам дамуындағы кереғар құ-

былыстарды ашық айтқаны үшін Ахмет Байтұрсынов тұтқындалып,

1937 жылы үштіктің шешімімен атылды.

Әлихан Бекейханов (1870-1937) Ресеиимпериясындасаяси-әлеуметтік

қарама-қайшылықтар шиеленісіп тұрған тұста шыққан қоғамдық ойдағы

ірі тұлға болды.

Ол Ресейді, оның құрамындағы қазақ қоғамын зерттеп, қоғамдық құ-

былыстар мен процестерді жан-жақгы терең талдап, әлеуметгік және са-

яси мәні зор тың тұжырымдар жасайды. Бұл мәселелер оның «Қазақ

өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктеірі», «Қазақтар»,

«Сұлтан Кенесары Қасымов тарихына материалдар», «Би һәм билік», «Да-

лалық өлкенің ортасындағы орыс қоныстары», «Екі жол», «Төртінші Дума



һәм қазақ» және т.б. монографиялары мен мақалаларында көкейкесті

проблемалар ретінде қарастырылып зертгелді.



1896—1901 жылдары қазақ сахарасының Семей, Акмола облыстары

12 уезінің жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс ша-

руаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап

беруге тиіс болған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция ұйымдастыры-

лып, Ә. Бөкейханов бастапқыда статист қызметін атқарады, оның зертгеу

тобына кейін жетекшілік жасайды.

Экспедиция барысында алуан турлі деректі материалдар жинады. Үй

санын, қора, мал санын есепке алды. Экспедиция өзіне жүктелген мін-

деттерді біршама орындап шыққаннан соң сонда жиналған құнды мате-

риалдарды Ә. Бөкейханов топтастыруға, өндеуге, оның ғылыми нәтижесін

жазуға атсалысады. Есеп беру құжатын дайындауға қатысады. Жер мен

өзен-көлдерді картаға түсіреді. Қазақтардың тіршілік-тынысының негізгі

тәсілі болған шаруашылық формаларына жан-жақгы сипатгама береді.

Бай мәліметтерге жүгіне отырып, ол Омбы, Қарқаралы, Семей, Павлодар

өңірлеріндегі тарихи жерлерді картаға белгілейді. Шаруашылық түріне

орай қалыптасқан қазақ қауымдастығын зерделей келіп, этностық қалып-

тасу процесін, тарихи шежіресін, ата қонысын анықгап жазады. Қазақ-

тардың жүргізіп отырған шаруашьшығының қаншалықты пайдалы екенін,

сонымен бірге жоғарыда айтылған төрт уезге Ресейдің ішкі аймағынан

қоныс аударған қара шекпенділердің тыныс-тіршілігін қарастырып, олар-

дың негізгі кәсібі болып отырған егін шаруашылығының өнімсіздігіне

-------------------------------------------------------

' Омарбеков Т. Қателескен Ленин бе, жоқ әлде қазақ зиялылары ма? // Егемеңді Қазақстан. 1991. 2араша.

99

көңіл қояды. Экспедициядағы жұмыс Ә. Бөкейхановтың географиялық



жағдайы әр түрлі аймақта тұратын қазақтардың әлеуметтік жағдайын жан-

-жақты, жете білуіне мүмкіндік жасап, патша үкіметінің бұл өлкеде жүргі-

зіп отырған саясатының қазақ халқының мүддесіне сай еместігін әшке-

релетеді, сөйтіп ол орыстың қоныстандыру саясатына табаңды түрде қарсы

тұрады'.

1910 жьшы Санкт-Петербордан шыққан «Қазіргі мемлекетгердегі ұлт-

тық қозғалыстардың түрлері» деген жинақта «Қазақгар»деп аталатын

көлемді еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде қазақ қоғамында қалыптасқан

саяси-әлеуметтік жағдаіідьщ себептері мен салдарларын, патша өкімегінің

ұстаған отаршылдық, қоныс аудару саясатына қазақ халқының көзқара-

сын, олардың қоныс аударушы қара шекпенділермен арақатынасын, Алаш

қозғалысының алға қойған мұрат-міндеттерін, т.б. маңызды мәселелерді

талдап, сипатын, мазмұнын ашады.

Ә. Бөкейханов өзінің шығармаларында қазақ мемлекетінің қальштасуы

мен дамуыньң зандылықтары мен тарихи кезендерін маңызды әлеуметгік-

саяси процесс ретінде қарастырып, қазақгың үш жүзінің патшалық Ресейдің

құрамына енуінің мотивтеріне назар аударады. Хан Кенесары Қасымұлы

бастаған ұлт-азатгық қозғалысының түпкі мақсатын, оның әлеуметгік-са-

яси маңызын, жеңілу себептерін қарастырып, одан тағылым алады. Кене-

сары хан көтерілісінің сәтсіздігі Әлиханды өз халқын еркіндік пен тендікке

жеткізетін күрестің жаңа жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздестіруге септігін

тигізді. Нәтижесінде ол күрестің екі жолын анықгайды: оның біріншісі -

саяси күрестің бейбіт жолы саналатын парламенттік күрес әдісі еді. Екінші-

сі — дамыған халықтардың мәдениетін қабылдау жолы. Соның негізінде

қазақ халқының өнері мен білімін дамыту, ұлттық және саяси санасын

қалыптастыру еді. «Қазақгың ұлт болып өркениетгі ел қатарлы өмір сүруі

үшін, - дейді ол, - ең алдымен, халықгың сана-сезімін оятатып жағдай

тудыру керек, казақгың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін

қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады»

Осы жаңа стратегиялық бағыт Алаш қозғалысының лидері Ә. Бөкей-

хановтың және де басқа да қазақ зиялыларының саяси тәуелсіздікке бур-

жуазиялық-демократиялық деңгейде қол жеткізуге болады деген түсінігін

қалыптастырды. Кейін бұл көзқарасты терендете келіп, ұлт-азаттық қоз-

ғалыс жеңіске жетер болса, онда қазақ қоғамының мемлекеттік-саяси

құрылысы батыс елдеріндегідей буржуазиялық-демократиялық құрылыс

болады деген қорытынды жасайды.

--------------------------------------------

1. Бөкейтн Ә. Таңдамалы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. 11-5.

2..Бөкейхан Ә. Тандамалы. 16-6.

100


Қазақ халқының ұлттық және саяси санасын көтерудегі және қоғам-

дық пікірді қалыптастырудағы баспа сөздің рөлін жоғары бағалаған

Ә. Бөкейханов ана тілінде газет басып шығару жұмысын ұйымдастырып,

соның негізінде «Қазақ» газеті (1913) шықгы. Газет өзінің төңірегіне қазақ-

тың зиялыларын біріктіріп, олардың саясат, экономика, әлеуметгік және

мәдениет туралы мақалаларын басып отырды. Ә. Бөкейхановтың 250 аса

мақалалары, ғылыми зерттеулері осы басылымда жарық көрді'. Еңбек-

терінде қазақ халқының әлеуметтік жағдайын қарастырумен катар, пат-

шалық отарлауға қарсы жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа

саналылық, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды.

Ә. Бөкейханов Ресейдің заң шығарушы органы I Мемлекетгік Дума-

ға депутат болып сайланған санаулы ұлт өкілдерінің бірі еді. Ол Дума

мінбесін өз халқының түбегейлі мүдделерін қорғайтын орынға айналды-

руды мақсат етті. Өйткені Дума қазақтардың маңызды проблемаларын

шеше ме деген үмітте болды. Сондықтан Дума сайлануына үлкең мән берді,

халыққа арнап оның мазмұнын ашатын еңбектер жазып, ақпарат құрал-

дарында жариялап отырды. Мұның өзі халықтың саяси санасын көтеруде

зор рөл атқарды.

Ресей патшалығы ішкі мекендерден жерсіз шаруаларды шет аймақ-

тарға қоныстандыруды отарлау саясатын бейбіт жолмен жүзеге асыру-

дьщ тиімді тәсілі ретінде қараған. Осы әрекеттерін сырт көзден жасыру

үшін, оны занды процесс ретінде көрсету үшін түрлі құжаттар қабылда-

ған. Мысалы, 1909 жылдың 9 маусымында Министрлер Кеңесі Ақмола,

Семей, Торғай және Орал облыстарындағы мемлекеттік жер қорын есеп-



ке алу жөніндегі нұсқау шығаруы және Түркістан өлкесін басқару тура-

лы ережені күшейту үшін қосымша заң қабылдауы соның дәлелі. Көші-

қон мекемелеріндегі чиновниктер осы құжаттарды жүзеге асыруға бар

күш-жігерін жұмсап, орыс қоныстанушылары сияқты қазақ шаруалары-

на 15 десятина үлестік жер бөліп, оларды отырықшылыққа көшіру міндет-

терін іске асыруға тырысты. Демек, қазақтарды отырықшылыққа тарту-

дың өзі оларды өз жерлерінен айырудың және үкіметке бағынышты етудің

сұрқия амалы болды.

Ә. Бөкейханов жер мәселесі төңірегінде жүргізіліп жатқан саясаттың

әлеуметгік-экономикалық сырын ашып, қазақ халқына тигізетін оның

ауыр салдарларын әшкерелеп отырды. Егіншілікке көшудің қазақгар үшін

жағымды жақгарын жоққа шығармады. Бұл процестің эволюциялық жол-

мен жүруін қолдады. Ол өзінің осы көзқарасын былайша түсіндірді: «біздің

ақылымызша, адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен, көп

1. Бөкейхан Ә. Тандамалы. 19-6.

101


жылдарға созылады. Мал бағып, шаруа қылып келе жатқан жұрт, патша

15-тен жер берді деп, егінші бола қоймады. Мал шаруасы тымақ емес,

төре келе жатыр деп қолға жұлып алатын. Мал шаруасын тіршілік үшін

ұстап жүрген жұрт 15-тен жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болады.

Біз қазақ-ау, 15-тен жер алмай тұрып жан-жағына қара дейтініміз содан,

қазақ 15-ті алып, осы алақандай жерге мал бақпақ, бұған мал бағылмай-

ды»'. Осы ой-пікірі арқылы Ә. Бөкейханов қазақтарға отырықшы норма-

ньщ өздері үшін тиімсіз екенін ескертеді.

Ә. Бөкейханов К. Маркстің бірнеше еңбектерін оқып, қазақ тіліне

аударған еді. Алайда, оның таптар қүресі қоғамдық дамудың бірден-бір

көзі деген ілімін, ондағы төңкерістің релі туралы қағидасын мойындама-

ды. Демократиялық жағы басым болғандықган Ақпан төңкерісі халқына

тендік әпере ме деген үмітпен уақытша үкіметгің қызметіне зор қызығу-

шылық танытты. Сондықтан ол жаңа биліктің Торғай облысы бойынша



комиссары болуға келісімін берді.

Алайда, Ә. Бекейхановтьщ Ақпан төңкерісінен күткен үміті ақтал-

мады. Кадет партиясының лидері бұратана халықтарға, соның ішінде

қазақтарға автономия бермейтінін, Ресей империясының тұтастығын сақ-

тайтындығын ашық айтты. Осы себептен Ә. Бөкейханов аталмыш партия-

ның қатарынан шығып, қазақтың мүддесін көздейтін өз алдына жеке сая-

си партия құру қажеттігін түсінді және бұл идеясын жүзеге асыру үшін

жер-жерде съездер өткізуді қолға алды. Жалпы қазақ съезі шақырыльш,

ол «Қазақ саяси партиясын» құру туралы шешім қабылдады. Сол шешімнің

негізінде Алаш партиясының жергілікті комитеттерін құру процесі жүрді.

Торғай, Ақмола, Семей, Орал және Жетісу облыстық партия комитеттері

құрылып, халық арасында саяси жұмыстар жүргізді. Қоғамда қалыпта-

сьш отырған объективті жағдайларды ескере келе, Ә. Бекейханов баста-

ған қазақ саяси қайаткерлері Орьшбор қаласында жалпы қазақ съезін

шақырып, онда қазақ мемлекеттігі туралы мәселені қарады. Съездің

шешімі бойынша Алашорда деп аталатын «Үлт кеңесі» құрылып, оның

құрамына 15 адам сайланды. Ә. Бөкейханов көпшілік дауыспен осы

өкіметтің төрағасы болып сайланды. Съезд қазақтардың шығу бір текті-

лігін және орналасу жағдайын есепке алып, Алаш автономиясының құра-

мына Бекей ордасының Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария

облысының Ферғана, Самарқан облысының Әмудария аймағының,

Закаспий облысының қазақгар мекендеген уездерінің, Алтай губерния-

сының кейбір облыстарының енгенін мәлімдеді. Съезд мемлекетгік жүйені

---------------------------------------



1. Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы: Қазақстан, 1994. 19-6.

2. ӘбдімановӨ. Қазак газеті. Алматы, 1993. 106-6.

102


кұруға, оның институттарының атқаратын функцияларына да тоқталды.

Өйткені бұл мәселелерді анық шешпейінше өкімет билігін жүзеге асыру

мүмкін емес еді. Сондықтан съезд аталмыш мәселеге зор маңыз берді.

Мемлекеттік жүйені құруда алдыңғы қатарлы елдерде қалыптасқан мемле-

кеттік жүйенің озық тәжірибесін ескере отырып, кейбір мәселе бойын-

ша жаңа озық шешім кабылдады. Съезде тек жер мәселесі қаралмады.

Бірақ съезд делегатгарына бұл мәселе бойынша Алашорда өкіметінің ұста-

ған саясаты партия бағдарламасының жобасынан, оның лидерлерінің



«Қазақ» газеті бетінде жариялаған мақалаларынан белгілі болатын. Атал-

мыш құжат пен туындыларда Алашорда өкіметінің жер саясатының мән-

мазмұны, оның негізгі бағьптары тұжырымдалған еді:

— қазақ автономиясында жерсіз қазақ бұқарасы жер еншісін альш

болғанша қоныс аударушылар тоқтатылуы тиіс. Жер үлесін алдымен пат-

ша заманында ата қонысынан ығыстырылған жергілікті халық алуы керек;

— қазаққа жер кесілгенде ауылға, ұлысқа, руға, өздерінің тілегіне қарай

бөлінсін. Жерді бірге алған ру, ауыл, болыс өз ішінде тәртіп орнатып,

әділеттілікпен пайдалансын;

— жерді сатуға тыйым салынады. Үлестен артылған жер мемлекет

қазынасы аталып, оның билігі жұрт мекемесі қолына етеді;

- Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі, суы, астындағы кені Алаш

мүлкі болып табылады'.

Алайда, Ақпан төңкерісінен кейін ел ішінде қалыптасқан әлеуметтік-

саяси жағдайлар Алаш өкіметінің алға қойған міндеттерін жүзеге асы-

руға кедергі болды. Тіптен Алашорда өкіметінің өмір сүруін тоқгатуға

ықпал етгі.

Сайып келгенде, Ә. Бөкейхановтың саяси-әлеуметгік көзқарастары

Қазақстанда әлеуметгану ғылымының іргетасын қалауда үлкен рөл аткарды.

Алаштықтардың ұлттық сипатта жүзеге асырмақ болған бағдарлама-

ларын кеңестік дәуірде іске асырмақшы болған көрнекті қоғам және мем-

лекет қайраткерлері: Т. Рысқұлов, С. Қожанов, С. Садуақасов, Ж. Мың-

баев, Ы. Мұстамбаев, Н. Нұрмақов, М. Әуезов, т.б. шықты. Бұлардың

әлеуметтанулық көзқарастары арнайы қарастыруды қажет етеді.

ХІХ ғасырда әлеуметгану ғылымын қалыптастырған ойшылдардың

тұжырымдамаларын, ой-пікірлерін XX ғасыр әлеуметтанушылары одан

әрі дамытып, жаңа теориялар мен ағымдар пайда болды.,

1.Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы: Қазақстан, 1994. 53—54-6.

103


БЕСІНШІ ТАҚЫРЫП

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет