Қазақстан республикасы



бет7/26
Дата11.01.2017
өлшемі10,98 Mb.
#6831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың

бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды.

Тарихи даму деңгейі феодалдық-рулық сатыны сақгаған қазақ қоғамын

мейшінше жетік білетін ол: «Осы дарынды, ақыл иесі мол халыққа қазір,

кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс ба-

ғыт беру, қалай дегенмен, аса қажет больш отыр» - деп, қазақтардың

неге мұқтаж болып отырғанын дәл тауып жазды. Ыбырай Алтынсарин

осы міндеттерді дұрыс шешу арқылы ғана қазақ қоғамының өркениетгі

елдер қатарына қосылатынына кәміл сенді. Осымен байланысты қазақ-

-----------------------------------------------------------



' Валиханов Ч. Ч. Собр. соч.: В 5-т. Т. 4. Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1984. С. 95.

Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Алматы, 1988. 159-6.

81

тарға білім беруді қолға алатын маңызды шаралардың біріне, дамудың



негізгі құралына балады. Білімсіздіқтің етек алуынан қазақ қоғамын на-

дандық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім алуға шақырды.

Сондықган да ол өзінің жиырма бес жылдық өмірін жеткіншектерге білім

беруге арнады.

Ы. Алтынсарин жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады,

қазақ балаларына арнап оқулықгар, оқу құралдарын және әдістемелік

кітаптар жазды. Ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруа-

шылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені Ы. Алтьшсарин



қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылым-

мен байланыстырған. Сондықтан да ол: «Мектеп - қазақтарға білім

берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз - қазақ халқының келешегі

осында, тек осы мектептерде ғана» деп жазған болатын.

Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектеп ашумен бірге, онда

қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айт-

қанда, мұғалімдерге аса зор мән берген: Ол мектептегі ең басты тұлға -

мұғалім деп есептеген. Мектептің материалдық-техникалық базасы мық-

ты болғанымен, бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы, деп есептеген.

Сол үшін де ол: «Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы. Тама-

ша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият

жүргізілген инспектор бақылауы да жақсы оқытушыға тең келе алмайды.

Сондықтан да жаксы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат

көремін», деген болатын. Ол мектепке қажетті мұғалімдер даярлау мәсе-

лесін, олардың кәсіби білім деңгейінін заман талабына сай болуын, тұрмы-

стық жағдайларының жақсы болуып көкейкесті проблемалар қатарына

жатқызып, бұлардың онды шешілуін талап етті, олардан оқытушының бе-

делін, қоғамдағы рөлі мен статусын жоғары көтеретін факторларды көрді.

Мектепте оқушының бойында қоғамға керекті тұлғалық сапаларды

негізінен қалыптастыратып, тиянақгы білім беретін тек жақсы оқытушы

ғана қызмет істеу керек деген қорытынды жасайды. Ы. Алтынсарин осы

идеяларын жүзеге асыру үшін тынбай еңбек етті. Оның ұсынысы бойын-

ша Ор қаласында мұғалімдер даярлайтын тұңғыш мектеп ашылды. Ұлы

ағартушы қазақ жастарына кәсіптік білім беретін, қолөнер, ауылшаруа-

шылығы училищелерін ашуды қолға алып, оны бітірген мамандар қазақ

халқының экономикалық өркендеуіне зор үлес қосады деген сенімде

болды. Соның негізінде Торғайда қолөнер училищесін іске қосты.

Ы. Алтынсарин сол мектептердің шаруашылық істеріне де ерекше

көңіл бөліп отырған. Бұл жөнінде ол: «Мектептің шаруашылық жағ-

дайлары жаман болса, оның ісі еш уақьпта да оңға баспайды, пайдалы

еш нәрсе бермейді, оның оқушылары да, оқытушылары да істен күдер

82


үзіп кетеді», — деп жазды. Бұдан жүз жыл бұрын жазған бұл сөздері осы

уақытқа дейін өзінің маңызын, актуалдылығын жоғалтпай келеді.

Өйткені қазірдің өзінде де халыққа білім беру, мектептердің материалдық-

техникалық базасын нығайту реформаның маңызды шараларының бірі

болып отыр.

Ыбырай қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылған алғашқы

мектептердің негізін қалаушылардың бірі болды. Осы өзі ашқан мектеп-

тер мен онда дәріс алатын шәкірттерге арнай оқу құралдары мен әдістеме-

лік нұсқау-кеңес еңбектерін жазып, білім беру мен тәрбиені жүйелі

жүргізетін мектепті маңызды қоғамдық институтқа балап, педагогикалық

әлеуметтанудың іргетасып елімізде қалаған ағартушы. Оның жазған

кітаптары білім беру тарихында алғашқы қазақ оқулықтары ретіңде әділ

бағасын алды. «Мақгубат», «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақгарға орыс тілін

үйретудің бастауыш құралы» атгы төл шығармалары — бүгінде қолға алы-

нып, жарыққа шығып жатқан ұлттық оқулықгарды қалыптастырудың

үлгісі болатын құнды туындылар.

Өзінің осы оқу кітаптарында танымдық, тәрбиелік мәні зор көптеген

өлендер мен әңгімелер жазып қалдырды. Ы. Алтынсарин өз шығармала-

рында мектептегі білім беру ісі мен тәрбие жұмысын біртұтас процесс

ретінде көрсетіп, олардың қоғамда атқаратын функцияларына тоқгалды

және мектепгің проблемаларын жүйелі әрі кешенді шешіп отыруды үйретгі.

Ол ағартушы-демократ ретінде патша өкімегінің отаршылдық саяса-

тына, жергілікті өкімет орындарының озбырлық істеріне наразылық та-

нытты. Қазақ халқының қамын жеп, мүддесін қорғады.

Көшпелі қазақ елін отырықшылық өмірге көшуге, тек мал шаруашы-

лығымен ғана емес, егіншілікпен де айналысуға, бау-бақша отырғызуға,

қолөнеріне үндеген. Дінді зерттеді.

Өзінің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегінде ол ислам ту-

ралы объективтік түсінік беруге ұмтылыс жасады. Ол ислам негіздері

жөніндегі қолда бар кітаптың «ешқандай да жүйесі» жоқгығың, тіпті

«көпшілік жағдайда мән-мағынасын» сақтамайтындығын, «араб жазуы»

мен «құран заңына» оқыту ісін көбінесе шала сауатты адамдар жүргізе-

тіндігін айтып, мұның бәрі қазақтың жас ұрпағына «бүгінгі танда жағым-

сыз ықпал етіп отыр, ал келешекте одан да бетер әсер етуі мүмкін»' деп

жазды. Осыған байланысты Ы. Длтынсарин мұсылмандық шариғатты

оқиды да, «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабын жазып шығарады. Бұл

кітабында ол мұсылмандық құқық пен өсиетінің, діни жарлықгары мен

салт-жораларының ережелерін объективті түрде баяндап берді.

----------------------------------------------------

Алтынсарин Ы. Шығармалар жинағы. 3-т. 78-79-6.

83

Ислам ережелері бойынша адам құдайға құлшылық етіп, құран ере-



желерін орындауы керек. «Байлық, кедейлік, білім, надандық құдайдан

таралатынына сеніп керегі жоқ, - деп жазды ол, - еңбек етіп, оқу керек.

Егер сен білім алсаң, дандайсыма, балаларды оқытып, оларды прогресс

пен әділет жолына бағыттауға тырыс»'.

«Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабын жазғандағы келесі бір мақ-

саты қазақ оқу орындарында қазақ тілін татар тілінен қорғап қалу еді.

Өз шығармаларында тілге сіңісіп кеткен діни «қыдыр», «дәуіт», «әулие»,

«алла», «жаратқан», т.б. сөздерді қолданған.

Ойшыл дін тарихын адамның әбден жетілген өнегелі дағдысынан алынған,

өзіндік құндылығы бар исламның ғибратты өсиетгерін білу үшін ұсынды.

Ы. Алтынсарин қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын әлеуметтік-

білімдік құрылымы арқылы ғана қарастырып қоймаған, оның әлеуметтік-

таптық құрылымына да көңіл аударған. Қазақ қоғамының кесіңдісі ретінде

Торғай облысының халқын алып, оны әлеуметтік зерттеу объектісі етеді.

Зерттеу нәтижесінде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында мүліктік

қатынасына қарай үш әлеуметгік топтың болғанын дәлелдейді. Ол жыл-

қысының саны 300—400, қойы 400—500, түйесі 20- 40, мүйізді ірі қарасы

50—60 басқа жеткен мал иелерін байлардың қатарына қоспай, оларға орта-

ша шаруа деп қараған. Бай атану үшін, сондай статус алу үшін аталмыш

түліктер бұл әлеуметтік топта жүздеп емес, мыңдап саналған дегенді мез-

гейді. Ал қарапайым шаруалардың, дәлірек айтқанда, кедейлердің (жа-

тақтардың) санатына мүйізді ірі қара малы 10-15 бастан, жылқысы 4—5 жә-

не қойы 20-30 бастан аспаған адамдарды жатқызған. Солай дегенмен де,

мал шаруашылығының тиімсіздігін дәлелдеп, жұттың халықтың әлеу-

меттік жағдайын төмендетіп жіберетінін жазды. Оның пікірінше, мал

шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін отырықшылыққа көшу ке-

рек және бұл кезде егіншілік те дамиды. Шаруашылықтың отырықшы-

лыққа көшірілуін қазақ халқын прогреске апаратын маңызды тәсіл деп

қарады. Отырықшылыққа — қолөнерді дамытушы фактор, деп қарады.

Қолөнердің дамытылуы үй тұрмысына, жалпы шаруашылыққа қажетті

едеттегі бұйымдарды өндіру үшін керек, ал қазақтардың осындай заттар-

ды іздеп алыстағы сауда орындарын жағалауы, малдан алынатын өнім-

дердің құнын кемітіп, еріксіз қажетті нерселерге айырбастауы немесе

сатьш алуы осы саланың дамымауының салдары еді.

Орыс, татар, Бұқар көпестеріне теріні 30 тиыннан 2-7З сомға, 1 пұт

майды 2—3 сомға сататын. Осы шикізаттарды өнделгеннен кейін қазақ-

----------------------------------------------------------------

Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. Қазақ... 1884. 55—57-6

Алтынсарин Ы. Үш томдық шығармалар жинағы. 2-т. Алматы, 1976. 98-6.

84

тар қала базарынан етік былғарысын 6-10 сомға, майдан жасалған 1 пұт



шырақты 6—7 сомға сатып алатын. Тіптен саз балшықтан кұйылған

кірпіштер үшін де башқұрт, татар, орыс қазақтарымен саудаласатын'.

Отырықшылықтың тиімділігін Ы. Алтынсарин оқу процесімен де бай-

ланыстырады. Отырықшылық оқу процесінін үздіксіздігін, мектептердің

тұрақгы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп түсінді.

Қазақ қоғамында ертеден калыптасқан әдег-ғұрыптар көптеп саналады.

Ы. Алтынсарин олардың адамдар арасындағы байланыс пең қарым-қаты-

настарын нығайтудағы рөлін зерттеп, оның нормалық маңызын ашып

көрсетеді. Ол әсіресе қазақгардың құда болу салтына ерекше мән беріп,

одан қоғамды нығайтудың бірден-бір маңызды факторын байқады.

Ы. Алтынсарин отбасының қазақ қоғамында ерекше міндеттер атқа-

ратындығына зор мән беріп, ата-аналардың ұл-қыздарын атастыру, неке-

лестіру салт-дәстүрін отбасының тұрақтылығын сақгаудың, туыстық қаты-

настарды нығайтудың құралы ретінде сипатгайды. Сонымен қатар қазақ

жұртында сегіз атаға дейін жақындарының бойжеткен қызына үйленбеу

салты әлеуметгік нормаға айналғанын атап көрсетеді.

Ы. Алтынсарин айтып отырған әдет-ғұрып, дәстүр нормалары қоғам-

дық мүдделерден шыға білген.

Ыбырайдың әлеуметтану тұрғысынан қарастырған мәселелері, оның

нәтижелері әлемдік әлеуметтану үшін аса маңызды. Ыбырайдың заман-

дасы ұлы ойшыл Абайдың қазақ қоғамы туралы пайымдауларының да

маңызы зор болды.

3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері

Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың

революцияшыл-демократгары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының

еңбектері ықпал етті. Абай: Г. Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеу-

меттанулық туындыларымен танысып, оның эволюциялық теориясын

қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелілігі туралы ой Абайдың

өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады. «Жиырмасыншы қара

сөзінде»: «Дүние бірқалыпты тұрмайды» десе, өлеңінде: «адамзат күнде

өзгерер» дей келіп, патриархалды-феодалдық құрылысты басынан өткізіп

жатқан қазақгардың жаңа қоғамға өтеріне зор сеніммен қарайды.

Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы

екенін білетін Абай, бұғаудағы қазақгардың жағдайын «Осы мен өзім -

қазақпын» деп басталатын «Тоғызыншы қара сөзінде» баяндайды: «Мен

-------------------------------------------------



Алтынссрин Ы. Үш томдық шығармалар жинағы. 2-т. 108-6.

Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. 174-6.

85
өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да, ішім өліп

қалыпты. Ашулансам — ызалана алмаймын. Күлсем — қуана алмаймын.

Сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі.

Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін ...» Ол патриархалдық-рулық

құрылыстын сақталуына қынжылды. Өйткені патша үкіметі ру басыла-

рын бір-біріне айдап сальш, өзінің отарлау саясатын тоқтаусыз жүргізіп

жатқан еді. Бодаңдықган құтылудың жолын надандықгы жоюдан көрді.

Ол үшін халқын оқу, білім, ғылымды меңгеруге шақырды. Ғылымды үй-

ренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады. Оның

пікірінше, бақастық адамды түземейтін, керісінше, оны бұзатын нәрсе,

әсіресе ол адамгершілікті азайтатын құбылыс екенін ескертеді. Қазақ

қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымын қарастырьш, оның байлар мен

кедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің мүліктік теңсіздіктен туындағанын,

мүліктік теңсіздік бай мен кедей арасындағы мүдденің алшақгығын қалып-

тастырып, әлеуметтік қарама-қайшылыққа соқтыратынын былайша

түсіндіреді:

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы...

Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,

Артық қайыр артықша қызметке орай.

Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ,

Андыстырған екеуін құдайым-ай!'

Қазақ қоғамы тек байлар мен кедейлерден ғана тұрмады. Ел билеу

жүйесінде жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, халыққа әкімшілік жа-

сау болыстардың, т.б. билігіне өтті. Атқамінерлер көбейді. Патша өкіметі

осы топ арқылы еңбекші халықты қанап, тонап отырды, олар қоғамның

әлеуметтік дамуына тұсау болды.

Абай ел билеушілерін сайлаудың оң құбылыс екенін түсінді. Алайда,

оның да ел шырқып бұзатын келеңсіз жақтары бар екенін айта келіп, одан

ел бірлігіне нұқсан келтіретін мотивті көре білді. Ғұлама Абай өзінің

«Болды да партия», «Мәз болады болысың», «Болыс болдым, мінеки», «Бөтен елде бар болса» атты өлендерінде аталмыш мәселені үлкен

әлеуметтік проблема ретінде көтереді.

Орыс айтты өзіңе ерік берем деп,

Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп,

Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,



Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп?

-----------------------------------------------------------------------



'Абай. 2 томдык шығармалар жинағы. 1-т. Алматы, 1986. 69,70-6.

86

Сөйтіп, империялық «бөліп ал да, билей бер» саясатынан шыққан



билікқе сайлаудың себеп пен салдарын бағамдайды.

Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәсе-

лелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап - биік жар-

тас...» дей келіп, оны билік, байлық, білім деңгейі, т.б. айқындайтынын

түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жо-

ғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң

тағы қайыршылыққа түседі»'. Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке

өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивидтің әлеуметгік жағдай-

ының өзгеруімен байланыстырады. Қазақ қоғамында байдың малы жұтта

қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің

орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес

еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік

занды процесс болды.

Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен бай-

ланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтік мәнін түсіндіреді. Ғұламанын

шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құнды-

лықтарды шығару көзі, халықгың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы

ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт арасында еңбекке қатысты қалыпта-

сқан немқұрайлылық, еріншектік, жалқаулық сияқгы келеңсіз құбылыс-

тардың әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі

болып отырғанын, халықгың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының

төмендігін айта келіп, халықгы аянбай жұмыс істеуге шақырды. Кедей-

ліктің мотивін еңбексіздіктең іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ

кедей, тамақ андып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла жазды. Еңбек етуші

адамға шаруашылық жүргізгенде «жинақылық керек, әрбір жинақылық

түбі кеніш болады» деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені

ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен

шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан

шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше

мән берген Абай:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған,

деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды

еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқгажын

қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді.

--------------------------------------------------------

1.Абай. 2 томдық шығармалар жинағы. 2-т. Алматы, 1986. 107-6.

2.Бұл да сонда. 100-6.

3. Бұл да сонда. 157-6.

87

Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның



белгілі бір бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсыз әлеуметтік сал-

дарын ашып көрсетті.

Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа үйір етеді деп ескертті'.

«Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық

қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдын тапшылығы да, ағайынның аразды-

ғына да әр түрлі бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрсе-

лерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе». Ұлы ойшыл жұмыссыздық-

тың материалдық жоқшылыққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып,

оның адам мінез-құлқын өзгертетінін айтып, адамды хайуандандырып жі-

беретінін ескертті. Адамның бәрінде жаманшылыққа қарсы тұра алатын

күш-қуат, жігер табыла да бермейді. Сондықган да Абай «Жаманшылыққа

бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем бо-

лады» деп жазды. Жұмыссыздықты ел ішінде тоқтату жолдарымен қатар,

сырт елдерге барып жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үміт-

пен қарады. Ол «малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік



күн болар ма екен?» деп армандады. Абайдың бұл пікірі бүгінгі қоғамда

жұмыссыздықгың салдарынан қалыптасқан келеңсіз әлеуметтік жағдай-

ларды: қылмыстың өршуін, қайыршлықтың, нашақорлық пен маскүнем-

діктің, жезөкшеліктің, т.б. мәнін сол кезде-ақ көріп тұрғандай айтылға-

ны анық.

Абай қазақ қоғамын дамытудың құралы халыққа білім беру, оларды

ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақ-

сартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкіл

прогреске жеткізетін жол деп түсіндірді.

Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара ал-

маймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп,

ақылмен білеміз.

Абай осы тұжырымын «Отыз сегізінші сөзінде» тереңдете келіп, ғы-

лымның, білімнің пайда болып, қалыптасуын және оның әлеуметтік рөлін

былайша пайымдайды: «Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа

құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табы-

лады».

Абай ғылымда абстрактілі ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің



маңыздылығын атап көрсетеді және ғылымда қолданылатын бақылау

әдісінің рөлін мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі бар, оның өлшеуін

1.бай. 2 томдык шығармалар жинағы. 2-т. Алматы, 1986. 158-6.

2.Бұлдасонда. 164-6.

88

білу - бір үлкен керек іс деп, ғылым танудың маңызды принципін негіздейді



және жолын байқатады.

Ғылымның бірден-бір мақсаты — қоғамды қажетті ақпаратпен қамта-

масыз ету: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұна-

мсыз қалпымен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ақпаратты «көп

жинағаны бар адам» сынап, орындысын, орынсызын - бәрін де бағанағы

жиған нерселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп харекетке түс-

кен адамды ақылды дейміз».

Абай ғылыми зерттеулер кәсіби деңгейде жүргізілгенде ғана жақсы

нәтиже береді деп түсінді. Абай статистикалық мәліметтердің ғылым үшін

маңыздылығын жақсы білгендіктен, оны санақ мәліметгері қатты қызық-

тырған. 1878 жылы құрылған Семей облыстық санақ комитетіне өмірінің

соңына дейін мүше болған. Статистикалық мәліметтер қоғамда жүріп

жатқан процестер туралы анық, әділ, ғылыми деректер беретін болған-

дықтан, Абай Қоңыр-Көкше еліне болыстың управителі сайланып, өзі

басқарып отырған болыстың жәй-күйін баяндайтын статистикалық мәлі-

меттерді өз қолымен жазып, облыстық басқармаға жіберіп отырған:

«1876 жылдың аяғында болыста 4163 еркек, 3393 әйел. Қыстайтын жерлер

саны - 1004, оның 469-ы тастан, кірпіштен қаланған қыстауларда, 535-і киіз

үйде қыстайды. Болыста 900 тұйе, 4500 жылқы, 1350 ірі қара мал, 30150 қой-

ешкі», — деп жаза келіп, одан қанша төл алынды, қыста өлгені, тамақ үшін

пайдаланғаны, т.б. көрсетеді де, болыстағы егін шаруашылығының жай-

ын баяндайды: «19 шаңырақ егін шаруашылығымен шұғылданады.

Суарылатын егіндік жерге қара бидай мен бидай 20 қап, тары мен сұлы

8 қап себіліп, одан 130 қап қара бидай мен бидай, 24 қап сұлы өнімі алын-

ды. Суару жүйесі Мұқыр, Тақыр өзендеріне салынды, бір су тиірмен бол-

ды. Бұл болыстың адамдары өздеріне керекті 2104 қап астықты Семейден

сатып алды». Абай елдің әлеуметтік-экономикалық хал-жайын: мал, егін

шаруашылығын, елдің әлі де жартылай көшпелі, жартылай отырықшы

күйде қалып отырғанын терең сезінді. Мұндай жағдайда өркениетгі ел-

дер дәрежесіне қосына алмайтынын білді, Ол ғылым мен білімнің маңыз-

ды функциясы адамда тұлғалық қасиетгерді қалыптастыру деп санады.

Қоғамның болашағы саналатын жастарға бағьптап жазған өлендері мен

қара сөздерінде оларды жағымсыз жәйттерден сақгандырып, жақсылыққа

ұмтылу керектігін түсіндіріп, тұлғаны қалыптастыратын қасиеттерді бел-

гілеп берді. «Ғылым таппай мақганба» деген өлеңінде Абай:

1. Абай. 2 томдық шығармалар жинағы. 2-т. Алматы: Жазушы, 1986. 162-6.



2.Бұл да сонда. 160-6.

3. Бейсенбаев М. Абай және оның заманы. Алматы, 1988. 14-6.

89

Бес нәрседен қашық бол,



Бес нәрсеге асык бол,

Адам болам десеңіз...

Өсек, етірік, мақганшақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ —

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап кой -

Бес асыл іс, кенсеңіз, —

деп, адамды тұлға етерлік әлеуметтік қасиетгерді саралап көрсетеді. Ол

тұлға мәселесін әлеуметтендіру процесімен ұштастырады. Әлеуметтен-

дірудің негізгі агенттеріне Абай баланың ата-анасы, ағайын-туыстарын,

білім мен ғылым орындарын, дін мекемелерін, т.б. жатқызады. Осы агент-

тер арқылы әлеуметтендіру процесі жүзеге асады, соның нәтижесінде

тұлға қалыптасады.

Абай дінге қоғамның маңызды институты ретінде қарады. М. Әуезов-

тың пікірінше, Абай үшін дін адамның жеке басының моральдық жеті-

луінің құралы болған'. Абай дін мәселесін өзінің өлендерінде, қара сөзде-

рінде алға тартып, оның әлеуметтік мәнін, мазмұнын ашады. Дінге беріле

сенеді. «Алланың сөзі де рас, өзі де рас» деп, құдайдың барлығына жұртты

мойындатуды жөн санайды. Өйткейі сол тұста өмір сүрген қыр қазағы

дінді жете қабылдай қоймаған-ды. Оның үстіне ана тілімізде шыққан діни

кітаптар жоқтың қасы еді. Абай осы олқылықтың орнын толтыру мақса-

тында «Отыз сегізінші сөзін» жазып, намаз ғибраттарына жеке-жеке тоқ-

талып, әрқайсысының мән-мағынасын ұқтырды. Дін үнемі арлылық,

әділеттілік пен имандылықты уағыздаушы деп түсінді. Абайдың пікірінше,

имандылық - адамдық сапаның маңызды өлшемі. Ал иманның өзі бірнеше

элементтерден тұрады, оның негізгісі ұят. Ұяты бар адам ұялғанда адамға

қарай алмайды, тіптен көзі бұлдырап маңындағыны көре алмайды. Осы-

лайша ұялған адамға өкпенді кешпеудің өзі ұят. Ұяттан қысылған адам-

ды одан әрі ұялтатындай сөз айтудың өзі адамшылыққа жатпайтын қылық.

Абай ұят түсінігі арқылы иманы бар адамның мінезін анық суреттейді.

Демек, Абай ислам дінінің тәрбиелік рөлін жоғары бағалаған. Абай-

ды ислам дінімен қатар өзге де діндер қызықгырып, будда дінінің он пары-

зымен танысқан. Аталмыш парыздың да алға қойған мақсаты адамды түзу

жолға салу болғандықтан, ұлы ойшыл оларды ерекше құндылық ретінде

қабылдаса керек.

Қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен, әлеуметгік әділетсіздікпен күрес-

кен Абайға:

-----------------------------------------------------------

1.Абай. 2 томдық шығармалар жинағы. 2-т. Алматы: Жазушы, 1986. 183-6.

90


1) Өмірді өлтірме, қор қылма, сыйла;

2) Ұрлама, тонама, еңбегіңнің пайдасын әркімге тигіз;

3) Арамдықтан сақтан, әйелден аулақ бол;

4) Өтірік айша, шындықгы айтуға қорықпа, бірақ ақиқатпен айт;

5) Жаныңнан өсек шығарма, біреудің айтқанын біреуге айтпа;

6) Ант ішпе;

7) Бос сөзге уақыт бөлме, орынды сөйле, әйтпесе үндеме;

8) Мақтан қума, күндеме, жақыныңның жақсылығына қуан;

9) Жүрегінді ашудан тазарт, дұшпаныңды жек көрме;

10) Сенімсіздіктен құтыл, хақиқатты ұғуға тырыс' - деген будда нор-

малары өз дүние танымындай болды. Бұл парыздар ойшылдың шығарма-

ларынан айқын аңғарылады.

Сөйтіп, Абай діннің қоғамдық институт ретіндегі атқаратын функ-

цияларының арасынан тәрбие фунқциясын жоғары қояды.

Абайдың шығармаларында демократиялық мемлекет құру идеясы

негізделген. Оның демократиялық мемлекеті қазіргі қоғамдық ғылымдар

тілімен айтқанда азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет. Абайдың

пікірінше, азаматтық қоғамда әділеттілік принципі үстем болуы керек,

тұлға құқығы мен бостандығы қорғалуы тиіс, биліктің көзі халық болуы

қажет, билікке лауазымды адамдар сайлануы керек т.б. принциптер жүзе-

ге асырылуы қажет.

Мемлекетте заңның бәрінен жоғары болуын, адамдардың бәрі бірдей

заңға бағынуын талап етеді, азаматтардың бостандығы мен құкығының

жүзеге асырылуын қолдайды, кім болса да занды орындауы қажет деп

санайды.

Демократиялық көзқарастарына сәйкес, Абай қоғамдық даму деңгейі

артта қалған ұлтымыздың әдеттегі құқықгық институттарының кереғар

тұстарын батыл сынға алып, олардың әлеуметтік мәні зор баптарын өмір

талаптарына қарай бейімдеуді талап етті. Осы талапты іске асыруды өзі

қолға алды.

Абайдың өзі жазған Ереженің мазмұны 74 баптан тұрады. Бұл — құқық

әлеуметгануына елеулі үлес қосқан маңызды құжат. Абай орын алған ескі

құқықтық жүйені өзгерту және ислам діні орнықгырған шартгарды қоғам-

дық өмірге сай бейімдеу арқылы азаматгық, қылмыстық, тұрмыстық, неке

және басқа да шарттарды, көне заманнан бері пайдаланынып келген әдет-

тегі құқық нормаларын барынша толықтырды және дамытты.

Мемлекетгік биліктің тармақтарға бөлінуіне, олардың атқаратын мін-

детгеріне назар аударады. Заң шығаратын органға ең жоғары биліктің



бай. 1996. №2. 48-6.

91

формасы ретінде қарап, оның қабылдаған заңдарының әлеуметтік, т.б.



салаларды дамытуда тиімді рөл атқаратынына үміттене қарайды. Қазіргі

саясат әлеуметтануында қолданылып жүрген парламент ұғымы Абайдың

түсінігінде — басалқа. Оның қабылдаған заңы халықты әлеуметгік-эко-

номикалық және саяси қиыншылықтар мен тоқыраулардан алып шыға-

тын аса маңызды құрал. Сондықган ол «басалқаңыз бар болса, жанған

отқа күймейсің»' деп түйеді. Абайдың түсінігінде оның шығарған заңда-

ры қоғамдық өмірдің барлық саласында үстем болуы тиіс және заң ал-

дында бәрі бірдей жауапты болады, соның негізінде демократия дамып,

билік ету жүйесі жетілдіріледі. Абай осы идеяларын «Отыз жетінші се-

зінде»: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп

болмайды деген кісінің тілін кесер едім», — деп тұжырымдайды.

Абай қабылданар заңның ғылым мен халықтың пікіріне сүйенуі тиіс

деп отырып, оның қоғамды өзгертудегі және мемлекеттің функциясын

дамытудағы рөлін бағамдайды.

Саяси биліктің тармақтарға бөлініп, бірінің міндетін бірі қайталамай

орыңдалуына көңіл аударады. Соттың басқа билік тармақтарынан дер-

бестігін қолдады. Әсіресе соттың қабылданған заңның дұрыс орындалуын

қадағалау функциясын мейлінше қолдады. Мемлекет тарапынан адам

құқығының тиімді қорғалуына Абай ерекше назар аударып, «Күлімбайға»

деген өлеңінде құқық нормаларын бұрмалаушылыққа, заңсыздыққа қарсы



шықты.

Бұрынғыдай дәурен жоқ,

Ұлық жолы тарайды.

Өтірік берген қағаздың

Алды-артына қарайды.

Өз қағазы өз көзін

Жоғалтуға жарайды.

Тауып алып жалғанып,

Қылмысынды санайды.

Өзі залым закүншік

Танып алды талайды.

Көрмей тұрып құсамын,

Темір көзді сарайды.

Сот өзіне жүктелген міндеттерді жақсы орындау үшін судьяларды сот



қызметіне өмірлік етіп сайлауды жөн санады.

«... Әрбір ... елден толымды-білімді... кісі билікке жыл кесілмей сай-

ланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінгендіктен түссе, әйтпесе

түспесе» деп жазды ұлы ойшыл («Үшінші сөз»). Үкімнің әділ болуын жақ-

-----------------------------------------------

1. Абай. 2 томдық шығармалар жинағы. 2-т. Алматы: Жазушы, 1986. 155-6.

92

тады. Сот үкімі заңға үйенген, фактілермен дәлелденген болуы тиіс деп



түсінді.

«Кез келген үкімнің яки жазықтылықты, яки жазықсыздықты анық-

таудың негізінде өзінің бүкіл жиынтығымен фактілер жатуға тиіс» деп

тұжырым жасап, сот қызметінің басты функциясын ерекшелейді.

Абай заң шығарушы орган, сотпен қатар биліктің маңызды бір тар-

мағы саналатын атқарушы билікке де зер салып, оның өз міндетін тиімді

атқаруы үшін: »жарлық қолында бар болуы керек» («Қырық бірінші сөз»), —

деп түйіндейді.

Абайдың ойынша, мемлекет атқарушы билікті күшейтуі қажет. Ол

үшін өзіне жүктелген функцияларды ұтымды атқара алатын, халқының

сеніміне ие болған, арнайы басқару білімі, тәжірибесі мол тұлғалар ат-

қарушы билікті жүргізуі керек. Ол: «Сатып алған, жалынып, бас ұрып

алған... биліктің ешбір қасиеті жоқ» («Жиырма екінші сөз») деп, билікке,

басқару ісіне рулық туыстық-таныстық негізде тағайындауға үзілді-кесілді

қарсы болғанын байқатын, оның жағымсыз, қоғамды тоқырататын құбы-

лыс екенін мегзеді.

Абай саяси және құқықтық әлеуметтану көзқарасында бюрократтық

көріністерге талдау жасап, бюрократияны қалыптастыратын мотивтердің

негізіне надандықты, білімсіздікті, өркөқіректікті және менмендікті альш,

бұлардың келеңсіз құбылысқа соқгыратынын жасырмады. Ел басшысы,

мемлекет қызметкерлері халыққа тек жағымды қасиеттерімен ғана таны-

луы тиіс. Бұл қасиеттерді бюрократтық жағымсыздықгардан аман сақ-

тайтын маңызды факторлар деп қарайды. Сондықган Абай «Куанбаңдар

жастыққа» деген өлеңінде саяси билік жүргізетін тұлғаларға:

Сыпайы жүр де, шаруа ойла,

Даңғайлатып қаптықпа, -

деп ақыл-кеңес береді. Атақ-дәрежеге, лауазымды қызметке тоқгауы бар

құбылыс ретінде қараған. Оның бүгін бар да, ертең жоқ болатын нәрсе

екенін, сондьгқтан қызметкердің өз кісілігін сақтауын ескертеді.

Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан-жақты

етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарас-

тырады. Сондықтан ол «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман

болса, замандасының бәрі виноват» деген ой түйіндейді. Бұл жерде Абай

адамның (индивидтің) қоғаммен қарым-қатынасын, байланысын терең

сараптай келіп, оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлді атқа-

рушы етіп көрсетеді. Бұл көзқарасын жалғыздық туралы ой-пікірмен

терендете түседі. Оның тұжырымы бойынша, «Дүниеде жалғыз қалған

-----------------------------



' Өзбекұлы С. Абай және адам құқы. Алматы: Жеті жарғы, 1995. 17—18-6.

93

адам — адамның өлгені». Адам қоғамнан тыс бола алмайды, әрдайым



қоғамды қажетсінеді. Сондықган ол социумның мүшесі, оны дамытатын

жасампаз жан. Ірі социум саналатын қоғамдық ортасыз адамның тыныс-

тіршілігі болмайтыны анық. Адамсыз қоғам, қоғамсыз адам өмір сүрмейді.

Абай жеке адам мен қоғам арасындағы өзара байланыс пен қарым-

қатынастың мазмұнына үңіліп, оған әлеуметгіқ процесс іспетті қарады.

Данышпан Абайдың шығармаларын жарыққа шығаруда А. Байтұр-

сынов пен Ә. Бөкейханов елеулі еңбеқ сіңірді.
4. А. Байтұрсынов пен Ә. Бекейхановтың әлеуметтану



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет