Қазақстан республикасы



бет9/26
Дата11.01.2017
өлшемі10,98 Mb.
#6831
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер

жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта етеді, яғни әлеуметтік

тапсырыспен жүзеге асады және адамдардьщ өмір тіршілігі үрдісінде пайда

болған әлеуметтік проблемаларды шешуді ойластырады. Іргелі әлеумет-

танулық зерттеулермен әдетте, университет ғалымдары шұғылданады, ал

бірқатар елдерде ғылыми зерттеу институттары айналысады. Әлеуметга-

нушылардың мұндай еңбектерінің мамандануы зерттеулерді жүргізуге

әлеуметгік тапсырыстардың пайда болуы мен кеңінен тарауына байла-

нысты АҚШ-та XX ғасырдың 30-жылдарында пайда болған.

Қолданбалы әлеуметтанулық зертгеулер көптеген еддердегі әлеумет-

танушылардың қызметінің басым түрі болды. Алайда 80-жылдары Батыс

Еуропада, әсіресе АКДІ-та әлеуметганушыларды бір-бірінен әлеуметта-

нудьщ объектісі мен пәнін талдау тұрғысынан, ғылым ретінде әлеуметта-

нудың әдістерін түсіндірумен ерекшеленген әлеуметтанудың бағыттарын

ықпалдасу үрдісімен байланысты әлеуметтану теорияларын дамыту про-

блемаларын дайындау қызықтырды.

Өздері жасаған зерттеу дәстүрінің шеңберінде жұмыс істеуші әлеумет-

танушылардың тобын әлеуметтанудағы кең мағынадағы қайсыбір мектеп

ретінде қарастыруға болады. Әлеуметганудағы тар мағынадағы мектеп

дегеніміз ортақ дәстүрі бар және сәіікес институттың формасы бар зерттеу

тобын айтамыз. Эмпириялық (эмпирия — тәжірибе деген мағынаны береді)

әлеуметтанудың Чикаго мектебінде ертеректе қалыптасқан зерттеу қыз-

метінің дәстүрі орныққан және сол елдің, кейін бүкіл дүниежүзі әлеумет-

танушыларының қызметіне үлкен ықпал еткен XX ғасырдың бірінші жар-

тысында өмір сүрген университеттің ерекшелікті бөлімі іспетті болды.
1. XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтанудағы

эмпиризм мен әлеуметтік теориялар және

олардың дамуының негізгі бағыттары
XX ғасырдың әлеуметтануы 20—30ылдардан бастап 2000 жылға

дейінгі уақытты қамтиды, яғни қоғамның дамыған индустриализм дәуіріне

аяқ басқан кезеңінен басталады. Сонымен қатар осы уақыттан бастап

әлеуметтанудың теориялық және әдістемелік табыстары олардың одан

әрі даму процесінде өздерінің өзектілігін жоймады. 20—30-жылдар тоғы-

сында қазіргі әлеуметганудың қарқынды дамуының маңызды кезендерінің

104

бірі басталды. Атап айтқанда, эмпириялық әлеуметтанудың әдістері мен тех-



ниқалары, өлшем реттері мен сандық эквиваленттері жасақталды. 50-жыл-

дардан бастап, қысқа мерзім ішінде қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен про-

цестерге жауап беретін әлеуметтану теориясыңда үлкен эволюция болды.

Әлеуметтану ғылымында әр түрлі ілімдер дүниеге келді, оның бірін

позитивтік-сциентиқалық теориялар толтырса, екіншілерін позитивтік

танымға балама тенденцияны көрсететін сапалы стиль ілімдері бағытты.

Олардың арасында қиыстырылған және аралас түсіндірме шеңберінде

синтез орын алған.

Теориялық-методологиялық көп пікірлік батыс әлеуметтануында әр

түрлі бағыттардың қалыптасуына себепші болды, олардың әрқайсысы

әлеуметганудың пәні жөнінде өз мағлұматын берді және керекті мәлімет

пен нәтиже алу үшін қолданылатын зерттеу әдістерін жасақгады.

Әлеуметтанудың даму кезендеріне сәйкес сол кезендерді сипаттай-

тын және қеңінен танымал болған бағыттар қалыптасты, атап айтқанда,

эмпиризм бағыты (20-40 жж.); теориялық-әдістемелік құрылымдарды

күшейту бағыты (40 ж. екінші жартысы - 60 ж.); теориялық пен эмпи-

риялық зерттеулерді біріктіру, теорияны жаңа денгейге көтеріп, әлеумет-

тану дамуында түбірлі жаңа тенденцияларды табуға ұмтылған бағыт

(қазіргі кезең, 1970-2000 жж.). Теориялық-методологиялық көп пікірлік

жағдай сонымен қатар әлеуметтанушылардың кәсіби қызметінің ұлғаюы-

мен қабаттаса жүрді және әлеуметтану зерттеулерінде жаңа тұрғыдағы

әдістер мен техникалар көптеп пайда болды.

Осы тұрғыдан қарағанда XX ғасырдағы негізгі әлеуметтанымдық тен-

денциялардың бірі — ол эмпириялық әлеуметтанудың дамуы болып табы-

лады. Бұл тенденцияның мәні — нақгылы әлеуметтік фактілерді жинауға

және талдауға байланысты сауалнама, әлеуметтанымдық байқаулар,

тәжірибелер жасау сияқгы арнаулы әдістерді арнайы зерттеулерде қол-

дану. Мұндай зерттеулер 20—30-жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін

басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағы-

нан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағьп- алған қоғам көптеген нақгылы

проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириялық әлеуметтаным-

ның жетістіктеріне көңіл аударудан бас тарта алмады. Қоғамдық өмірдің

нақтылы проблемалары жөніндегі әлеуметтанушылардың еңбектері

қоғамның да және ғылым ретінде әлеуметтанудың да ашылғалы тұрған

мүмкіндіқтерін жаңа қырынан көрсетіп отырды. Сонымен бірге XX ғасыр-

дьщ басында жүргізілген эмпириялық зерттеулер көп ретте жетілмеген,

бытыраңқы болды, оларды дайындау мен өткізудің жасақгалған методо-

логиясы мен әдістемесінің болмағандығы да рас. Сол кездегі қальштас-

қан әлеуметганымдық теориялар мұндай зертгеулерді жүргізуге мүмкіндік

105


бере алмады, себебі олар кен көлемдегі тарихи-эволюциялық схема сипа-

тында ғана болған еді. Ал бұларды шағын деңгейде тексеру шын мәнінде

мүмкін болмады. Дегенмен де, эмпириялық тенденцияның дамуына

кедергі жасауға болмайтын еді. Ал, мұның негізгі себебі — әлеуметтану

принципті түрде басқа қызметке — өндіріс аясына шығьш, сол саланы да

қамтитын ғылымға айналды. Ірі өнеркәсіптік әлеуметтанудың іргетасы

қаланды. АҚШ оның орталығьша айнадды.

Басқа елдермен салыстырғанда әлеуметтану зертгеулерінің көбірек

дамыған елі — АҚШ болды. Егер де XIX ғасырда әлеуметтанымдық ойдың

орталығы Батыс Еуропа болды десек, ал XX ғасырдьщ 20-жылдарынан

бастап дүниежүзілік әлеуметтанудьш орталығы АҚШ-қа ауысты. Ғылым-

тану ілімінің тұрғысынан қарастырсақ, кез келген ғылымның пайда

болып, аяғынан нық басьш кетуі ең алдымен оның ішкі және сыртқы ин-

ституттандырылуына, яғни әлеуметтік институттардың барлық қасиетге-

ріне ие болуына байланысты.

Бұл процесте әрқайсысы дәйекті түрде институттандыру ісін терең-

дететін бірнеше сәттерді атап көрсетуге болады:

1) белгілі бір ғылым саласы бойынша маманданатын ғалымдардың

сана-сезімінің қалыптасуы, яғни ғалымдар бұл тұрғыдағы зерттеу жұмы-

сында өзінің ерекше объектісі мен ерекше әдістері барлығын түсінеді;

2) арнаулы мерзімдік басылымдардың болуы;

3) ғылыми пәндердің мәліметтерін түрлі оқу орындарының оқу жос-

парларына енгізу;

4) сөз болып отырған білім салалары бойынша арнаулы оқу орында-

рын ашу;

5) осы білім пәндері бойынша жұмыс жасайтын ғылымдар бірлесті-

гінің ұйымдық түрлерін, яғни ұлттық және халықаралық ассоциациялар

құру. Мінеки, бұл аталған процесс сатыларын әлеуметтану ғылымы Еуропа

елдері мен АҚШ-та XIX ғасырдың 40-жылдарынан бастап бастан өткерді.

АҚШ-тағы әлеуметганудың біркелкі жақсы дамуына бір-бірімен бай-

ланысқан екі жағдай:

1) жоғарыда келтірілген институттандырудың бес сатысынан АҚШ-тағы

әлеуметтанудың тез өтуі;

2) нақтылы, эмпириялық әлеуметтік зерттеулердің үлкен аумағының

болу жағдайлары шешуші ықпалын тигізді.

Бұл елдегі әлеуметгану әуел бастан-ақ беделді университетгік ғылым

ретінде қалыптаса бастады. 1901 жылы әлеуметтану оқу курсы ретінде

169 университет пен қолледждерде оқыттылды, ал 80-жылардың аяғында

бұлардың саны 250-ге жетті. АКШ-тағы әлеуметтану әуел бастан қол-

данбалы эмпириялық ғылым ретінде орнықты. 1910 жылдың өзінде бұл

106


елде 3 мыңнан аса эмпириялық зерттеулер жүргізілсе, ал қазір бұл көрсет-

кіш екі еседен асты'.

XX ғасырдың басынан бастап ірі өнеркәсіптік әлеуметгану АҚШ-та

да пайда бола бастады. Бұл елдегі өнеркәсіптік әлеуметтанудың негізін

қалаушылардың бірі — американ әлеуметтанушысы және психологы

Элтон Мэйо (1880—1949). Оның тәжірибесі Чикаго маңында орналасқан

қаланың атына байланысты Хоторн эксперименті деп аталады. Мэйо

өзінің тәжірибеліқ зерттеулерін 1927—1932 жылдарда сол қала маңындағы



«Вестерн Электрик Компани» кәсіпорнында жүргізді. Мэйо эксперимен-

тіне дейін сол кездердегі өндіріс саласында Фредфик Тэйлор тұжырым-

дамасы үстемдік етгі. Ол өндірісті тыңғылықты саралап, өндіріс «жеткілікті

тиімді емес» деген тұжырымға келді. Өйткені жұмысшылар енжарлық

танытып, жеңіл жұмыс істегілері келеді. Жағдайды өзгерту үшін зерт-

теуші алғашқы болып Еңбекті Ғылыми Ұйымдастыру (ЕҒҮ) және

Өндірісті Парасатты Басқару (Менеджмент) жүйесін ойлап тапты.

ЕҒҮ жүйесі әдетте еңбектік операциялардың толық сараптамасын,

артық және икемсіз қозғалыстарды аластату, еңбектің оңтайлы әдістерін

анықтап, оларды автоматтандыруға дұрыс жеткізу, жұмыс айналымының

қатаң тәртібін, еңбек және демалыс элементтерінің ауысуын, т.с.с. қарас-

тырады. Өндірісті ұтымды басқару өз кезегінде мына шараларды жүзеге

асыруды:

— өндірісте қатаң тәртіп орнату мен қадағалауды;

— кадрларды дұрыс тандау мен орналастыруды;

— жұмысшылардың біліктіліктерін арттыру және қызмет бабында

көтерілуін;

-олардың өндірістегі материаддық мұқттждықтарын жіктеу негізінде

(яғни әр түрлі деңгейде белгілеу), еңбек нәтижесіне байланысты жалақы

беруді және т.б. жүзеге асыруды қарастырады.

Тэйлор өндірісті басқаруда ешқандай филантропия, яғни адамдарды

сүюшілік, қайырымдылық, көмекке мұқтаждарға көмектесу болмауы тиіс

деп санады. Әр адам өзінің сәттілігіне өзі жауап беруі тиіс. Еңбек процесі

қажетті түрде тиімді, ал өнім шығару нормалары жоғары болуы керек.

Кім нормаларды орындамаса, басқалардан жалақыны кем алады. Жұмыс-

шының жалақысы оның жеке басының өндіріске қосқан үлесіне сәйкес

болуы керек деп есептейді. Бұл тұжырымдама бойынша адам механизмнің

тек қосағына айналды.

Конвейерлі тасымалдық деген қисын осыған негізделген. Адам мен

оның өндірістегі орны жөніндегі мұндай ұғымды Э. Мэйо жоюға тырысты.

----------------------------------------

1.РадугинА.А., РадугинК.А. Социология. Курс лекций. М.: Владос, 1995. С. 28.

107


Мұның өзі адамға деген басқаша көзқарастың — «адамдық» деп Мэйо ата-

ған жаңа әлеуметтік қатынастардың пайда болып, қалыптасуына негіз

қалап қана қойған жоқ, сонымен бірге еңбек өнімділігінің өсуіне мүмкіндік

тудырады, Мэйо осыны дәлелдеп бақты. Өндіріс процесіндегі адамдар

арасындағы қатынастарды Мэйо бригада деп атады да, бригадалардың өз

ішіндегі қатынастарды ол «адамдық қатынастар» деп бағалады, себебі бұл

қатынастар адамдардың бірін-бірі ұғынуға деген ұмтылыстарына негіз-

делген.


Хоторн қаласында қолданылған тәжірибесінің басты міндеті - өндіріс-

тің тиімділігін аштыру бағытындағы қосымша факторларды іздестіру бол-

ды. Еңбек өнімділігіне ықпал жасайтын көптеген факторлардың ішіндегі

ең бастысы - еңбек процесінін психологиялық және әлеуметгік-психо-

логиялық алғышарттары екендігін Мэйо тәжірибесі дәлелдеді. Өндірістің

өнімділігін арттыру үшін тек материалдық қана емес, сонымен қатар

психоәлеуметтік ынталандыру қажет, олар:

— жағымды моральдық ахуал;

— жұмысшының мүдделерімен санасу;

— оның жұмыспен қанағаттануы, т.б.

Осы тәжірибенің негізінде пайда болған «адамдар арасындағы қарым-

қатынастар» теориясының методологиялық негізін мынандай принцип-

тер құрайды:

— адам басқа адамдарға бағытталған және топтық жүріс-тұрыс тәртібі

байланысына енгізілген әлеуметтік жан болып табылады;

— адам табиғаты қатал басқарушылық және бағынушылықтың бю-

рократтық тұрғыда ұйымдастырылуына сәйкес келмейді;

- өнеркәсіп басшылары өз қызметін көбінесе адамдардың қажеттерін

қанағаттандыруға я болмаса еңбек өнімділігін арттырудың таза техника-

лық факторлары арқылы ең жоғары пайдаға жетуге бағыттауы тиіс;

— егер жеке адамдарды көтермелеуді топты, ұжымды көтермелеумен

қатар жүргізсе, бұған қоса экономикалық тартымдарды әлеуметтік-пси-

хологиялық тартымдармен қосарлап отырса, сонда ғана еңбек өнімділігі

неғұрлым тиімдірек болады.

Мэйоның зерттеулері бригада мүшелерінің топқа бірігуге тілек біл-

діретіндігін, солай ете тұра олар өздерін ерікті ұстағысы да келегіндігін

көрсетгі. Мэйо адамдардың белгілі бір қауымдастыққа бірігуге деген ұмты-

лысын «социабильность» («әлеуметтік орын ауысу») сезімі деп атады.

Демек, өндірісте мұндай орын ауысушылық құрылымдарды жасауға, яғни

қызметкерлердің маңызды шешімдерге өздерінің де қатысы барлығын

сезіне білуіне ұмтылдырады. Мінеки, таза пайдалылық сипаты бар және

біраз экономикалық әрі әлеуметтік тиімділік әкелген Мэйо қорытынды-



108

ларының бірі осындай. Сонымен, өнеркәсіптегі эмпириялық зерттеулер

- әлеуметтіқ-психологиялық фақторлардың үлкен рөл атқаратынын және

олар әлеуметтанудың кең мүмкіндіктерін ашып, бұл ілімнің өндіріс орын-

дарының қызметіне белсенді түрде енгізілуіне түрткі болғандығын

көрсеггі. Бірыңғай тәжірибелік зерттеулердің артуы теориялық әлеумет-

тануға бір жағынан зиянын да тигізді. Дегенмен, бұлай болу ұзақ уақьггқа

созылуы мұмкін емес еді.

Қоғамды зерттеу жұмысының ішінде методология мен теория про-

блемалары өздерінің лайықгы орнын таба бастаған уақыт туды. Әлеумет-

танудағы эмпириялық зерттеуді теориялық зерттеумен біріктіру идеясын

Р. Мертон өзінің «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» деген

еңбегінде өзекті мәселелердің бірі етіп қойды. Оның пікірінше, бұларды

біріктірудің «алтын ғасыры» басталды. Р. Мертонның идеялары

эмпиризмнің баса-көктеуіне қарсы, зерттеушілерді теориялық ізденістерге

қатыстыруға бағытталды.Теориялық зерттеулерге П.Сорокиннің 1889—

1968 жж.) методологиялық және теориялық тұжырымдамалары да ықпал

етті. Бұл белгілі әлеуметтанушы ғалым алғашқы маңызды еңбектерін

Ресейде, кейін АҚШ-та жазды. Оның көптеген ғылыми еңбектері халық-

аралық деңгейде мойындалған еді. Солардың арасында «Революция әлеу-

меттануы», «Қазіргі әлеуметтанулық теориялар», «Әлеуметтік және мәде-

ни мобильдік», төрт томдық іргелі шығарма: «Әлеуметтік және мәдени

динамика» жөне т.б. бар.

«Әлеуметтану жүйесі» атты туындысында П. Сорокин әлеуметтану-

дың ғылыми принциптерін жан-жақты, толық етіп баяндайды. Оның

пікірінше, әлеуметтану ғылым ретінде жаратылыстану ғылымдарының

типі сияқгы құрылуы тиіс. «Табиғат туралы ғылым» мен «мәдениет жөнін-

дегі ғылымды» бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Өйткені басқа

ғылымдардың зерттеу объектілері әр түрлі болғанымен олардың бұл

объектілерді зерттеу әдістері бірдей. Әлеуметгану дүниені зерттегенде

өзгеріссіз, сол қалпында қарастыруы қажет. Қез келген нормативизм,

яғни ғылымға адамгершілік және басқа да субъективгік нормалар тұрғы-

сьшан қол сұғулар әлеуметтанудан біржола аластатылуы керек. Бұл тұрғы-

дан алғанда шындық, қайырымдылық, әділеттілік және т.б. сол сияқты

принциптер мен нормалардан бөлінуі тиіс. Әлеуметгану «объективтік пән»

болуы керек, яғни адамдардың объективтік өлшеуге және зерттеуіне

қолайлы нақты өзара әрекеттерін қарастыруы қажет. Әлеуметтану

тәжірибелік және нақгы ғылым болғысы келетіңдіктен кез келген фило-

софиялық, құрғақ ой түріндегі пайымдаулардан, ғылымда дәлелденбеген

құрулардан бас тартуы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда жақсы жасалған ста-

тистикалық диаграмма қандай да болсын әлеуметтік-философиялық

109


трактатқа тұрарлық. Философиялық пайымдаудан алшақтау монизм

идеясынан да, яғни кез келген құбылысты қайсыбір бастауға апарып қоса

салудан да бас тарту болып саналады, Монизмнің орнына П. Сорокин

табанды әлеуметтанулық плюрализмді ұсынды.

П. Сорокин әлеуметтануды теориялық және практикалық деп бөледі.

Теориялық әлеуметтануды ол үш бөлімге: әлеуметтік аналитйкаға, әлеу-

меттік механикаға, әлеуметтік генетикаға бөлді. Әлеуметтік аналитика

әлеуметтік құбылыстың құрылымын және оның негізгі формаларын

зерттейді. Әлеуметтік механиканың (немесе әлеуметтік физиологияның)

пәні ~ адамдардың өзара әрекет ету процестері, басқаша сөзбен айтқан-

да, адамдардың басқа да күштердің мінез-құлығын анықтауы, тигізер өсері.

Әлеуметтік генетика әлеуметтік өмірдің дамуын, оның жекелеген жақта-

ры мен институттарын зерттейді. Әлеуметтік құбылыстың дамуы оның

құрылымымен және өзге құбылыстармен өзара әрекет етуі арқылң анық-

талады, сондықтан да әлеуметтік генетика әлеуметтік аналитиканы және

әлеуметтік механиканы өз құзырына біріктірген.

Практикалық әлеуметтану қолданбалы пән ретінде сипатталады.

Теориялық әлеуметтану қалыптастырған зандарға сүйене отырып, ол алға

қойылған мақсатқа орай қоғам мен, адамға әлеуметтік күштерді басқа-

руға көмектесуі қажет. Практикалық әлеуметтану, түптеп келгенде,

әлеуметтік саясат ретінде де көрінеді, өйткені ол әлеуметтік саясатты

бағыттайды және дәлелдейді.

«Әлеуметтану жүйесі» еңбегінде П. Сорокин ең алдымен әлеуметтік

мінез-құлықты және адамдардың қызметін, әлеуметтік топтарды және

қоғам құрылымын, сонымен қатар оларда жүріп жатқан әлеуметтік про-

цестерді неопозитивтік әлеуметтанудың зерттеу объектілері етіп алады.

Бүкіл қоғамдық өмір және барлық әлеуметтік процестер құбылыстарға

және екі немесе одан да көп индивидтердің өзара әрекет процесіне ажы-

райды. Міне, осы адамдардың өзара әрекеттері әлеуметтанудың тікелей

зерттеу пәні болуы тиіс. Бұл жерде әңгіме индивидтердің мінез-құлқы

мен қызметінен сырттай байқалатын «психорефлекторлық» өзара әрекет

туралы болып отыр. Конттың позитивизмінен Сорокиннің неопозити-

визмінің мәнді ерекшелігі осында. Конттың позитивтік әлеуметтануы

қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде зерттесе, Сорокиннің неопо-

зитивтік әлеуметтануының тікелей зерттеу пәні болып екі немесе шағын

топтар деп аталатындарды құрайтын бірнеше адамдардың өзара әрекетгері

қарастырылады. Осындай қарапайым өзара әрекеттерден әр түрлі әлеу-

----------------------------------------------

1. История социологии / Под общ. ред. А. Н. Елсукова. Минск: Высшая школа, 1997. С. 170.

110


меттік процестер қалыптасады. Екі индивидтің өзара әрекетін П. Сорокин

қарапайым әлеуметгік құбылыс ретінде сипаттайды. Бір индивидтің пси-

хикалық әсерленушілігі немесе сыртқы әсерлердегі өзгерістер келесі бір

индивидтің әсерленушілігі және сыртқы әсерлер арқылы пайда болады.

Мұндай өзара әрекетті Сорокин «әлеуметтік клеткалар» деп атаған, сол

клеткалардан барлық қалған жеңіл және күрделі қоғамдық құбылыстар

қалыптасады.

П. Сорокин жоғарыда аталған шығармаларында «күрделі әлеуметтік

агрегаттарды», алуан түрлі әлеуметтік топтарды, олардың құрылымдарын

және өзара әрекетін зерттейді. Ол әлеуметтік топтарды топтастырудың

біржақты және көпжақты критерийлерін ұсынды. Осы критерийлерге

сәйкес әлеуметтік топтар бір ғана белгісімен, айталық, тіл, аумақ, жыны-

сы немеее көптегең белгілеріне қарай бөлінеді. Көптеген белгілеріне орай

таптар, ұлттар және басқа да күрделі, әсіресе әлеуметтік біртекті топтар

бөлінді.

Қоғамның біртекті еместігі, оның тұрлі әлеуметгік топтарға объективтік

бөлінуі П. Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мо-

бильдік теорияларынан көрініс тапты. Бұл теориялар бойынша бүкіл қоғам

әр түрлі қабаттарға - страттарға бөлінеді, олар өз арасында табыс дең-

гейлеріне, қызмет түрлеріне, саяси көзқарастарға, мәдени бағдарларына

және т.б. қарай өзгешеленеді. Әлеуметтік стратификацияның негізгі фор-

маларына П. Сорокин экономикалық, саяси жағдайды және кәсібилікті

жатқызған. Оның пікіріне қарағанда, әлеуметтік стратификация қоғам-

ның табиғи және әдеттегі жағдайы. Ол қоғамда орын алып отырған қоғам-

дық еңбек бөлінісі, мүлік теңсіздігі, түрлі саяси бағдарлар және тағы

басқаларымен объективті түрде қамтамасыз етіледі.

Өзінің мамандығын немесе қызмет түрін, экономикалық жағдайын

немесе саяси көзқарастарын өзгерткен кезде адам әлеуметтік топтың

бірінен екіншісіне өтеді. Бұл процесс әлеуметтік мобильдік деген атқа ие

болды. П. Сорокин әлеуметтік мобильдікті горизонтальды және верти-

кальды деп ажыратады.

Горизонтальды мобильдік адамның әлеуметтік топтың бірінен келе-

сісіне өтуін білдіреді, әлеуметтік стратификацияның өзгеріссіз деңгейінде

қалған адам, айталық, село тұрғыны қала тұрғынына ауысса да, бірақ оның

мамандығы және табыс деңгейі бұрынғы қалпында қалады. Вертикальды

мобильдік деп адамдардың әлеуметтік жіктің бірінен екіншісіне иерар-

хиялық тәртіппен өтуін, мысалы, қоғамның төменгі жігінен жоғарғы-

сына немесе керісінше, жоғарғы жіктен төменгі жікке өтуін айтады.

Вертикальды мобильдіктің болуының объективті негізі - көбінесе адам-

дардың экономикалық теңсіздігінде. Дәлірек айтқанда, халық ішіндегі

111

жіктердің табыстарының әр түрлі болуы, байлар мен кедейлердің өмір



сүру деңгейлерінің әр түрлі болуы. Осыған орай адамдар қайсыбір қаты-

наста жоғарғы жікке жатады, әдетте басқа да параметрлер бойынша да

сол жікте немесе керісінше болады. Жоғары экономикалық жіктің

өкілдері бірден жоғары саяси және кәсіби жіктердің қатарына жатады.

Мүліксіздер, әдетте, азаматтық құқығынан айырылады және кәсіби иерар-

хияның төменгі жігіне орналасады. Әлеуметтік мобильдіктің жалпы

ережесі осындай.

П, Сорокин әлеуметтік мобильдікті де әлеуметтік стратификация

сияқгы табиғи және сөзсіз болатын құбылыс деп қарайды. Әлеуметтік

мобильдік әлеуметтік стратификация негізінде өмір сүреді.

П. Сорокин АКДІ-та жұмыс істей жүріп, эмпириялық әлеуметтануды

тақырыбының ұсақтығы үшін және оның кең әлеуметтік проблемаларды

қамтудағы орашолақгығы үшін сынады. Сонымен бірге «әлеуметтік орын

ауысу», әлеуметтік құрылымдар мен жіктер жөнінде эмпириялық зерт-

теулер жүргізе отырып, П. Сорокин оларды кең әлеуметтік құрылымдар-

ға жатқызуға және қоғамдағы қозғалысты бұл құрылымдардың қызмет

жасауымен байланысты қарауға ұмтылды. П. Сорокин әлеуметтік меке-

мелерді әлеуметтік құрылымдардың бірі деп есептейді, сондықтан да

әлеуметтік жұмысқа мектептің, бюрократияның, армияның, шіркеудің

және т.б. ұйымдардың қалай әсер ететіндігіне оның көңіл аударуы кез-

дейсоқ емес еді. П. Сорокин - ірі әлеуметтанымдық тұжырымдамалар-

дың авторы ретінде белгілі болған ғалым. Осы тұжырымдамалардың көме-

гімен ол дүниедегі өзгерістерді түсіндіруге талпынды. Бұлардың бірі-

әлеуметтік-мәдени динамика тұжырымдамасы. Екіншісі - қоғамның инте-

гралдық (тұтастыққа) жақындау түрінің тұжырымдамасы. Біріншісінің

шеңберінде ол тарихи процесті мәдениеттер типтерінің қозғалысы ретінде

қарастырады да, олардың әрқайсысын белгілі бір тұтастық деп есептейді.

П. Сорокин мұндай негізгі типтердің үшеуін атап көрсетеді. Олар: сезім-

ділік, ақылға қонымды пайымдылық, идеалистік. Бұлардың біріншісі шын-

дықты тікелей сезімділікпен қабылдаудың басымдылығымен сипаттала-

ды, екіншісі ақылға қонымды, пайдалы ойлардың үстемділігімен, ал үшін-

шісі - сезімталдықтың (интуицияның) басымдығымен сипатталады. Мәде-

ниеттің бұл түрлерінің әрқайсысы дамуда болады да, дамудың өр түрлі

кезеңінде адамзат қоғамымен бірге жасасады.

П. Сорокиннің әлеуметтік-мәдени, динамикалық тұжырымдамасы

әлеуметтік өзгерістердің болу кезендері мен қозғаушы күштерін және

олардың қоғамдағы диалектикасын талдауға арналған алғашқы әрекет-

терінің бірі болды. Ал енді, қоғамның тұтастығы туралы теориясына

келетін болсақ, мұнда ол келешектің өзіндік нұсқасын ұсынуға ұмтылды.

112


Бұл теория қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары мен жүйелерінің өзара

байланысын түсінуге және бұлардың әрқайсысының жақсы жетістіктерін

адамзат мүддесіне пайдалануға деген нақтылы шындық түріндегі көзқа-

растар арасындағы неғұрлым алдыңғы қатарлы теория болды. Адамзат

қоғамының шынайы жетістіктері жөніндегі бұдан басқа да айтқандары-

ның бірқатары П. Сорокиннің көзқарасының дұрыстығын көрсетті. Атап

айтсақ, бұл - меншік пен саяси құрылымның көп түрлілігі, еңбек пен

экономикалық тәртіпті ынталандыру, жоспарлау тәсілдері және т.б.

жөніндегі мәселелер. Қалай дегенмен де, адамзат көптеген қиыншылық-

тарға ұшыраса да, баяу болса да интеграция жолымен алға жылжуда.

Әлеуметтанымдық тұжырымдамалардың бірі — шиеленіс теориясы.

Бұл теорияны неміс әлеуметтанушысы Г. Зиммель (1858 -1918) негіздеген

болатын. Мұнда ол қақтығыстарды әлеуметтік процестерді талдаудың

өзекті мәселесі ретіндегі адам қоғамының табиғатына тән құбылыс деп

қарайды. Соңғы жиырма жылдың ішінде шиеленіс теориясы Д. Беллдың,

К. Боулдинттің, М. Крозьенің, А. Туреннің, т.б. ғалымдардың еңбектерін-

де одан әрі дамытылды. Бұл теорияның қолдаушылары әлеуметтік жүйелер-

дің тұралауын болдырмайтын және олардың дамуын ынталандыратын

қақтығыстардың объективтік құндылығын атап көрсетеді. Сонымен бірге

олар қоғамдық процестің дамуына кедергі келтіретін қақтығыстарға да

назар аударады. Бұлардың қатарына әлеуметтанушылар тап күресін де

жатқызады. Олар әлеуметтік қақтығыстардың себептері қоғамдағы,

ондағы топтар арасындағы қатынастардағы әрекет жасайтын психоло-

гиялық механизмнің жетілмеуінде жатыр деп санайды. Бұл әлеуметтану-

шылардың пікірінше, ең бастысы әлеуметгік шиеленіске ұласып кетуі

мүмкін әлеуметтік қақтығыстардың кеңеюіне жол бермеу керек.

Әлеуметтану дамуының соғыстан кейінгі дәуірі (40-жылдардың екінші

жартысы мен 60-жылдар) өте жемісті және көпқырлы болды. Осы уақыт-

та әлеуметтанудың маңызы зор көптеген бағыттары мен тұжырымдама-

лары пайда болып, дамыды. Әлеуметтанымдық- теориялардағы тұғырлы

орынды көрнекті американ теоретигі Т. Парсонстың (1902-1979) еңбектері

иеленді. Оның ұсынған көптеген тұжырымдамаларының ішіндегі ең елеулі-



лері екеу: 1) әлеуметтік әрекет теориясы; 2) құрылымдық-функционалдық

сараптау тұжырымдамасы. Методологиялық жағынан бұл екеуі бір-бірі-

мен тығыз байланысты, бірақ біріншісі негізгі болып табылады. Әлеуметгік

әрекет теориясын Парсонс 30-жылдардың өзінде-ақ Вебер мен Дюркгейм-

нің, т.б. идеялары ықпалымен қалыптастыра бастады. 1937. жылы оның

«Әлеуметтік әрекет құрылымы» деген кітабы шықгы. Соғыстан кейінгі

жылдары Парсонс бұл теориялық идеяларын дамытуды жалғастырды.

Бұл теорияның мәні мен мазмұны мынаған саяды: кез келген әлеуметтік

113

әрекет, біріншіден, әрекет жасайтын адамдардың болуын талап етеді,



екіншіден, әрекетті тудыратын нақтылы жағдайдың, үшіншіден, әрекеттің

мақсаттары мен алдын ала белгіленген өлшемдерден тұратын шарттары-

ның болуын көздейді. Әрекеттің өзі, Парсонстың пікірінше, өздігінен

ұйымдастырылатын жүйе. Ал бұл жүйе реттеудің символдық механизм-

дерімен (тіл, құндылықтар, т.б.), өлшемдікпен (яғни әрекеттің қоғамда

орныққан ережелері мен құндылықтарына тәуелділігімен), волюнтарис-

тікпен (ортаның жағдайларынан тәуелсіздігімен) сипатталады. Әлеу-

меттік әрекет теориясында басты орынды «әрекеттер жүйесі» деген ұғым

алады. Бұл жүйе туралы айтқанда оның астарынан Парсонс өзара бір-

бірімен байланыстағы әлеуметтік нақтылықтың әр түрлі деңгейлерін тү-

сіндіреді. Парсонс негізгі төрт жүйені: әлеуметтік жүйені, мәдениет, тұлға

және организм жүйедерін көрсетеді. Әрекеттің әрбір жүйесінің дұрыс



шзмет етуі үшін оның төрт шартты орындауы талап етіледі: а) жүйенің құн-

дылық үлгісін қолдау; б) интеграция; в) мақсатқа жетушілік; г) бейімде-

лушілік шарттары. Парсонстың теориялық құрылымдарының соншалық-

ты күрделілігіне қарамастан, оның зерттеулерінде әлеуметтанудың бас-

ты міндетіңе сай келетін, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз

ететіндей құрылымдар мен механизмдерді зерттеу ісі өзекті мәселе етіп

қойылды. Бұл міндетті шешуге құрылымдық-функционалдық талдау қол-

данылып, соған сәйкес қоғам мен оның қосалқы жүйелерінің өздері белгілі

бір функциялар жиынтығын орындауы тұрғысынан қаралды. Алайда,

60-жылдарда әлеуметтік процестерге осылай түсінік беруде өмірдегі қай-

шылықтарды, қақтығыстарды, тұрақсыздықты және т.б. ауытқушылық

құбылыстарды түсіндіру оңайға соқпайтындығы анық болды. Бұдан құры-

лымдық-функционалдық талдауды терендету қажеттілігі туды. Парсонс өз

тұжырымдамасының нығаю жолын өзгелердікінен басқа бағьггган іздеді.

Сөйтіп, қоғамды құрылымдық бөліктерге бөлуге байланысты туған оның

неоэволюционизм (жаңа эвблюцибнизм) теориясы пайда болды.

Әлеуметтік нақтылықгың жёргілікті жердег;і көріністерін, оның про-

блемаларын, процестерін, мекемелері мен ұйымдарын білуге деген қоғам-

дық қажеттілік нәтижесіңде, сондай-ақ Мертон йдеяларының ықпалы-

мен «орта деңгей» әлеуметтанымдық теорияларының белсенді дамуы

басталғанда, әлеуметтанудың көптеген салалары қалыптаса бастады.

Бұлардың тек кейбіреулері: еңбек, қала, ауыл, жастар, демалыс, білім беру,

мәдениет, ғылым, отбасы, саясат, дін, тіл, құқық, қылмыс, пікір, дәрігерлік,

т.б. әлеуметганулары пайда болды. Бұлардың әрқайсысында эмпириялық

зерттеулер деректеріңе талдау жасауға, жергілікті проблемалар мен про-

цестерді түсіндіруге міндетті арнаулы әлеуметтанымдық теориялар пайда

больш, көбейді.

114


Әлеуметтану ілімі дамуының екінші кезеңін (40—60-жылдар) қарау-

ды аяқтай отырып, бұл кезеңнің академиялық та, қолданбалық та әлеу-

меттанудың даму жолдарын және оларды біріктіру мүмкіндіктерін іздес-

тірумен көзге түскендігін атап өту керек. Тұтас алғанда әлеуметтану ғылы-

мы елеулі табыстарға жетіп, жаңа белестерге көтерілуде. Бұл ғылымның

беделі артып, ғылым мен пән ретінде жоғары оқу орындарында берілетін

кәсіби мамандықсанатында біржола орнығуда. Оның беделі дүниежүзілік

көлемде де өсіп, халықаралық әлеуметтанымдық ынтымақгастық күше-

юде. Бүкіл дүниежүзілік әлеуметтанымдық конгрестер жиі ұйымдасты-

рылатын болды. Халықаралық әлеуметтанымдық ассоциация (ХӘА) өз

қызметін белсеңдендіре түсті.
2. XX ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет