9. Заң жобасы мәнінің өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттелуі.
Заң жобасының мәні Тұжырымдаманың 8-бөлімінде көрсетілген заңнамалық актілермен, сондай-ақ реттеу мәселелері бөлінісінде мынадай заңға тәуелді актілермен реттелген:
1) «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі №850 қаулысы:
- өнеркәсiптiк және патогендiк микроорганизмдердiң ақпараттық дерекқорын есепке алу мен бақылауды, қалыптастыру мен жандандыруды қамтитын Қазақстан Республикасындағы микробиологиялық мониторинг пен биологиялық қауiпсiздiк жүйесiн және биологиялық ластанулардың әсер ету зардаптарының алдын алу, оқшаулау және жою жөнiндегi ұйымдастыру-әдiстемелiк iс-шаралардың кешенiн құру;
- «материалдардың биоластануына күмәндi» инфекциялардың күдiк туғызатын көздерiн уақтылы және бiлiктi зерттеулердiң стандартты әдiстерiн әзiрлеу және бекiту;
- өнеркәсiптiк микроорганизмдер мен аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының және т.б. бiрыңғай ақпараттық дерекқорын құру. Бұдан басқа, осы құжатта микроорганизмдер мен депозитарийлердің республикалық коллекцияларының тізбесі айқындалған;
2) «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы №515 қаулысы;
3) «Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі №380 қаулысы»:
-4-12 т. ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді;
4) «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығы;
5) «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы №269 бұйрығы;
6) «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы №107 бұйрығы және басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: |