6. Тиісті саладағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері. Жүргізілген жоқ
7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар. Республикада денсаулық сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, экологиялық, ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік, азаматтық қорғау және ғылым салаларын қамти отырып, биологиялық қауіпсіздіктің және оны қамтамасыз етудің бірыңғай негізі қалыптастырылатын болады.
Биологиялық қауіпсіздіктің, тиісті терминологиялық базаның құқықтық және әдістемелік негіздері құрылатын болады, бұл өз кезегінде ұлттық және халықаралық қауіпсіздік қауіп-қатерімен салыстырылатын елдің әлеуметтік-экономикалық және геосаяси қызметіне теріс әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» бірыңғай заңды қабылдау:
- биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласын реттейтін қолданыстағы заңдардың нормаларын біріздендіру, орын алған қайшылықтар мен олқылықтарды жоюға;
- биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың міндеттері мен өкілеттіктерін үйлестіруге және бөлуге;
- биологиялық қауіптіліктің ағымдық тәуекел дәрежесін сәйкестендіру бойынша құралдарды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Міндеттерге қол жеткізудің болжамды мерзімдері бар тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері:
2020-2021 жылдар – биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында заңнамалық базаны әзірлеу және қабылдау;
2021-2022 жылдар – Заңды қолданысқа енгізу, заңға тәуелді актілерді, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және сәйкес келтіру үшін өтпелі ережелер;
2022 жылдан бастап – іске асыру.
8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленетін заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі. Заң жобасын іске асыру Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерінің жекелеген нормаларын сәйкес келтіруді талап етуі мүмкін:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс;
2) Экологиялық кодекс;
3) Кәсіпкерлік Кодексі;
4) Еңбек кодексі;
5) Қылмыстық кодекс;
6) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс;
7) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекс;
8) «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заң;
9) «Төтенше жағдай туралы» Заң;
10) «Азаматтық қорғау туралы» Заң;
11) «Ветеринария туралы» Заң;
12) «Өсімдіктер карантині туралы» Заң;
13) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заң;
14) «Тұқым шаруашылығы туралы» Заң;
15) «Астық туралы» Заң;
16) «Экспорттық бақылау туралы» Заң;
17) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Заң;
18) «Күзет қызметі туралы» Заң;
19) «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң;
20) «Білім туралы» Заң және басқалары.