Тыңайтқыштар жүйесі - органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдануына қарай, олардың пайдасы мен әсерін есеретін, агрономиялық, сонымен қатар шаруашылық шаралардың көп жылға жоспармен ұйымдастырылуы. Жоспар тыңайтқыштардың қажетті түрлерін, пішінін, мөлшерін, кез-келген дақылдың биологиялық ерекшелігін есепке ала отырып қалай қолдану керек екендігін көрсететін жүйе.
Тыңайтқыш нормалары - 1 ауданға шаққандағы жыл бойына қолданылған тыңайтқыш мөлшері, ал мөлшер - анық жағдайда бір жолға байланысты тыңайтқыш мөлшері.
Ауыспалы егістік - ғылымға негізделіп ауыл шаруашылық дақылдарының танаптарының орын алмасуы.
Тұқым себу нормасы - 1 га жерге себілетін тұқым мөлшері.
Түсімділік (өнімділік) - 1 аудан бірлігінен алынатын дақыл мөлшері. Өнімділік 1 га шаққанда центнермен және тоннамен есептеледі.
Фон - барлық бөлінген мөлдектерге енгізілуге қажетті тыңайтқыштар мөлшері мен үйлесімділігі.