2.3 Жер бедері мен өсімдік жалғысы.
Түркістан облысының жер бедері әртүрлі. Облыстың көп бөлігі шөлді аймақта орналасқан.
Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймақтың жер бедері тегіс.
Жауын-шашын мөлшерінің аз болуы, топырақ ылғалының өте көп мөлшерде булануы есебінен өсімдіктер жамылғысы шөл далаға ұқсас болып кеткен. Аумақтағы негізгі өсімдіктер тобына эфемерлер, сонымен қатар сексеуіл, бетеге, күйреуік, еркекшөп, жантақ, жусан т.б өсімдіктер тобы құрайды. Эфемерлер қатарына жататын өсімдіктер қоры көктем мезгілінде жақсы жетіліп, жаз айында қурап, тек шөлге төзімді өсімдіктер тобы ғана қалады. Жаз бойы өсетін өсімдіктер қоры өлкемізде кеңінен тараған, оған себеп тамырлары терең бойлай өсіп, құрғақшылыққаа төзімділігі.
Аумақта сонымен қатар жекелеген қара ағаштар, ірі шөптесін өсімдіктер, далалы және шалғынды өсімдіктер басымырақ. Шөптердің биіктігі 60-70см, шөп жамылғысы 85-95%. Барлық жасыл өсімдіктердің толық өсіп дамуы жаз айларының басында аяқталып, тамыр жүйесі тереңге бойлай өсетін өсімдіктер ғана қалады.
Боз топырақтарда гумустың (қарашірік) артуына өсімдіктер мен микроорганизмдер әсер етеді. Микрорганизмдер өсімдіктер қалдығын ыдыратуға үлкен септігін тигізеді.Жыл сайын мақта дақылы егілген топырақта органикалық заттар азайып, микроорганиздердің де әрекеті төмендейді.
Кез келген жасыл өсімдік пен микроорганизм топырақтың өнімділік қабілеті мен құнарлығын арттыруға үлкен үлесін қосады
Кесте 3 - Тәжірбие танабындағы топырақтың ахрохимиялық сипаттамасы:
Тереңдігі,см
|
Қарашірік % (гумус)
|
Жалпы түрі, %
|
Жылжымалы түрі, мг/кг
|
Карбонаттар,%
|
рН
|
азот
|
Фосфор
|
|
О
|
|
|
0-30
|
1,013
|
0,081
|
0,130
|
26,5
|
420
|
7,1
|
8,2
|
30-40
|
0,578
|
0,075
|
0,108
|
17,6
|
340
|
8,3
|
8,6
|
40-60
|
0,368
|
0,062
|
0,100
|
14,7
|
250
|
11,2
|
8,4
|
Достарыңызбен бөлісу: |