2.2 Тәжірбие танабының топырағы
Қызылжар елді мекенінің көп бөлігінің топырақ жамылғысы сортаңданған, лессті, ашық боз топырақ. Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймақ терри ториясы ашық боз топырақта орналасқан.
Суару жұмыстарына дейін Қызылжар елді мекенінің жер асты ыза суы 8-17м тереңдікте болған.
Суару жұмыстарынан кейін жер асты ыза суының көтерілуіне, лесті қабатта әртүрлі жәндіктердің індерімен, жолдарыының болуы себеп болды. Алдағы жылдарда жер асты ыза суы біртіндеп азая бастады.
Лессті топырақтардың физикалық қасиеті жағынан жақсы, су өткізгіштігі, кеуектілігі жоғары.
Суармалы боз топырақта органикалық заттар қарқынды түрде жылдам ыдырайды. Суармалы топырақтағы азот көлемі де әртүрлі болады. Кәдімгі боз топырақтан қарағанда, кәдімгі ашық боз топырақта азот мөлшері жоғары болады. Ашық боз топырақ құрамында азотбактериялар көп мөлшерде болады. Көбінесе мақта мен жоңышқа дақылы егілген жерлерде олардың мөлшері көп болады. Мақта танаптары азотты тыңайтқышты көп мөлшере қажет етеді.
Тәжірбие жұмыстары ашық боз топырақта жасалып, сол жердегі топырақтың гранулометриялық құрамы құмбалшықты және шаңданған.
Ашық боз топырақтың гумусты ( қарашірік) қабаты (А), өтпелі қабат (В), аналық жыныс(С) қабаттармен шектеледі.
Кесте 2 - Топырақтың кескін сипаты:
|
0-10см
|
Ашық-сұр түсті, тығыздығы жоғары,шымданған, беткі қабаты - қатпарлы, төменге бойлаған сайын әлсіз кесекті.
|
|
10-25см
|
Ашық түсті, тығыздылығы төмен, кесекті болып келеді, беткі бөліктерінде өсімдік тамырлары көптеп кезедседі.
|
|
25-45см
|
Түсі сарғыш ақшыл-сұр, құмбалшықты, кесектілігі әлсіз, борпылдақ, өсімдік тамырлары мүлдем аз, інқазғыштар ұялары бар.
|
|
45-65см
|
Әлсіз ақшыл сұр түсті, алдыңғы қабатына қарағанда тығыздылығы жоғары. Жәндіктердің ұялары көп, тамырлар жоқ десе де болады.
|
|
65-85см
|
Түсі сұр, шаңды-құмбалшықты, түсі әрдайым бірдей болмайды.
|
|
85-145см
|
Сұр түсті, шаңды, кескін бойы бірқалыпты, карбонат аз.
|
|
145-250см
|
Жоғарыда көрсетілген қабатқа ұқсас, жеңіл
|
Достарыңызбен бөлісу: |