Қазақстан Республикасыың білім және ғылым министрлігі



бет5/21
Дата02.05.2020
өлшемі179,68 Kb.
#65515
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.

Вегетациялық тәжірбие - өсімдіктердің қоректену ерекшеліктері, сонымен қатар тыңайтқыш құрамындағы қоректік элементтердің атқаратын рөлі, сіңімділігі, реттелуі мен топырақ құнарлығының өзгеруін зерттеу.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР АШМ - Қазақстан Республикасының Аыл шаруашылық Министрлігі

МемСТ - мемлекеттік стандарт

NPK - азот, фосфор, калий

ж. - жыл


% - пайыз

ц/га - 1 гектардағы центнер есебі

га - гектар

ц - центнер

т - тонна

мың/т - мың тонна

млн. - миллион

кг/га - 1 гектардағы килограмм есебі

мг/кг - миллиграмм килограмға шаққанда

т/га - 1 гектардағы тонна есебі

ҒЗИ - Ғылыми Зерттеу Институты

°С - температура

мм - миллиметр

т.б - тағы басқа



- бір шаршы метр

г - грамм



/га - метр куб гектарына

мин - минут

тг - теңге

мг -миллиграмм

см - сантиметр

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылық өндірісінің басты мақсаттарының бірі - егістік алқаптарындағы дақылдардың өнімділігі мен сапасын жақсарту. Көптеген мәліметтерге сүйенсек елімізде соңғы жылдары тыңайтқыштарды дұрыс, қажет мөлшерде қолданбау әсерінен ауыл шаруашылығындағы егістік жерлердің сапасы, ең басты құнарлығы және дақылдардың өнімділігі күрт төмендегенін көрсетіп тұр. Қазіргі таңда топырақ құнарлығын жақсартатын және сақтайтын, сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың ең үлкен факторы - тыңайтқыштар жүйесі болып табылады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан қажетті мөлшерде өнім алу үшін, топырақ - органикалық және минералдық заттарға жеткілікті мөлшерде бай болуы керек, ал топырақтың құрамындағы қоректік заттар мөлшері шексіз емес, яғни олар жыл сайын өсімдіктердің өн бойына тарап, кеміп отырады. Сондықтан да егістіктен тұрақты және мөл өнім алу үшін сол жерге тыңайтқыш қорын енгізу агротехникалық маңызды шара болып табылады.

Дүние жүзілік ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, өнім мөлшері қолданылатын тыңайтқышқа бірден бір тәуелді. Мамандардың есебі бойынша, өнімнің өсуінің 50-55 пайызы тыңайтқыш қорының үлесіне, ал қалған 45-50 пайызы сортқа, агротехникаға, күтіп-баптау және т.б шаралардың үлесіне байланысты.

Тыңайтқышты қолдану кез келген дақылдың тек қана өніміне әсер етіп қоймай, дақылдың сапасына да әсер етеді. Мысалы, форфор және калий тыңайтқышы қант қызылшасындағы қанттың мөлшерін 0,4 пайыздан 1,5 пайызға дейін өзгертеді. Ал азот тыңайтқышы бидайдың құрамындағы ақуызды (белокты) көбейтеді.

Осыған орай мақта мақта өсірілетін суармалы топырақтың құнарлығын жоғарлату және мақтаның өнімділігін арттыру мәселесі тұр. Осы өзекті мәселе Түркістан облысындағы мақта өсірілетін аудандардағы мақтаның биологиялық ерекшелігіне, топырақтың физикалық-химиялық қасиетіне сай тыңайту жүйесін енгізу.

Осы дипломдық жұмыс Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өндірістік практика өту кезінде жинақталған мәліметтерге сүйене отырып жазылған.

Зерттеу мақсаты мақта дақылының түсімі және топырақтың құнарлығын көтеретін әдістердің ғылыми және тәжірбиелік негіздерін жасау.

Жоғарыда көрсетілген мақсатты орындау үшін:



  • мақталы аудандардағы топырақтың агрохимиялық қасиетінің өзгеруіне тыңайтқыштар жүйесінің әсерін анықтау:

  • ауыспалы егістегі өніп-өсірілген мақта дақылына тыңайтқыштың әсерін анықтау:

  • мақта түсімі мен талшығының технологиялық қасиетіне тыңайтқыштар әсерін анықтау:

  • мақта дақылына қолданылған тыңайтқыштар жүйесінің экономикалық тиімділігін анықтау:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет