Қазақстан Республикасыың білім және ғылым министрлігі


ТОПЫРАҚ-КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ



бет7/21
Дата02.05.2020
өлшемі179,68 Kb.
#65515
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.

2 ТОПЫРАҚ-КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2.1 Климаттық жағдайы
Климаттық жағдайы бойынша зерттеу жұмысы жүргізілген өңір Қызылжар даласы. Бұл аймақтың климаты шұғыл континентальды болып саналады.

Жауын-шашын мөлшері көбінесе қыс пен көктем айында түседі.



Өңірдің солтүстік-батыс бөлігінде жылдық ауаның орташа температурасы +13,С - тен оңтүстігінде +1С аралығында ауытқып отырады. Аязсыз болған күндердің саны солтүстікте 160-180 күнге, ал оңтүстік бөлігінде 240-260 күн аралығында созылады. Аязсыз ауа райындағы солтүстік пен солтүстік батыс аудандарындағы ауаның температурасы 4500-150С, ортасында 4200-430 және өңтүстік бөлігінде 4500-500 аралығында ауытқып отырған.

Мақта дақылын сеуіп өніп кеткенге дейін орташа шамамен 85-10, бутон байлауына дейін 55, гүлденуге дейін 100 және де қауашықтарының толық ашылуы үшін 1865-189 оңтайлы температураны қажет етеді. Мақтаның жалпы толық қанды өсуі кезінде 2167-277С темпарутра көлемінде қажетсінеді. Осыларды ескере келе мақта өсірілетін аудандардағы температуралық режим жеткілікті деп есептелінді.

Ауа температурасы неғұрлым жоғарлаған сайын өсімдіктің суға деген қажеттілігі арта береді, оны суғару кезінде ескере кеткен жөн. Ал мұндағы жылдық жауын шашын мөлшері 200-450мм аралығында өзгеріп отырады.

Топырақта кездесетін ылғал мен тұздардың өз бойымен жылжуы ауа температурасына тікелей байланысты. Оңтүстік бөлігінде ауаның орта есеппен алғандағы жылдық ылғалдылық 52-58% болса, солтүстік шығыс бөлігінде 62-65% дейін көтеріледі.

Жылдық булану мөлшері солтүстік-батыс және орталық бөліктерде 1100-1300мм шамасында болса, оңтүстік аудандарда 1600-1700мм аралығында өзгеріп отырған.

Біздің зерттеу жұмыстары Қызылжар шаруашылығында жүргізілген болатын.

Аталған өңірде жауын-шашын мөлшері аз, жаздағы ауа температурасы өте жоғары, ал қыс мезгілінде төмен болады.

Ордабасы агрометеорологиялық станциясының берген мәліметтеріне сүйенсек ауаның жылдық орташа температурасы +13, С. Тәуліктік орташа температура жиынтығы 433С көрсеткен. Кейбір жылдары ауа температурасы күрт өзгеріп қыс мезгілінде -3С, ал жаз айларында +4 дейін өзгеріп отырған.

Аязсыз болған күндердің орта есеппен алғандағы ұзақтық (10 сәуірден 20 қазан) 196 күнді көрсеткен.

Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 272 мм көлемінде. Жауын-шашынның түсуі жыл мезгілдерінде әртүрлі болған, яғни жаз айларында жалпы мөлшердің - 3,5%, күз мезгілінде 18,1%, қыс кезінде 38,1% және көктем айларында 43,3% түсетін болған. Жауын-шашынның көп мөлшерде түсетін мезгілі қыс-көктем кезінде (75-85%), кейбір кездері жауын-шашын жаз айларында мүлдем түспей қалуы да мүмкін.

Қысы өте қысқа, тұрақсыз және аздап суық болады. Ордабасы метеостанциясының мәліметтеріне сүйенсек қаңтар айындағы ауаның температурасы -3,С көрсеткен. Қар жамылғысының қалыңдығы 10-30см шамасында. Қар бар болғаны 45 күн ғана жатады. Ауаның орташа температурасы 40-60 күн аралығында құраған.

Топырақ жамылғысының тоңу тереңдігі 30-50см, ауаның салыстырмалы ылғалдылық мөлшері 80% көлемінде.

Көктем айларында ауа температурасы лезде көтеріліп, ылғалды болады. Ақпан айының орта шенінен бастап ауа температурасы С жоғары болады. Бірақ кейбір кездері көктемнің шығуы кешеуілдеп, наурыз, сәуір айына дейін де созылуы мүмкін. Көктем айларындағы ауа райы +1С я болмаса 1С тан 2С аралығында өзгеріп отырады. Көктемнің кезінде ауаның да салыстырмалы ылғалдылығы біршама артып 60% құрайды.

Жаз айлары аса құрғақ және ыстық болып келеді. Жаз айының орташа тәуліктік температурасы 1-26,С құрайды. Максимальды ауа температурасы 5С дейін жетіп, жауын шашын мүлдем болмай қалуы да мүмкін. Шілде айындағы орта температура +3С. Ауаның ылғалдылығы да төмен 40-45%, кейбір кездері 23% дейін де түсіп кетеді. Осы кездерде солтүстік пен солтүстік батыс бағытындағы жел күші де жоғары болады. Шаруашылықта жылдамдығы 2,0м/сек болатын солтүстік бағытындағы жел басым.

Күз мезгілінде ауа райы жылы, орташа ауа температурасы +12,С. Қыркүйек айынан бастап ауа температурасыы төмендей бастайды. Күз айларында түсетін жауын-шашын мөлшері 21-126мм. Ауаның орташа температурасы +19,С және қараша айынан бастап ауа температурасы күрт төмендеп +3,5-6, дейін жетеді. Ауаның да салыстырмалы ылғалдылығы артып 75% құрайды.

Жоғары да көрсетілген мәліметтер мақта дақылын өсіруге қолайлы екендігіне бірден бір дәлел.

Кейбір жылдары жауын-шашын сәуір, мамыр айларында максимальды түрде түсіп, топырақты уақытында өңдеу мен мақта дақылын егуге кедергі жасайды.

Қызылжар топырақтарына ауаның ылғалдылығы үлкен рөл ойнайды. Ауаның ылғалдылығы әсерінен тұздардың жылжу үдерісі жүреді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қыс айларында жоғары, жаз мезгілінде төмен.

Ылғалдың жетіспеу кезеңі көбінесе шілде айларында болады. Ауа температурасы күрт көтеріліп, соның салдарынан булану құбылысы артады. Осы сәтте топырақтың 60см тереңдіңдігі +2С құрайды. Күз айларында (қыркүйек) 1м топырақ қабатындағы температура +2құрайды. Топырақтың метрлік қабатындағы ең төмен температура қаңтар айында, ал ең жоғары температура шілде айында көрсеткен.

Зерттеу жұмыстары жүргізілген 2016-2018 жылдар аралығындағы аймақтың метеорологиялық сипаты төмендегі 2 суретте көрсетілген. Зерттеу жұмыстары жүргізілген кездердегі аса суық мезгіл 2016 жылдың қаңтар мен ақпан айлары көрсеткен, яғни 15,0-17,С болған, 2016 пен 2018 жылдар аралығында қаңтар айының температурасы 10,2-12,С көрсеткен және температура төмендегенде орта есеппен айлық көрсеткіш -3,С болды(2 сурет)

Сурет 2 - Зерттеу жүргізілген аумақтың 2016-2018 жылдар аралығындағы метеорологиялық сипаты:



Себу мезгілі сәуір мен мамырда жүргізілуіне, сол жылдағы ауа температурасының қолайлы болуы себеп болды.

Вегетация кезеңінде қажет болатын атмосфералық жауын шашын мөлшері негізінде, олардың көп мөлшері көбінесе қыс пен көктем айларында болатындықтан топырақта белгілі бір көлемде ылғал қорын дұрыс сақтауға мүмкіндік береді. 2015 және 2016 жылдар арасындағы жауын шашын мөлшері жоғары болған, яғни 330-345мм, ал 2016-2017 жылдардағы мөлшері керісінше төмен 80-100мм құраған. 2017-2018 жылдар метерологиялық көрсеткіштер бойынша құрғақ деп саналған, жауған жауын шашын мөлшері небәрі 201-215мм. Жаз айларында болған жауын-шашын мөлшері тым аз, бар болғаны 5,2-24,3мм аралығында болған. 2016 жылдың жаз айларында жауын-шашын мүлде болмаған. (2 сурет).

Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймақта тек қана топырақтың қоректік режимін ғана емес, сондай-ақ ылғалмен жеткілікті түрде қамтамасыз ету керектігі зерттеу жұмыстары көрсеткен болатын. Еліміздің оңтүстігінде топырақтың қоректену режимі мен ылғал қорын дұрыс сақтай алсақ, мақта дақылан 40-45ц/га кем емес, одан да жоғары өнім алуға болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет