Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет4/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Обсервация бөлімі: Обсервация бөлімінің құрамы және жұмысы физиология бөлімінің негізгі принциптеріне сәйкес келеді. Бұл бөлімде палаталар профильденуі қажет, әйелдер жекелеген палаталарда жатуға тиіс. Бұл бөлімде созылмалы қабыну процестері бар, тексерістен толық өтпеген, үйде, жолда туып қалған аналаржатады. Сонымен қатар, физиология бөлімінде жатқан сәби мен ананың дене қызуы көтерілсе, инфекцияға шалдықса осы бөлімшеге көшіріледі.
Бөбектер бөлімі: Басқа бөлімдерден қашықырақ орналасады. Ьұл бөлім бірнеше палаталардан, реанимация БЦЖ вакцинасын сақтайтын, ана сүтін зарарсыздандыратын бөлімдерден тұрады. Шала туылған, жарақаттанған сәбилерге жеке пост ұйымдастырылады. Бөлімше кварц шамдарымен, кювезбен, сәби орайтын столмен, таразылармен, вакуум сорғышпен қамтамасыздандырылған.
Анестезиология және реанимация бөлімі: бұл бөлімде жүктілігі, босану, босанғаннан кейінгі кезеңдері асқынған әйелдер тобы жатады. Олар акушер – гинекологтың, анестезиологтың бақылауында болады.

Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбас және жамбастың түбі. Іштегі нәресте басы – босану объектісі.
Жоспар:

  1. Сыртқы жыныс мүшелері

  2. Ішкі жыныс мүшелері

  3. Жыныс мүшелерінің қан, лимфа тамырлары және нерв жүйелері

  4. Емшек бездері

  5. Әйел жамбасы және жамбастың түбі

  6. Іштегі нәресте басы – босану объектісі.

Әйелдің жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы жыныс мүшелеріне : қасаға (шат), үлкен және кіші жыныс ернеулері, шүрті (шошақай), қыздық перде, қынап сағасы, ал ішкі жыныс мүшелеріне: қынап, жатыр, жатыр түтікшелері және аналық бездер жатады.
Қасаға (шат)құрсақтың төменгі жағына, шаптың арасына орналасқан. Жыныстық жасы толған кезде оның үстін түк басатын, өте көп тері асты май шелдерінен тұратын томпақтау, табаны жоғары қараған үш бұрышты аймақ.
Үлкен жыныс ернеулері тері және май бездеріне бай, екі қатпарлы теріден тұрады. Олар бір – бірімен алдыңғы және артқы жабысқан жерлерімен алдынғы және артқы жақтарынан түйісе қосарланған. Үлкен жыныс ернеулерінің төменгі қатпарларында қынап сағасының үлкен бартолинді бездері орналасқан, олар жыныс қатынасы кезінде сұйық зат шығарады. Бұл қынапты және жыныс ернеулерінің арасын ылғандандырып, шәует сұйығын сұйылтып, жыныс қатынасын жеңілдетеді. Бұл бездердің өзектері кіші жыныс ернеулері мен қыздық перденін арасындағы саңылауға ашылады. Кіші жыныс ернеулер – үлкен жыныс ернеулері тәрізді, соның ішкі жағында орналасқан, екі тері қатпарынан тұрады. Бірақ өте жұқа, нәзік қызғылт түсті терімен жабылған. Қалыпты жағдайда үлкен және кіші жыныс ернеулерінің ішкі беттері өзара жымдасып, жыныс саңылауын жауып тұрады. Ол үлкен жыныс ернеулері мен қынаптың құрғап қалуынан ішкі жұқпалы ауру тұдыратын микроптардың енуінен сақтайды.
Шүрті – конус тәрізді, ерлер жыныс мүшесіне ұқсайтын, жыныс саңылауының алдыңғы бұрышында орналасқан, жыныс сезім мүшелеріне жатады. Ол екі үңгір денеден, қан тамырлары мен көп нерв өрімдерінен тұрады. Қынап сағасы дегеніміз – алдыңғы жағы шүртімен, артқы жағы түйісе қосарланатын және екі бүйірі кіші жыныс ернеулерінің ішкі жағымен қоршалған кеңістік. Қынап сағасына үлкен бездер секреті мен несеп жолына шығады.
Қыздық перде дегеніміз – сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін бөліп тұратын, жұқа дәнекер тіннен тұратын тасалау жер. Қыздық перденің ортасында түріне және орналасуына қарай әр түрлі тесігі болады. Осыған байланысты сақина, жарты ай, дөңгелек, тісті түрлері болады. Алғашындағы (алғаш) жыныс қатынасында қыздық перде жыртылады, бұл кезде әр түрлі
қарқында қанайды. Мұнан кейінгі қалдығын қыздық перденің гименалды бүртіктері, ал босану кезіндегі қосымша жыртылыстан кейін мирта шоғынаң бүртіктері деп атайды.
Қынап дегеніміз – ересек әйелдерде ұзындығы орташа есеппен 8-10 см болатын, бұлшық және дәнекер талшықтарынан тұратын түтік. Ол кіші жамбас қуысында орналасқан, алдыңғы жағынан несеп ағар жолымен, ал артқы жағынан тік ішекпен түйіседі. Қынап қабырғалары бір – бірімен түйісіп жатады, ал жоғарғы жағында жатыр мойынының қынап бөлігінде күмбез тәрізді ойық жасайды. Осы ойықтау бөлікті қынап күмбезі деп атайды. Қынап күмбезінің алдыңғы артқы жақтары және екі бүйірден тұратын төрт бөлігі бар. Солардың ішінде басқаларынан тереңдеу жатқан артқы күмбездің орны ерекше. Онда жыныс қатынасы кезінде шығатын шәухет жиналады. Қынап қабырғасы шырыш қабығынан, бұлшық ет қабатынан және айнала қоршап жатқан шелден тұрады. Шырыш қабығы көп қабатты тегіс эпителии клеткасынан тұратын, түсті қызғылттау келген, өте көп қатпарланып, сәл өзгерген теріден тұрады. Бұл қатпарлар әйелдер босанған кезде қынап бұлшық еттерінің жиырылып – созылуын қамтамасыз етеді. Шырыш қабығы қартайған шақа жұқарып,қатпарлары жойылып кетеді. Қынаптың шырышты қабығында бездер жоқ. Бірақ қынап қан, лимфа тамырларының ісініп, сыртқа шығатын сұйықтарының, жатыр, мойын бездері бөлетін сұйық заттарының нәтижесінде, үнемі дымқылдагып тұрады. Сонымен қатар қынап тінінің түсетін клеткалары, ақ қан түйіршіктері, микроптар болады. Дені сау әйелдерде бұл сұйық зат сүтке ұқсас, ақшыл түсті , өзіндік иісі бар, қышқыл реакциялары болып келеді. Осындай орта қынаптағы Дедерлейн таяқшасының тіршілік әрекеті кезінде бөлінетін ақ сүт қышқылына байланысты. Бұл таяқша дені сау әйелдердің қынабында болатын микроптар. Дедерлейн таяқшасы қынаптың шырышты қабығындағы гликогенді ақ сүт қышқылына дейін ыдыратады, бұл қышқыл реакциясын туғызады. Ақ сүт қышқылы қынаптың ішінде ауру тудыратыңн микроптарды жояды да, қынаптың өздігінен тазаланып тұруына себебін тигізеді. Микрофлора түрлеріне қарай қынап тазалығы 4 дәрежеге бөлінеді. Бірінші дәрежелі тазалыққа, қынап ішіндегі заттарда, тек таяқша – микроб және эпителий клеткалары болады, реакциясы қышқыл. Екінші дәрежелі тазалықта қынаптағы таяқша – микробтар азая бастайды, әр түрлі бакериялар, кокки, лейкоциттер пайда болады, реакциясы қышқыл күйінде қалады. Бірінші және екінші дәрежелі қынап тазалығы дені сау әйелдерге тән қасиет. Үшінші дәрежелі тазалықта таяқша –микробтар өте аз, бактериялар, кокки, лейкоциттер өте көп, әлсіз сілтілі реакция жасайды. Төртінші дәрежелі тазалықта қынапта таяқша микробтар болмайды, басқа әр түрлі кокки, іш таяқшасы , трихомонада сияқты микробтар, лейкоциттер көбейеді. Үшінші және төртінші дәрежелі тазалықта жатыр ішінде әр түрлі микроптардың өсіп – өнуіне олардың ауру тудыруларына қолайлы жағдай туады.
Жатыр - іші қуысты, жылтыр бұлшық еттен тұратын, алмұртқа ұқсас, алдыңғы және артқы жақтарында сәл тығыздала түскен жыныс мүшесі.
Ол кіші жамбас қуысында орналасқан. Жатыр мынадай бөліктерден тұрады:

  1. Жатыр денесіне тұтас бөлігі

  2. Жатыр мойыны

  3. Жатыр денесі мен мойын аралығы.

Жатырдың жоғарғы дөңестеу, томпақтау болып келген бөлігі жатыр түбі деп аталады. Жатыр қуысы үш бұрышты, жоғары бұрыштарында жатыр түтіктерінің тесіктері ашылады. Төмен қарай жатыр қуысы тарылып, жатыр денесі мен мойыны аралығына жалғасып, жатыр мойынының ішкі ернеуімен аяқталады.
Жатыр түтіктері – жатырдың жоғары оң және сол жағындағы екі бұрышынан басталып, екі жаққа шығып, кіші жамбасқа қарай ойысып жатады. Әрбір жатыр түтігінің ұзындығы 10-12 см тұрады, қалындығы – 0,5 см. Жатыр түтіктерінің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Олар бір қабатты, цилиндірлік, жыбырлағыш эпителиймен қапталған, кірпікті түтіктері жатыр жағына қарай қозғалатын ішкі шырышты, ортаңғы бұлшық ет, соңғы сыртқы серозды қабаттары. Жатыр түт іктері жатыр қабырғасынын ішімен өтетін саңылаулы «интерстициалды», ортаңғы тарылған «интмикалық», воронка тәрізденіп аяқталатын кеңейтілген ампулярлы бөліктерден тұрады. Воронка ұшында фимбрий деп аталатын желбіршегі болады. Жатыр түтіктерінің ампулярлы кеңейтілген бөлігінде ұрықтану процессі жүреді, сосын жыбырлағыш эпителий мен жатыр түтіктері қабырғасының бойлық қатпарларының жиырылуы, ұрықтанған ұрықтың жатыр ішіне енуіне ықпалын тигізеді.
Аналық бездер – қосарланған, әйел организімінде атқаратын қызметі ерекше жыныс мүшелерінің бірі. Оның түрі бадам дәні тәрізді ақшыл – қызғылттау түсті. Ересек әйелдерде аналық бездің ұзындығы орташа есеппен – 3,5-4 см, ені 2-2,5см , қалындығы 1-1,5см, салмағы 7-8 гр. Аналық бездер жатырдың екі жағына қарай жатыр түтіктерінің астын ала орналасқан, жатырдың жалпақ дәнекерінің артқы қабығына барып бекінеді. Астынғы жағында дәнекер тіннен тұратын ақ белокты қабығы бар ұрық эпителий қабатымен қапталған. Однан сәл төменірек құрамында көптеген алғашқы фолликулдары, әр түрлі сатыда өсіп жетілген фолликулдары және сары дене деп аталатын ерекше заты бар қыртыс қабаты орналасады. Аналық бездің ішкі қабаты – ми тамырлары мен нервтерден тұрады. Аналық бездердің әйел организмінде атқарар рөлі ерекше.
Жыныс мүшелері өте көп қан, лимфа таиырларымен қамтамасыз етілген. Ішкі жыныс мүшелерінің ең негізгі қан тамырлары – жатыр мен аналық бездер артерия қан тамырлары болып табылады, олардың соңғы бөліктері өз ара жалғасып анастамоз жасайды. Барлық артерия қан тамырлары өз атына сәйкес вена қан тамырларымен қоса жүреді. Лимфа тамырлары, жыныс мүшелерінен лимфаны шат, мықын, бел, жая, орталық және басқа лимфа түйіндеріне жеткізеді. Жыныс мүшелерінің лимфа тамырлар жүйелері (системалары) арасында лимфа анастомоздары арқылы байланысады. Жыныс мүшелерінің нервтендіру ісі өте күрделі болып келеді. Бұған симпатикалық, парасимпатикалық және жұлын – ми нервтері жатады.
Ішкі жыныс мүшелерінің нервтер шегі – интерорецепторларға жатады, олар ішкі мүшелерден тітіркендіргіштерді қабылдап, нерв талшықтары бойымен жоғарыда орналасқан нерв жүйесі орталықтарына жеткізеді. Бұл орталықтар әр түрлі деңгейлерде: жұлын, ми асты және ми қыртыстарында жатады. Жыныс мүшелерінің қызметі жоғарғы нерв орталықтарының басқаруларында болады.
Емшек бездері шығу тегі жағынан терінің сәл өзгерген тері бездері болып табылады. Жатыр бездерінің гормон бөлу қызметтеріне сәйкес әйелдерде жыныс мүшелерінің өсіп – жетілу кезеңінен бастап, емшек бездерінің тез өсу басталады. Жыныстық жасы толған кезде емшек бездерінің құрылысы шоқ тәрізді болады, өте көптеген альвеол – көпіршіктерінен тұрады, олар өзара қосылып, жекеленген бөліктерін құрайды. Ол бөліктердің саны 15-20-ға дейін жетеді. Әр бөліктің өз алдына су шығаратын өзектері болады, олар емшек безінің ұшына ашылады. Бөліктердің санына сәйкес 15-20 сүт тесіктері болады. Әр бәр сүт өзегі емшек ұшына кеңейген, сүт синусын не сүт қалтасын құрайды. Әр бөліктер аралығында талшықтанған дәнекер және май тіндерінің жұқа қабаттары болады. Емшек бездерінің бөліктері сүтшығаратын клеткалардан тұрады. Емшек безінің дөңестеу бетінде емшек ұшы орналасады, сырты өте жұқа, қыртыстанған терімен қапталған. Емшек ұштарының цилиндр және конусқа ұқсас түрлері болады. Кейбір әйелдердің емшектерінің ұштары мүлде шықпайды немесе мүлде ішіне кіріп тұрады, ол сәбидің емуіне кедергі келтіреді. Емшек ұшының айнала терісі ренделген. Емшек ұшынан шеткерірек Мантгомера бездері орналасқан, олар қалдық, қосымша емшек бездері болып табылады. Емшек бездерінің сүт шығару қызметі жүктілік кезінде басталып, әйел босанғаннан кейін толық жетіледі. Емшек бездерінің қызметіне гипофиз, аналық бездер және басқа ішкі секреция бездері бөлетін гормондар үлкен рөл атқарады. Сондай – ақ, сүттің бөліну нерв – рефлекс механизмдеріне де байланысты.
Әйелдер жамбасы сүйегінің құрылысын білу, акушерство ғылымы үшін өте маңызы зор, ол ішкі жыныс мүшелерінің тірек қызметін орындауымен қатар бала өтетін, босанатын жол болып табылады. Жамбас: көлемді екі жамбас, сегіз көз және құймышақ деп аталатын төрт сүйектен тұрады. Әрбір жамбас сүйегі өзара бір бірімен жабыса біткен мықын, қасаға, шонданай сүйектерінен тұрады. Жамбас сүйектері бір бірімен қосарланған, қозғалмайтын сегізкөз – мықын, аз қозғалатын жартылай қасаға буынымен және қозғалғыш сегізкөз – құймышақ буындасуымен жалғасады. Жамбас буындасулары өте берік, құрамындаа шеміршектің жұқа қабаттары бар сіңірлерімен бекітілген. Мықын сүйегі – денесі мен қанаты деп аталатын бөліктерден тұрады, жоғары қарай кеңейіп, ұзыншалау келген адырлау жермен аяқталады. Алғы жағынан адырдың екі шығынқы жері болады. Олар алдыңғы жоғарғы және алдыңғы төменгі қырлары деп аталады. Осы сияқты артқы жағынан да артқы жоғары және артқы төмменгі қырлары болады. Шонданай сүйегі -денесі мен екі тарамынан тұрады. Жоғарғы тарамы денесінен төмен өтіп, шонданай денесімен аяқталады. Төменгі тарамы алға және жоғары қарай өтеді.оның артқы бетінде шығыынқы жері – шонданай қыры болады. Қасаға сүйегі денесі мен жоғарғы және төменгі тарамдарынан тұрады. Жоғарғы таарамы жағынан сүйірлеу келген адыра өтеді, ол алғы жағынан қасаға төмпешігімен аяқталады. Сегізкөз сүйегі өзара жабыса біткен, пішіні конус тәрізді бес омыртқалардан тұрады. Сегізкөз сүйегінің негізгі бөлігі бесінші жамбас омыртқасымен буындасады. Оның алдыңғы жағында шығынқыы жері – сегізкөз мүйісі болады (промонторий). Сегізкөздің ұш жағы құйымшақпен жалғасады. Ол қозғалғыш келеді 4-5 дамымаған жабыса біткен омыртқалардан тұрады. Жамбас үлкен және кіші жамбас деген 2 бөлімнен тұрады. Екеуінің арасынан шекаралас атаусыз сызық өтеді. Кіші жамбасқа қарағанда үлкен жамбас сыртқы зерттеу,
Өлшеу жұмыстарына ыңғайлы келеді. Үлкен жамбас өлшеміне қарап, кіші жамбас өлшемін білуге болады. Кіші жамбас – жамбастың шығындау, тарлау келген бөлігі. Босану процесі кезінде ол босану жолының сүйекті бөлігін құрайды. Кіші жамбас: кіру, куыс, шығу бөліктерінен тұрады. Кіші жамбас қуысының тарлау және кеңдеу бөліктері болады. Осыған байланысты, кіші жамбас шартты түрде 4 жазықтыққа бөлінеді. Кіші жамбасқа кіру жазықтығы үлкен және кіші жамбас аралығындағы шекара болып табылады. Ол сегізкөз мүйісіне дәл келетін , пішіні көлденең орналасқан, оймағы бар сопақша тәрізді жер. Кіші жамбасқа кіру жазықтығының ең үлкен өлшемі көлденең өлшем болып табылады. Кіші жамбас куысы шартты түрде екіге: кіші жамбас куысы жазықтығының кең және тар бөліктеріне бөлінеді. Тік және көлденең өлшемдерінің өзара тең болуына байланысты кең бөлігі дөңгелек пішінді болады, ал тар бөлігінде тік өлшемдері көлденең өлшемдерінен біраз артықтау болады. Кіші жамбастың шығу жазықтығы, кіші жамбас қуысы жазықтығының тар бөлігі сияқты, пішіні бойлай орналасқан сопақша тәрізді, оның тік өлшемі көлденең өлшемінен артық болады. Акушер тәжірибесінде: кіші жамбастың дәл, диагоналды конъюгаталарын және шығу жазықтығының тік өлшемдерін білудің маңызы зор. Дәл немесе акушерлік конъюгата – кіші жамбастың кіру жазықтығының буындасуының ішкі бет жағының ең көрнекті орнына дейінгі ара қашықтық. Бұл өлшем қалыпты жағайда 11см ге тең. Сегізкөз мүйісімен симфиздің төменгі жаққырының аралығындағы ара қашықтық – диагоналды конъюгата деп аталады. Бұл өлшем қынап зерттеулері кезінде анықталынады және орташа есеппен 12-13 см-ге тең. Босану процессі кезінде кіші жамбаспен баланың өтуіне байланысты, бұл өлшем құймышақ ұшыныңі ауытқуына сәйкес 1,5-2 см-ге үлкейеді. Жаңа туылып келе жатқан нәресте туу каналы арқылы өткізу белдеуіне өтеді, ол жамбастың барлық тік өлшемдерінің ортасын қосатын, алға қарай иілген сызық. Жамбастың жұмсақ тіндері жамбас сүйегін сыртқы және ішкі жақтарынан жауып тұрады. Бұл жерде бұлшық ет пен жамбас буындасуын бекітіп тұратын сіңірлер болады. Акушер тәжірибесінде, әсіресе жамбастың шығу бөлігіндегі бұлшық еттердің маңызы зор. Олар жамбас сүйегі каналын төменгі жағынан жауып тұрады, сөйтіп жамбас түбін кұрайды. Жыныс ернеуінің жабысқан жерінен артқы тік ішекке дейінгі жамбас түбінің бір бөлігі акушерлік не алғы шат аралық деп аталады, ал тік ішектен құймышаққа дейінгі бір бөлігі артқы шат аралық деп аталады.
Жамбас түбінің бұлшық еттері,оның шелді қабықтарымен қоса үш қабат құрайды. Бұлшық еттердің бұлай орналасуының босану процессі кезінде тәжірбиелік маңызы зор. Жамбас түбінің үш қабатты бұлшық еттерісозылып, сүйекті туу канаының жалғасы болып табылатын кең түтік құрайды. Оның ең күштісі – жамбас диафрагмасы деп аталатын жоғарғы қабаты. Ол тік ішекті көтеріп тұратын қос бұлшық еттен тұрады. Бұлшық еттің ортаңғы қабаты несеп –жыныс диафрагмасын құрайды, төменгі қабаты – шаттың сіңір орталығына келіп қосылатын, бет жағында орналасқан бірнеше:
Шаттың кеуекті – буылтық, шонданай – үңгір, үстіңгі көлденең бұлшық еттерінен және тік ішектің сыртқы сфинктерінен тұрады. Жамбас түбі өте маңызды қызмет атқарады, іш қуысы мен ішкі жыныс мүшелерінің тірегі болып табылады. Жамбас бұлшық еттерінің әлсіздігі жыныс мүшелерінің, куықтың, ішектің төмен түсуіне не түсіп қалуына әкеліп соқтырады.
Жүктілік орташа есеппен 280 күн, яғни 40 апта не 10 акушерлік айға (акушерлік айдың ұзақтығы 28 күн) созылады. Осы мезгіл ішінде ұрықтанған аналық клеткадан нәресте дамиды, оның жетілгенін бірқатар белгілер жиынтығымен анықтауға болады. Дамып жетілген нәресте бойының ұзындығы 46-52 см-ге дейін, орта есеппен 50 см болады. Нәрестенің салмағы әр түрлі болуы мүмкін, ең төменгі салмағыы 2600,0 гр. Орташа салмағы 3400,0-3500,0 гр. Соңғы жылдары нәрестенің орташа салмағы мен бой ұзындықтарының өсекендігі байқалады. Нәоесте бойының ұзындығы, оның салмағына қарағанда, тұрақты шама болып табылады, соңдықтан бала дамуының дәрежесін дұрыс көрсететінбірден - бір белгі. Мезгіліне жетіп босану мен онын дамып жетіліуі арасындағы алшақтық сирек кездеседі. Кей кездері мезгіліне жетіп туылған нәрестелерде шалалықтын белгілері, ал керісінше, мезгілінен бұрын туылған нәрестелер толық дамып жетілуі мүмкін баланын толық жетілу жәрежесіне, онын осіу кезіндегі жағдайлары, әкесінін денсаулығы, әлеметтік жағдайы және басқа факторлар әсер етеді. Баланың салмағы мен бойының ұздығынан басқа белгілерге қарап, оның жетілу дәрежесін білуге болады. Мезгіліне жетіп туылған балалардың тері асты май қабаты жақсы жетілген, терісі қызғылттау, жұмсақ созылғыш келеді. Үлпілдек жүн жамылғысы толық жетілмеген, басындағы шашының ұзындығы екі сантиметрге жетеді, мұрын және құлақ шеміршектері майысқақ, тырнақтары қатты, саусақтарын толық жауып тұрады. Кіндік сақинасы қасаға мен семсерше өскіні аралығында орналасады. Ер балаларда аталық ұрық безі ұмаға түседі, ал қыз балаларда кіші жыныс ернеуі үлкен жыныс ернеуі мен жабысып тұрады. Баланың даусы қатты шығады. Бұлшық ет қуаты және қозғалысы жеткілікті күшті, сору рефлексі жақсы жетілген. Жетілген бала басының өзіндік ерекшелігі бар. Ол ең үлкен және қатты бөлігі болып табылады, сондықтан бала басы босану жолдары арқылы өту кезінде өте көп кедергілерге кездеседі. Бала басы өткеннен кейін босану жолдары бала денесін аяқ-қолдарын өткізуге жақсы дайындалған. Бала бас сүйегінің бет-жақ беті үлкен емес, оның сүйектері өте берік жалғасқан. Бас сүйектері бір бірлерімен фиброзды жарғақ жіктері арқылы байланысқан. Бас сүйектері арасындағы берік жалғау болмауының босану процесі кезінде үлкен маңызы зор. Босану процесі кезінде, жік пен еңбек бас сүйектерінің бір біріне кіруіне жағдай жасауы нәтижесінде, бас өзінің формасын, көлемін өзгерте алады. Осындай созылмалылығы арқасында баланың басы ананың босану жолдарына икемделеді.
Бас сүйектерін қосатын ең маңызды жіктері мыналар:

  1. Оқтай тәрізді жік-екі төбе сүйегінің арасы арқылы өтед.

  2. Маңдай жігі-екі маңдай сүйегі арқылы өтеді.

  3. Сауыт жігі- төбе мен маңдай сүйектері арасы арқылы өтеді.

  4. Ламба тәрізід жік-желке мен төбе сүйектерінің арасы арқылы өтеді.

Бала басы үлкен және кіші еңбектерінің тәжірибелік маңызы зор.
Үлкен ( алғы) еңбек-ромб тәрізді, оқтай, маңдай, сауыт жіктері қосылысында орналасқан. Кіші (артқы) еңбек- үшбұрышты оқтай және ламбда- желке жіктерін қосатын кішкене тереңдеу жер. Мезгілі жетіп, дамып жетілген бала басының өз өлшемдері бар.

  1. Түзу өлшем (кеңсіріктен желке төмпешігіне дейінгі аралық-12см, түзу өлшемінің бас шеңбері- 34см).

  2. Үлкен қиғаш өлшем-13-13,5 см ( иектен желке төмпешігіне дейінгі аралық) – 9,5 см, бас шеңбері-32см.

  3. Кіші қиғаш өлшем ( желе асты ойығынан үлкен еңбектің алдыңғы бұрышына дейінгі аралық) – 9,5см, бас шеңбері -32см.

  4. Ортаңғы қиғаш өлшем (желке асты ойығынан маңдайдың шашты бөлік шекарасына дейінгі аралық) – 10см, бас шеңбері -32см.

  5. Тік не вертикаль өлшем ( төбе ұшынан тіл асты аймағына дейінгі аралық) – 9,5-10см, бас шеңбері-32см.

  6. Үлкен көлденең өлшем төбе төмпешігі арасындағы ең үлкен қашықтық-9,5см.

  7. Кіші көлденең өлшем ( сауыт жіктері арасындағы ең алыс жатқан нүктелер арасындағы қашықтық) -8см тең.

Бала денесінің өлшемдері мынандай:

  1. Иық өлшемі ( кесе- көлденең иін) ені -12см, шеңбері-35см.

  2. Бөксенің көлденең өлшемі -9см, бөксе шеңбері-28.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет