Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп



бет1/19
Дата28.01.2018
өлшемі3,65 Mb.
#35456
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


1-қосымша
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп


Р/с№

Атауы

Өлш. бірл.

Дерек көзі

Орындауға жауаптылар

Оның ішінде жылдар бойынша (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарлама коды

Орындалуы туралы ақпарат

Базалық дерек

2016 жоспар

Факт 2016




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру

Мақсат: Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету

1.

Нысаналы индикатор:

Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі



%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

ЖАО

-

82,7

85,8

*

*

Индикатор орындалды

Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың саны 836991. Қазақстан бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуға жататын, осы жас тобындағы балалардың жалпы саны 975963-ті құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі 85,8%-ды құрады.

Өсімнің себебі болып ЖАО-ның МЖС дамыту бойынша белсенді жұмыстарының нәтижелері табылады. Есептік кезеңде жекемекеншік мектепке дейінгі ұйымдардың өсімі жоспарланған – 416 бірліктің орнына 649 бірлікті құрады

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтудың ең жоғарғы көрсеткіштері – Павлодар (100%), Қостанай (100%), Батыс Қазақстан (100%), Шығыс Қазақстан (100%), Солтүстік Қазақстан (100%) облыстарында.

Республикалық көрсеткіштен төмен 4 өңірде – Маңғыстау (81,5%), Оңтүстік Қазақстан (67,9%) облыстары және Астана (73,7%), Алматы (80,2) қалаларында.



(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.1-ге сәйкес қоса беріледі)

2. Орта білім

Мақсат: Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру

2.

1-нысаналы индикатор

НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі

(2016 жылы – 1-сынып,

2017 жылы 2,5,7 -сыныптар,

2018 жылы -3,6,8,10 сыныптар,

2019 жылы –4,9,11,12 -сыныптар)



%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

ЖАО

-

-

100

*

*

Индикатор орындалды

2016 жылғы 1-қыркүйектен бастап барлық бірінші сынып оқушылары білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті.



3.

2-нысаналы индикатор

Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі



%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

ЖАО

58

60

61,4

*

*

Индикатор орындалды

Республика бойынша үздік және жақсы оқитын оқушылардың саны 1607690 адамды құрады. 2-11 сынып аралығындағы оқушылардың саны 2 619 198 адам.

Индикаторды есептеуде 1-сынып оқушылары ескерілмейді. Бірінші жартыжылдықта оқушыларға баға қойылмайды.

Осылайша, үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі 61,4%-ды құрады.



(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.2-ге сәйкес қоса беріледі)

3. Техникалық және кәсіптік білім

Мақсат: Техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау

4.

1-нысаналы индикатор: Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі

%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

БҒМ, ЖАО

89,6

90

90

*

*

Индикатор орындалды

2016 жылы ТжКБ мемлекеттік тапсырыспен бітірушілерінің жұмысқа орналасқандар (47228) мен жұмыспен қамтылғандардың (10918) саны 58146 адамды құрады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған түлектердің жалпы саны 64607 адам.

Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі 90%-ды құрайды.

(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.3-ке сәйкес қоса беріледі)


4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мақсат: Экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету, білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау

5.

1-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі

%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

БҒМ, ДСӘДМ АШМ, МСМ, ЖОО-лар (келісім бойынша), ЖАО

83

83

83

*

*

Индикатор орындалды

2016 жылы ЖОО мемлекеттік білім тапсырысы негізінде бакалавриат бағдарламасы бойынша бітірушілердің саны 35556 адам, оның ішінде ЖОО-ны бітірген жылы жұмысқа тұрғандардың саны 29 545 адамды құрайды.

Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі 83%-ды құрады.

(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.5-ке сәйкес қоса беріледі)


6.

2-нысаналы индикатор.

QS-WUR рейтингінде белгіленген Қазақстан ЖОО-ларының саны

топ-200

топ-300


топ-500

топ-701+


бірл.

QS-WUR-дың ресми ақпараты

БҒМ, ДСӘДМ, МСМ, АШМ, БПАҰО,ЖОО-лар (келісім бойынша)

0

1



1

7

0

1

1



7

0

1



3

8


*

*

Индикатор орындалды

2016 жылы QS WUR рейтингісіне 8 қазақстандық ЖОО кірді.

«Топ-300» - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 236 орын;

«Топ-400» - Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ, 345 орын;

«Топ 411-420» - Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ;

«Топ 501-550» – Абай атындағы ҚазҰПУ;

«Топ 601-650» – М.Әуезов атындағы ОҚМУ;

«Топ 651-700» -ҚБТУ;

«Топ 701+» жоғарыда аталған ЖОО-лармен бірге Бөкетов атындағы ҚарМУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТ енді.


5. Ғылым

Мақсат: Ел экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету

  1. .

1-нысаналы индикатор

ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемінде тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі



%

ҚР БҒМ есептік ақпараты

БҒМ

19,1

20,1

23,8

*

*

Индикатор асыра орындалды

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің 2016 жылғы сәуірде жарияланған деректері бойынша 2015 жылы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемі 69 302,9 млн.теңгені, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) үшін 16 505,05 млн. теңгені құрады.

2015 жылы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің үлесі 23,8 %-ды құрады.

2015 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстар шығындарының 2014 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артуы өсімнің себебі болып табылады.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстардағы ішкі шығындардың 63,4%-ы тартылған қаражат есебінен, 36,6%-ы өз қаражаты есебінен қаржыландырылды.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 31 - қазанда «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңының қабылдануы жаңа өнімді игеру немесе жаңа технологияны енгізу бойынша ғылыми-өндірістік циклдің қорытынды сатысын іске асыруға бағытталған ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізуге (пайдалануға) ықпал етті.



  1. .

2-нысаналы индикатор.

Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі



%

ҚР БҒМ есептік ақпараты

БҒМ

16,7

17

17

*

*

Индикатор орындалды

2016 жылғы қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы саны 1217 дананы құрады, оның ішіндегі коммерцияландырылған жобалардың саны 210 жоба (111-мемлекеттік органдар жобалары, 65 - технологияларды коммерцияландыру, 34 - «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде).

Осылайша, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі 17 %-ды құрайды.


1.1-міндет. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру



1-көрсеткіш.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының үлесі



%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

ЖАО

БҒМ


34,8

37,1

37,4

*

*

Көрсеткіш орындалды

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері бойынша 2016 жылғы 1 қазанда республиканың мектепке дейінгі ұйымдарындағы жоғары және техникалық-кәсіптік білімдері бар педагогикалық қызметкерлердің саны 82276 адамды құрады, оның ішінде 30804 педагогта немесе 37,4%-ында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар.



(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.5-ке сәйкес қоса беріледі).



1-көрсеткіш.

2014 жылғы жалпы қажеттіліктен мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға қажеттілікті қысқарту (194,6 мың орын)



мың орын

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

ЖАО, БҒМ

145,2

97,9

86,8

*

*

Көрсеткіш орындалды

ҚР БҒМ әкімшілік деректері бойынша 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қажеттілік 86784 орынды құрады.

Қажеттіліктің азаюуы мыналар есебінен іске асырылды:

- жаңа орындар енгізу (2015 ж. – 23227, 2016 ж. – 42285);

- МДҰ-дағы әрекет етуші топтарда және мектептегі мектепалды даярлық сыныптарында түлектер есебінен орындардың ашылуы (41998 орындар);

- 2008 жылы туған балалардың кезектен шығып, мектепке өтуі.

Сонымен қатар, ЖАО-ның мәліметі бойынша 2014 жылдан қажеттіліктен қалған балалардың 60% -ға жуығы қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға барады, бірақ мемлекеттік балабақшаға орнын күту құқығын қолдануда.

(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.6-ға сәйкес қоса беріледі).




2-көрсеткіш.

Мектепке дейінгі ұйымдардың типтері мен түрлерінің жалпы санынан толық күн болатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі



%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

ЖАО, БҒМ

73,1

75,0

76,5

*

*

Көрсеткіш орындалды

ҚР БҒМ әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша барлық типтегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны 9410 болды, оның 7202-сі немесе 76,5%-ы толық күн болатын мектепке дейінгі ұйымдар.



(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.7-ге сәйкес қоса беріледі)



3-көрсеткіш.

Шағын орталықтардың жалпы санынан жарты күн болатын шағын орталықтардың үлесі



%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

ЖАО, БҒМ

51,8

49,1

49,1

*

*

Көрсеткіш орындалды

ҚР БҒМ әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада 4495 шағын орталық қызмет етеді, оның 2208-сі жарты күн болатын шағын орталықтар.

Шағын орталықтардың жалпы санынан жарты күн болатын шағын орталықтардың үлесі 49,1%.

(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.8-ге сәйкес қоса беріледі)




4-көрсеткіш.

Ұсынылған орындардың жалпы санынан жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі



%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

ЖАО

19,5

20,7

25

*

*

Көрсеткіш орындалды

ҚР БҒМ әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша барлық мектепке дейінгі ұйымдарда 807 170 орын ұсынылды, оның ішіндегі жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі 25%-ды құрайды (201 465 орын).

Өсімнің себебі жоспардағы 416 бірліктің орнына 46,5 мың орындық 642 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы болып табылады.

(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.9-ға сәйкес қоса беріледі).




5-көрсеткіш.

Білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі



%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

ЖАО, БҒМ

9,1

10

10

*

*

Көрсеткіш орындалды

ҚР БҒМ Әкімшілік деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша балабақшалардың жалпы саны 4910-ды құрады, оның ішінде 495 (10%) балабақшада білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалған.

Білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған балабақшалардың ең аз үлесі Алматы қаласында (0,5%), Алматы (1,1%), Оңтүстік –Қазақстан (4,1%), Маңғыстау (4,6%) облыстарында.

Ең көп үлесі: - Батыс - Қазақстан (39,5%), Павлодар (36,9%), Жамбыл (18,6%), Ақмола (18%) облыстарында.



(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.10-ға сәйкес қоса беріледі).



1-көрсеткіш.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың дағдысы мен машығының даму индикаторларына сәйкес машығы мен дағдысының деңгейі жоғары және орта 5-6 жастағы балалардың үлесі



%

ҚР БҒМ Әкімшілік деректері

ЖАО

БҒМ


-

-

-

*

*

Іске асыру 2017 жылдан басталады

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту аясында 3 деңгей бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бағалайтын индикаторлар жүйесі әзірленді: «бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады», «бала не істеп жатқанын түсінеді», «бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады».





1-көрсеткіш.

Аттестаттауға жататын мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан аттестаттаудан өткен мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі



%

ҚР БҒМ БҒСБК-нің ресми деректері

БҒМ

83

84

93

*

*

Көрсеткіш орындалды

2016 жылы 640 мектепке дейінгі ұйымдарды өткізу жоспарланды. Есеп беру кезеңінің қорытындысы бойынша 598 (93%) мектепке дейінгі білім беру ұйымы аттестациядан өтті.

Жоспарлы көрсеткіштің артуы немесе азаюы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың аттестаттаудан өту рәсіміне тікелей тәуелді.

Мәселен, 2015 жылы 599 (100 %) мектепке дейінгі ұйымды мемлекеттік аттестаттаудан өту жоспарланды, оның ішінде 83,8 %-ы мемлекеттік және 16,2 %-ы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабының 3-тармағының 8-тармақшасына сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан білім беру ұйымының бастамасы негізінде жүргізіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдар үнемі мұндай қызығушылық таныта бермейтіндігін атап өткен жөн.

Білім берудің басқа деңгейлерінде бес жылда бір рет аталған рәсімнен өтпеген білім беру ұйымдары мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру құқығынан айырылады ( ҚР «Білім туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағы).

Мектепке дейінгі ұйымдарда мұндай қызығушылық жоқ.



(Өңірлер бөлінісіндегі кесте қосымша 1.11-ге сәйкес қоса беріледі).



2-көрсеткіш

Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының жаңартылған білім беру бағдарламаларының үлесі



%

«Өрлеу» АҚ-ның есептік ақпараты

БҒМ, ЖАО

50

50

50

*

*


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет