Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы


Сапалы қосымша білім алуға қол жеткізуді арттыру



бет6/21
Дата25.01.2023
өлшемі146,84 Kb.
#166421
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
988 қаулы

2. Сапалы қосымша білім алуға қол жеткізуді арттыру

"Қосымша білім беру навигаторы" бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленіп, іске асырылады, ол ата-аналар мен балаларға пайдаланушы немесе сараптамалық бағалауды көруге және қосымша білім беру ұйымдарын қалауы бойынша таңдауға мүмкіндік береді. Навигатордың ақпараттық модулінің әдіснамасын әзірлеу қосымша білім беру сапасына қол жеткізу факторлары мен шарттарын зерттеу нәтижелеріне (қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, педагогтердің сапалық құрамы, қосымша білім беру қызметтеріндегі ата-аналардың сұраулары) негізделетін болады.


"Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру жоспарлануда. Еліміздің барлық өңірлерінде дебаттық орталықтар мен клубтар ашылады.


Өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту мақсатында "Балалар мен театр" ағартушылық жобасы іске асырылатын болады.


"Қоғамға қызмет" волонтерлер жобасының әлеуметтік жобаларын іске асыру жоспарлануда.


"Ашық жүрек" жобасы бойынша колледждерде волонтерлер клубтарын құру, волонтерлердің өңірлік слеттерін өткізу қарастырылған.


Әлеуметтік студенттік кредит беру түрінде студенттерді материалдық көтермелеу арқылы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде ерікті әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы қызметке тартылған жоғары оқу орындары студенттерінің үлесін арттыру үшін "Студенттік әлеуметтік кредит" жобасы іске асырылатын болады.


Барлық өңірлерде жергілікті бюджет және демеушілік қаражат есебінен Оқушылар сарайлары базасында балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторлар желісін дамыту жалғасады.


Елдің жоғары оқу орындарының базасында қазіргі заманғы балалар мен жастардың инновациялық жобалау-конструкторлық инжинирингтік орталықтары, зерттеу алаңдары желісі құрылатын болады.


Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін өзін-өзі басқару органдарына, студенттік парламенттерге, клубтарға, Жастар ісі жөніндегі комитеттерге, волонтерлер мектептеріне, спорттық секциялар мен іс-шараларға тарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет