Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы


Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу



бет8/21
Дата25.01.2023
өлшемі146,84 Kb.
#166421
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
988 қаулы

5.1.4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу

Білім беру сапасын бақылаудан оны қамтамасыз етуге көшу мақсатында білім беру ұйымдарының сапасын бағалау және әдістемелік қолдау жүйесінің тетіктері жетілдіріледі.


Мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін олардың қызметін кезең-кезеңімен лицензиялауды енгізу жоспарлануда. Мектепке дейінгі ұйымдардың рейтингі сынақтан өткізіліп, оған ата-аналар бағалауы енгізіледі.


Білім беру қызметінің сапасы төмен мектептерді анықтау және оларға атаулы қолдау көрсету мақсатында мектептердің білім беру саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі бойынша орта білім беру сапасына сараптамалық шолу (инспекциялау) институты енгізілетін болады. Орта білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары жетілдірілетін болады. Сондай-ақ білім беру қызметіне, мектептерге, гимназияларға, лицейлерге, колледждер мен жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа біліктілік талаптары енгізілді.


Орта білім беру сапасына сараптамалық шолу (инспекциялау) нәтижелері бойынша оқу-әдістемелік қолдауды, педагогтердің әлеуетін арттыруды, материалдық-техникалық жарақтандыруды және т.б. қоса алғанда, білім беру сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялар әзірленетін болады. Білім беру жөніндегі инспектор мамандардың, консультант-инспекторлардың және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мамандардың әлеуеті мен мәртебесін арттыру жүзеге асырылатын болады.


Халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім беру ұйымдарының білім алушыларын сыртқы бағалау тетігі жетілдірілетін болады.


Балаларға қосымша білім беретін мектептен тыс мемлекеттік ұйымдарды аккредиттеу, лицензиялау жөніндегі мәселелер пысықталады, қосымша білім беру педагогтерін аттестаттау жүйесі жетілдіріледі, аттестаттау және біліктілік санатын беру үшін бағалау құралдары әзірленетін болады.


Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселесі пысықталатын болады, бұл жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыруға алып келеді.


Білім беру ұйымдарына әкімшілік жүктемені төмендету және анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру мақсатында оларға бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізу енгізілетін болады.


Мектепте өлшемшарттық бағалау жүйесі жетілдірілетін болады. Оқушыларды ішкі бағалаудың (формативті және жиынтық бағалар, балдар) объективтілігін арттыру жұмысы жалғасады.


Оқу бағдарламаларындағы өзгерістер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына күтілетін нәтижелеріне сәйкес бағалау құралдарын жүйелі қайта қарауды талап етеді. Қорытынды аттестаттауды өткізудің тапсырмалары мен форматы, PIRLS, PISA, ICILS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің, сондай-ақ SAT тестінің құралдарымен ұқсастығы бойынша функционалдық сауаттылық пен құзыреттілікті өлшеуге бағытталған сұрақтарды қоса отырып, ҰБТ мазмұны және т.б. қайта қаралатын болады.


Орта білім берудің әрбір деңгейінде (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің) репрезентативтік іріктеу негізінде білім алушылардың дағдыларын меңгеру срезі енгізілетін болады. Функционалдық сауаттылықты бағалаудың басымдықтары математикалық, жаратылыстану-ғылыми, оқырман және компьютерлік сауаттылық болады.


Қазақстандық оқушылардың PISA, TIMSS, PIRLS, ICILS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне, сондай-ақ Қазақстанның PIAAC қатысуы жалғасады. Жекелеген мектептерді объективті және тәуелсіз бағалау үшін қазақстандық білім алушылар жыл сайын PISA-based Test for Schools қатысады.


Техникалық және кәсіптік білім беруде WorldSkills тәсілі бойынша студенттердің практикалық дағдыларын сапалы және кешенді бағалауға бағытталған демонстрациялық емтихан түрінде студенттерді қорытынды бағалаудың жаңа жүйесі енгізілетін болады.


Қазақстан колледждерінің қызметін бағалау және ТжКБ білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін бәсекелестік пен ынталандырудың қосымша құралын жасау мақсатында ТжКБ ұйымдары арасында рейтинг өткізу бойынша жұмыс жалғастырылады. Мемлекеттік органдар, білім басқармалары үшін рейтингтік көрсеткіштер жүйесі басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негізі болады.


"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы тізілімінде тіркелген сертификаттау орталықтарында реттелетін кәсіптер мен мамандықтар бойынша ТжКБ түлектерін тәуелсіз сертификаттауды енгізу практикасы кеңейтіледі.


Жоғары оқу орындарына халықаралық стандартталған SAT, ACT, GMAT, GRE сертификаты негізінде ҰБТ-мен, кешенді тестілеумен және магистратура мен докторантураға түсу емтихандарымен бірдей баламалы қабылдау тетігі енгізілетін болады. Талапкерлердің білім деңгейі мен олардың отбасы табыстарын ескере отырып, гранттар беру моделін жетілдіру жоспарлануда.


Студенттердің білімін бағалау жүйесінің сапасын жақсарту үшін Академиялық адалдық лигасына кіретін жоғары оқу орындарының санын толықтыруды жалғастыру қажет.


Жоғары оқу орындарының білім беру қызметтерінің сапасын ішкі және сыртқы қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту көзделуде. Аккредиттеу тиімділігін арттыру мақсатында сапаны сыртқы қамтамасыз етудің рәсімдеріне және қолданылатын стандарттарына қойылатын талаптар пысықталатын болады. Бұл ретте жоғары оқу орындарын аккредиттеу рәсімдерін бейіндеуге кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте жоғары оқу орындарын аккредиттеу рәсімдерін бейіндеуге кезең-кезеңімен көшу жөніндегі мәселе пысықталатын болады.


Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, жоғары оқу орындарын басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында студенттердің, бітірушілердің, ОПҚ және жұмыс берушілердің қатысуымен ЖОО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және академиялық адалдықты сақтау тұрғысынан тәуелсіз зерттеу жүргізіледі.


Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттау Педагогтің кәсіби стандартының талаптары негізінде жүргізілетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет