2. Техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын арттыру
Ел экономикасын технологиялық жаңғырту жағдайында еңбек нарығы үшін құзыреттіліктің әмбебап жиынтығы, белсенді азаматтық ұстанымы, тұлғааралық дағдылары мен жүйелі ойлау қабілеті бар кадрлар қажет.
"Қазақстан Республикасы колледждерінің топ-100 студенті" жобасын іске қосу, сондай-ақ WorldSkills, JuniorSkills, DeafSkills және Abilimpics қозғалыстарына оқушылар мен студенттерді кеңінен тартуды қамтамасыз ету жоспарлануда. Ұлттық құраманың, оның ішінде әлемдік чемпионаттың сарапшылары мен қатысушыларының кәсіби және тілдік даярлық деңгейін арттыру арқылы олимпиадалық резерв мектебі қағидаты бойынша WorldSkills өңірлік және республикалық чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу жүйесі жетілдірілетін болады. Ұлттық құраманы қазіргі заманғы құралдармен жарақтандыру, оның ішінде жұмыс берушілер есебінен жарақтандыру, WorldSkills, Hi-TechSkills, DigitalSkills, AgroSkills чемпионаттарында ұлттық құрамаға қатысушылардың жаттығуларын қамтамасыз ету көзделетін болады.
WorldSkills халықаралық чемпионаттарының жүлдегерлері жергілікті бюджет және демеушілер есебінен жоғары оқу орындарында оқуға грант алу мүмкіндігіне ие болады.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және "Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" қауымдастығымен бірлесіп, салалық кәсіпорындардың қызметкерлері арасында "WorldSkills" қозғалысы дамитын болады.
ТжКБ студенттері арасында таланттарды ашу үшін бос орындар жәрмеңкелерінің және алаңдардың баламаларын құру мақсатында шетелдік және отандық компаниялармен бірлесіп, жыл сайын цифрлық дағдыларды – Хакатон қолдана отырып, түрлі салаларда IT-шешімдерді әзірлеу бойынша өңірлік және республикалық идеялар конкурстары өткізілетін болады.
Жастарды колледждерге тарту үшін оқушылар арасында ерте кәсіптік бағдар беру жұмысы жүйесі құрылады, жұмысшы кәсіптерін және орта буындағы білікті мамандарды танымал ету бойынша ауқымды PR-науқан өткізіледі.
"Мектеп-колледж" кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |