Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»


Клиникалық-патологоанатомиялық конференция өткізу алгоритімі



бет6/7
Дата21.05.2024
өлшемі73,1 Kb.
#202718
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
! 07
!Қарт тергеушінің әңгімесі, ешті к йіп алу белгілерін ата ыз (1)
Клиникалық-патологоанатомиялық конференция өткізу алгоритімі

1. Клиникалық-патологоанатомиялық конференциялар (бұдан әрі-КПАК) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлік персоналының жұмыс нысаны болып табылады.


2. КПАК қатаң регламенттелетін жұмыс уақытында жүргізіледі.
3. Патологоанатомиялық қызметпен келісілген кесте бойынша медициналық ұйымның әкімшілігі КПАК ұйымдастырады.
4. КПАК-ның негізгі міндеті клиникалық және секциялық материалдарды жан-жақты және объективті талдау болып табылады.
5. КПАК медициналық ұйымдар дәрігерлерінің жалпы кәсіби деңгейін арттыруға, қателер мен қателіктердің қайталануын болдырмауға ықпал етеді және диагноздарды формальды салыстыруда тұйықталмайды.
6. Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздарды салыстыру мәселелері клиникалық-патологоанатомиялық конференцияға дейін шешіледі.
7. КПАК қарайды:
1) ғылыми немесе практикалық қызығушылық танытатын секциялық бақылау;
2) хирургиялық араласу кезінде алынған материал,
3) типтік өткен және сирек кездесетін аурулармен бақылау;
4) дәрілік ауру және дәрілік патоморфоз жағдайлары;
5) операциялық үстелде немесе дәрігерлік араласу салдарынан (мысалы, жүректі зондтаудан, коронаро - немесе аортографиядан және т. б. кейін) емделушілердің барлық өлім жағдайлары.);
6) аппендициттен, пневмониядан (негізгі ауру ретінде), жіті жұқпалы (әсіресе ішек) аурулардан болатын барлық өлім жағдайлары;
7) секциядан кейін түсініксіз қалған жағдайлар;
8) емханалық, клиникалық диагностикадағы қателіктер, медициналық көмек көрсету ақаулары (емдеуге жатқызу мерзіміне, емханада, стационарда және т. б. пациентті жүргізу мен емдеудің сабақтастығына қатысты);
9) медициналық ұйымдардың қойған нақты диагнозы кеш анықталуы салдарынан, емдеу іс-шаралары аурудың ағымына және қолайсыз нәтижесіне әсер ете алмағандығы (бұл жағдайда негізгі диагноздардың ресми сәйкес келуі туралы сөз болып отыр);
10) дұрыс емделмеудің садарынан туындаған өлім-жітім;
11) дұрыс диагностикаланған, бірақ диагностика мен емдеу тұрғысынан туындаған күрделі жағдайлар;
12) өлім-жітімі үшін маңызы бар негізгі аурудың асқынуы кешіккен диагноз салдарынан туындау жағдайлары, медициналық құжаттаманың ақаулары;
13) биопсиялық материал бойынша клиникалық диагностиканың қателері немесе өлім жітімге әкеп соқтыруы;
14) патологоанатомиялық материалдар бойынша патологоанатомиялық бөлімшенің (ПАБ жалпы патология бөлімінің) меңгерушісі жүргізген осы медициналық ұйымдағы бір жыл ішіндегі клиникалық диагностика мен емдеу жұмысының сапасын талдау.
8. Ауруханалардың басшылығы КПАК-ға және оларды талқылау орынды деп санайтын жағдайларды шығарады.
9. Клиникалық-патологоанатомиялық конференцияны өткізу үшін медициналық ұйым басшысының бұйрығымен төраға және оның орынбасары, сондай-ақ конференцияның хатшысы тағайындалады.
10. Төраға және төрағаның орынбасары болып неғұрлым құзыретті және тәжірибелі дәрігерлер тағайындалады, ғылыми қызметкерлерді медициналық ұйым басшысының, ҒЗИ немесе оқу институты директорының бірлескен бұйрығымен тағайындауға болады.
11. Клиникалық-патологоанатомиялық конференцияның тең құқықтары бар тең төрағалары патологиялық анатомия кафедраларының өкілдері, патологоанатомиялық бюро басшысы (профессорлар, доценттер) немесе патологоанатомиялық бөлімшенің меңгерушісі болып табылады.
12. Ірі медициналық ұйымдарда бір бейінді бөлімшелердің топтарында клиникалық-патологоанатомиялық конференциялар өткізу тәжірибесі бар. Бұл ретте төраға (немесе оның орынбасары) мен хатшы сол күйінде қалады.
13. Медициналық жоғары оқу орындарының патологиялық анатомия кафедраларының, ҒЗИ патологоанатомиялық бөлімдерінің өкілдері, патологоанатомиялық бюро бастығы немесе патологоанатомиялық бөлімше меңгерушісі тең төраға құқығымен конференцияға қатысады.
14. Талқыланатын жағдайды терең талдау үшін медициналық ұйымның әкімшілігі мүдделі емес, жоғары білікті маманды осы жағдай бойынша референт ретінде шақырады.
15. Клиникалық-патологоанатомиялық конференцияны өткізу туралы хабарландыру ол өткізілетін күнге дейін 7 күн бұрын ілінеді.
16. Талқылауға пациент өлімінің екі (әдетте, бір) оқиғасы ғана шығарылады.
17. Конференцияны тең төрағалардың бірі ашады.
18. Қайтыс болған пациенттің емдеуші дәрігері конференция қатысушыларына диагностика мен емдеудің барлық жағдайларын баяндайды. Баяндама иллюстрациялық материалдарды (рентгенограммалар, схемалар және зертханалық көрсеткіштердің өзгеру кестелері, ЭКГ, температура және т.б.) көрсетумен сүйемелденеді.
19. Емдеуші дәрігер конференцияны өзінің клиникалық ойлауының логикасын, тағайындаудың мағынасын, пациентке ол қайтыс болғанға дейінгі көмек көрсетудің барлық тактикасын түсіндіреді, талқыланатын жағдайға қатысты конференцияға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді.
20. Мәйітті зерттеуді жүргізген Патологоанатом ашу материалдарын және қосымша зерттеулердің нәтижелерін (слайдтар, схемалар, макропрепараттар), патологоанатомиялық диагноз және эпикризді баяндайды, оларды клиникалық және патологоанатомиялық материалдармен дәлелдейді, талқыланатын жағдайға қатысты конференцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
21. Референт баяндамасында жағдайды талдау, емдеуші персоналдың іс-қимылдарын талдау, осы жағдай бойынша медициналық құжаттарды талдау бар. Референт патологиялық үдерістердің дамуының өз нұсқасын және оларға жүргізілген медициналық іс-шаралардың әсерін, диагностикалық және емдеу іс-шараларының уақтылығы туралы (кейбір жағдайларда сағатқа, минутқа дейін) баяндайды, талқыланатын жағдайға қатысты қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
22. Конференция барысында референт нұсқасына сүйене отырып, конференция қатысушылары ұсынылған жағдайды талқылайды. Сөз сөйлеулер іскерлік қарым-қатынас талап етеді, қатысушылардың осы нақты жағдай, диагностика және емдеу тактикасы, жіберілген қателіктер мен олардың одан әрі практикада алдын алу мүмкіндіктері туралы пікірлерін тыңдайды (референттің баяндамасы, конференцияға қатысушылардың сөйлеген сөзі қайтыс болған адамда орын алған аурулар туралы оқшауландырылған баяндамаларға айналмауы тиіс).
23. Қорытынды (шешім) және конференция қорытындыларын шығаруды тең төрағалардың бірі өткізеді. Егер төраға қайтыс болған пациент емделген емдеуші дәрігер немесе бөлімше меңгерушісі болып табылса, қорытынды шығаруды патологоанатом -тең төраға жүзеге асырады.
24. Қағидатты түрде жақсы пікірлер хаттамаға енгізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
25. КПАК-да тәртіптік жаза туралы мәселе шешілмейді.
26. Медициналық ұйымның әкімшілігі пациенттерді диагностикалау мен емдеуде анықталған қателерді одан әрі тәжірибеде болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында КПАК материалдарын талдайды.
27. Жалпы қалалық КПАК-ны өткізу ерекше қызығушылық тудыратын жағдайларды талдау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармаларының және медициналық ұйым әкімшілігінің қатысуын көздейді. Мұндай конференциялар жоғарыда айтылған қағидаттар бойынша өткізіледі.

Қазақстан Республикасындағы


патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартына
№6 Қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет