Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 131-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттіктіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау Министрі А. Цой
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау
Министрінің бұйрығына
2020 жылғы «___»________
№ _______
1 Қосымша
Қазақстан Республикасындағы патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-Тарау. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасында патологоанатомиялық және цитопатологиялық диагностиканың операциялық шараларының стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 131-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және патологоанатомиялық және цитопатологиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және құрылымдық бөлімшелерінің деңгейінде патологоанатомиялық және цитопатологиялық диагностиканы ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) ұрықтың тірі тууы және өлі тууы – жаңа туған баланың (ұрықтың) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тірі туу мен өлі туудың тиісті халықаралық өлшемдері бойынша айқындалатын жай-күйі;
3) патологоанатомиялық диагностика - биопсиялық зерттеуді, операциялық материалды зерттеуді, ізін зерттеуді, сараптамалық кеңес беруді, медициналық араласу салдарын (нәтижелерін) сараптамалық бағалауды, патологоанатомиялық ашуды (аутопсияны) қамтитын диагностикаға, тірі кезінде және өлгеннен кейінгі медициналық араласу сапасын бақылауға бағытталған медициналық қызмет түрі);
4) цитопатологиялық диагностика - патологиялық ошақтан әртүрлі тәсілдермен алынған жасушалық материалды зерттеуге және бағалауға негізделген морфологиялық талдау әдісі, оның негізінде жасушалар құрылысының ерекшеліктерін, ағзалардың, тіндердің, адам ағзасының сұйықтықтарының жасушалық құрамын қалыпты және патологиялық үдерістер кезінде жарықты микроскопия арқылы зерттеу жатады;
5) пациент – медициналық көмек көрсетуді талап ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
6) (тілім үлгілерінің) тілімдер кесу – кесу және оларды бекіткіш ерітінділерге орналастыру.
7) құю – арнайы құю қалыптарында өткізгеннен кейін тілім үлгілерін монтаждау рәсімінен, оларды парафинмен құю және кейіннен қатайту рәсімдерінен тұратын парафин блоктарын дайындау технологиясы.
8) Микротомия - парафинді немесе мұздатылған кесіктерді дайындау технологиясы, оларды кейіннен заттық шыныға монтаждау және одан әрі бояу үшін кептіру.
9) Микроскопия (микроскопиялық зерттеу) – микроскопиялық сипаттама мәтінін жасай отырып, биопсиялық (операциялық) немесе секциялық материалда ұсынылған тіндердің және ағзалардың микроскопиялық өзгерістерін зерделеу.
10) макроскопиялық зерттеу – макроскопиялық сипаттама мәтінін жасай отырып, биопсиялық (операциялық) немесе секциялық материалда ұсынылған тіндер мен ағзалардың өзгерістерін сырттай зерделеу, өлшеу, өлшеу және сипаттау.
11) бояу (реакция қою) –тілікке (in situ) жүргізілетін әртүрлі химиялық және басқа да реакцияларға негізделген және өзінің мақсаты микроскопиялық зерттеуге (микроскопия) жарамды кесінді тілігін жасауға болатын кесінді тіліктерін бояу (контрастирлеу) технологиясы; депарафинизация процедураларын, тікелей бояуды (реакция қою), ағартуды, сусыздануды, жабынды шыныға қорытындыны және кептіруді қамтиды .
Достарыңызбен бөлісу: |